Экономикалық



бет4/6
Дата02.01.2022
өлшемі65.8 Kb.
#453689
1   2   3   4   5   6
Экономикалық өсу

Экономикалық эффект. АЗ құру туралы шешім қабылдау, ең алдымен, стратегиялық тиімділіктермен байланысты, бірақ бірқатар жағдайларда оларды сəйкесінше есептермен дəлелдеуге қиын. Əртүрлі кəсіпорындардың, əсіресе АЗ-ң инновациялық түрінің қызметінде инновациялық түрінің қызметінде инвестициялық технологиялардың маңызы зор. Бұл жаңа қорларды игеру процесінде негізгі қорлардың шығу мен сериялық бұйымдардың өркендеп жаңаруымен байланысты. Кəсіпорындардың инновациялық қызметінде инвестициялық технологиялардың маңызы зор. Бұл жаңа қорларды игеру процесінде негізгі қорлардың шығып кетуі мен сериялық бұйымдардың өркендеп жаңаруымен байланысты. Кəсіпорындардың инновациялық қызметі нарықтық экономика жағдайында ерекше мəнге ие болды. Өйткені бəсекелестердің əрекеттері тауарлардың сапасын арттыруға, олардың ассортиментін кеңейтуге, өзіндік құнын төмендетуге мəжбүр етеді.Бұл шаралар міндетті түрде шығындарды қажет етеді, ал олардың өз кезегімен орны басылуы тиіс. Осыған байланысты əрбір капитал салымы экономикалық негізделген болуы тиіс, яғни инвестор салынған қаражаттар қайтарылады деп сенуі қажет. Бірақ АЗ жағдайында инновациялық қызметтің табысы тек пайда, рентабельдік қайтарымдылық сияқты экономикалық критерийлердің көмегімен бағалана алмайды. АЗ үшін тиімділікті бағалаудың мұндай бағыты шектелген болып табылады. Себебі таза экономикалық тиімділікпен қатар басқа да эффекттер де (саяси, əлеуметтік, экологиялық жəне т.б.) болады.
Бүкіл өндірістік процеске қатысты инновацияларды табыс өсуінің немесе шығындар төмендетуінің көрсеткіштері бойынша бір сəтте өлшеу қиынға түседі. Өндірістік процестің рационалдауы жарамсыздық көлемін төмендетуде, өндірістік процестің уақытының қысқаруында, өнім сапасының артуында, өндірістің икемділігі мен тұрақтылығының өсуінде, сонымен қатар қоршаған ортаға зиян əсерінің төмендеуінде айқындалады.
Жоғары технология объектісін – АЗ құру – елеулі ивестияларды қажет етеді. Ал, оларда, өз кезегімен, өндірісті құру кезеңінде жəне қайта құрылымында белгілі бір шешімдермен байланысты экономикалық тəуекел болады. Осы себептен Қазақстанда АЗ құруда тəуекелді қысқарту мақсатымен мемлекеттік қолдау қажет.
Əлеуметтік эффект. АЗ ендіруде негізгі өгерістер «адам-мəшіне» жүйесінде өтеді: адам ой генерациясы, варианттарды бағалау, шешімдерді бағалау, техникалық қызмет көрсету функцияларын атқаруды жалғастырады, ал варианттардың айқындалуы аналитикалық дайындалуы, оптимизация мен шешімдерді жүзеге асыруға командалар беру ЭЕМ-ге жіберіледі. Өндірілген өнімде тек сандық жəне сапалық өзгерістер болып қоймай, адам еңбегінің мазмұнының өзі өзгереді. Ал бұдан кейін жеке тұлғаның да, бүкіл қоғамның да өмірінде өзгерістер болады.

Ең алдымен бұл – маманның квалификациясының өзгеруі, оның жауапкершілігінің артуы, себебі жұмысшының еңбегі инженер еңбегіне теңеледі. Ғылыми жабдықтарда қызмет етуде инженер-наладчик мамандығы ендіріледі. Күрделі жабдықтардың (ИӨК жəне т.б.) наладчигі қызмет етуші жабдыққтарда бұйымдарды өңдеу үшін басқару бағдарламаларын өздері құрады, ол тек бір мəшінені ғана емес, мəшінелер жүйесін басқаруы тиіс.


АЗ түрлі өндірістерге өтудің маңызды əлеуметтік жетістік – қызметкерлердің жұмыс уақытын қысқартып, бос уақытын арттыру. Бұл келешекте жұмыс күшін қысқарту, квалификацияны тұрақты түрде жоғарылатып тұру, төлемді демалыстардың ұзақтығын арттыру үшін мүмкіндік береді.
КИӨ өндірістік қызметте физикалық жəне ой еңбектерінің үйлесуін қамтамасыз етеді. КИӨ құру, ақпараттық жəне жаңа өндірістік технологияларды, сонымен қатар еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандарын ендіру тек өндіріс өнімділігі мен тиімділігінің артуына ғана алып келмей, адамның еңбегінің шығармашылық бастау рөлінің өсуіне көмектеседі.
Бірақ, КИӨ кезеңінің басталуы адамдарға тек тиімділікті əкеп қана қоймай, бірқатар əлеуметтік проблемаларды туғызады:

АЗ өмір циклінің барлық элементтері бойы автоматизация деңгейінің артуы қызмет етуші жұмысшылардың квалификациясына жаңа талаптар қояды. АЗ құруда кадрларды дайындауға шығындар зауттың жалпы құнынан 10 %-ын құрайды, жоғары білімі бар жұмысшылар үлесі 50 %-ға дейін жетеді.

АЗ дамуы зауыт мамандарын даярлауға жəне қайта даярлау үшін өзіндік зерттеуші жəне оқытушы кадрларды құруды талап етеді. АЗ жағдайында мамандықтары үйлестіруге жəне квалификациясын қайта- қайта жоғарылатуға тура келеді.

Квалификация еңбекті бағалаудың жалғыз критерийі болмайды, өйткені еңбек коллективті болады. Еңбекті бағалаудың жаңа критериийлері пайда болады, мысалы, мамандықтарды үйлестіруге, еңбектің коллективтілігінің қабіелеттілігіне байланысты. Онда əр қызметкер бпасқаның орнын алмастыра алады. Осы критерийлерді қанағаттадыратын еңбек қызметкерлердің квалификациясына қойылатын талаптарды анықтайды.

АЗ профессионалды-квалификациялық құрылымды қайта құру процесі күрделі құбылыс. Оның өзіндік шектері мен тенденциялары бар: кейбір жағдайларда еңбектің интеллекуалдылығы жүзеге асырылады, басқаларында керісінше,физикалық функциялардың рөлі артады.

Персоналды қайта оқытудың, оны өндірістік жағдайларға бейімдету проблемаларынан басқа, АЗ жұмысының маңызды аспектісі бар: компьютерлендірумен байланыстыжаңа өндірістік операциялардың пайда болуы. Олар жұмысшы əрекеттерінен қатаң тиянақтылықты қажет етеді. Физикалық еңбекпен байланысты зорлануы сезім органдарына, жүйке жүйесіне ықпал етумен алмасады. Нəтижесінде АЗ қызметкерлерінің еңбек жағдайлары нашарланып, өндірістік травматизмнің жаңа нысандарының алғышарттары пайда болады. Адамның өндірістік ортадағы өзгерістерге бейімделу проблемасын барынша кемітуге тырысып, мамандар эргогмика құралдарына сүйенеді, «адам-мəшіне» жүйесінде адамның өзінде туындайтын шектемелерді есептеудің тəсілдерін іздейді.

КИӨ дамуы өзінен-өзі еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтандыруына алып келмейді. Бүгінгі автоматизация деңгейі үшін əлеуметтік мəселе – жұмыссыздықтың бірнеше мамандықтар бойынша еңбек күшіне қанағаттандырылмаған сұраныспен қатар тұруы. АЗ қызметкекрлеріне қойылатын талаптардың бірі ЭЕМ саласында білімдермен қатар, өндірістік процесте үнемі болып жататын өзгерістерге бейімделу қабілеттілігі.
АЗ құруда автоматтандырылған мəшіне жүйесінде адам еңбегінің қоғамдану мəселесі тəжірибелік сипатқа ие болуда. Əсіресе, адамның анатомиялық, физикалық, экологиялық жəне психологиялық мінездемесіне ерекше көңіл бөлінеді. Компьютерлендіру нəтижесінде жұмыс орындарында ақпараттың көлемі кеңейтіледі, ал бұл технологиялық жəне ұйымдастырушылық процестерді жəне т.б. басқаруда белсенді басқаруға мүмкіндік береді.
Тəжірибенің көрсетуі бойынша, технологиялық, экологиялық ұйымдастырушылық жəне адамның өзара əрекеттесуінің нəтижесінде ғана жаңа технологияларды ендіру табысты деп есептеледі. Еңбектің қоғамдану тек жағымсыз жағдайларды жою, стресс болуын төмендету ғана емес, сонымен қатар жұмыстың жетілдіруін, əр қайсысының еңбегін жеке ұйымдастыруды, яғни еңбек бақыт əкелетіндей етіп жағдай жасауды көздейді.

Еңбектің қоғамдануы – АЗ құру жолында шешілуге тиісті негізгі мəселелердің бірі. Қазіргі өндірісте адамға жағымсыз əсер ететін көздер – психологиялық жəне ой ауыртпалығы: шу, бірқалыптылық, операцияларды тез орындау, ақпараттың үлкен көлемдерін аналитикалық өңдеу, түнгі сменадағы жұмыс жəне т.б. Сонымен қатар жаңа факторлардың пайда болуы – адамның басқа жұмысшылардан əлеуметтік бөлінуі. Бұл кезде оператор техникамен бірге қалады да, ол өзінің бірге істейтін қызметкерлерімен араласа алмайды. Сонымен қатар, техникалық кемшіліктер де болуы мүмкін, мысалы видеотерминал құрылысы адамның визуальды тітіркенуін туғызады да, жұмыстың тиімділігін жəне тиянақтылығын жоғалтуға алып келеді.


Жоғарыда айтылғандай, еңбектің қоғамдануы санитарлық-гигиеналық жағдайлары да, қауіпсіздіктің дамыған техникасын ендіруді де қамтиды. Ол үшін мəліметтер банкісін ұйымдастыруға жəне еңбекпен денсаулыққа жасалатын жағдайлардың, еңбек тартымдылығы арасында тəуелділіктерді бекітуге, профессионалды аурулар, олардың техникалдық шешімдер мен ұйымдастырушылық шараларға əсері саласында негізделген зерттеулер жүргізуге назар аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет