44
болды. А.Маршал сұраным қисығын пайдалылық қызметінен
шығарып, бағасын түсінген, сатып алушы тауар бірлігінің әрбір
қосымшасына төлеуге дайын, «еңбек құны» санатын еңгізді. Ол
сондай-ақ, сатып алушы сұранысының
өзгерістеріне байланысты,
сатып алынатын тауарлардың бағасының өзгерістерінен, «бағасы
бойынша жұмсақ сұраныс» санатындағы сандық өзгерістер үшін
енгізген экономикалық талдауы арқылы зерттеу жүргізді. Соңғыны
пайдалану, А.Маршалға нарық тауарларының жоғары және төменгі
сұраныс әсерлеріне орай бағасының өзгеруін бөліп алуға мүмкіндік
берді. А.Маршалға сәйкес, өндіріс ұстанымына байланысты,
нарықтағы баға осы тауарларға сұраныс пен ұсынысты анықтайтын
пайдалылық пен ықпалын бекітеді.
Қазіргі заманғы неоклассикалық мектептер нарық пен оның
мемлекетпен
өзара
қатынастары
туралы
классиктердің
тұжырымдамасын жалғастыруда. Неолиберализмнің өкілдері Л. Мизес
жэне Ф.Хайек экономикалық либерализмнің корғаушылары және
экономикаға кез келген араласудың қарсыластары болып табылады.
Олардың идеялары қағида жүзінде барлық шаруашылық жүргізуші
субьектілерге
толық еркіндік берілуіне, сондай-ақ, жеке меншікті
қорғау және еңбекті бөлуді тереңдету арқылы еркін айырбаска
негізделеді. Ф.Хайектің орталық тезисі еркін нарықтық баға жүйесі
экономикалық өзін-өзі реттеу тетіктерін құратынына негізделген.
Неоклассикалық тұжырымдаманың ғылыми тұжырымдамасының
тез төмендеуі, яғни, «көрінбейтін қолдың» тоқтаусыз жұмыс істейтіні
туралы сенімге күдік келгенде, 1929-1933 жылдары дағдарыс болды.
Сондықтан Дж. Кейнс экономикалық дамудың барысы еркін бәсекенің
өзгермейтін игі әсері мен күшін теріске шығаратын,
нарық туралы
теорияның жаңа бағытын әзірледі. Дж. Кейнстің нарық теориясына
қосқан үлесі төменде көрінеді:
макроэкономикалық деңгейдің агрегаттық көлемін өлшеу
үшін үй шаруашылығы мен жеке фирманың қызметіне талдау
объектісін ауыстыру;
мемлекеттің көмегінсіз, тек бәсекелестіктің күшіне сүйеніп,
экономика жағдайының толық қамтылуының шынайы еместігінің
дәлелдемесінде;
төрт өзара байланысты нарықтардың - тауардың, еңбектің,
ақшаның және облигацияның қызмет етуі
арқылы нарық тетіктерін
қарастыру;
экономикалық санаттар арасындағы сандық өзара байланысты
анықтау үшін қызметтік талдауды пайдалану.
XX
ғасырдың 70-ші жылдарына қатысты монетаризмнің
қалыптасуы, нарық экономикасының қабілетінен шығатын өзін-өзі
реттеуге және ақша массасының бағаға, инфляцияға, экономикалық
үдерістерге шешуші ықпалы мен еркін кәсіпкерліктің либералдық
идеологиясының бір түрі болып табылады.
Монетаризмнің өкілдері
45
(М.Фридмен) нарық экономикасы өндіріс үдерістерін тұрақтандыруға
қабілетті, өз табиғатында өзін-өзі реттеу тетіктерінің барлығына орай,
барлық уақытта тұрақтылықты сақтай алады деп есептейді. Олар
нарықтық
қайшылықтың
тұрақсыздығын
ішкі
факторлармен
байланыстырады, мысалы, нарық тетіктеріне бірден әсер ететін.
экономикаға мемлекеттің араласуын көрсетеді. Нарық теориясына
монетаризмнің қосқан үлесі деп, айналымда болатын және тауарлық,
валюталық нарық пен еңбек нарығындағы ақша көлемі арасындағы
өзара байланысты көрсететін, тетіктерді әзірлеу деп есептейді.
Монетаристер экономикалық саясаттың мақсаты шаруашылыққа
мемлекеттің араласуының аз да болса қажеттілігін негіздеу және
толык қамтудың
кейнсиан саясатынан бас тартып, инфляцияға қарсы
күресті жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: