Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
5. Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
6. Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.
Қазақстан республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері:
Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда Қазақстан нарықтық экономикаға өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырды.
Екіншіден, нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілік - әміршілікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түрінде негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілік-әміршілік экономикадан нарыққа өтудің халықаралық тәжірибеде Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілік-әміршілік элементін қолданғандығы қажет болды. Бірақ та әлемдік өркениеттің біздің ұлттық құндылығымыз бен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұсталды.
Үшіншіден, Қазақстанның территориялық географиялық жағдайы - өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орны болып табылып, өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.
Төртіншіден, Қазақстан республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде болды.
Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялық, химиялық және химия – мұнай кәсіпорнынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар – кеңшарлар көп болды. Республикада 2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынның 75% құрады. Осындай ерекшеліктер жекешелендіру сипатына әсер етпей қоймады.
Нарықтық экономика кезінде макроэкономикалық процестерді мемлекеттің реттеуі тікелей және жанама тәсіл арқылы жүргізіледі.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей тәсіл-мемлекеттік экономикалық бағдарламаны жасау мен өткеру арқылы жүргізіліп қысқа орта, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге атсалысады. Бұдан басқа да қалыпты және төтенше бағдарламалар жасалуы.
Мысалы, соғыстан соң Оңтүстік Кореядағы экономиканы орнынан тұрғызуға қабылданған төтенше бағдарламаны, ал Жапонияда «Автомобиль жолын салудағы төтенше шаралар» заңы ескерілді. Жапонияда мемлекеттің 10-нан астам институттары нарық дамуының жоспары мен бағдарламасын жасайды.
Өтпелі экономикада ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы керек. Бұл жағдай Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань – тәжірибесімен расталады. Қазақстан республикасындағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған модельге ұқсастықпен жүзеге асырылды.
Қазақстан реформаны өз бетінше 1993 жылы қараша айында ұлттық валютаны кіргізуімен бірге жүргізе бастады.
Қазақстан республикасының дағдарысқа қарсы шаралар мен әлеуметтік – экономикалық реформаны тереңдету бағдарламасында басым бағыттары мына салаларға арналған: энергетика, металлургия, халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік және коммуникация (байланыс, темір жол транспорты) салалары. Осындай бастамалардың нәтижесі: 1996 жылдың аяғында өндірістің құлдырауы тоқтатылды. Энергетика, металлургия кәсіпорындарды көтеру үшін шетелдік инвесторлардың тікелей инвестициясын тартты.
Өтпелі экономика жағдайында мемлекеттік кәсіпкерлік ерекше сипатқа ие болады. Мемлекеттің заңды тұлға ретінде жаңа функциясы – кәсіпкерлік қабілетті игеру қажеттілігі.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық негізі мемлекеттік меншік болып табылады. Қазақстан республикасында 2001 жылдың басында мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі олардың жалпы санында 23,5% құрады.
Мемлекеттің осындай үлесі ұлттық экономиканың дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік берді.
Осының ең күрделі мысалдары:
- Қазақстанның кең өндіру, отын – энергетика мен металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіптік өндірістерін төлем төлей алмаушылықтан қорғап, дәл уақытында шетел капиталын тарта біледі;
- 1996 жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуразия темір жолы бойынша транзистік, жүк және контейнерлік тасымалға қатысты Европа пен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында құжаттарға қол қойылуы бойынша мемлекеттің қызметі көрінді. Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтинентальды темір жол магистральдары өтеді:
1. Трансазия (Қытай-Қазақстан-Түркия),
2. Еуразия (Қытай-Қазақстан-Ресей-Еуропа),
3. Ортазия мен Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы,
4. Еуропа – Скандинавия- Иран – Парсы шығанағы арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуын қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.
Осы келісімнің маңыздылығы: барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |