60
ауасы таза мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс» делінген.
Табиғи ресурстарды игеруде үнемді пайдалану, оларды қорғау,
қоршаған ортаны
ластанудан сақтау басты міндет. Табиғат байлықтарын шаруашылықтың барлық
саласында өндірісте, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында пайдалану экологиялық
мәселелерді күрделендіре түсуде.
Табиғат ресуртары сарқылатын және сарқылмайтын қалпына келетін және қалпына
келмейтін болып екіге бөлінеді. Табиғи ресурстардың минералдық су, жер, климаттық,
биологиялық т.б. түрлері болады. Қалпына келетін ресурстар - өсімдіктер мен жануарлар,
ал топырақ, көмір, мұнай, газ, және т.б минералдық байлықтар - қалпына келмейтін
табиғи ресурстар болып саналады, қалпына келмейтін реурстарды басқалармен
алмастыруға болмайды. Ендеше табиғи ресурстардың қорының
сарқылуының алдын алу
мақсатында табиғи ресурстарды үнемді пайдаланып, шикізаттың, отынның, энергияның
орнын басатындай жаңа көздерін ашу, қалдықсыз өнім өндіретін заманауй
технологияларды пайдалану қажет етіледі.
Пайдалы қазбалардың ішінде отын және энергия көздері аса маңызды рөлге ие.
Қазіргі заманда жалпы дүние жүзілік отын қорлары бірінші кезекте көмір қорынан, мұнай
мен газдан тұрады.
Қазақстан өнеркәсібі дамуынын басты бағыты-кен байлықтарымызды игеру, оның
ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдаланумен бірге мұнай газ
өндірістердің қоршаған ортаға тигізген зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру
тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан мұнай газ кен орындарынан
мұнай газ өндіретін аудандарда экологиялық жағдайдың нашарлауы сезілуде. Жерге
төгілген
мұнай қалдықтарымен, және ауаға шығарылатын ілеспе газдар топырақты
ластауда ол өз кезегінде өсімдіктермен жануарлар дүниесіне ғана емес адамдардың
денсаулығына зиян келтіруде. Бүгінгі күнде табиғатты қорғау ғаламдық мәселеге
айналды. Табиғи ортаны тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайтынына көз
жетті. Осыған орай елімізде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп көңіл бөлінуде.
Қазіргі кезде шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау, коршаған ортаны
зерттеу оған баға беру келешегіне болжам жасау және табиғатты қорғау шараларын
жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында
Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рынокка жеткізу, мұнайгаз кешендерін осы
заманға инженерлік және бағдарламалық қамтамассыз етумен
қатар стандарттарға сай
қоршаған ортаны қорғау қажет делінген. Демек мұнайгаз өндірудің табиғи ортаға
тигізетін зиянды әсерін азайту, табиғатты қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналды.
Казіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз емес дүние
жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды көкейтесті мәселенің бірі
болуда. Табиғи ортада экологиялык дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең
алған: Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы,
техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер
төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы еліміздегі осындай экологиялық
дағдарысқа мұнай, химия, металлургня, отын өнеркәсіптерінің жедел дамуы үлкен әсерін
тигізуде жалпы кен орындарын игеру оның ішінде
мұнай газ өндіру Қазақстан
Республикасының экономикалық дамуының қайнар көзі. Соңғы 40жыл ішінде энергияны
пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. Ал 2025- 2050 жылдары аралығында халық санының өсуі
болжамына қарасақ энергияны пайдалану ең кем дегенде 2 есе өсуі мүмкін.
Қазақстан мұнай қоры жөнінен әлемдегі ең ірі мемлекеттерде алғашқы ондығына
кіріп отыр. Зерттеулерге қарағанда Каспий теңізі қайнарындағы мұнай қоры 13 млрд
тонна деп жобалануда. Қазақстан Республикасында 2010 жылы 81 млн тонна мұнай
өндірілді.
Мұнай газ кен орындарында өндіру, өңдеу және тасымалдауда жер қойнауынан
61
алынатын шикізаттың көбі әр түрлі қалдықтар түрінде жоғалады және қоршаған ортаны
ластайды. Табиғатты ластау өнеркәсіптің барлық сатыларында яғни, геологиялық
барлаудан бастап ең соңғы пайдалануға дейінгі кезеңдерде жүріп жатады.
Күні бүгінге дейін қоршаған ортаны қорғау мәселесі кейбір өндіріс орындарында
талапқа сай жүргізілмей келеді.
Атмосфера үшін ең қауіптісі табиғи ресурстарды игерудегі ауаның ластануы.
Өндіру және өңдеу өнеркәсіп өнімдерін тасымалдау Маңғыстаудың
нәзік экологиялық
тепе-теңдігін қысқа уакыттың ішінде бұзып табиғатқа және адам денсаулағына әсер етуде.
Облыс аумағында өнеркәсіптің дамуы елді мекен төңіректерінде егін, мал және т.б
қосалқы шаруашылықтың (жеке және шағын кәсіпкерліктің) дамуы жер асты суларының
бірте - бірте азаюына әкеліп соғады. Әсіресе, мұнайдың суды ластаудағы зияны өте көп.
Судың мұнай өнімдерімен ластануы су жануарларына өте үлкен зиян келтіреді. Суды әр
түрлі ластануға жол бермей үнемді пайдалану қажет. Өйткені, біздің ғаламшарымыздың
ең кымбат, ең бағалы байлықтарының бірі- су және су көздері. Жердегі барлық тіршілік
суға тәуелді. Қазіргі адамзат өркениеті дамыған заманда судың маңызы еселене түсті.
Судын пайдаланылмайтын саласы жоқ. Қоршаған ортаны өмір сүруге қолайлы жағдайда
ұстап тұру үшін су қажет. Тіпті қазба жұмыстарына, кен байыту жұмыстарына, мүнай,
темір мен түрлі- түсті металл өндіруде де су керек. Суды пайдаланып электр энергиясын
өндіреміз. Қысқасы қандайда бір сала болмасын сусыз жұмыс жүргізу мүмкін емес.
Мұнай жерге де, суға да төгіліп зиян келтіреді жерде өсімдік өспейді, мұнай ауамен су
буының табиғи алмасуын тоқтатады және тіршілігін жояды. Тек танкерлерді тазартқанда
теңізге өте көп мұнай төгіледі.
Біз болашақты ойлай отырып, суға қатысты бүгінгі мәселелерді де белсенді түрде
шешуіміз керек. Өйткені, қазір қолда бар суымызды ұқыпты, үнемді пайдалана алмай келе
жатқанымыз. Атмосфера үшін ең қауіптісі табиғи ресурстарды игерудегі ауаның
ластануы. Өндіру және өндеу өнеркәсіп өнімдерін тасымалдау
Маңғыстаудың нәзік
экологиялық тепе-теңдігін қысқа уақыттың ішінде бұзып табиғатқа және адам
денсаулағына әсер етуде.
Атмосфераны мұнай газ кәсіпшіліктерінен басқа да зауыттар, коммуналдық
кәсіпорындар, ұлутас және қиыршықтас өндіру карьерлері ластайды. Өндіріс
орындарынан шыққан жағымсыз газдар мен шаң тозаңдардың әсерінен бірінші ауаның
төменгі қабаты ластанады. Үнемі толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын
мыңдаған тонна ластағыш заттар, шаң- тозаң газ күйінде атмосфераға кетіп жатыр. Ал ауа
бассейінін қорғау саласындағы басты міндет түтінді газдарды тазарту технологиясының
тиімділігін арттыру қолға алынуы қажет.
Бір сөзбен айтқанда барымызды қадірлей білген жөн. Болашақ ұрпаққа таза сумен
таза топырақ, таза ауа қалдырып, жер астының толып жатқан қазыналарынан үлестерін
сақтауымыз қажет. Ең үлкен борышымыз осы. Өйткені, әлемде жыл санап ауыз су азайып
барады. Қысқасы, суды үнемдеуге байланысты суармалы егіншілікте заманауи
технологияларды
қолданып жаңбырлатып суару, тамшылатып суару және жер қыртысы
арқылы суару сияқты жаңа әдістердің шаруашылыққа енгізілгені абзал.
Жер адамның аяғының астында жатқанмен адам одан биік емес. Адамның санасы
тазармай қоршаған ортада тазармайды. Тіршілік үшін табиғат ресурстарының
маңыздылығын ұғына біліп табиғатқа келтірген кері әсеріміз үшін ұрпақ алдында өз
жауапкершілігімізді сезінуге тиістіміз.
Достарыңызбен бөлісу: