11
көзқарас тұрғысынан алғанда, саясат экономикадан өрбиді деген сөз.
Саяси қөзқарастар, мекемелер мен қатынастар екінші реттегі
байланыстар
болып
табылды.
Себебі
олар
экономикалық
қатынастардан туындайды., олармен анықталады.
Және соларға
қызмет жасайды. Өз кезегінде саясат әрдайым қоғамдық дамуда
ерекше роль атқарады. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат
қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады.
Экономикалық ғылым - ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы
рет «экономия» («ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші
ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.)
және Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінде пайда болды.
«Ойкономия» (экономия) сөз ретінде - (үй шаруашылық)
Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді
ұйымдастыру
туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген. Кейінірек, осы бір талаптарға
сүйене отырып, феодалдық иелікті жүргізу үшін ұсыныстар жиынтығы
жасалды.
Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық
тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсер етті. Сол
кездері жеке иеліктерді жүргізумен шектелмеді және мемлекеттегі
(мемлекет грекше – «полис», «политейя» деген сөз) барлық
шаруашылықты жүргізудің жалпы ұлттық ережесін анықтаудың
алғашқы талпыныстары пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты
жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды.
Алғаш рет «саяси экономия» деген ұғымды француз сарай қызметкері
Антуан Мокретьен қолданды. Ол «Саяси экономия трактаты» (1965ж)
кітабында Франция елінің шаруашылығын
мемлекеттік тұрғыдан
басқарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны ғылым деп
айтуға ерте болатын. Экономикалық теория ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ-
ші ғасырлар тоғысында пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: