«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


Модульдік бірлік 3.3. Дәріс №3. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы



бет18/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Межд.экономика лекция

Модульдік бірлік 3.3. Дәріс №3. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы.


Дәріс мақсаты - Миграцияның экономикалық тиімділігін анықтау және халықаралық миграцияның бағыттарын қамту.


Дәріс жоспары:

    1. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы: табиғаты және негізгі бағыттары

    2. Жұмыс күшінің тартылуының негізгі орталықтары

    3. ҚР-ғы жұмысшы күшінің миграциясы

    4. Еңбектің әлемдік нарығы және халықаралық миграцияның тиімділігі мәселелері.




        1. Халық миграциясы дегеніміз – тұрғылықты жерін өзгерту немесе оған қайта оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория арқылы қозғалуы, ауысуы.

Халық миграциясы әртүрлі формаларда болады: еңбектік, отбасылық, рекреациялық, туристік және т.б.
Жұмысшы күшінің халықаралық нарығы – жұмысшы күшінің ұлттық және аймақтық нарықтарының жиынтығы. Еңбектің халықаралық нарығы еңбек миграциясы формасында болады.
Жұмыс кішінің миграциясының 2 түрлі себебі бар:

  • экономикалық сипаттағы (жекелеген елдердің дамуының әртүрлі экономикалық деңгейіне сәйкес туындайды)

  • экономикалық емес сипаттағы (саяси, ұлттық, діндік, нәсілдік, отбасылық және т.б.).

Жұмысшы күшінің миграциясын анықтайтын маңызды экономикалық факторлары:

Жұмысшы күшінің миграциясының 5 бағытын атап көрсатейік:

        1. жұмысшы күшінің дамушы елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге миграциялануы;

        2. өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі миграция;

        3. дамушы елдер арасындағы жұмысшы күшінің миграцуиясы;

        4. жұмысшы күшінің бұрыңғы социалистік елдерден дамыған елдерге миграциялануы;

        5. ғылыми қызметкерлердің, біліекті мамандардың өнеркәсібі дамыған елдерден дамушы елдерге миграциялануы.

Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері:
1.Еңбек нарығында қатаң шектеулердің күшейе түсуі;
2.Мигранттар арасында жоғары квалификациялы мамандар санының кеңейтілуі;
3.Сауданың кеіейтілуі;
4.Көп ұлттық кәсіпорындардың өсуі;
5.Соңғы жылдары миграция мәселесі проблемалық сипатқа ие болуда.
Миграциялық ағымдардың негізін жұмысшылар, аз мөлшерде қызметкерлер құрайды.

2. Жұмысшы күшінің кең масштабты себептеріне мыналар жатады:

  • кейбір еуропалық елдердегі қоныс аудару;

  • жұмыссыздық;

  • АҚШ-тағы жұмыстың ыңғайлы жағдайлары;

  • Жекеменшік жұмысты кең түрде дамытуға және өмір деңгейін көтеруге арналған қолайлы жағдайлардың болуы.

Екінші д.ж. соғыстан кейін АҚШ-тағы миграцияның жаңа 3 ағымын атап өтуге болады:

  • 1-ден, “ақыл-ойдың ағымы”, жоғары квалификациялы мамандар мен олардың отбасы мүшелерінің Солтүстік Америкаға тұрақты түрде кетуі; (саяси, қоныс аудару сипатында)

  • 2-ден, коммунизмге қарсы көтерілісті басқаннан кейін Венгриядан (1956), Вьетнамнан (1974-1975) және Кубадан (1980) босқындар ағымының келуі; (саяси, қоныс аудару сипатында)

  • 3-ден, Мексика мен Кариб теңізі бассйеіні елдерінен келген жұмысшы күшінің ағымы (экономикалық сипатта).

Жұмысшы күшінің тартылу орталықтары:
А) 50 жылдары жұмысшы күшінің тартылуының 2 дәстүрлі орталығы бар: АҚШ және Батыс Еуропа.
Б) 60-70 жылдары жұмысшы күшінің тартылуының орталықтары:

    1. Таяу Шығыстың мұнай шығарушы елдері: Біріккен Араб Эмираттары, Катар, Кувейт;

    2. Австралия;

    3. Оңтүстік Африка;

    4. Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері;

    5. Латын Америкасы.



3. Еңбек миграциясы 3 бағытта жүргізіледі:

  • эмиграция (ж.к. кетуі) –сыртқы миграция;

  • иммиграция (ж.к. келуі) –сыртқы миграция;

  • халықтың ішкі қозғалысы –ішкі миграция.

“Ақыл-ойдың ” кетуі деген миграцияның төмендегідей себептері бар:

      1. Демографияның және экономиканың дамуының сәйкессіздігі нәтижесінде жұмыс күшінің басқа елдерге кетуі ұлғаяды және жұмыссыздық дәрежесі өз ре тінде төмендейді, яғни еңбек балансы реттеледі.

      2. Тұрақты емес халықтың интенсивті түрде республикадан ағылып кетуі.

Иммиграция интенсивтілігінің төмендеуіне әсер ететін факторлар:
А) сыртқы саясат жағдайның күрделенуі;
Б) республикадағы экономика және әлеуметтік сферадағы жағдайдың қиындауы.
Қазақстанның ішкі миграциясына тән ерекшеліктер:
1-ден, республика ішінде халықтың жалпы көшуінің елеулі түрде төмендеуі;
2-ден, экологиялық тұрғыда қолайсыз жерлерден халықтың көшуінің жоғарғы дәрежеде болуы;
3-ден, әлеуметтік және экономикалық артта қалған облыстардан халықтың көшуі.
Қазақстандағы миграция саясаты төмендегі нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі: “Иммиграция жөніндегі”,”ҚР-ның азаматтық кодексі туралы”, “2007 жылға дейінгі миграциялық саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі ” Президент жарлығы.
Дағдарыс кезінде эмигранттар ағымы жоғарылайды, шырқау шегінде (бум) белсенді иммиграция жүреді.


4. Ж.к. экспортқа шығарудан түсетін тікелей валюталық табыс көздерінің 4 түрі бар:
1. делдал фирмалардың пайдасынан алынатын салықтар;
2. мигранттар өз Отанына, отбасыларына және туған-туыстарына көмектесу үшін тікелей аударымдары;
3.мигранттардың жекеше инвестициялануы ( өз Отанына өндіріс құралдарын және ұзақ уақыт пайдаланатын заттарды әкелуі; жер, қозғалмайтын мүліктер және бағалы қағаздарды сатып алуы);
4.ж.к. импорттаушы елдерден алынатын капиталдар көп жағдайда әлеуметтік сфераға және еңбек ресурстарының ұдайы өндірісіне жұмсалады.
Халық миграциясының қалыптасу себептері:

  • еңбекпен қамтамасыз ету нарығында жағдайдың шиеленісуі;

  • өмір сүру деңгейінің төмендеуі;

  • жұмыссыздық деңгейінің күннен-күнге көбеюі;

  • бағаның көтерілуі;

  • жалақы деңгейінің төмендеуі.

Мемлекет миграция процесін айтарлықтай белсенді әсерін тигізеді. Мемлекет жағынан миграцияны реттеудің негізгі формалары: иммиграцияға сандық квота белгілеу, қабылдаушы елде мигранттардың келу мерзіміне бақылау, рэмиграциялауды ынталандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет