Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер



Pdf көрінісі
бет1/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер




Эк 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ 
пәні бойынша дәрістер 
 
 



І БӨЛІМ. ҚОҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 
НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
1 тақырып. Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері 
 
Талқылайтын сұрақтар: 
1. Экономика: ғылым және шаруашылық. Экономикалық теорияның 
пайда болуы және дамуы. Микроэкономика және макроэкономика. 
Экономикалық ғылымдардың байланысы. Экономикалық теорияның 
қызметтері. 
2. Экономикалық ғылымның әдістері. Позитивтік және нормативтік 
талдау. 
3. Қазіргі қоғамдағы экономиканың рөлі. 
1. Экономика: ғылым және шаруашылық. Экономикалық 
теорияның пайда болуы және дамуы. Микроэкономика және 
макроэкономика. Экономикалық ғылымдардың байланысы. 
Экономикалық теорияның қызметтері 
Алғашқы рет «экономия» термині (грекше oikos - үй, үй 
шаруашылығы және nomos - заң) біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда 
ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт, Платон, Аристотельдің еңбектерінде 
пайда болды. «Экономия» атауын алғашқы рет Ксенофонт ұсынды. 1615 
жылы француз экономисі А.Монкретьен «Саяси экономия трактаты» атты 
еңбегінде осы жаңа ғылымға бірінші рет атау берді. Атау үш грек сөзінен 
құрастырылды: «политейя» - қоғам, «ойкос» - үй, «номос» - заң. «Саяси 
экономия» шаруашылықтың мемлекеттік және жалпы ұлттық деңгейдегі 
даму заңдылықтары жайлы ғылым ретінде пайда болды. 
Саяси экономияның алғашқы теориялық мектебі меркантилизм 
(итальян тілінен аударғанда «мерканте» - көпес, саудагер) болды. Бұл 
бағыттың өкілдері Т.Ман, Ж.Б. Кольбер қоғам байлығы тек саудада ғана 
пайда болады деп санады.
Кейін Францияда физиократтардың ілімі («физиократия» грек 
тілінен аударғанда - табиғат билігі) пайда болады. Оның негізін салушылар 
- Ф.Кенэ және А.Тюрго.
Сол уақытта Англияда жаңа мектеп — классикалық саяси экономия 
пайда болды. Оның көрнекті өкілдері XVII ғ. - Уильям Петти, XVIII ғ. - 
Адам Смит, XIX ғ. - Давид Рикардо ұлттық байлық материалдық өндірістің 
барлық саласында жасалынатынын дәлелдеді.
Экономикалық теорияның дамуындағы келесі маңызды саты - 
утопиялық социализм және марксизм. Утопиялық социализм - бұл 
қоғамның социалистік негізде түбегейлі өзгерістері мен әділетті құрылымы 
туралы ғылым. Бұл бағыттың басты өкілдері - Т.Мор, К.А. Сен-Симон,
Р. Оуэн. 



ХІХ ғасырда Карл Маркс пен Фридрих Энгельс Марксизм неміс 
философиясына, ағылшын саяси экономиясына және француз утопиялық 
социализміне сүйене отырып, еңбек құны теориясын ілгері дамытып, 
қосымша құн туралы ілімді және коммунистік қоғамның негізгі 
принциптері туралы концепцияны құрды. Бұл концепцияда Д.Рикардо 
және У.Петти жұмыстары жалғас алған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» бағыты пайда 
болады, бұл қоғамдық қатынастарға тартылған жеке субъектіні 
экономикалық талдау. А.Маршалл сұраныс теориясының негізіне 
К.Менгер, Е.Бем-Баверк, У.Джевонс, Л.Вальрас шығармаларында 
қалыптастырылған шекті пайдалылық туралы ілім, яғни маржинализмді 
қояды. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикалық теория дамуының 
жаңа бағыты пайда болады. «Саяси экономия» түсінігі «экономикс» 
түсінігімен ығыстырылды. 
Жаңа 
атаудың 
тууы 
неоклассикалық 
бағыттың 
негізін 
салушылардың бірі - ағылшын экономисі Альфред Маршаллдың есімімен 
байланысты. 1980 жылы А.Маршаллдың «Экономика ғылымының 
принциптері» атты еңбегі жарыққа шықты, оның бұл еңбегі қазіргі уақытта 
да өте маңызды. Мұнда талдаудың басты пәні құн теориясы емес, бағалар 
теориясы болып табылады, баға белгілеу механизмі сұраныс пен 
ұсыныстың арақатынасы ретінде қарастырылады. 
1936 жылы әйгілі экономист Джон Мейнард Кейнс жаңа 
экономикалық бағыт - кейнсиандықтың негізін салады. Нарық, Кейнстің 
көзқарасы бойынша, «тиімді сұранысты» қамтамасыз ете алмайды
сондықтан да, оны ақша-несие және бюджеттік саясаты бар мемлекет 
қамтамасыз етуі қажет

Монетаризм - бұл ақша және оның ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі 
жайлы ғылым. Бұл несие-ақша құралдары көмегімен экономиканы 
реттеуді айрықша пайымдайтын тұтастай теория. Концепцияның негізгі 
бағыттары М.Фридменнің «Оңтайлы экономика очерктері» (1953), 
«Капитализм және еркіндік» (1962) және «Таңдау еркіндігі» (1979) атты 
еңбектерінде қалыптастырылды. 
Нарықтық экономикадағы ішкі қайшылықтардың күйзеліске 
ұшырауы институционалды-әлеуметтік бағыттың пайда болуына ықпал 
етті. XIX ғасырдың аяғында Америкада пайда болған классикалық 
институционализм XX ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдарында дербес ағым 
ретінде түбегейлі қалыптасты. Оның негізін салушы ретінде Т.Вебленді 
санайды. Бұл ағымның өкілдері (Т.Веблен, У.Митчелл, Дж.Гелбейрт, 
Я.Тинберген) өз талдауларында корпорациялар, кәсіподақтар, мемлекет, 
сондай-ақ, психологиялық, этикалык, құқықтық, техникалық және өзге де 
әлеуметтік құбылыстар ретінде түсіндірілетін «институттар»түсінігін 
кеңінен пайдаланады. 



Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен 
құралады: 

микроэкономика–жеке 
өндірушілердің 
қызмет-әрекеттерін, 
кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын 
зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, 
фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. 
категориялар талданады. 

макроэкономика–мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, 
ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау 
объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық
инфляция және т.б. 
Экономикалық теорияның пәнін анықтау кезінде ағылшын экономисі
Л.Робинсонның берген анықтамасы кең қолданылады: «Экономика -
шектелген ресурстар жағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін 
мақсаттар мен мүмкіндіктерді үйлестіру кезіндегі адам әрекетін зерттейтін 
ғылым».
Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе
қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы
қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға 
айырып қарауға болады: 
1. Айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет 
жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән. 
2. Ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық
түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары. 
3. Жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге 
тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп 
байланыстырады.
Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік
қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет