Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер



Pdf көрінісі
бет35/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Экон негіздері. Дәрістер

Дүниежүзілік ақша сауда - саттық пен қызмет көрсетуді, капитал 
қозғалысын, инвестициялауды, несие және қарыз беруді, ғылыми-
техникалық айырбасты заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын 
қамтамасыз етеді. 
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге 
асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. 
Ұлттық валюта жүйесі - мемлекеттің заңдарымен бекітілген, елдің 
валюталық қатынастарын ұйымдастырудың нысаны. Оның негізгі 
белгілері: 
- ұлттық валюта бірлігі; 
- ресми алтын-валюта қорының құрылымы; 
- Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын 
механизм; 
- валютаның айырбасталу мүмкіндігі (конвертирленуі); 
- валюталық шектеулердің деңгейі; 
- мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру 
тәртібі және т.б. 
Халықаралық валюта жүйесі - дүниежүзілік шаруашылық 
шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны, орталық 
эмиссиялық банктердің сыртқы нарықтағы қызметтерін реттейтін 
ережелер, заңдар, нұсқаулар жиыны. 
Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың қалыптасуы 
нәтижесінде пайда болып, кейіннен мемлекетаралық келісімдер арқылы 
заңдастырылған. 


51 
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне келесілер 
жатады: 
- Ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры (ұлттық 
валюталар, алтын, СДР, ЭКЮ, евро); 
- халықаралық 
валюта-қаржылық 
қатынастарды 
реттейтін 
мемлекетаралық қаржылық мекемелердің статусын анықтау. 
Әлемдік валюта жүйесі өз дамуында 3 кезеңнен өтті: 1-ші оның 
пайда болуынын бастап (ХІХғ.), екінші дүниежүзілік соғысына дейін; 2-ші 
30ж. аяғынан 70ж. дейін; 3-ші 70ж. басталып, осы күнге дейін жалғасуда, 
1976ж. Ямайкада ресімделді. 
Валюта курсы - жекеленген елдердің валюталарының өзара қарым-
қатынасы және немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілген жеке бір 
ел валютасының «бағасы».
Алтын стандарты кезінде валюта курсықатаң болды. Ол алтын 
паритетіне сүйенетін (31,1г алтын троян унцийге теңестірілді. Унция- 
ағылшын өлшем жүйесіндегі масса бірлігі). 
Паритет - валюталардың алтын мөлшеріне арақатынасы. Паритет 
валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы оның паритетіне тура 
келмейді. 
Долларды алтынға айырбастауды ресми тоқтатқаннан кейін (1971ж.) 
қатаң валюта курсын еркін валюта курсы алмастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет