«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


Модульдік бірлік 4.4. Дәріс №4. Халықаралық қаржылық нарықтар



бет28/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Межд.экономика лекция

Модульдік бірлік 4.4. Дәріс №4. Халықаралық қаржылық нарықтар.


Дәріс мақсаты - қаржы нарығының мәнін және қарыз міндеттемелерін түсіндіру.


Дәріс жоспары:

  1. Әлемдік валюта нарығының мінездемесі.

  2. Қолма – қол валюталарды айырбастау нарығы және спот нарық.

  3. Мерзімді валюталық нарықтар.

  4. Хеджирлеу және алып-сатарлық.

  5. ҚР-ның валюта саясаты.

1. Әлемдік валюталық нарық дегеніміз - әртүрлі елдердің валюталарымен халықаралық мәмілелер жайында фирмалардың, үй шаруашылықтарының, коммерциялық банктер мен басқада қаржылық бөлімшелердің арасында пайда болатын қатынастар жиынтығы. Бұл нарықтардың негізгі экономикалық агенттеріне: коммерциялық банктер, мемлекеттің қаржылық ұйымдары, көпұлттық корпорациялар, банктік емес қаржы бөлімшелері жатады. Валютамен сауданы әлемдік қаржы орталықтары жүргізеді, оның ішінде ең ірі нарықтар Лондонда, Нью-Йорк, Токио, Сингапур, Франкфурт на Майнде орналасқан.


Байланыс пен телекоммуникацияның жетілген құралдары әлемдік қаржылық орталықты біртұтас жүйеге байланыстырады. Әлемнің 50 елінің банктері ақша қаражаттарының тез аудару үшін Әлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникация қоғамының – СВИФТ қызметін қолданылады. СВИФТ көмегімен қоғам клиенттерінің ақша аударымын іске асыру, валюталық мәмілелерді растау, банкаралық аударымдар, несиелерді құжаттау жүргізіледі.
Әлемдік валюта нарығының дамуы интернацияналдық байланыстардың күшеюімен, көрсетілетін қызмет түрінің кеңеюімен, операцияларды іске асырудың үздіксіздігімен, алып-сатарлық мәмілелер мен арбитраждық операциялар масштабының өсуімен мінезделеді.
Әлемдік валюта нарығының механизмі мемлекеттік экономикалық саясаттың қалыптасуы үшін қолданылады. Осы мақсатпен жеке елдердің Орталық банктері валюталық интервенцияны жүзеге асырады.
Әлемдік валюта нарығының тепе-теңдігі дегеніміз - әртүрлі валюталарда көрсетілген депозиттерден салыстырмалы тең табыс алуды қамтамасыз ету. Әлемдік валюта нарығының осы теңгермешілік шарты пайыздық ставкалардың паритеті деп аталады.
Әлемдік валюта нарығының базалық валютасы АҚШ доллары болып табылады. (неміс маркасы, жапон йенасы, ағылшын фунт стерлингісі еркін айналымдағы валюталар болып табылады).

2. Қолма – қол валюта айырбасының нарығы - әртүрлі елдердің Орталық банктерінің шығаратын банкноттарымен сауда.


Тура котировкілеу кезінде валютаны сату бағасы сатып алу бағасынан жоғары. Осы бағалардың арасындағы айырмашылық спрэд деп аталады. Кері котировкілеу кезінде сату және сатып алу бағасы арасындағы қатынас тура қарама-қайшылықта болады. Нарықтық экономикалық елдер үшін сату сатып алу бағасының арасындағы айырмашылық 4-5 пайызға тең болуы қалыпты жағдайда үлкен болып табылады. Қазақстанда спрэд 20-25 пайызға дейін барады.
Валюталық нарықтың неғұрлым ірі сегменті спот нарық немесе валютаны тез арада жеткізу нарығы болып табылады. Спот курс нарықтың базалық айырбас курсы болып табылады. Валюталарды айырбастау бойынша операциялар әртүрлі валютадағы банктік шоттар бойынша жыртылатын чек формасында жүргізіледі. Банктік чектерді банктер шығарады. «Тез арада» деген жазуы бар банктік чектер бойынша валюталарды жеткізу мерзімі 1-2 күнді құрайды.
3. Спот нарығынан қатар мерзімді валюталық нарықтар қызмет етеді. Бұл нарықта форвордтық немесе фъючерстік операциялар, сонымен қатар опциондармен операциялар жүзеге асырылады.
Форвордтық контракт – мәміле құрылған кездегі тіркелген курс бойынша болашақта белгілі бір күнге валютаны жеткізуді көрсетеді. Форвордтық курс пен спот курс арасындағы айырмашылық мерзімдік айырмашылық немесе форвордтық спрэд деп аталады.
Форвордтық контрактілердің мерзімдері әртүрлі болады, көп тараған мәмілелер 30,90 және 180 күнге жасалады. Валютаны премиямен, егерде айырмашылық оңды болса, немесе дисконтпен, егер де айрмашылық теріс болса сатуға болады.
Фъючерстік контракт – контрактіде күнібұрын тіркелген баға бойынша мімілені құрған уақыттан бастап 3 күннен 1 жылға дейінгі мерзімге валютаны жеткізуді көрсетеді. Фъючерстер форвордтық контрактілермен салыстырғанда валютаны, мерзімін, көлемін және оны жеткізу шарттарын таңдауда стандартты контрактілер болып табылады. Фъючерстік контрактілер биржалық нарықта сатылады және сатып алынады. Фъючерстік контрактілердің қатысушылары биржалар мен брокерлер.
Валюталық опцион –опционды сатушы мене сатып алушы арасында құрылатын контракт.
Опциондық контракт – белгілі бір мерзімде болашақта белгіленген баға бойынша бағалы қағаздарды немесе валюталарды алуға валюталық мәміле жасауға міндеттемейтін, бірақ құқық беретін контракт.
Опционның 2 түрі болады: сатушы және сатып алушы.
Опциондар 9 айлық циклде сатылады. Опцион мерзімі айдың 3-ші сәрсенбісіне дейінгі сенбі күні бітеді. Валюталарды жеткізуге төлем жасаудың мүмкінді мерзіміне байланысты опциондар американдық(контрактінің ке келген күні) және еуропалық (контракт біткен күні төленеді) болып бөлінеді.
Опционның бағасын анықтайтын факторлар: опционның ішкі құндылығы, спот және форворд курстарының өзгеруі, контракт құрылған мерзім, опцион түрі, валюта бойынша пайыздық ставка, форвордтық премия (дисконт) немесе пайыздық ставкалар айырмашылығы.

4. Айырбас курстарының әрдайым ауытқуы валюталық нарықта тәуелді жағдайды туғызады.


Хеджирлеу – тәуекелден қорғану мақсатында жүргізілетін арнайы валюталық операциялар. Валюталық тәуекелден сақтандыратын экономикалық агенттер – хеджерлер дер аталады.
Пайда табу мақсатында валюталарды сату-сатып алу – спекуляция деп аталады. Бұл операцияларды жүргізушілер – спекулянттар деп аталады.
Курстық айырмашылықтан пайда табу мақсатында валюталарды сату-сатып алу валюталық арбитраж деп аталады.
Валюталық арбитраждың 2 түрі болады: а) уақытша – уақытына қарай валюталық курстардың ауытқуынан пайда табу.
ә) кеңістіктік - әртүрлі нарықтарда валюталарды сату – сатып алу.
Алып-сатарлық экономикалық жағдайда әсерін тигізеді:

  1. тұрақтандыратын;

  2. тұрақсыздандыратын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет