«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет164/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Межуев В.М. История культурологии. Москва, 2006. 
2.Волков В.А., Вонский Е.В., Кузнецова Г.И. Выдающиеся химики мира. – М.: ВШ, 
1991.
 
ӘOЖ 349.6 (045) 
 
ЖАСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Сембаева М. А., студент, Ш.Есенов атындағы КМТИУ 
Ғылыми жетекші: Қамарова Н.С. 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Бұл мақалада жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру 
мәселесі сөз болады. Табиғат пен адам арасындағы қатынас, экологиялық апат, қоршаған 
ортаны қорғау туралы нақты айтылады. 
Түйінді сөздер: Табиғат пен қоғам, табиғат пен адам, экологиялық апат, қоршаған 
ортаны қорғау, экологиялық білім. 
Табиғат пен қоғам, адам арасындағы қарым-қатынастар қайшылықсыз, әрдайым 
үйлесімді деп қарауға болмайды. Олардың арасында барған сайын ішкі қайшылықтар 
көбейіп отырады. Бұл қайшылықтардың қайнар көзі қоғам мен табиғат дамуларының бір-
біріне қарама-қарсы екі тенденциясында жатыр. Біріншіден, қоғам мен оның өндіргіш 
күштері дамыған сайын адамның табиғатқа «үстемдігі» арта түседі, ал екіншіден, бұл 
екеуінің арасында үйлесімділік туып, барған сайын шиеленісе береді. Табиғат 


327 
құбылыстарының алуан түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі өзара байланыста, қарым-
қатынаста, яғни біртұтас бірлікте. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы 
бойынша алыс және жақын шет елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде 
қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық 
мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты 
идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық 
мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен 
қарым-қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, 
іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі; экологиялық мәдениетке – адамның өмірлік белсенді 
тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, материалдық-
практикалақ, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш-қуатының өлшемі, іс-
әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет – адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік-
тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі. 
Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруының негізі білім болып 
табылады. Әр жас оны мектеп дәуірінде, ақпарат құралдарынан өз туған елі, жері туралы 
кітап қорларынан оқып үйренеді. Білім – адамның ғылыми фактілерді, ұғымдарды, 
ережеледі, заңдарды, қағидаларды түсінуі, есінде сақтауы және қайта жаңғыртуы. Табиғат 
пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлға, 
мектепте оқу барысында меңгереді және оны өмірде тиімді етіп қолдана алады. Тұлғаның 
экологиялық мәдениеті басқа да мәдениеттермен тығыз байланысты. Олар 
интеллектуалдық-танымдық мәдениет, жаратылыстану ғылыми білімділік, табиғат 
заңдылықтарын тануын олардың өзара заңды байланыстарын қамтамасыз етеді. 
Экологиялық тәрбиенің мақсаты ретінде субъектінің экологиялық мәдениетін 
қалыптастыру жаралытыстану ғылымының, гуманитарлық, экономикалық және құқықтық 
білімдерді қолдану табиғатқа деген жаңа экологиялық этикалық қатынас орнату екенін 
ұқтық. Олай болса, орта білім беру жүйесін жаңарту жағдайында жас ұрпақтың 
экологиялық мәдениетін ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде 
қалыптастыру, оның қоршаған ортаға жауапкершілігін және құндылық бағдарын, рухани 
сипаттағы іс-әрекетін қамтамасыз ету маңызды бағыт болып табылады. 
Экологиялық тәрбиенің көкейкестілігі Қазақстандағы экологиялық апат 
аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Қазақстанда экологиялық апат аймақтары 
алаңдатады, әсіресе Батыс аймақтардың, оның ішінде Маңғыстау халқын әскери 
полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары 
алаңдатады. Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 гектарға жуық егіс, жайылым және 
орман жері пайдаланылады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ мұнай 
тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде 
қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық 
жағдайлардың тууының негізгі себебі – тасымалдау құбырларының коррозия процесіне 
ұшырап, жарылуы (90,5 %). Еділ мен Жайық өзенінің аралығында орналасқан аумағы 40 
мың км2 құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 0,21м төмен жатыр. Жер астының 
тұщы су қоры мол екені анықталды. Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин Ярдағы 
әскери ядролық сынақ полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз иелеріне байырғы 
тұрғындарға қайтаруды, т.б. талап етіп, осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шараларын 
жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс құруды ұсынды. 1990 жылғы мамыр 1992 жылғы 
мамыр аралығында «Нарын» қозғалысының орталығы Орда ауданында болды. 
Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа 
азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары «Қышқылдық 
жаңбыр» деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар топыраққа араласа отырып, 
оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық 
дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді. Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар 
мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін. Әскери полигон БатысҚазақстаноблысы 
мен Астрахань облыстыңшекарасындаорналасқан. Адамдар мен тірі табиғатқа тигізген 


328 
зияндары жөнінен«Азғыр», «Капустин Яр»белгілі Семей полигонынанасыптүседі. 
Полигондаронкологиялық, жүректамыр және басқа ауруларды қоздырып, жануарлар мен 
өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді. 
Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарларындағы 
климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде. 
Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп, С1, Р оксидтері 
әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді 
2019 жылдың 25 наурыз күні Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» 
АҚ-тың «Қаламқас» мұнай кен орнындағы ұңғымалардың бірінен шыққан газ жанып, 
биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығын әлеуметтік желілерден көріп, қатты 
күйзелдік. Сол кездегі өрттің аумағы 900 шаршы метрді құраған. Сонымен қатар, апат 
орнында ілеспе судың сынамасы алынды. Ілеспе судың талдау нәтижелері сульфаттар 
тұзының, хлоридтердің, азот тобының және мұнай өнімдерінің жоғары мөлшерін 
көрсеткендігін мамандардың мәлімдемесінен білдік. 
Бұдан бөлек Каспий теңізіне лас, қоқысты сулардың ағызылып жатқанын да 
көрдік. Бұлар – біздің көзімізге көрінген, бізге белгілелрі ғана. Біз білмейтін құпиялар 
қаншама. Біз жас ұрпақ ертеңімізге алаңдаймыз. Қоршаған орта ластанса өмір сүруіміз не 
болады? Осы мәселелер эколог болмаса да әр адамды ойландыруы керек. 
Егер адам табиғат құбылыстарының бір саласына әсер етіп, оны өзгертуге әрекет 
етсе, онда ол сонымен іштей байланысты басқа жақтарының «тынышын бұзуы» мүмкін. 
Сондықтан, табиғат қорларына құнтты болу, бүлінгендерін қалпына келтіріп отыру, 
оларды тиімді пайдалану, ауаға, жерге, суға өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне 
қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы мен абыройлы міндеті болып 
саналады. «Теңіздің тұнық болуы – бұлақтардан» дегендей табиғатты қорғау, қалпына 
келтіру мәселелерін ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін 
де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор екенін балалардың, жасөспірімдердің санасына 
салып, экологиялық мәдениетін, тәрбиені бесіктен бастау керектігі – бүгінгі күннің өмір 
талабы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет