«экономикадағы аж»


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі478 Kb.
#125284
1   2   3   4   5

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Тауарлық –материалдық қорларға анықтама беріңіз?

2.Тауарлы – материалдық қорлар қалай бағаланады?

3.Тауарлы – материалдық қорлар есебінде қандай құжаттар қолданылады?

4.Тауарлы – материалдық қорлардың қоймадағы есебі қалай жүргізіледі?

5.Тауарлы – материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі қалай жүргізіледі?


10.Тақырып: Материалды емес активтерді есепке алу
Дәріс сұрақтары

1.Ұзақ мерзімді активтер түрлері, олардың жіктелуі

2. Ұзақ мерзімді активтер есебі
1.Материалдық емес активтер деп табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілерді атайды.

Өндірістік шаруашылық қызметтегі атқаратын функциясы және мақсатына байланыстыактивтер келесі топтарға бөлінеді:

интелектуалдық меншік;

мүліктік құқық;

басқалары.

Интелектуалдық меншікке мыналар жатады:

Фирма бағасы (гудвилл);

Тауар белгілері;

Ноу-хау;

Авторлық және қатар құқықтар

Мүліктік құқықтарға келесілер жатады:

Жер учаскелері, суда, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану, есептеу техникаларын бағдарламалық қамтамасыз ету құқығы және т.б.

Басқа материалдық емес активтерге келесілер жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу нұсқаулары, тәжірибе-конструкторлық нұсқаулар.

Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және табиғи-заттай мағынасыеда ғана материалдық емес болып табылады

Нарықтық экономиканың дамуына қарай к/о-ның мүліктеріндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі артып отырады.

Бұл техника мен технологияның дамуымен, ақпараттардың таратылуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты. Материалдық емес активтер алыну құны бойынша есепке алынады, яғни оларүшін төленген сомалар бойынша есептеледі.

Кейбір гудвилл, сауда маркалары сияқты материалдық емес активтер алғашында төмен баға немес ақысыз алынуы мүмкін. Кейіннен олардың құндылығы артса да, байланысты құны өзгермейді. Материалдық емес активтер нарық бағасы бойынша есепке көрсетіледі.

Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар). Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады.

Инвестициялар – белгілі бір табыс алу мақсатында өндіріске және бағалы қағаздарға бос ақша қаржыларын салу. Инвестициялар нақты және қаржылық болып бөлінеді. Нақты инвестициялар - өндірістік негізгі капиталға, шаруашылық қызметтің объектілеріне күрделі қаржы салу. Қаржылық инвестициялар – мемлекеттің, кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына салымдар. Нақты инвестицияларды іске асырғанда салымшы өзінің өндірістік капиталын кеңейтеді, ал, қаржылық инвестициялар салатын болса қаржылық капиталын өсіреді. Нақты инвестициялар қозғалмайтын мүлікпен байланысты. Қозғалмайтын мүлік – заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жер және табиғи ресурстар, жерге бекітілген және соған байланысты мүліктер.

Бұған қоса тікелей және жанама инвестицияларды ажыратуға болады.Жер учаскелерін сатып алу,өндірістік құпиялардың құқығы, жаңа технологияларға куәліктер де инвестицияның бір формасы болып табылады.

2. Материалдық емес активтерді есептеу үшін шоттардың жұмыс жоспарының 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттары пайдаланылады.

Кәсіпорындар материалдық емес активтерді келесідей жолдармен алады:



  • Жарғылық капиталға салымдар жолымен

  • Кәсіпорынның қызмет процесінде сатып алу

  • Басқа кәсіпорынмен қосылу жолымен

  • Заңды және жеке тұлғалар пайдалануға бергенде.

Материалдық емес активтерді кәсіпорындар қатынасушылардың ақшалай төлеулерінің, өнімдерді, жұмыстарды және қызмет көрсетуді сатудан алынған табыстардың, құнды қағаздардан түскен табыстардың, банкінің қағаздарынан, тегін пайдалануға берілген төлемдердің және басқа заңды рұқсат етілген көздерден түскен табыстардың есебінен алады.

Материалдық емес активтердің құны оларды алуға жұмсалған нақтылы шығындардан және пайдалануға (жұмсалған нақтылы шығындардан) дайын жағдайға келтіруге жұмсалған шығындардан құралады.

Материалдық емес актив объектілерініңтүрлері бойынша алғашқы құны


  • Құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына өз үлестерінің есебіне төлегенде екі жақтың келісімі бойынша;

  • Басқа кәсіпорындар мен адамдардан төленіп алғанда – бұл объектілерді алуға және дайын жағдайға келтіруге нақтылы жұмсалған шығындарға қарай;

  • Басқа кәсіпорындар мен жеке тұлғалардан тегін пайдалануға алғанда – сараптық жолмен бағалауда қалыптасады.

Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғалардан алынғанда

Дм счет 2730

Км счет 1250

Құрылтайшылардың жарғылық капитлаға өз үлестері есебінен енгізген материалдық емес активтерді кіріске алынғанда

Дм счет 2730

Км счет 5020

Негізгі құралдардың есебі 2410-ші «Негізгі құралдар» бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі:

2411-ші «Жер»,

2412-ші «Ғимараттар мен құрылғылар»,

2413-ші «Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер»,

2414-ші «Көлік құралдары»,

2415-ші «Басқа да негізгі құралдар»

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманын, жабдықтардың және тағы басқа есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге-тапсырушы цехқа беріледі.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалады.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды.

Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманынан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен құны бірдей бір өндірістік бөлімшеде орналасқан басқа да заттарды ескермегенде, әр мүліктік объектіге ашылатын Мүліктік карточкаларда жүргізіледі.

Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациясын есептеудің мынадай әдістері бар:

1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі.

2. Амортизацияны (тозуды) орындаған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).

3. Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдістер өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері пайдаланудың алғашқы жылдарында тиімдірек жұмыс істейді немесе жоғарғы өнімділік қабілетін көрсетеді деген пайымдауға негізделген. Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері:

А) Кумулятивтік әдіс

Ә) Азайып отыратын қалдық әдісі

Инвестициялар есебі 2210 «Үлестік қатысу әдісімен есептелетін инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын іске асыру үшін мына әдістің бірін пайдаланады:



      • Үлестік қатысу әдісі;

      • Құндық әдіс.

Үлестік қатысу әдісі- инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.

Құн әдісі-инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің жинақталған таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ұзақ мерзімді активтерге нелер жатады?

2.Негізгі құралдарға анықтама беріңіз?

3.Материалдық емес активтердің есебі қалай жүргізіледі?

4.Инвестициялар есебі қалай ұйымдастырылады?

5.Негізгі құралдардың тозуын қандай әдістер бойынша есептейді?


11 тақырып. Тауарлар, қойма, тауарлық операциялар.
Дәріс сұрақтары

1.Міндеттемелердің анықтамасы мен жіктелуі

2.Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі

3.Ағымдағы міндеттемелер есебі


1. Міндеттер үш белгі бойынша анықталады:

  • Міндеттемелерді тудыратын жағдайдың орны болу керек.

  • Міндеттемелер тек басқа субъектілерге қызмет активтерін аудару жолымен реттелуі мүмкін;

  • Міндеттемелер даусыз болуы керек;

Міндеттемелер сомасы тәуекелге сәйкес проценттік ставка бойынша

дисконтталған барлық болашақ ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді. Міндеттемелер негізгі соманы және процентті қамтиды.

Міндеттемелерді реттеу әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады:

ақшалай қаржыларды төлеумен;

басқа активтерді берумен;

қызметтер көрсетілумен;

бір міндеттемені басқамен ауыстырумен;

міндеттемені капиталға ауыстырумен.

Реттеудің басқа құралы да болуы мүмкін, мысалы, өз құқықтарын кредиторларға отказ беру немесе жоғалту.

Міндеттеменің пайда болуы ондағы уақытта ресурстар ағымы, осы міндеттеменің орындау мерзімі субъектінің қаржылық жағдайын дұрыс бағалау үшін маңызды. Міндеттемелер ағымдағы және ұзақ мерзімді балады.

Ағымдағы міндеттемелер субъект қызметіне әсер етеді, ал ұзақ мерзімді міндеттемелер әсер етпейді, өйткені ағымдағы міндеттемелер ағымдағы ресурстарға шағым талаптар көрсетеді. Бұл презентациялар ұзақ мерзімдіден жою мерзімі бірнеше жылды құрайтындығымен ерекшеленеді.

Міндеттемелер субъектінің операциялық циклінің қалыпты жағдайында жойылады деп болжағанда және есепті кезеңнен он екі ай ағымында жойылуға жататын болғанда қысқа мерзімді болып жіктеледі.



Ағымдағы міндеттемелерге келесілер жатады:

  1. қысқа мерзімді несиелер жәнеовердрафт;

  2. ұзақ мерзімді несиенің ағымдағы бөлігі;

  3. кредиторлық қарыздар:

    • төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;

    • сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден алынған аванстар;

    • салық бойынша қарыздар;

    • төленуге дивидендтер;

    • негізгі шаруашылық серіктес тікпен оның еншілес серіктестері арасындағы қарыз;

    • акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының қарызы;

    • басқа да кредиторлық қарыздар.

  1. төленуге тиісті есептелген шығындар;

  2. алдағы кезең табыстары;

  3. көрілмейтін жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

Төленуге тиісті шоттар – жабдықтаушылармен е.а. шоты; кәдімгі

қызмет кезінде пайда болатын қайталанатын сауда міндеттемелері үшін қолданылады.

Берілген вексельдердің негізіг қайнар көздері банктік ссудалар және тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер болып табылады.

Вексельдер залогпен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болады. Вексель проценттік немесе проценттік емес болуы мүмкін. Проценттік вексельде проценттік ставка вексель сомасынан жеке көрсетілген. Проценттік емес вексельде процент алдын ала, дисконт тағайындау жолымен төленеді, онда жанама түрде процент нормасы бейнеленеді, ол нақты проценттік ставка немесе проценттік табыс деп аталады.

Атынан тәуелсіз барлық қарыздық құжаттар жанама немесе тура қарыз алушылардан проценттік төлемдерді талап етеді. Бұл уақыт ағымында ақшаның құнсыздануынан қашудан болмайтындығынан жасалады. Қарыздық міндеттеме бойынша кезеңдік процент сомасы – бұл:

Қарыздың Х проценттік Х уақыт һ процент сомасы негізгі сомасы ставка

Тағайындалған процент ставкасы – қарыздық құжатта көрсетілген процент нормасы. Тағайындалған процент ставкасы қарыздың негізгі сомасына төленетін проценттік төлемнің срмасын анықтайды.

Сонымен проценттік ставка қаржылық нарықта толықтай экономикалық жағдайда анықталады және уақыт ағымында өзгереді, ол несие ұзақтығынан тәуелді.

Нақты проценттік ставка бойынша қарыз қаржыны займға алуда осындай уақытта нарықтық проценттік ставкаға сәйкес келеді. Нақты проценттік ставка қарызды болашақта ақшалай төлеуді дисконттау үшін қолданылады. Қарыз алушымен алынған ақшалай қаржылар немесе ақшалай эквиваленттер сомасына нақты проценттік ставка қолданылады. Қарыздың толық сомасы – бұл қарызды жою күнінде төленген сомадан осы күні жүргізілуге тиісті проценттік төлемдерді шегергендегі сома.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді есепке алу тізімдерінде жүргізіледі, оларға жазбалар бір күн немесе бірнеше күннің жалпы сомасы құжаттары қоса тіркелген банк көшірмелерінен жазылады.

Есепке алу тізімдерінде есепке алынған кредит айналымдарын салыстырып тексергеннен кейін, бас кітапқа көшіреді. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелердің түрлері бойынша айдың басындағы және аяғындағы қалдықтар келтірілуге тиісті 601 шотқа және оларды берген банктерге, сондай-ақ шоттың дебеті және кредиті бойынша айналымдарға бухгалтерия талдамалық есеп ұйымдастыруға міндетті.

Бас шоттар жоспарына төлемдер мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін, берілген және алынған кепілдемелердің қозғалысы мен қолда барын, есепке алатын баланстан тыс шоттар: 008 «Алынған міндеттемелерді қамту мен төлемдер» және 009 «Берілген міндеттемелерді қамту мен төлемдер» енгізілді.

Кепілге салу кезінде кепілдікке салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігінде өтеді.

К/о орта мерзімді және ұзақ мерзімді құнды қағаздарды олардың атаулы құнынан жоғары баға бойынша өткізу жолымен қаражат тарата алады. Мұндай жағдайда құнды қағаздардың атаулы құны және өткізу бағасы арасындағы айырмашылық «Алдыңғы кезең табысы» шотының Кm –і бойынша және К/о Кредит алу үшін кредиттің сомасы және мақсаты бағыты, пайдалану мерзімі, өтеу мерзімі, сондай-ақ кредиттелетін шараның қысқаша сипаты және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жазбаша өтінішін сұраумен банкке барады. өтініш-сұрауды банкке Ссуда алу үшін алғашқы рет барған немесе ссудан оқтын-оқтын пайдаланатын, тәуекелді қажет ететін кредитке өтініш жасаған, осы банкте е.а. шодты жоқ сауда мәлімесін жасау үшін кредит алушы к/о-р ұсынады.

Сонымен қатар банкке кредит алу үшін бірінші рет барған к/о өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарыныңкөшірмесін, ережелерді, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттін кредит алу құқығының барлығын растайтын құжаттар ұсынылды.

Қарыз алушыға кредит жасалынған несие шартына сай беріледі. Бұл келісімде кредиттің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, кредиттің мақсатты пайдаланылуын және қамсыздандырылуын тексеру нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің есебіне кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдері, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны көзделді.

Қысқа мерзімді кредит әдетте 12 айдан аспайтын мерзімге кредиттелетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі.

Банкттер кредитті к/о-рға қаржы бөлу үшін құрылыс, қалпына келтіру және өнеркәсіптік және әлеуметтік жәене тұрмыстық бағыттағы объектілерді техникамен қайта жабдықтауы техника, жабдық, көлік саймандарын, ғимараттар мен құрылыстар алуға; бірлескен к/о-р құруға; ғылыми-техникалық өнімдер және басқа да (к/о) меншіктік объектілер бойынша шығындар жасауға береді.

Кредитті пайдаланғаны үшін пайыз мөлшері нарық жағдайына байланысты депозит бойынша пайыздың өзгеруі ресми жарияланған инфляция көрсекіштерәіне және басқа да себептерге байланысты өсу (кему) жағына қарай қайта қарау шартымен, реттеліп отыру керек.

Кредит бойынша қарыздарды өтеудің әдістері және нақты мерзімдері, тәртібі несие шартында қарастырылады.

Әдетте қысқа мерзімде несиені өтеу қарық алушының мерзімді міндеттемесінің негізінде жүзеге асырылады. .

Несиелеу қарыз капиталының қозғалысы болып табылады – ол пайыз түрінде үстеме төлем қайтару шартымен қарызға берілген капиталдың қозғалысы.

Несиелерді есепке алу 4010 «Ұзақ мерзімді банк заемдары» шоттарында жүргізіледі.

Қысқа мерзім және ұзақ мерзім несиелерді беру ҚР-сы Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзім және ұзақ мерзім несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.

Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар к/о-рға беріледі.

Несие мерзімділік, қайтарымдылық, төлену шарттарымен коммерциялық және келісім шарт негізінде беріледі.

Несие беру банктермен өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Сауда банк арқылы бұрын берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болған жағдайда беріледі.

Облигация – оның иесінің ақша қаражатын салғанын құнандыратын және көзделген мерзім ішінде осы облигацияның номиналдық құнын белгіленген пайызы мен ұстаушысына өтеп беру міндеттемесін растайтын құнды қағаз. Кредитордың облигациялары ерікті шарттың негізінде таратылады, олар атаулы және ұсынушыға арналған, пайызды және пайызсыз, еркін айналмалы немесе айналып шеңбері шектелген болуы мүмкін.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Міндеттемелердің қандай түрлері бар?

2.Міндеттемелер қандай шоттарда есептеледі?

3.Ұзақ мерзімді міндеттемелерге нелер жатады?

4.Ағымдағы міндеттемелер қалай есепке алынады?

5.Міндеттемелер есебінде қандай бухгалтерлік құжаттар пайдаланылады?


12Тақырып: Дайын өнімді өндіру, шығару, сатуды есепке алу

Дәріс сұрақтары

1.Жарғылық капиталдың есебі

2.Резервтік капиталдың есебі

1.Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құкьіктарының есебінен күрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған занды тұлғалар ез қызметін бастау үшін бастапкы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, катысушылардың) катысу үлесін және кепілдік сипатын аиыктайды.

Қүрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық кұрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың акшалай салымдары бухгалтерлік кұжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кұрьштайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, кұрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құкы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рүқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Жарғылық капитал — "жарғы" деген сөзден алынған — үғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымнын атқаратын қызметінің тәртібі, немесе актив қүндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) қүнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылык. капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғам жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық(атаулы) құнына тең болады.

Барлык кредиторларға кем дегенде 30 күн бүрын хабарланған сон, жарияланған жарғылык капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі қүқтарын қанағаттандырады:


  • дивидендтер алуын;

  • коғамды басқаруына қатысуын;

  • қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге катыса алатындығын.
    Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға қүқы бар. Иесі жазулы (атаулы)

акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта — акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Жарғылық капиталдың колда бары және козғалысы 5010-ші "Жарияланған капитал" шотының кредиті бойынша акционерлік коғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5020-ші "Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.

Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық қүны төленсе, онда ол: 1010,1020,1040,1050 дебеті бойынша және 5020 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.

Егер де шығарылған акциялардың номиналдык, құны негізгі қүралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2410,2710,1310 және 5020 шоты кредиттеледі.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда онын үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді,тек катысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5020-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке түлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылык корына қоскан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинакталады.

5020 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың типтік жоспарында, "Меншік капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол активтік шот болып табылады.

Сондай-ақ 5020 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналмаған жалған капиталдарды тіркейді.

Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық қүны бойынша да, номиналдык құннан жоғары немесе төмен қүны бойынша да сатып алынуы мүмкін.

Негізгі қүралдарды қайта бағалау операциялары . Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі кұралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды коса алғанда кдйта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге құкылы.

Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын кешірілуі кажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін есептеулер жасалынады:

2.Резервтік капитал — акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) кызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражатгармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 5300-ші "Резервтер" бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5310-ші "Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал", 5320 «Қайта бағалауға резерв», 5330 «Шетелдік қызметте валютаны қайта есептеуге резерв» және 5340ші "Басқа да резервтік капитал".

Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылык жүргізуші серіктестіктің құрылтайшылық құжаттарында(жарғысында) белгіленеді,сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мелшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды калыптастырған (құраған) кезде 5410 шоты дебеттеледі де, 5310 шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5310ші шоттың дебетінен 3030,5410,5430 шоттардың кредитінде көрініс табады.

Басқа да резервтік капитал есебі, 5340-ші "Баска да резервтер" шотында жүргізіледі. Бұл шотга заңтәртібімен көзделген еңтеменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің типтік жоспарындағы 5410 шотында жүргізіледі.

5410-шот "Есепті жылдың табысы (зияны)". 5420-шот "Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (зиянды) корректировка жасау", 5430 – шот «Алдыңғы жылдардың пайдасы (зияны)».

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Кәсіпорынның жеке меншік капиталына қандай капитал түрлері кіреді?

2.Жарғылық капиталға анықтама беріңіз?

3.Резервтік капитал қалай құралады?

4.Бөлінбеген табыстар қандай шоттарда есепке алынады?
13 Тақырып: ҚБС және кәсіпорын пайдасына салықты есепке алу ерекшеліктері
Дәріс сұрақтары

1.Қаржылық есеп берушілік түрлері

2.Қаржылық есеп берушілікті даярлау

1.Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруаіылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жүмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және ннвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып табылады.

Қаржылық есеп берудің қағидалары төмендегілер:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап,олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығыны мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Үздіксіздік. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.

Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек.

Мағыналылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.

Мәнділік. Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.

Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады.

Байыптылық. Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.

Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.

Тұтастылық. Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.

Бірізділік. Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек.

Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет.

Уақыттылық.. Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтерден алшақ болуы керек.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн.Белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай – ақ міндеттемелер мен шығынның қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Қаржылық есеп берушілік түрлеріне: ақшалардың қозғалысы туралы есеп, табыстар мен шығындар туралы есеп, меншікті капитал құрамындағы өзгерістер туралы есеп, бухгалтерлік баланс кіреді.

2.Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өндеулерден өтеді. Бұл өндеу процесі төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері қүжатталады (іскерлік мәміле жасалады).

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап).

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп беру, ақшалардың қозғалысы туралы есеп беру т.б.).

Төртінші кезең. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі талданады. Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде анықталады.. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.

Баланстық және басқа берілетін есептердің көрсетіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:

Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

Кәсіпорындар (бүған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының зандарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты қүнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтайшылары) белгілейді.

Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.

Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.

Бухгалтерлік есепте өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады,сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.

Бухгалтерлік есеп ш аруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірак; іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді,яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін.

Түгендеу (немесе түгелдеу) — бүл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-' материалдық қүндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі қүралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жүмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Толық түгендеу әдетге, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мүндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, оларға, кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны т.б.

Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін


  • жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және
    мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;

  • кезектен тыс - бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша
    бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның
    ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 "Бухгалтерлік
    есепті ұйымдастыру" стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады.

Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының қүрамын, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.

Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жүмыс істеп тұратын комиссия болады және оның қүрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.

Түгендеу комиссиясының істейтін жүмыстары сақтау органдарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықгауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-материалдық қүндылықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге, есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы үсыныстар әзірлеуге; мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңцеу орындарындағы тауарлы-материалдық қүндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі бойынша да бақылау жүмыстарын жүргізуге бағытталады.

Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жүмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.

Екі түгендеу аралығындағы кезеңде қүндылықтардың номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өндеу жүмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.

Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың арасындағы аиырмашылыкгары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен есеп құжаттарының үлгілері қолданылады.

Түгендеу кезінде жене басқа да тексерісңдаің көмегімен анықталған мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арасындағы алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі.

Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп беру, ақшалардың қозғалысы туралы есеп беру және түсіңдірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.


  • Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді.

Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қаржылық есеп берудің қандай нысандары бар?

2.Бухгалтерлік балансты қалай құрастырады?

3.Ақшалардың қозғалысы туралы есепті қандай әдістермен толтырады?

4.Қаржылық есеп беруді қалай түгендейді?
3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тақырып 1. Негізгі ережелер

Тәжірибелік сабақ жоспары :


  1. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы

  2. Бухгалтерлік есептің ақпараттық базасы

  3. Бухгалтерлік есеп – шаруашылық есептің бір тармағы ретінде

Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1. Радостовец В.В.,Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы .Центраудит-Казахстан 2000. 6-7 бет

2.Укашев Б.,Әжібаева З. Бухгалтерлік есеп теориясы Алматы 1999. 10-11 бет.
Тақырып 2. Интерфейс және жүйенің негізгі объекттері

Тәжірибелік сабақ жоспары :

1.Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері.

2. Қаржылық есеп берушіліктің сапалық сипаттамасы.

Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет