«Экономикада ақпараттық технологиялар»


Практикалық (семинарлық) сабақтар



бет2/6
Дата12.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#131042
1   2   3   4   5   6

Практикалық (семинарлық) сабақтар


1 . Басқарудың технологиялар негіздері.

Ақпараттарды басқару және алмасу функциялары

Басқару процесіндегі тура және кері байланыс функциялары.


1

(8.1.1)

9-13 б.


2. Ақпараттық жүйелердің экономикада қолданылуы

Ақпараттық жүйе туралы түсінік

Мәліметтерді компьютерлік өңдеу әдістері


1

(8.1.1)

13-17 б.


3. Ақпараттық технологияның жобалау негіздері

Ақпараттық технологияның даму кезеңдері. Қазіргі технологиялық процестің ерекшелігі. Басқарудағы автоматтандыру процесінің құралдары. Бағдарламалық өнімнің жіктелуінің элементтері. Ақпараттық технологияның таңдау критериясы. Ақпараттық технологияның құрылуының методологиялық негіздері



2

(8.1.1)

17-26 б.


(8.1.2.)

80-84 б


4. Экономикалық жүйедегі ақпараттың сипаттамасы

Экономикалық ақпараттың ерекшеліктері. Ақпараттың сипаттамасының құрылымы, құжаттар, көрсеткіштер, реквизиттері. Экономикалық ақпараттың сапасының критериясы.



1

(8.1.1)

26-37 б.


5. Экономикалық ақпараттың кодталуы. Кодтаудың жүйесі және жіктелуі.

Ақпаратты кодтаудың (таңбалаудың) жүйесі. Жіктелу жүйесі.



1

(8.1.1) 3

8-46 б.


6. Ақпараттық технологияның дамуының тенденциясы

Ақпараттық өнімнің қиындауы.Ұқсастықпен қамтамассыз ету. Глобализация. Конвергенция.



1

(8.1.2.)

52-57 б.


7. Ақпараттық технологияның түрлері

Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясы. Басқарудың ақпараттық технологиясы. Автоматтандырылған кеңсе (офис). Сараптама жүйесіндегі ақпараттық жүйе



2

(8.1.2.)

с. 331-362



8. Ақпараттық жүйенің және ақпараттық технологияның сапасы мен стандарты

Ақпараттық технологияның стандарттау жүйесі. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің моделі.



1

(8.1.1)

47-52 б.


(8.1.2.)

29-33 б.


9. Ақпаратық технологияның құқықтық қамтамасыз етілуі

Ақпараттық заңнама. Ақпараттық қауіпсіздік. Компьтерлік технологиядағы вирус мәселесі. Антивирустік бағдарламалар



1

(8.1.1)

53-64 б.


(8.1.2.)

22-28 б.


10. Желілік технологияның сипаттамасы және тағайындалуы

Компьтерлік жүйенің мүмкіндіктері. Компьтерлік жүйенің құрылу жіктелуі. Ақпараттық ресурстардың сақталу технологиясының таратылуы



1

(8.1.1)

65-72 б.


11. Желілік технологияның сипаттамасы және тағайындалуы

Компьютерлік жүйенің негізгі компоненттері. Желілік бағдарламалық қамтамассыз ету. «клиент-сервер» технологиясының негіздері.



1

(8.1.1)

73-78 б.


12. Жергілікті есептеуіш желінің жалпы сипаттамасы

Жергілікті есептеуіш желісі. Интернет желісінде доменді жүйе атауы. Интернет желісінде ақпараттық ресурстар. Интернет. Электрондық пошта. Корпоративтік желілер



2

(8.1.1)

79-93 б.


(8.1.2.)

58-65,


362-377 б.

Microsoft Excel формуласын және функцияларды пайдаланып есептерді шешу. Жалпы қасиет есепттер

2

(8.1.3, 8.1.4)

Microsoft Excel формуласын және функцияларды пайдаланып есептерді шешу. Массивтер және матрицалармен жұмыс

2

(8.1.3, 8.1.4)

Microsoft Excel текстік функциясымен жұмыс. Уақыт және мерзім функциялары.

2

(8.1.3, 8.1.4)

Microsoft Excel текстік функциясымен жұмыс. Сілтеме және қарау функциялары.

2

(8.1.3, 8.1.4)

Шешім іздеу көмегімен есептерді шешуді оңтайландыру.

2

(8.1.3, 8.1.4)

Microsoft Excelде тізімдерді басқару. Тізімдер және диапазондар.

2

(8.1.3, 8.1.4)

Microsoft Excelде тізімдерді басқару. Берілгендерді талдау.

1

(8.1.3, 8.1.4)

Microsoft Excel командасын автоматты жазылуы. Құралдар тақталарын және менюді жөндеу.

2

(8.1.3, 8.1.4)



3. Студенттерге арналған пәнін жұмыстық бағдарламасы

1 апта


Басқарудың технологиялар негіздері.

- Ақпараттарды басқару және алмасу функциялары. Басқару процесіндегі тура және кері байланыс функциялары.

2 апта

Ақпараттық жүйелердің экономикада қолданылуы.

- Ақпараттық жүйе туралы түсінік. Мәліметтерді компьютерлік өңдеу әдістері

3 апта

Ақпараттық технологиялардың жобалау негіздері.

- Ақпараттық технологияның даму кезеңдері. Қазіргі технологиялық процестің ерекшелігі. Басқарудағы автоматтандыру процесінің құралдары. Бағдарламалық өнімнің жіктелуінің элементтері. Ақпараттық технологияның таңдау критериясы. Ақпараттық технологияның құрылуының методологиялық негіздері

Microsoft Excel- дің формулалары мен функцияларын қолданып есептер шығару

4 апта


Ақпараттық технологиялардың жобалау негіздері .

- Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері. Замандас технологиялық процес ерекшеліктері. Басқару процес автоматтандыру құралдары . Бағдарламалық өнімдердің таптастыру элементтері. Ақпараттық технология таңдау белгілері. Ақпараттық технологиялардың жасау әдістемелік негіздері .

Microsoft Excel- дің формулалары мен функцияларын қолданып есептер шығару.

5 апта


Экономикалық жүйедегі ақпараттың сипаттамасы.

- Экономикалық ақпараттың ерекшеліктері. Ақпараттың сипаттамасының құрылымы, құжаттар, көрсеткіштер, реквизиттері. Экономикалық ақпараттың сапасының критериясы.

Microsoft Excel- дің формулалары мен функцияларын қолданып есептер шығару.

6 апта


Экономикалық ақпараттың кодталуы. Кодтаудың жүйесі және жіктелуі.

Ақпаратты кодтаудың (таңбалаудың) жүйесі. Жіктелу жүйесі

Microsoft Excel- дің формулалары мен функцияларын қолданып есептер шығару.

7 апта


Ақпараттық технологияның дамуының тенденциясы

- Ақпараттық өнімнің қиындауы.Ұқсастықпен қамтамассыз ету. Глобализация. Конвергенция.функциялармен қарау функция Microsoft Excel . және сілтемелердің .

Microsoft Excel- дің формулалары мен функцияларын қолданып есептер шығару.
8 апта

Ақпараттық технологияның түрлері

- Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясы. Басқарудың ақпараттық технологиясы. Автоматтандырылған кеңсе (офис). Сараптама жүйесіндегі ақпараттық жүйе.

9 апта

Ақпараттық технологияның түрлері

- Автоматтандырылған кеңсе (офис). Сараптама жүйесіндегі ақпараттық жүйе.

Microsoft Excel- дің формулалары мен функцияларын қолданып есептер шығару.

10 апта


Ақпараттық жүйенің және ақпараттық технологияның сапасы мен стандарты

- Ақпараттық технологияның стандарттау жүйесі.

- Ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің моделі.

11 апта


Ақпаратық технологияның құқықтық қамтамасыз етілуі

- Ақпараттық заңнама. Ақпараттық қауіпсіздік. Компьтерлік технологиядағы вирус мәселесі. Антивирустік бағдарламалар.

Microsoft Excel – де тізімдер және диапозондар.

12 апта


Желілік технологияның сипаттамасы және тағайындалуы

Компьтерлік жүйенің мүмкіндіктері. Компьтерлік жүйенің құрылу жіктелуі. Ақпараттық ресурстардың сақталу технологиясының таратылуы

13 апта

Желілік технологияның сипаттамасы және тағайындалуы

- Компьютерлік жүйенің негізгі компоненттері. Желілік бағдарламалық қамтамассыз ету. «клиент-сервер» технологиясының негіздері.

- Microsoft Excel – де тізімдерді талдау.

14 апта


Жергілікті есептеуіш желінің жалпы сипаттамасы

- Жергілікті есептеуіш желісі. Интернет желісінде доменді жүйе атауы. Интернет желісінде ақпараттық ресурстар. Интернет. Электрондық пошта. Корпоративтік желілер

15 апта

Жергілікті есептеуіш желінің жалпы сипаттамасы

Электрондық пошта. Корпоративтік желілер

Microsoft Excel – де командаларының автоматты жазуын құралдар тақтасы қалыпты күйге келтіру


3. Сабақтың түрлері бойынша оқу-әдістемелік материалдар

3.1. Дәрістер



1 дәріс. Басқарудың технологиялар негіздері.

Ақпараттарды басқару және алмасу функциялары.

Әрбір қоғамда ақпаратты өңдеумен жұмыс жүргізуге тура келеді. Экономиканың дамуымен тұрғындарының санының өсіміне байланысты, өзара байланысты мәліметтердің көлемі өседі. Соңғы жылдары ақпараттың үлкен көлемі өндірісте, саудада, қаржылық және банктік салада бақыланады. Бұл нарықтық экономикаға өтуге байланысты болғанымен қатар, мәлімет өңдеудің ғылыми әдістерін қолдануға негізделген экономикалық объектілерді басқарудың жаңа әдісін өтуімен де байланысты. Экономикалық объектілерді меңгеруге негізделген ақпараттық ағымдарды қолдана отырып, бақылау, жоспарлау, есеп, талдау, объектілерді басқаруды сәтті жүргізуге болады.

Қазіргі заманғы экономика эффектік басқарусыз мүмкін емес,оның сәттілігі дамуының динамикасы мен әржақты факторларды ескеретін интегралданған шешімдердің қабылдануымен анықталады. Бүгінгі күрделі де тез өзгеретін әлемде көптеген альтернативтер басқарушылардың қолында болады, және адамдардың алдына бір мақсат қойып, оған жету үшін көптеген сұрақтарға жауап беру керек. Ол басқару объектісі толығымен меңгерілген уақытта ғана мүмкін болады.

Әрбір басқарылатын функция шын мәнінде бірнеше жалпы және өмірлік қажетті шешімдермен байланысты болады. Өнеркәсіп, фирма, сала және жалпы экономика жұмыстары сәтті болу үшін, бұл объектілер туралы толық ақпарат болуы керек және бұл ақпаратты басқару процесінде қолдану керек. Қолданылатын объект туралы ақпарат көлемі неғұрлым үлкен болса, қабылданған шешілдер соғұрлым сауатты, ал басқару соғұрлым күшті болады.

Басқару процессі,алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған,өзара байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы арқылы бейнеленеді. Ғылыми менеджменттің қазіргі заманғы теориясы тұрғысынан, басқару процесі әртүрлі деңгейде қарастырылады.


  • Стратегиялық басқару-басқарылатын объетілердің даму бағыттары және ғаламдық мақсаты өңдеуге негізделген, перспективаға бағытталған басқару;

  • Оперативтік басқару-фирманың түрақты функциялануын қамтамасыз ететін және жақын арадағы (ай,квартал) оның даму потенциалын қүруға бағытталған басқару;

  • Ағымдағы басқару-ақпараттың тіркеуі, жинақталуы және анализіне негізделген басқару.

Басқарудың барлық деңгейлеріне бірнеше категориаларға бөлінетін әртүрлі функциялар кіреді: жоспарлау, ұиымдастыру, мотивация және бақылау. Бүл функциялар-үздіксіз, өзара байланста дамиды және процесстің басқару объетісі болып табылады. Бастапқы қойылған мақсаттар мен тапсырмалар өндірістің дамуын кеңейту арқылы өзгере алады.

Жоспарлау функциясы өнеркәсіптің мақсатына жету процессінде оның мүшелерінің міндеттерін айқындайды. Ұйымдастыру функциясы жоспарланған мақсаттарға жету үшін тапсырмалардың орындалу процессіндегі субъектілер арасындағы міндеттерді бөлуі мен қүрлымына негізделген.

Мотивация функциясына қажетті іс-әрекеттерді орындауға талпынс және бүкіл жүмысшылардың жүмыс міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс -әрекеттер кіреді.

Бақылау функциясы мақсатқа жету процессіндегі қателер мен мүмкін түзетулерді уақытында байқауды қамтамасыз етеді.

Басқару бақылауының мынадай түрлері бар:


  • стандартты орнату - бұл жүмыстың уақытында орындалуы және сапалылығының дәл анықталуы;

  • жетістіктерді өлшеу нәтижесі және оларды күтіммен салыстырғандағы болжау мәндері;

  • моделдердегі арифметикалық және логикалық қателерді шығаруға бағытталған іс-әрекеттер.

Жоғарыда айтылған функциялардың барлығы басқарушының шешім қабылдауын қамтамасыз етеді және олардың орындалуы үшін, бағытталған іс-әректтерді жүзеге асыру коммуникация немесе ақпарат алмасуды талап етеді.

Барлық бағандар арасындағы байланыс процестері шешім мен коммуникацияны қабылдау болып табылады, олар басқарылатын функциялардың үздіксіздігін және олардың басқару процесіндегі әсердің эффектілігін қамтамасыз етеді.



Шешім қабылдау – бұл басқарудағы басты компанент ,олар өзінде әдістерді таңдап, амалды жоспарлау, бақылау мен мотивацияны ұйымдастыруды іске асырады.

Шешім қабылдау көптеген ақпаратты ағымдарды өңдеуге болжайды және осы көптің ішінен алынған жалғыз белгілі проблеманың шешімі болып табылады.Ақпарат алмасу немесе коммуникация адамдар арасындағы құрылымдық типтегі қарым – қатнастарды сипаттайды. Бұл басқару функциясы коммуникацияның сапалығына тәуелді.

Сонымен шешім қабылдау мен ақпарат алмасу – басқарушының жұмысындағы негізгі мазмұны және негізгі мақсаты. Басқару қарастырылатын объект компоненттері мен ақпарат алмасумен байланысты. Ақпарат алмасудың сапалығы шешім қабылдаудың сапалылығын көтереді. Сондықтан ақпараттық технологияларды таңдағанда және өңдегенде коммуникацияға ерекше көңіл аударады.

Басқару процесіндегі тура және кері байланыс функциялары.

Ақпараттық жүйелерді басқаруда тура және кері байланыс принципі жүзеге асады.Мысылы, өнеркәсіп басшысы жұмысшылардың сағаттық төлемақысы мен жаңа жұмыс тәртібі туралы бұйрық шығарады. Бұндай шешім қабылдау, өнеркәсіптегі басқару объектісіне әсер етеді және осылай тура байланыс жүзеге асады.

Шешім өз күшіне енгеннен кейін кері байланыс орнығады. Кері байланыс – басқарылатын объектідегі қабылданатын шешімге әсерінің бақылау жинынтығы.

Басқарушы аламын деген өлшемдер, шешімнің бағалылары немесе фактылық нәтижелердің алмастыруы осы фазада жүреді. Басқарылатын объектің режимі , ақпараттардың сарапталуы, іс-әрекеттің нәтижесінің бағалауға мүмкіндік береді , осының нәтижесінде жаңа шешім қабылданады .Мысалы жарғы сөз күшіне енгенең кейін өнеркәсіп жұмыс істеу басты көрсеткіштері туралы мәлімен , басдарманың алдына түседі. Ол көрсеткіштер : өндірілетін өнімнің көлемі, өнеркәсіптің кірісі, орташа күндік ( айлық ) өнім нормасы. Ескі көрсеткіш пен жаңа көрсеткіштерді салыстыра отырып басқарушы, қабылданылған шешімнің эффектілігі бағалай алады, осы бағыттағы жұмыстын нәтижесі және келешектегі іс-әрекетті анықтайды. Кері байланыс – басқарушыға шешімді реттеуге мүмкіндік береді, бүл кезде обътіге көп зияны тимеу керек .Бақылау функциясының көмегімен бірінші орында басқарушы бағалау шешімін анықтайды.

1-сурет. Басқару процесіндегі тура және кері байланыс схемасы.


Тура және кері байланыс үшін үнемі ақпараттын алмасу қажет сондықтан экономикалық объектілермен басқару процесінде, комуникатция онімдері манызды роль атқарады.

Менеджменттің қайта құру процестері дамуға және қазіргі заманға сай компютерлендіруге бейімдеуілуіне бағытталған.

Жедел (оперативті) басқару негіздері қазіргі кезде жаңа компютенлік және телекоммунизациялық техникаға арқа сүйейді, сонымен қатар жоғары дәрежелі ақпаратты басқару технологиясын қүру үшін пайдаланады. Жаңа компютерлік технологиалар методологиялау басқаруды радикалды өзгерістер әкеледі ақпараттық менеджменттегі ақпараттық ресурстардың өсуін қолданылуы және кеңейтілген қорларды пайдалану мүмкіндігі нің арқасында басқару процестері объектінің кең және терең ауқымда шарпиды. Бұл өнімдегі және ауыл шаруашылығындағы бағандарды және барлық деңгейлерді тігінен және көлденең меңгеруге мүмкіндік береді .

2 дәріс. Ақпараттық жүйесінде экономикада қолдану



Ақпараттық жүйе туралы түсінік

Жетекшінің ұйымның мақсаттары қандай болу керектігі, өнімді қалай жақсарту, басқару бөлімінің құрылымын қалай шыңдау жайындағы сұрақтарына тек басқарылушы объект туралы бар ақпаратты толық пайдалану арқылы ғана жауап беруге болады. Мысалы, өндірістің күнтізбелік жоспарлары бар тапсырыстар, олардың материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі, өндірістік қуаттардың жүктелу дәрежесі мен олардың әрбір тапсырыстың орындалуының келісімді мерзіміне байланысты пайдаланылуы туралы мәліметтер негізінде құрылады. Өндірістің күнтізбелік жоспарларында қолда бар қуаттардың реконструкциясының, жабдықтарды ауыстыру мен жаңа кәсіпорындарды құру, жұмыс күшін оқыту шығындары қарастырылады. Олар өнімді өткізу, шетелдік лицензиялау, техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету және тағы басқа жоспарлардан тұрады. Егер бұл мәліметтердің күнделікті жаңарып отыру керектігін, ал бүкіл өндіріс процесін зерттеуде жиналатындығын ескерсе, онда ақпаратпен жұмыс істеуді автоматандыру қажеттілігі айқын көрінеді.

Объект туралы мәліметтер бақылаулардан, құжаттардан, тәжірибелерден, статистикалық есеп берулерден, архивтерден, кітапханалардан және басқа ақпарат көздерінен күделікті түсіп отырады. Басқару процесінде әрбір нақты уақыт моменті кезіндегі объекттің күйі жайлы ақпарат бар болуы қажет. Бұл ақпаратты барынша толық, рационалды және сауатты пайдалану үшін, берілгендерді оперативті тіркеу, оларды берік және қауіпсіз қорғау, керекті көрсеткіштерді тез іздеп табу, математикалық және статистикалық анализ әдістерін пайдаланала отырып ақпаратты жан-жақты өңдеу және ақпарат пен оны өңдеу нәтижелерін уақтылы беру қажет. Сол үшін ақпараттық жүйелер енгізіледі және әрдайым пайдаланылады. Олар қолданушыға зерттелуші объектті сауатты басқару мен басқару процессінде максималды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік технологияларды пайдалану ақпаратты жинау мен өңдеуді, жоспарлардың әртүрлі варианттарын жасау және экономиканы басқару процесінде мамандар стратегиясы мен тактикасының оптималды жоспарларын табуды жеңілдетеді және тездетеді. Кез-келген рангылы қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін экономика және басқару саласының барлық облыстарында ақпараттық жүйелер мен комплексткер интенсивті дамытыла және енгізіле бастады.

Ақпараттық автоматандырылған жүйе деп бөлек алынған компьютерді немесе бірнеше аппараттық компьютерлік құралдар бірлестігін, программалық қамтамасыз етуді, қосымша жабдық және белгілі бір мақсаттар мен қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін адамдарды түсінеміз.

Ақпараттық жүйе – өздерінің есептеу техникасы мен байланыс құралдарының көмегімен пайдалану үшін құрылған ұйымдаса реттелген құжаттар мен ақпараттық технологиялар бірлестігі.

Ақпараттық ресурстар деп бөлек құжат немесе ақпараттық жүйелердегі құжаттар массиві түсіндіріледі: кітапханалар, архивтер, деректер банкілері, білімдер базасы, деректер базасы. Ақпараттық ресурстарды пайдалану мен олармен жұмыс істеу үшін пәндік облыс объектісі ақпаратық рксурстар болып табылатын ақпараттық технологиялар және қолданушыға ақпараттық ресурстар негізінде берілетін ақпараттық өнім мен қызмет ету қолданылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен технологияларды қамтамасыз ету құралдары – ақпараттық жүйелерді жобалауда құрылатын немесе қолданылатын және олардың эксплуатациясын қамтамасыз ететін программалық, техникалық, лингвистикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық құралдар.

Ақпараттық жүйелерді құру мен функциялану процесіне субъектілердің 2 категориясы қатысады:



  • Ақпараттық жүйелерді кұрушылар, олармен қамтамасыз ету құралдары мен технологияларын жасаушылар (интегралдық микросхемаларды жобалаушы-инженерлер, программисттер, информацияны жеткізушілер және т.б.)

  • Ақпараттық жүйелерді эксплуатациялайтын қолданушылар немесе тапсырыс жасаушылар (кәсіпорындар, фирмалар, ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік билік органдары)

Қазіргі таңдағы ақпараттық орта жағдайында экономикалық объектілерді оперативті басқаруға тек компьютерлік техниканы қолдану арқылы ғана қол жеткізуге болады. Адам жұмысының барлық сферасының компьютеризациясы әрбір сауатты маманның ақпаратты қолдана алуына әкелді. Бүгінгі таңда жұмыс есептерін шешу үшін есептеуіш техникасын пайдалануды қажет ететін әр түрлі саладағы мамандар саны артып келеді. Қазіргі кезде өздерінің күнделікті жұмыстарында бухгалтерлік есепті жүргізуде, тапсырыстар мен келісімшарт орындалуын бақылауда, іскерлік құжаттарды дайындауда есептеу техникасын қолданбайтын кәсіпорын, фирма немесе акционерлік қоғам кемде кем. Нарықтық экономикалық қатынастар орнығуының барысында, негізінен орта және кіші кәсіпорындардың қосылу есебінен, есептеу техниксының және программмалық құралдардың қолданылу аясы айтарлықтай кеңейді.

Экономист жұмысының әр алуан сфераларындағы есептерді шешуге арналған ақпараттық жүйелер жасалған және ендірілген. Оларды жүзеге асыру барысында мәліметтерді компьютерлік өңдеудің келесі әдістері қолданылады:



  • Мәліметтерді сақтау, іздеу және өңдеу

  • өндірісті басқару және бақылау

  • экономикадағы процестер анализі және диагностикасы

  • мәліметтерді жинау және статистикалық өңдеу

  • банкілік есеп айырысу

  • қоғам құрылымының талдауы

  • әртүрлі деңгейлер байланысының және ұйымдардың зерттелуі

  • шешім қабылдаудың автоматтандырылған жүйелері

  • ғылыми жұмысты басшылық ету

  • стохастикалық (ықтимал) болжам модельдері

  • жасанды интеллект жүйелері

  • автоматандырылған бухгалтерия

  • складтау және сауда

Жаңа ақпараттық жүйелерге көшу тек қана ой еңбегінің қиындаған операцияларын автоматтандырып қоймай, сонымен қатар толықтай шығармашылық процесті кешенді автоматтандыруға әкелді. Білімдерді өңдеудің компьютерлік жүйелері мәліметтерді логикалық өңдеуді жүзеге асырады, қолданушыға қорытындылар жасауға, ақпаратты ойлап түсінуге, нақты мақсаттар мен олардың қолданылу аясына қатысты фактілер арасындағы логикалық байланыстар орнатуға көмектеседі.
3, 4 дәрістер. Ақпаратттық технолгияларды жобалау негіздері

Жаңа ақпараттық технологиялар

Компьютерлік жүйелерді құру үшін қазіргі заманғы (жаңа) ақпараттық технрлогиялар жасалуда және ендірілуде. Бұл технологиялар басқару процесінің автоматтандырылуымен тығыз байланысты.



Жаңа ақпараттық технология - ақпараттық жүйелер мен есептеу техникасының құралдарын пайдалану арқылы ақпаратты жинау, жинақтау, іздеу және өңдейдің әдістер мен тәсілдер жиыны.

ЮНЕСКО-ның қабылдаған анықтамасы бойынша, ақпараттық технология – ақпаратты өңдеу және сақтаумен айналысатын адамдар еңбегін ұйымдастырудың эффективті әдістерін зерттейтін өзара байланысты ғылыми, технологиялық, инженерлік дисциплиналар кешені; есептеу техникасын, ұйымдастыру әдістерін, адамдармен және өндірістік жабдықпен өзара әрекеттесуін, олрадың практикалық қосымшасын, сонымен қатар осылардың барлығымен байланысты әлеуметтік, экономикалық және мәдени проблемалар. Жаңа ақпараттық технологиялар компьютерлер мен телекоммуникациялық техниканы қолдануға негізделген.



Жаңа ақпараттық технология жоғарғы деңгейдегі достық қолданушылық интерфейстің ақпараттық поцесіне қолданушылардың активті қатысуымен жүретін техникалық құралдарды қолдануға негізделген. Ол ортақ және проблемалық қолдануға арналған қолданбалы программалар пакетін, қолданушыға жойылған мәліметтер базасына және ЭЕМ желілері көмегімен программаларға кіру мүмкіндіктерін кеңінен қолданады.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі қасиеттерін бөліп көрсетуге болады:

  • Бұл қағазсыз технология, ол бойынша ақпаратты негізгі тасушы компьютер жадында немесе дискіде құрылатын және монитор экранында көрсетілетін электронды документ болып табылады.

  • Жоғарғы мүмкіндікті интерактивті (диалогты) режим арқылы колданушы кез келген жұмыс шешілуінің барысын оперативті басқара алады.

  • Қолданушының компьютермен сұхбаттасу әдісі (достық интерфейс) дайындығы әр түрлі деңгейдегі қолданушыға жүйелік меню, көмектесулерді және анықтамаларды пайдалана отырып, ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • Ақпарат беру формаларының сәйкестілігі оның өңделуінің барлық кезеңдерінде ақпараттық көмек беруді жүзеге асыруға көмектеседі.

  • Барлық қолданушыларға жүйенің кез келген техникалық, программалық және ақпараттық ресурстарына оперативті кіруді қамтамасыз ететін ақпараттық желілер мен коммуникациялық желілер негізінде есептерді ұжымдық шешу әдістерін пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет