«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет60/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ЛИТЕРАТУРА 
 
1. 
https://spravochnick.ru/ekonomika/ekologicheskaya_ekonomika/
;  
2. В.Русакова. Статья на тему: «Зеленая» экономика: как она развивается в мире и 
Казахстане?», 2018г.: 
3. Б.Абылкаирова, С.Мустафаева, Д.Абдрахманова. Зеленое строительство, 28 с., 
Астана, 2003г.; 
4. 
http://www.ecolognatural.ru/enats-961-1.html
.  
ӘОЖ 332
 
МОНИТОРИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР 
Себенғалиева Ә.Б Ш., студент Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы. 
Ғылыми жетекшісі: Есеева Л.Б. 
 Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ. 
Аңдатпа. Бұл мақала жер мониторингінің ақпаратты пайдалану, жинау жүйесін
және жер мониторингінің көрсеткіштер жүйесін қамтуға арналған. 
Түйінді сөздер: экспедициялық, стационарлық, кешендік фоналық биосфералық
қорықтар, космикалық, аэрофототүсіру, автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, гумус. 
Мониторинг – латын тілінен алдын алатын, бақылайтын, алға қарайтын деп
аударылады. Ал ағылшын тілінде «мониторинг» бақылау жүргізу, қадағалау деген
түсінікті береді. «Мониторинг» деген терминді алдын ала дайындаған бағдарлама
бойынша қоршаған орта бір немесе бірнеше элементтерін кеңістікте және уақыт
бойынша қайта бақылау жүйесі. 
Сонымен, мемлекеттік жер мониторингі - жер күйінің өзгеруін уақытымен 
анықтау мақсатында, жер күйін бақылау, осы өзгерістерді болжау, бағалау және кері
процестердің алдын алу, жою жайында ұсыныстарды әзірлеу, жер кадастрын
жүргізу мен жерді пайдаланудың мемлекеттік бақылау және қорғауды жер 
ресурстарын мемлекеттік басқарудың сонымен қатар, азаматтарды қоршаған орта
оның ішінде жердің күйі жайында ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. 
Қоршаған ортаның барлық компонентерінің ластануын, сонымен қатар биосфера 
күйі жайлы ақпараттың қажеттілігі қоршаған ортадағы ластаушы заттардың 
концентрацияларын үздіксіз бақылауды, яғни мониторингі, оның ішінде жер 
мониторингін талап етеді. Шешім қабылдау үшін жер қорының күйі жайлы дәл және
жаңартылып отыратын мәліметтерге талдау жасалынуы қажет, яғни қоршаған ортаны,
алдымен оның басты обьекті жерді жүйелік кешенді бақылау жүргізу керек. [1] 


118 
Жер мониторингі әр түрлі әдістерімен жүргізіледі. Ол жер бетіндегі бақылауларды 
(экспедициялық, стационарлық, кешендік фоналық, биосфералық қорықтар), ара 
қашықтықтан (космикалық және аэрофототүсіру) және автоматтандырылған ақпараттық 
байқаулар жүйесін қамтиды. Жер бетіндегі байқаулар автоматтандырылған ақпараттық 
жүйесімен байланысты. 1- суретте Мониторингтік зерттеулердің схемасы берілді.
Жер бетіндегі байқаулар негізінде келесі кері әсер бар процестер айқындалады: 
- жеке жер пайдаланушылықтардың, алаптардың, танаптардың, учаскелердің 
шекаралары мен аудандардың жағдайы және өзгеруі; 
- топырақ жағдайының өзгеруі (қышқылдығы ортаның, бедері жағдайының өзгеруі; 
- орман жағдайының өзгеруі; 
- өсімдік және жануарлар жағдайының өзгеруі; 
- елді мекен, мұнай, газ объектілердің жерлері жағдайының өзгеруі. 
Сонымен, жер мониторингін жүргізу нәтижесінде жер қорының кері әсер процестер 
туралы жедел ақпаратты жинауы жүзеге асыралады.
Мониторингтік зерттеулердің схемасы. 
Байланыс 
каналдар 
1 Сурет. Мониторингтік зерттеулердің схемасы 
Территорияны қамтуы бойынша моитроинг келесі түрлерге бөледі: 
1. глобальды; 
2. ұлттық; 
3. аймақтық
Жер мониторингі 
Жер бетіндегі байқаулар 
Автоматтандырлған 
ақпараттық жүйесі (ААЖ) 
Экспедициялық 
байқаулар 
Стационарлық (жер 
бетіндегі және 
теңіздегі байқаулар) 
Кешендік фоналық
байқаулар 
(биосфералық) 
Ара қашықтықтан 
(космикалық және 
аэрофото түсіру) 
байқаулар 
Ақпараттық –іздеу 
жүйе
сі 
Мәліметтерді өндеу 
жүйесі 
Мәліметтерді кешендік 
интерпретациялық 
жүй
есі 
Болжау – 
диагностикалық жүйесі 
Басқару жүйесі 


119 
4. локальды. 
Глобальды мониторинг – планетамыздағы барлық жердің күйін бағалауға
мүмкіндік береді және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізіледі. 
Ұлттық мониторинг – республика деңгейінде арнайы органдармен жүргізілетін
мониторинг. 
Аймақтық мониторинг – белгілі бір физикалық- географиялық, экологиялық
немесе басқа да шекаралармен шектелген ірі аймақтар мен территория шегіндегі
процестер мен құбылыстарды бағалауға мүмкіндік береді.
Локальды мониторинг – аймақтық деңгейден төмен орналасқан объектілерде,
тіпті жек жер учаскелерінде және қарапайым ландшафты-экологиялық кешендерде
жүргізіледі. [2] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет