«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет134/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
1. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 
– 2017, қаңтар. 
2. Маңғыстау облысы Статистика департаменті // www.mangystau.stat.kz 
3. Нурланова Н. К. Региональная парадигма устойчивого развития Казахстана: 
проблемы теории и практики. - Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2015.
 


254 
ОӘЖ 33.338 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА 
ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ 
 
Конысбаева А.А., Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа: Табиғи ресурстарды пайдалану, келтірілген зиян орынын толтыру 
шығындары табиғатты қорғауға, жасыл экономиканы қолдау бағытында шараларға әсер 
етіп, экологиялық шығынды қарастырылатын маңызды бағыттарды қамтиды.
Түйінді сөздер: экология, қоршаған орта шығындары, экологиялық шығындардың 
әлеуметтік экономикалық тиімділігі. 
Қоршаған ортаны қорғау әртүрлі табиғаты қорғау шаралардың өткізулуін 
болжайды. Табиғаты қорғау іс-шаралары – бұл қоршаған табиғи ортаға теріс 
антропогендік әсерді азайту және жоюына бағытталған шаруашылық қызметінің барлық 
түрлері. Еуропалық табиғаты қорғау қызметтердің жіктеуішіне (СЕРА, 2000) сәйкес 
табиғатты қорғау қызметтерінің келесі негізгі түрлері қарастырылады: 
- атмосфералық ауаны қорғау және ауарайының өзгеру мәселелері;
- ағынды суларды тазалау
- қалдықтармен жұмыс істеу; 
- топырақ, жер асты және жер үсті суларды қорғау және оналту; 
- шу және вибрациялық ықпалды төмендету; 
- биоәралуандық пен мекендеу ортасын сақтау; 
- ғылыми-зертеу жұмыстар; 
-табиғат қорғау қызметінің басқа бағыттары қарастырылады [1].
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жиынтық шығындарды «Экономикалық 
қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша 
топтастыру қажет. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың көрсеткішін 
қалыптастыру секторлары: мемлекеттік, комерциялық секторлар және табиғаты қорғау 
қызметтерінің мамандырылған жабдықтаушылар бойынша топтастыру ұсынылған, олар: 
 Мемлекеттік сектор - республикалық және жергілікті билік органдары және 
мемлекеттік мекемелерді қосады. Осы сектордың әдеттегі қызмет түрлерінің санына 
реттеу, бақылау, зерттеу, бiлiм және ақпарат, соңдай-ақ негiзiнен мемлекеттiк бюджеттер 
немесе қорлардан, және бұл қызметтердiң тұтынушыларымен тiкелей немесе жартылай 
емес қаржыландырылатын қоғамға көрсетілетін басқа да кызметтер жатады. 
 Комерциялық сектор - барлық табиғаты қорғау іс-шараларды, соңдай-ақ 
мамандырылған жабдықтаушылар қызметтерді қосады. 
 Табиғаты қорғау қызметтердің мамандырылған жабдықтаушылары - осы 
қызметтердің тұтынушыларымен қаржыландырылатын, қызмет көрсететін мемлекеттік 
немесе жеке мекемелерді қосады [2].
Қоршаған ортаны қорғауға және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға 
жұмсалған негізгі капиталға инвестициялар объектілердің жаңа құрылысына, 
кеңейтілуіне, жаналау және жаңартуына, жұмсалған, объектің бастапқы құның арттыруға 
алып келетін және мекеменің қосымша капиталына жататын шығындарды қосады. 
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 2017 
жылғы шығындары 2016 жылмен салыстырғанда 24,9%-ға ұлғайды және 262,4 млрд. 
теңгені құрады. Табиғатты қорғау шығындарының елеулі үлесі (84,3%) өнеркәсіп 
кәсіпорындары есебінен, көбінесе Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау 
облыстарының кәсіпорындары есебінен жүзеге асырылады. 
Ағымдағы шығындардың жалпы көлемінен 52,8 млрд. теңге материалдық 


255 
шығындарды құрады, одан 43,5% - атмосфералық ауаны қорғауға, 29,5% - су көздерін 
ағынды сулардың ластауынан қорғауға және 27,0% - қоршаған ортаны қорғау бойынша 
өзге де қызмет түрлеріне бағытталған. 
пайызбен 
 
Сурет 1 – Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған 2017 жылғы шығындардың құрылымы 
2016-2017 жылдардағы табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша Қазақстан 
Республикасында қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың құрылымын келесі 
түрде қарастыруымызға болады: 
жалпы көлемге пайызбен 
Сурет 2 – Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған 
шығындардың құрылымы 
2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға жұмсаған 
шығындары 262,4 млрд. теңгені құрады. Одан негізгі үлесі шығындар құрылымында 
27,3% - атмосфералық ауаны және климатты қорғауға, 20,5% - су көздерін ағынды 
сулардың ластауынан қорғауға, 21,5% - қалдықтардың айналымын басқаруға, 8,5% - 
топырақты, жерасты сулары мен жерүсті суларының көздерін қорғауға және қалпына 
келтіруге тиесілі. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған материалдық шығындар 52,8 
млрд. тенге. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған материалдық шығындардың жалпы 
көлемінен 43,5% атмосфералық ауаны қорғау, 29,5% - су көздерін ағынды сулардың 
ластауынан қорғауға, 23,8% - қалдықтардың айналымын басқаруға, 2,9% - топырақты, 
жерасты сулары мен жерүсті суларының көздерін қорғауға және қалпына келтіру 
бойынша өзге қызметтерге бағытталған. Қоршаған ортаға ластайтын заттардың 
нормативті шығарындылары үшін талап етілген төлемақылар сомасы 62,7 млрд. теңгені 
құрады. Одан 1,2 млрд. теңге немесе 1,9% - су ресурстарының төгінділеріне, 44,2 млрд. 
33,1
66,9
Күрделі шығындар
Ағымдағы шығындар
5,6
10,4
25,8
27,7
30,5
22,2
8,5
21,5
20,5
27,3
0,0
5,0
10,0
15,0
20,0
25,0
30,0
35,0
Қоршаған ортаны қорғау бойынша 
басқа да қызметтер
Топырақты, жерасты сулары мен 
жерүсті суларының көздерін қорғау 
және қалпына келтіру
Қалдықтардың айналымын басқару
Су көздерін ағынды сулардың 
ластауынан қорғау
Атмосфералық ауаны және климатты 
қорғау
2017 ж. 2016 ж.


256 
теңге немесе 70,5% атмосфералық ауаны ластайтын зиянды заттар шығарындыларына, 
17,3 млрд. теңге немесе 27,6% - қалдықтарды, күкіртті орналастыруға тиесілі[3]. 
Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және 
бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. 
Кез-келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін 
минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы 
ережелердің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет