Экономика, басқару және құқық факультеті


Сырттай шешімнің түсінігі, мазмұны және заңды күші



бет2/2
Дата15.11.2022
өлшемі31.2 Kb.
#464856
1   2
1-апта

Сырттай шешімнің түсінігі, мазмұны және заңды күші. Сырттай шешімнің мазмұны сот шешімінің мазмұнына сай келуі тиіс (ҚР АІЖК, 221-бап). Сырттай шешіс кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөлімдерінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде сырттай шешімді шығарған мерзімі мен орны, шешім қабылдаған соттың атауы, сот құрамы, тараптар, іске қатысушы басқа тұлғалар, соттағы өкілдер; даудың пәні немесе қойылған талап туралы баяндалады.
Сипаттау бөлімінде талапкердің талабы, жауапкердің қарсылығы және іске қатысушы тұлғалардың түсініктері туралы айтылады.
Дәлелдеу бөлімі сотпен анықталған мән-жайлар; соттың қорытындысы негізделетін дәлелдемелер туралы; соттың келісетін немесе қабылдамайтын дәлелдемелер туралы қорытындысы; сот басшылыққа алған заңдар туралы мәліметтерден тұрады.
Қарар бөлімінде соттың талапты қанағаттандыратыны немесе толығымен иә ішінара қанағаттандырудан бас тартатыны туралы қорытындысы, сот шығындарын бөлу туралы, шешімге шағым беру мерзімі мен тәртібі туралы көрсетілуі тиіс. Сырттай шешім жзбаша түрде қабылданып, судьяның қолы қойылуы тиіс.
ҚР АІЖК-нің 264-бабына сәйкес, сырттай шешім шығарған сотқа шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап 5 күн ішінде шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Тараптар сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру уақыты өткен соң, ал егер арыз берілген болса, - бірінші сатыдағы соттың арызды қанағаттандырудан бас тартқаны туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап 15 күн ішінде апелляциялық тәртіпте шағымдауға немесе прокурор наразылық білдіруге құқылы.
Сырттай шешімнің заңды күшіне енуі ҚР АІЖК 235-бап талаптарына сай жүзеге асырылады. Шығарған шешімдер, егер оларға шағым немесе наразылық келтірілмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.


Сырттай шешімге шағым беру және оның құқықтық салдары. 
Сырттай шешімнің күшін жою туралы ҚР АІЖК 265-бабында қарастырылған. Арыздың мазмұны төмендегідей болуы керек:



  1. сырттай шешім шығарған соттың атауы;




  1. арыз берген тараптың атауы;




  1. жауапкердің сот мәжілісіне дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән-жайлар туралы мәліметтер және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер;




  1. арыз беруші тараптың өтініші;


  1. арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.

Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға тарап немесе өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.


Сырттай шешімді қайта қараудағы соттың өкілеттігі осындай арыздарды қарастыру барысындағы – бұл оның құқықтары мен міндеттері. ҚР АІЖК 268-бабы осы өкілеттіліктерді айқындайды. Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап:



  1. арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы;




  1. сырттай шығарылған шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралы ұйғарым шығарады.

Жауапкердің сот мәжілісіне келмей қалуына дәлелді себептер болмаса және ол шешімнің мазмұнына ықпал етуі мүмкін дәлелдемелерді табыс етпесе, сырттай шешімнің күші жойылмайды. Егер жауапкердің сот мәжілісіне келмей қалуына дәлелді себептер болып және ол шешімге ықпал етуі мүмкін дәлелдемелерді табыс етсе, онда ол сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздемесі болып табылады. Сырттай шешімнің күші жойылған жағдайда сот істі негізі бойынша қайта қарайды.



Пайдаланылған сілтемелер:



  1. https://adilet.zan.kz

  2. https://kodeksy-kz.com

  3. https://kk.wikipedia.org

  4. https://melimde.com


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет