«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет32/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   124
экономика негиздері кітап

Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырып экономика негіздері курсында маңызды болып 
табылады. Нарықтың мәнін, оның субъектілері мен объектілерін, 
қазіргі нарықтың құрылымын ашу, оның қызметін сипаттау және 
нарықтың 
инфрақұрылымы 
жөнінде 
айту. 
Нарықтың 
басты 
заңдылықтары болып сұраныс заңы және ұсыныс заңы табылады, 
сондықтан оның мәнін ашу және олардың қызметін көрсету. 
Тақырыптың міндеті болып нарықтың механизмін ашу табылады, олар 
өмірде болып жатқан көптеген экономикалық процестерге түсінік 
беру.
Дәріс 
1 сұрақ.
Қазіргі заманғы нарық шаруашылығының қалыптасуы бірнеше 
кезеңнен өтті. Бірінші кезең - қарапайым тауарлық өндіріс. Тауар 
өндірісі жетістігінің ең жоғары деңгейінің дамуы капиталдың алғашқы 
сатысын құрайтын және оның екі жағын қосатын, алғашқы 
капиталдың жинақталу үдерісіндегі өндірістің капиталистік әдісінің 
бекітілуімен 
байланысты: 
өндіріс 
құралдарының 
барлығынан
айрылған, жекелей бос адамдарды өндіруші көпшілікке айналдыру. 
Бұл үдеріс нарықта жаңа тауар - адам күшінің пайда болғанын 
көрсетеді. Ақшалай байлық пен өндіріс құралының аз адамның қолына 
жинақталуы. 
Қазіргі нарық экономикасы келесі факторлардың ықпалымен 
қалыптасты - мемлекеттік реттеу, әлемдік экономика, нарық 
инфрақұрылымының дамуы, әлеуметтендірілген тауарлық өндірісі 
(нарық экономикасында адамның рөлінің өсуі). 
«Нарық» түсінігінің әр түрлі мағынасы тараған. Әуелгі уақытта 
нарық базар, бөлшек сауда орны, нарық алаңы ретінде қаралған. 
Тауарлық-ақшалық қатынастардың дамуымен нарықты тауарлық-ақша 
айырбасы (айналымы) мен тауар нысаны ретінде жаңаша түсіну пайда 
болды. 
Классикалық мектептің көрнекті өкілі А.Смит нарық экономикасы 
- өзін реттеуші жүйе: өзін-өзі реттеу «көрінбейтін қол» деп аталатын 
автоматты түрде өзін-өзі реттейтін, сұраныс пен ұсынысқа 
байланысты қалыптасатын еркін нарықтық баға болып табылады деп 
есептеді. 
А.Маршал, Дж. Хикс, Р.Аллен, М.Фридмен әзірлеген, нарықтың 
неоклассикалық 
теориясының 
әдіснамалық 
ұстанымы, 
нарық 
тұтынушылары мен құрметтеушілерінің нарықтың қызмет ету 
тетіктеріне орталық орын берген, шектеулі пайдалылықтың теориясы 


44 
болды. А.Маршал сұраным қисығын пайдалылық қызметінен 
шығарып, бағасын түсінген, сатып алушы тауар бірлігінің әрбір 
қосымшасына төлеуге дайын, «еңбек құны» санатын еңгізді. Ол 
сондай-ақ, сатып алушы сұранысының өзгерістеріне байланысты
сатып алынатын тауарлардың бағасының өзгерістерінен, «бағасы 
бойынша жұмсақ сұраныс» санатындағы сандық өзгерістер үшін 
енгізген экономикалық талдауы арқылы зерттеу жүргізді. Соңғыны 
пайдалану, А.Маршалға нарық тауарларының жоғары және төменгі 
сұраныс әсерлеріне орай бағасының өзгеруін бөліп алуға мүмкіндік 
берді. А.Маршалға сәйкес, өндіріс ұстанымына байланысты, 
нарықтағы баға осы тауарларға сұраныс пен ұсынысты анықтайтын 
пайдалылық пен ықпалын бекітеді. 
Қазіргі заманғы неоклассикалық мектептер нарық пен оның 
мемлекетпен 
өзара 
қатынастары 
туралы 
классиктердің 
тұжырымдамасын жалғастыруда. Неолиберализмнің өкілдері Л. Мизес 
жэне Ф.Хайек экономикалық либерализмнің корғаушылары және 
экономикаға кез келген араласудың қарсыластары болып табылады. 
Олардың идеялары қағида жүзінде барлық шаруашылық жүргізуші 
субьектілерге толық еркіндік берілуіне, сондай-ақ, жеке меншікті 
қорғау және еңбекті бөлуді тереңдету арқылы еркін айырбаска 
негізделеді. Ф.Хайектің орталық тезисі еркін нарықтық баға жүйесі 
экономикалық өзін-өзі реттеу тетіктерін құратынына негізделген. 
Неоклассикалық тұжырымдаманың ғылыми тұжырымдамасының 
тез төмендеуі, яғни, «көрінбейтін қолдың» тоқтаусыз жұмыс істейтіні 
туралы сенімге күдік келгенде, 1929-1933 жылдары дағдарыс болды. 
Сондықтан Дж. Кейнс экономикалық дамудың барысы еркін бәсекенің 
өзгермейтін игі әсері мен күшін теріске шығаратын, нарық туралы 
теорияның жаңа бағытын әзірледі. Дж. Кейнстің нарық теориясына 
қосқан үлесі төменде көрінеді: 
 макроэкономикалық деңгейдің агрегаттық көлемін өлшеу 
үшін үй шаруашылығы мен жеке фирманың қызметіне талдау 
объектісін ауыстыру; 
 мемлекеттің көмегінсіз, тек бәсекелестіктің күшіне сүйеніп,
экономика жағдайының толық қамтылуының шынайы еместігінің 
дәлелдемесінде; 
 төрт өзара байланысты нарықтардың - тауардың, еңбектің, 
ақшаның және облигацияның қызмет етуі арқылы нарық тетіктерін 
қарастыру; 
 экономикалық санаттар арасындағы сандық өзара байланысты 
анықтау үшін қызметтік талдауды пайдалану. 
XX 
ғасырдың 70-ші жылдарына қатысты монетаризмнің 
қалыптасуы, нарық экономикасының қабілетінен шығатын өзін-өзі
реттеуге және ақша массасының бағаға, инфляцияға, экономикалық 
үдерістерге шешуші ықпалы мен еркін кәсіпкерліктің либералдық 
идеологиясының бір түрі болып табылады. Монетаризмнің өкілдері 


45 
(М.Фридмен) нарық экономикасы өндіріс үдерістерін тұрақтандыруға 
қабілетті, өз табиғатында өзін-өзі реттеу тетіктерінің барлығына орай, 
барлық уақытта тұрақтылықты сақтай алады деп есептейді. Олар 
нарықтық 
қайшылықтың 
тұрақсыздығын 
ішкі 
факторлармен 
байланыстырады, мысалы, нарық тетіктеріне бірден әсер ететін. 
экономикаға мемлекеттің араласуын көрсетеді. Нарық теориясына 
монетаризмнің қосқан үлесі деп, айналымда болатын және тауарлық, 
валюталық нарық пен еңбек нарығындағы ақша көлемі арасындағы 
өзара байланысты көрсететін, тетіктерді әзірлеу деп есептейді. 
Монетаристер экономикалық саясаттың мақсаты шаруашылыққа 
мемлекеттің араласуының аз да болса қажеттілігін негіздеу және 
толык қамтудың кейнсиан саясатынан бас тартып, инфляцияға қарсы 
күресті жариялайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет