Экологиялық эффект. АЗ маңызды проблемалардың бірі қоршаған орта мен өндірісте қызмет ететін адамдардың денсаулығын қорғау болып табылады. Соңғы жылдары экология мəселелері бойынша қатты көңіл аударуы өнеркəсібі дамыған елдерде заң шығаруда байқалады. ЕО елдерінде жəне АҚШ-та адам денсаулығына технологиялық жабыдқтарды қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған көптген нормативтік актілер қабылдаған.
АЗ құруда ауа бассейнін қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. АЗ қыметіне байланысты атмосфераны ластаудың көздері технологиялық жабдықтардың жұмыс істеуінде шығатын зиянды заттар: түрпілі жəне металды шаң, еріткіштер булары, бояулар аэрозольдер, майлы-суытқыш сұйықтық (МСС) булары болып табылады. Осы себептен де АЗ жобасын құруда зауытты қоршайтын территорияны ағаштардың «қорғаушы» түрлерімен көріктендіруге көзделеді. Сонымен қатар зауытта қоршаған табиғи жəне əлеуметтік ортаға айқын қауіпті технологияларды қолданбайды. Ал егер мұндай процестер қажет болса, онда қосымша экологиялық қорғанысты қамтамасыз етеді.
Өндірістік мекемелерде максималды экологиялық тиімділікті қамтмасыз ету үшін отандық АЗ жобаларда келесідефй қағидалар болды:
материалдардың қалдықтарын минималдауды қамтамасыз ететін технологияларды қолдану, қалған қалдықтарды қайта өңдеу;
технологиялық жабдықтарды істейтін жұмысшыларды ММС кесуден, булар мен аэрозольдерден кабинеттерді қорғау;
технологиялық материалдардың (су жəне т.б.) шығындарын қысқарту; өнімді бояуда ауа мен қызметкерлерді қорғау шаралары.
Қорытындылай келе, Қазақстанның АЗ пен ИӨЖ құру бойынша тəжірибесі қызығушылық тудырады. Егер оған қазір назар аудармаса, осы саланың орны толытырылмай, мемлекеттің болашағы тек импортқа тəуелді болады.
Қазір Қазақстан стратегиялық таңдау алдында тұр. Бұл таңдау оның онжылдықтарағ тағдырын шешеді. Мұндай таңдаудың қажеттігі ішкі жəне сыртқы факторлармен шартталған. Бүгінгі таңда экономика қайта қалпына келу фазасына келді. Бірақ жоғары макроэкономикалық берген даму импульстері салыстырмалы айтқанда таусылды. Экономикалық өсудің ішкі көздерін іздеу қажет. Олардың арасынан бəсекеге қабілеттілікті арттыру, отандық өнім өндірісін жəне ішкі жəне сыртқы нарықтарда сатуды кеңейту. Ал бұл технологиялық өзгерістерсіз мүмкін емес. Ал бқұл қазір күрделеніп келе жатқан мəселелерді шешудің амалы. Егер Қазақстан бұл процеске қосылудан бас тартса, ол əлемдік ғылыми-техникалық прогрестен артта қалып, қуатты жоғары технологиялы шетелдік трансұлттық компаниялар үшін табиғи шикізат пен өткізу нарығының көзі ретінде бақылауынан тəуелді болуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |