«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»


маусымдық, айлық межелерін



Pdf көрінісі
бет166/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

маусымдық, айлық межелерін: көктем шыға, жаздың басында, күз түсе, қар бір 
жауғанда, қыс ортасында, құралайдың салқыны кезінде, өліарада, жазғытұрымда, көк 
шыға, ел жайлауға көшерде, күзекке көтерілгенде, қыстауға қайтар кезде, т.б., ал қысқа 
уақыт өлшемдерін: таң алдында, таңсәріде, елең-алаңда, таң құланиектене, күн шыға, 
күн көтеріле, күн құрық бойы көтерілгенде, күн арқан бойы көтерілгенде, түсте, сәске түс, 
тал түс, талма түс, түс ауа, түс қайта, кешке қарай, кешқұрым, ақшам кезінде, қас қарая, 
апақ-сапақта, қызыл іңірде, түнде, түн ортасы, түн ортасы ауа, - деп белгіленген. 
Тіпті 
кейбір шаруашылық 
әрекеттерінің өзін 
экологиялық 
уақытпен 
орайластырған: жылқы күзерде, бие байларда, күзем жүн қырқымында, қозы күземде, 


332 
соғым басында, ел орынға отырарда, құс қайта, қансонарға шығарда; ал кейбір мезеттік 
сәттерді: ат ерттегенше, сүт пісірім, шай қайнатым, бие сауым, көз шырымын алғанша, ет 
асым сияқты межелермен мөлшерленген. Немесе үркер көтеріле, сүмбіле туа, жұлдыз 
сөне, т.б. деп келетін межелерді – тек қана экологиялық уақыт өлшемі емес, экожүймен 
байланысты ситуациялық уақыт өлшемдері деп те қарастыруға болады... 
Немесе, көшпелі қазақтың экологиялық мәдениетінде жер қазбаларының да үлкен 
орын алатынын біз біле береміз бе? Егер жер астында қазына немесе байлық болса, сол 
жерде қар тоқтамай еріп кетеді. Жер асты байлықтарының бір нышаны-ұрығы себілмеген 
жерден райхан гүлі өсіп шығады. Тау баурайында, жұрт тұратын жерден аулақта күнжіт 
немесе бақлажан өссе, сортаң жердің ортасында бұқа терісіндей ғана жақсы жер немесе 
домбаз, кірпіш құюға жарайтын топырақ болса; жемтік, өлімтік жоқ жерде құзғындар 
айналып ұшып жүрсе, ол жерлерде де қазына-байлық бар болғаны. Жаңбыр жауып 
тұрғанда шұңқырсыз тегіс жерге судан қақ тұрса; қыстыгүні қайсыбір жерде қар тез еріп 
кетіп, айналасында қар қалса; тас бейне бір майланғандай жалтырап көрінсе және оған 
жаңбыр мен су жұқпаса; таудан бірге ойнап, құрылдасып түсіп келе жатқан қырғауыл мен 
кекілік көзге шалынса, немесе кенет, күтпеген жағдайда бал аралар бір жерге топтана 
қонса, яки қайсыбір ағаштың бірер бұтағы басқаларына қарағанда жуандау, қуаттырақ 
болып өссе, бұл жерлерде бабалар болжамы бойынша қазына бар дей беріңіз. 
Зейінді, білгір, сезімтал бабалар мен аға ұрпақтар кен-байлықты табу мақсатында 
осының бәрін назарға алып отырған. Осы ата-баба тәмсілдерін біз де санамызға сіңіруіміз 
керек. Табиғатты сүю, қоршаған ортаны қорғау осыдан басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет