Экономикалық


Қазақстандағы өнеркəсіптік өндірістің тиімділігін арттыру



бет2/6
Дата02.01.2022
өлшемі65.8 Kb.
#453689
1   2   3   4   5   6
Экономикалық өсу

Қазақстандағы өнеркəсіптік өндірістің тиімділігін арттыру

Қазақстан өнеркəсібі Кеңес Одағы кезінде шикізат өндіру бағытында, шикізат көзіне жақын аймақтарда ірі зауыттар мен комбинаттар салу кезінде дамыды. Қазақстан жері Кеңес Одағының ірі шикізат базасы болды.


Тəуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ұлттық экономиканың шикізат бағыттылығын өзгертіп алу қиынға түсті, өйткені сол кездегі мемлекеттің негізгі міндеттері – жоспарлы экономиканы нарықтық экономикаға өткізу, экономикалық жəне əлеуметтік қайта құру сакясатын жүргізу, шаруашылық тіршілігін сақтап қалу болатын.

Сол себепті осы жылдары, керісінше, экономиканың шикізат бағыттылығы одан əрі күшейе түсті.


Қазақстандағы жалпы трансформация, оның құрамындағы меншік қатынастарын қатйа құру процестері, ғаламдық интергацияның күшеюі жəне ұлттық экономиканың ашық болуы отандық кешен шеңберінде əртүрлі меншіктік формалары, оның ішінде шетелдің қатысуымен құрылған кəсіпорындарға жағдай жасалды.
Өнеркəсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі, оның қоғамдық ұйымдастыруының жетілдіру формалары – шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау жəне орналастыру болып табылады.


  1. Қазақстанда өндіністің шоғырлануы аса жоғары болып табылады. Республиканың ірі кəсіпорындарының қатарында жүзге жуық салыстырмалы ірі корпоративтік бірлестіктер құрылды. Олар бір-біріне көлемдері, кəсіпорын құрамы, меншік құрылымы, ұйымдық формасы жəне басқару жағдайы бойынша ерекшеленеді. Қазақстандағы корпоративтік сектордың жектілікті дəреэжеде дамымағандығына жəне аздығына қарамастан, мұнда қазірдің өзінде корпоративтік құрылымның 4 тұрақты типі айқын көрінуде. Корпорация типтеріне:




    • ұлттық жəне мемлекттік компаниялар (15-ке жуық);

— акционерлік қоғамдар, мемлекетпен құрылған жəне жеке жобалар бойынша жекешелендірілген бірлестіктер;


— жеке корпорациялар, нарықтың өзін-өзі құру əдісімен құрылған бірлестіктер (10-ға жуық);


    • ТҰК-лардың қазақстандық бөлімдері.

Компаниялардың салалық шоғырлануын талдау кезінде барлық инвестициялардың 80-90

%-ы өндіруші салаларға түсетіні көрінеді, ал ірі капитал салымдарын талап ететін тамақ, жеңіл, микроэлектроника, фармацевтика, табиғат қорғау технологиялар, тұрмыстық электротехника сияқты перспективалы салалардағы шетелдік секторының қатысуы мүлде жоқ немесе минималды деңгейде ғана болып отыр.
Сонымен жоғарыда атап сипаттағандай шоғырландыру барлық ірі саналатын кəсіпорындардың өндірісі бір жерге топтасу процесін көрсетеді. Бұл процесс өнеркəсіптік кəсіпорынның көлемінің ұлғаюымен жəне саладағы жалпы өнімнің өндірудегі кəсіпорындардың үлесінің өсуімен анықталады. Өндірісті шоғырландыру, қоғамдық ұйымдастыру өндірістің басқа формаларымен тығыз байланыста болады. Жоғарғы

деңгейдегі шоғырланудың міндетті шарты жаңа сапалы технологияларды қолдану, мамандандыруды, кооперациялауды, ұтымды форамларын іске асыру болып табылады.


Өндірісті шоғырландырудың мəні кəсіпорындардың көлемін нығайтуда – абсолютті шоғырландыруды жəне де жалпы өнеркəсіптік саладағы өндіріс көлемін əр түрлі деңгейдегі кəсіпорындар арасында бөлуде айқындалуын салыстырмалы шоғырлануды атайды.
Өндірістік шоғырландыру үш негізгі формада іске асады:

əмбебап түрдегі кəсіпорындардағы əрқилы өндірісінің шоғырлануы;

айрықша кəсіпорындардағы біртекті өнімдерді өндірудегі шоғырландыру;

бір кəсіпорын ішіндегі өндірісінің өзара байланысын үйлестіру негізіндегі шоғырландыру.

Бірінші шоғырландыру формасы машина жасауда сипатталса, екінші барлық өндіруші өнеркəсіп салаларына, құрылыс материал өнеркəсібіне де, кейбір тамақ өнеркəсібіне тəн. Үшінші – металлургия, химия жəне тамақ өнеркəсібінде көрінеді.


Айрықша бағыттағы ірі кəсіпорын жəне комбинат – бұл екі прогрессивті шоғырландыру формасы, жоғарғы өндіріс тиімділігін қамтасыз етеді.
Өнеркəсіпті нығайту процесіндегі негізгі бағыт шоғырландыру мен орталықтандыру формасы ретінде көрінеді. Шоғырлану өндірістік қорлану есебінен өнеркəсіптің дамуын көрсетеді. Ол жаңа ірі кəсіпорындардың құрылуы жəне қайта қалыптасуы, кеңейтуі арқылы іске асады. Өте тиімді өнеркəсіптің шоғырлану формасы орталықтандыру болып табылады. Бұл жеке тəуелсіздігін жоғалтпауына байланысты өз бетінше жеке кəсіпорындардың бірігуінен ірі шаруашылық есептегі өндірістік кешеннің құрылуын білдіреді. Əрекеттегі кəсіпорындар базасының төңірегіндегі өндірістік бірліктің құрылуы

— өндірістік шоғырлануды күшейтудегі ең қарқынды, тез апаратын жолы. Бұнда жаңа қажетті құрылысты, жаңа қуаттылықты енгізудегі ірі капитал салымдарын қажет етпейді.


Өндірісті нығайту, тиімділігін арттыру қай деңгейде жəне қалай іске асатынына байланысты агрегатты, технологиялық жəне ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру болып бөлінеді. Агрегаттық шоғырландыру, бұл жабдықтардың бірліктік қуаттылығының артуын, яғни жоғарғы қуатты жабдықтардың үлесін арттыру жəне агрегаттары мен машиналардың өнімділік техникасын дамытудағы қалыптасқан реттегі барынша өсуін айтады. Агрегаттық шоғырландыруда ҒТП тікелей бейнеленеді, өнеркəсіптің барлық салалрында іске асады жəне тек интенсивті жолмен дамиды. Ал, технологиялық шоғырландыру цехтарды нығайтуда, кəсіпорын құрамын өзгертуде, техниканың сапасын жетілдіру есебі ретінде қол жеткізеді жəне де бір типті

жабдықтардың санын көбейту жолымен айқындалады. Келесі, ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру өндірісі, өндірістік бірлесудің құрылуымен жəне ұсақ кəсіпорынның əкімшілдік бірігуімен қалыптасады. Бұл орталықтық басқару өз кезегінде оларды реконструкциялау жəне техникалық қайта қарулану базасында кəсіпорынныңи бірігуіндегі өндіріс шоғырлануы үшін алғышартты құрауы қажет.


Өнеркəсіптегі өндірістің шоғырлану тиімділігі – кəсіпорын мен өндірістің көлемінің ұлғаюы нəтижесіндегі өнімді даярлаудағы техника экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруын қамтиды. Ірі өндірістік қуаттылықтың, материалдар мен еңбек ресурстарының бір ортаға жинақталуы, құрал-жабдықтарды, шикізат пен материалдарды жəне жұмысшы күшін қамтитын барлық негізгі өндіріс элементтерін үнемді жəне тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осының негізінде еңбек өнімділігін арттыруға жəне өнімнің өзіндік құнын төмендетуге негіз болады.
3. Маманданудың экономикалық тиімділігі – бұл өндірістің техникалық деңгейі мен ұйымдастырушылық жоспарлы шаралардың нəтижесі. Ұйымдастырушылық – жоспарлы шаралардың тиімділігі еңбек өнімділігінің өсімі мен өнім бірлігіне келетін шартты жоспарлы шығындарды азайту арқылы жүзеге асырылады. Маманданудың экономикалық нəтижесінің негізіг үлесі өндірістің техникалық деңгейі мен өнім сапасын жоғарылатуға келеді. Тиімділікті жоғарылатудың бұл екі бағыты бір уақытта əрекет етеді.
Мамандану – қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылатуыш маңызды фактор болып табылады, өйткені ол жаңа жоғары өнімді техниканы кең түрде қолдануға жəне өндірісті механизациялау мен автоматизациялауға жол ашады, оның жаппай өндірісте қолданылуын экономикалық негіздейді, себебі, бұл еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасын күрт жоғарылатады.
Яғни, мамандану ғылыми-техникалық процесті дамытады.
Маманданудың рационалды даму қоғамдық өндірісті жетілдірудің барлық жақтары мен оның тиімділігін жоғарылатуға үлкен əсерін тигізеді. Маманданудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін үш негізгі көрсеткіш қолданылады:


  1. Өнім өндіруге ағымдағы шығындар мен оны тұтынушыларға жеткізудің тасымалдау шығындарын үнемдеу;

  2. Капитал салымдарын үнемдеу жəне оның қайтарылу мерзімі;

  3. Өнім өндірудің мамандануынан жылдық экономикалық əсер.

Маманданудың экономикалық тиімділігі бірқатар факторлармен анықталады:



Мамандану өнім өндірісі үрдісін ұсақ операцияларға бөлу үшін жағдай жасайды, олардың əрқайсысы технологиялық үрдіс жолы бойынша орналасқан жұмыс орындарында бекітіледі;

Мамандану өндірістік үрдісті бөлу арқылы өндірісті кешенді механизациялау мен автоматизациялауға тиімді құралдар енгізуге жағыпмды жағдай жасайды;

Мамандану қызмет ететін құралдарды толық пайдалануға мүмкіндік жасайды. Əрбір жоғары технологиялық машина ең үлкен қуатты жұмыс істеуі үшін, оның унификациясы, типизациясы мен стандартизациялаудың негізінде құрылымдық жəне технологиялық біркелкі өнім шығаруы тиіс.
Машина өнімділігі жоғары болған сайын, ол өндіруге маманданған өнім өндіру жаппай бола түсу қажет;
Мамандандырылған кəсіпорындарда өндірістің техникалық деңгейі əмбебап өндіріске қарағанда анағұрлым жоғары;

Мамандану кəсіпорынның өндірістік құрылымын, яғни негізгі, қосалқы жəне қызмет етуші цехтар мен шаруашылықтар санын, барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Технологиялық біркелкі өнімнің номенклатурасы тар болған сайын (яғни өндіріс неғұрлым терең мамандандырылған сайын), соғұрлым құрамына аз құрылымдық бөлімшелер кіретін болады;

Маманданудың əсерінен тұтынушылар жəне жабдықтаушылармен тұрақты байланыс пайда болады, яғни материалды-техникалық қамсыздандыру мен өткізу жеңілдей түседі. Мамандандырылған кəсіпорын үшін кооперация бойынша жеткізілетін шикізаттың, материалдардың жəне қосымша өнімдердің шектелген номенклатурасы қажет болады;

Өндірістің мамандануы шағын бизнестің дамуы мен тұрақтануына жағдай жасайды.

Маманданудың дамуы тек жағымды əсер ғана емес, кері əсерін де тигізеді. Мамандандырылған өндірістің барлық артықшылықтарына (жетілген техника мен технологияларды қолдану, өндірістік циклдың азаюы, өзіндік құнның төмендеуі, еңбек өнімділігінің артуы, кадрлар квалификациясының жоғарылауы, стандарттау мен унификациялаудың дамуы, шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, яғни кəсіпорынның бəсекелестігін арттыру) қарамастан, ол нарық жағдайына шамадан тыс тəуелді болады. Тар мамандандырылған кəсіпорын шығаратын өнімге сұраныс ауытқыған кезде, оның тұрақтылығы мамандандырылмаған кəсіпорынға қарағанда төмен болып келеді. Сұраныс өзгеруі мен бағаның төмендеуінен болатын шығындар тəуекелін төмендетуге деген өндірушілердің талпынысы өндірістің диверсификациясы тенденциясына əкелді.


Мамандану мен кооперациялаудың кемшіліктеріне келесілерді жатқызу керек:

кооперациялау радиусының артуына байланысты өнім бірлігіне тасымалдау шығынының артуы;

жұмыстағы монотондық, сондықтан осы жағдайдың жұмысшыға кері əсерін азайту шараларын қолдану керек.

Жоғарыда келтірілген жағымды жəне кері əсерлерді мамандануды жоспарлау жəне дамыту кезінде, ең тиімдінұсқаны табу мақсатымен ескеру керек.


Маманданудың дамуы — өнеркəсіптің қарқынды түрде өсуі мен жетілдірудің маңызды шарты болып табылады. Ірі сериялы жəне жаппай бірегей өнім шығаратын, өндірісті жəне еңбекті ұйымдастырудың жоғары өнімді мамандандырылған жабдықтар мен технологияларды қолданатын маманданған кəсіпорындардың экономикалық артықшылығы – материалды ресурстар мен еңбек құралдарын қолдану тиімділігі, жұмысшылардың еңбегінің өнімділігі мен квалификациясының артуы, өзіндік құнның төмендеуі мен пайдалылықтың өсуі, капитал салымдарының артуы.
Жоғарыда қарастырылған салаларда мамандану айқын көрініс тапқан. Қазақстанда маманданған салалар бір-бірінен өте алыс орналасқан. Алайда дайын өнімнің жаппай жəне ірі сериялық өнділуі оның өндіру шығындарын төмендетуі соншалықты, бұл кооперацияланған байланыстар мен тұтынушыларға алыс тасмалдауларды ақтайды. Зауыттардың терең мамандануы тиімді емес тасымалдауларды жүзеге асыруға əкеледі. Бұл тасымалдаулар қазіргі машина жасау өнеркəсібінің ұйымдасу жағдайында қажет болып келеді. Ал машина жасау саласының түпкілікті өнімін шығару машина жасаудың өзіндік салаларының, халық шаруашылығының, барлық экспорттың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл өнімді тұтынушылар мемлекеттің түпкірлерінде орналасқан, сондықтан осы өнімді тұтынушыларына жақын орналастыру экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады. Соңғы жылдары машина жасау кəсіпорындардың санының өсу тенденциясы байқалады, бұл машина жəне жабдықтар саласындағы шағын кəсіпкерліктің дамуымен байланысты болады.
Республикадағы ең ірі машина жасау бағыты – тракторлық жəне ауыл шаруашылық машиналарын жасау. Осы саладағы дағдарыстан шығу үшін бірлескен кəсіпорындар құру мақсатында шет елдік кəсіпорындармен байланыстар жасау, басты өндірушілермен біріге отыра, ауыл шаруашылық нарық франчайзингін ұйымдастыру керек. Отандық компанияларды бірлескен технологиялық процеске біріктіру арқылы шығындарды азайту, республиканың машина жасау жəне жөндеу кəсіпорындарында кооперациялық байланыстарды кеңейту. өйткені өндірістік бірлестіктерді құру мамандануды дамыту жəне жетілдіруге өз үлесін қосады.
Мұнай-газ жабдықтарын жасау өнеркəсібінің мақсаты – жағымды жағдайларды жасау, өнімнің бəсекелес жағдайын арттыру. Ол үшін протекционизм мен отандық ең тиімді проектілерге инвестициялық жəне несиелік көмек көрсету.
Қорытындылай келе, мамандану жəне оның салдары ретіндегі кооперациялау экономикаға тиімді əсерін тигізетіндігін айтуымыз керек, сондықтан маманданған кəсіпорындар санын

экономикалық тиімділікке сəйкес арттыру саясатын қолдауымыз керек.


Өнеркəсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарты, қоғамдық ұйымдастырудың жетілдіру нышанының бірі орналастыру болып табылады. Өнеркəсіптік орналастыру – бұл өнеркəсіптік кəсіпорынның кеңістіктегі бөлінуі жəне аумақтық экономикалық аудандардағы еңбек бөлінісінің бір формасы. Өнеркəсіптік өндірісті орналастыру үдерісі тек экономикалық қана емес əлеуметтік-саяси міндеттер шешімді – қала мен ауылдың арасындағы теңсіздігін жою, елдің артта қалып қойған аудандарын экономикалық даму деңгейіне көтеру, жоғарғы маман кадрларды өсіру болып табылады.
Өнеркəсіптегі орналастырудың басты қағидасы өнеркəсіптік өндірісті шикізат көздеріне жақындату, тұтыну аудандарына қажетті өнімдерінің өндірісінде қоғамдық еңбек шығынын төмендету болып табылады. Əрбір аумақтық шикізат факторын есептеуде қорларды, шикізат пайдалануының экономикасы мен сапасын, отын жəне энергетикалық ресурстарын терең зерттеуді талап етеді.
Өндірістің тиімділігіне сайып келгенде орналастыру мəселесінде табиғи-экономикалық, ээкономикалық-саяси факторлары міндетті түрде басты себепшісі болады. Еңбек ресурстарын, техникалық-экономикалық факторына ҒТП əсерін атауға болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет