Экономика және құқық факультеті



бет3/4
Дата18.12.2022
өлшемі36.96 Kb.
#467427
1   2   3   4
Ýêîíîìèêà æ?íå ???û? ôàêóëüòåò³

Макроорта факторлары

Факторлар

Негізгі көрсеткіштер


Демографиялық

Тұрғындардың саны. Аумаққа қарай орналасуы. Халық тығыздығы. Өсім құрылымы. Неке және ажырасу саны т.б.


Экономикалық

Тұрғындардың сатып алу қабілеті. Инфляция деңгейі. Мемлекеттің қаржы жағдайы. Халықтың тұтыну құрамының өзгеруі т.б.


Табиғи

Энергоресурстар мен шикізат көздерін пайдалану жағдайы және болашағы. Қоршаған ортаның ластану деңгейі т.б.


Ғылыми -техникалық

Технологиялық өзгерістердің қарқыны. Фирманың және оның бәсекелестерінің инновациялық көрсеткіштері. Технологиялық жаңартулардың қауіпсіздігіне қатал талап қойылуы т.б.


Саяси -құқық

Кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық жағдайы. Мемлекеттің экономикалық саясаты. Сыртқы саясаттың нарықтың дамуына әсері. Мемлекет шешімдерінің қоғам өміріне тигізетін әсері т.б.


Мәдени

Тұтынушылар бірлестіктерінің мәдени ерекшеліктері мен дәстүрі.




2. Маркетингтің микроортасы – фирма қызметіне тікелей қатысты болатын маркетингтік күштер.



  1. Тұтынушылар. Микроорта факторларының ішінде –тұтынушылар ерекше орын алады. Тұтынушыларды зерттеу арқылы фирма олардың қажеттіліктері мен қалауын, тауарлар мен сату көлеміне деген сұранысты біле алады. Олардың елеулі өзгерістері байқалған жағдайда, маркетинг бағдарла­масына қажетті түзетулер енгізу керек.



  2. Ф. Котлер фирма тұтынушыларын 5 түрге бөледі.



Тұтынушылар нарығы – тауарлар мен қызметтерді өзі тұтынуы үшін алатын жеке тұлғалар мен үй шаруашы­лықтары.

Өндіруші-ұйымдар нарығы – тауарлар мен қызметтерді өндіріс үрдісінде қолдану үшін алатын ұйымдар.

Аралық сатушылар нарығы – тауарлар мен қызметтерді өздеріне пайда түсіру үшін қайта сатумен айналысатын сауда ұйымдары.

Мемлекеттік мекемелер нарығы – тауарлар мен қызметтерді әрі қарай пайдалану үшін алатын мемлекеттік ұйымдар.

Халықаралық нарық – құрамына шетелдік тұтынушылар, өндірушілер, аралық сатушылар кіретін елден тыс аймақтағы тұтынушылар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет