Экономика және құқық факультеті



бет2/4
Дата18.12.2022
өлшемі36.96 Kb.
#467427
1   2   3   4
Ýêîíîìèêà æ?íå ???û? ôàêóëüòåò³

Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткізуге және таратуға көмектесетін әдетте арнайы компаниялар мамандары. Оларға мыналар жатады:

  • сауда делдалдары –фирма клиенттерін іздеп табуға және оларға тауарды сатуға көмектесетін іскер компаниялары. Олардың мақсаты –сату орнын, сату мерзімін және сатып алу процесінің фирмаға неғұрлым қолайлы болуын қамтамасыз ету;

  • тауар жылжытуды ұйымдастыратын маманданған фирмалары, компаниялары тауар қорларын жинауға және жылжытуға көмектеседі;

  • маркетинг қызметін атқаратын арнайы агентстволар ақылы тапсырыспен маркетинг зерттеулерін жүргізеді және маркетинг кешені туралы түрлі кеңестер береді немесе жарнамалық агентство компаниялары тауарды нарыққа бағыттауға және жылжытуға көмектеседі;

  • қаржы –несие мекемелері келісім әрекеттерді қаржыландыруға және тәуекелден сақтануға көмектеседі.

Микроортаның келесі маңызды құрылымы –бәсекелестер. Бәсекелестер дегеніміз –бір типті тауарларды нарыққа ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялары б.т.
Микроортаның соңғы элементі –клиенттер немесе тауарды тұтынушылар. Фирма нарықтың бес түрінде клиенттерге тауарларын ұсына алады. Олар:

  1. Тұтыну нарығы –тауарлар мен қызметтерді өзі тұтынуы үшін алатын жеке тұлғалар мен үй шаруашылықтары.

  2. Өндіруші нарығы –тауарлар мен қызметтерді өндіріс процесінде қолдану үшін алатын ұйымдар.

  3. Делдалдар нарығы –тауарлар мен қызметтерді өздеріне пайда түсіру үшін қайта сатумен айналысатын сауда бұйымдарының жиынтығы.

  4. Мемлекеттік мекемелер нарығы –тауарлар мен қызметтерді әрі қарай пайдалану үшін алатын мемлекеттік ұйымдар.

  5. Халықаралық нарық –шетел нарықтарында тауарды сатып алушылар.

Медиаорта дегеніміз –фирманың мақсатына жетуіне әсер ететін кез келген топ. Медиаорта фирма әрекетіне көмектесетін немесе кедергі жасайтын топтарға бөлінеді. Жалпы медиаортаның келесі түрлері кездеседі:

  1. Қаржы қоғамдары (банктер, инвестициялық компаниялар, қор биржалары) фирманы қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді.

  2. Ақпарат тарату құралдары (радио, теледидар, газеттер, журналдар т.б.) кәсіпкерлік жүйесі туралы ақпарат таратады.

  3. Қоғамдар (тұтынушылар тобы, жергілікті тұрғындар) фирманың жұмысын бақылайды.

  4. Фирма қызметкерлері –олардың фирма жайлы қалыптасқан пікірлері жұмысшылардың өз міндеттерін орындау сапасына ықпалын тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет