§11. Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдары
1. Кедейшіліктің түрлері:
тұрақты және тұрақсыз
абсолюттік және салыстырмалы
тікелей және жанама
өспелі және кемімелі
2. Қажеттілік жағдайы, жеке тұлғаның немесе отбасының күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін жетіспеушілік жағдайы
Бейімділік
Жайлылық
Кедейшілік
Тұрақсыздық
3. Кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында қабылдаған заң:
«Тілдердің қолданылу аясы туралы»
«Сауданы жүргізу ережелері туралы»
«Салық туралы»
«Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы»
4. 1991 жылы Еуропалық Одақ бастамасымен қабылдаған ТАСИС бағдарламасы жобаларының көбі:
кедейшілік мәселелерін шешумен байланысты
ағылшын тілінің қолданылу аясын кеңейту мәселелерін шешумен байланысты
жергілікті салт-дәстүрлерді жаңғырту мәселелерін шешумен байланысты
табиғи апаттардан зардап шеккендерге қолдау көрсету мәселелерін шешумен байланысты
5. Бірқатар белгілері бойынша БҰҰ тарапынан ресми түрде нашар дамығандар қатарына жатқызылған мемлекет пен аумақтар:
Австралия және Полинезия елдері
Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері
Батыс Еуропа және Орталық Европа елдері
Азия және Африка елдері
6. Бірқатар белгілері бойынша БҰҰ тарапынан ресми түрде нашар дамығандар қатарына жатқызалған мемлекет пен аумақтар саны:
60-қа жуық
20-ға жуық
140-қа жуық
40-қа жуық
7. Кедейшіліктің демографиялық факторы (-лары):
жұмыссыздық
білім деңгейінің төмен болуы
әскери шиеленістер
толық емес отбасылар
отбасы асырауындағы адамдардың көп болуы
халықтың көптігі
8. Кедейшіліктің экономикалық факторы (-лары):
жұмыссыздық, төмен жалақы
толық емес отбасылар, отбасы асырауындағы адамдардың көп болуы, халықтың көптігі
білім деңгейінің төмен болуы, кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі
әскери шиеленістер, мәжбүрлі көші-қон
еңбек өнімділігінің төмен болуы
саланың бәсекеге қабілетсіздігі
9. Кедейшіліктің саяси факторы (-лары):
әскери шиеленістер
жұмыссыздық, төмен жалақы
білім деңгейінің төмен болуы, кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі
өңірлердің біркелкі дамымауы
өмір сүру салты
мәжбүрлі көші-қон
10. Кедейшіліктің өңірлік-географиялық факторы (-лары):
жұмыссыздық, төмен жалақы
өңірлердің біркелкі дамымауы
еңбек өнімділігінің төмен болуы
халықтың көптігі
мәжбүрлі көші-қон
өмір сүру салты
Достарыңызбен бөлісу: |