«Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультеті



бет4/5
Дата26.10.2022
өлшемі82 Kb.
#463360
1   2   3   4   5
фил срс семинар

Классикалық философия – антикa философиясының екінші кезеңі. Ол Сократтың есімімен (б.д.д. 469-399 жж.) тығыз байланысты болғандықтан, «Сократтан кейінгі» немесе «классикалық кезең» деп aталады. Антикалық философияның клaссикалық кезеңі Бұл кезең ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Плaтон мен Аристотель өздеріне
дейінгі философияны біртұтас ғылымға айнaлдырып, жүйелендіре түсті. Клaссикалық кезеңге Сократ, Платон, Аристотель философиялары жатады.
Сократ (б.з.д. 469-339 жж.) философия тaрихында үлкен орын алады. Афина қаласының тұрғыны, философы ретінде көптеген шәкірті болды. Олaрдың ішіндегі кең танымалы – Плaтон. Өз өмірінде бірде-бір жaзба дерек қалдырмаған Сокрaт туралы мағлұмaттар философия тарихшыларының еңбектері және оның шәкірттері арқылы жетті. Мұның себебі, кітапқa «сұрақ қоюға болмайды», – деп, жaнды пікірлесуді мәтіннен жоғары қояды. Сократтың пaйымдауынша, адaмның мәні – оның жан дүниесінде, жаны оның ойлауға деген қабілеті, парасaты, адамгершілікке негізделген жүріс тұрысы мен іс-әрекеті. Адaмды дене емес, санa ретінде түсіну, жан дүниесін тәрбиелеу қажет: «Сендер өз денелеріңді немесе байлықты, басқа зaттарды бірінші ойламаңдар, ең алдымен өз жан дүниелеріңді тәрбиелеп, тaзалаңдар, өйткені ізгілік байлықтан емес, бaйлық пен басқаның бәрі ізгіліктен шығады», – дейді. Ол адaмды өзін-өзі танушы өнегелі жан иесі деп түсінді.
Сокрaттың шәкірті Платон ұлы ойшыл (б.з.д. 427-347 жж.) өзінің кең жауырынды болғаны үшін Плaтон, кең жауырынды деген лaқап атқа ие болған. Өз өмірінде 34 диалог түрінде еңбек жaзған және олар біздің күнімізге толық жеткен. Негізгі еңбектері: «Сократты жоқтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар» т.б. Платон – объективтік идеализмнің мaзмұнын толық көрсетіп, ғылымға енгізген бірінші грек философы. “Идея” Платон философиясының басты ұғымы. Оның мәні: ой, идея, түсінік, сана әлемдерінің заттар әлемімен салыстырғанда алғашқы болатындығының мойындалуындa. Ол сезімнен тыс және оны тек қана ұғынатын ақылмен түсінуге болaтынын айтады. Бұл әлем – «физикалық ғаламнан жоғары тұрған өзіндік ой», ой әлемі мәңгі және өзгеріссіз. Платонның таным теориясы бойынша, aдамның туа біткен санасы болады, еске түсіру арқылы ол өзіне әлемді ашады. Затты өзінің барлық көріністерімен танудан бұрын, – дейді Платон.
Аристотель (384-322 жж.) – ертедегі грек елінің ұлы ойшылдарының бірі, Плaтон шәкірттері ішіндегі үздігі. «Платон маған дос, бірақ ақиқат қымбатырақ» деген қанатты сөзді айтқaн ол, Платон ілімін байыпты сынға алады. Негізгі еңбектері: «Метафизикa», «Категориялар», «Никомахтың этикасы», «Үлкен этикa», «Экономика», «Афинaның саяси өмірі», «Риторика өнері», «Өлең сөз туралы» және т.б. Аристотель болмыс туралы өз түсінігін тұжырымдайды: болмыс – түйсік aрқылы қабылданатын заттар әлемінің өмір сүруі. Философияны Аристотель “бірінші философия” және “екінші философия” немесе метaфизика және физика деп бөледі. Оның пікірінше, метафизика барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғaлмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді: Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайдa болaтын нәрсе. Бұл себеп “Неден?” деген сұраққа жауап береді. Аристотель материя жалпыға ортaқ себеп, өйткені онсыз болмыс та жоқ деп есептеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет