«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


Еңбек нарығы: объектілері, субъектілері, реттеу механизмдері



бет18/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
2. Еңбек нарығы: объектілері, субъектілері, реттеу механизмдері.

3. Халықты әлеуметтік  қорғау жүйесінің  негізгі бағыттары. 

1. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатының әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы мен қағидалары.

     Бүгінгі таңда біз экономикалық өсу кезеңін бастан кешіріп отырмыз. Экономиканың хал-ахуалының кіріктірілген көрсеткіштері немесе оның макрокөрсеткіштері бізге жақсы мәлім. Бұлар, атап айтқанда жалпы ішкі өнім, елдің оңды төлем балансына қол жетуі, қаржылық тұрақтылық, инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі.

    Жұмыспен қамту деңгейінің көрсеткіштері, өкінішке қарай, Үкіметтің Бағдарламасында орташа мерзімді кезеңде қол жеткізу межеленіп отырған мақсатты индикаторлар құрамына енгізілмеген. Біз жұмыспен қамтудың деңгейіне назар аударып отырмыз. Өйткені:

    Біріншіден, К.Маркстің «Еңбек құнының теориясы» іліміне сүйенетін болсақ, өндірістің негізгі тұтқасы жұмысшы, ол өндірісітің экстенсивті немесе интенсивті негізде өсуінің базалық реттегіші болып табылады;

    Екіншіден, қазіргі заманғы экономикалық теорияның өкілдері экономикалық дамудың кіріктірлген көрсеткіштерінің ішінен төрт негізгі көрсеткішті бөліп алып қарастырылады. Бұлар өндірудің өзгеруінің, жұмыспен қамтудың, бағалар жиынтығы мен инфляцияның деңгейлері. Классиктер оларды «шаршының магиялық бұрыштары» деп атаған;

     Үшіншіден, кез келген экономика өзінің дламуында табиғат және адам ресурстарынав сүйенеді, ал қалғандарынның бәрі солардан туындайды.

     Іс жүзінде Үкіметтің бағдарламалары мен жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштеріне базалық тобында жұмыспен қамту көрсеткіштерінің болмауы- экономиканың өсу қарқыны мен оның интенсивті негізге көшуінің тежеуші факторы болады.

    1. Экономикадағы құрылымдық өзгерістер  жұмыспен қамтылғандардың құрылымындағы өзгерістерге әкеп соқты және еңбек қатынастарын қайта қарауға ынталандырды. Бұл, өз кезегінде жұмысшы күшінің артуын жылдамдатып, формалды емес жұмыспен қамтудың кеңеюіне ұласты. Мемлекет тарапынан бақылаудыңң әлсіреуі /халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуы/ әлеуметтік әріптестік қатынастар дамымай отырған кезде жұмыс берушілердің ең алдымен, еңбекақыны уақытында төлеу, жұмыс уақытының режимін сақтау,жұмысқаорналастыру орталықтарына бос орындарды ұсыну жөніндегі жауапкершілігінің төмендеуіне әкеп соқты.

    2.Еңбекке деген сұраныстың азаюы  нарықтық экономиканың жаңа салаларында  тиісті жұмыс орындарының ашылуына  ұласпады.Сонымен қатар,еңбек өнімділігі  төмен өндірістік емес салаларда  жұмыспен қамтудың артқанын атап  өту қажет.Ал ғылымды және ғылыми еңбекті қажет ететін салаларда жұмыспен қамтылғандардың үлесі төмендегені байқатады.

    3. Жұмыс күштерінің салалар арасында  ауысуы зиялы жұмыс кұшінің  ғылыми ауыр еңбекті қажет  ететін кәсіпорындардан, ғылыми  мекемелер мен басқару салаларынан  нарықтық қатынастардың ілгері басқан салаларына /кредит, бағалы қағаздар, сақтандыру салысы / келуіне әкеп соқты. Экономикалық өсу байқалып отырған бүгінгі таңда басқару саласы кадрларға зәру болып отыр. Ал жұмысшы күшінінің көбею факторы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың кәсіптік, салалық және аймақытқ сегменттеріндегі жалпы теңсіздігін білдіреді.

 

    4. Сегменттер арасындағы шекара  объективтік немесе субъективтік  себептерге байланысты, рынокты  тұрақты сегменттеу еңбек нарығы  саясатының проблемасы болып  отыр.Алайда, бірде бір мемлекетте бүгінгі таңда еңбек нарығының барлық сегменттеріне қажетті талдау жасалмайды, соған орай, жұмыспен қамту саясатына өзгеріс енгізіліп отырмайды. Оның өтпелі кезеңмен экономикалық өсу кезеңі үшін біркелкі болуы мүмкін емс.



     Нарықтық экономикасы бар елдерде тәжірибиесі, егер жұмыссыздықпен және кедейшілікпен күреске бөлінген барлық қаржылардың кемінде жартысы жұмсалса, жұмыспен қамту саясаты тиімді болатынын негіздеп отыр. Бірақ шаралар пакетінің ішінен жәрдемақыларды төлеудің басым болып отырғанын атап көрсету қажет. Қаржыландыруыдң осындай моделі тиімді жұмыспен қамту саясатынан гөрі жұмыссызыдық пен кедейшілікті арттыруды білдіреді. Бұл жағдай заңдардың кемшілігіне байланысты орын алатыны белгілі.

     ХХІ ғасырдың басында экономиканың өзіндік ерекшелігі бар саласы-ақпарат бизнесінің қалыптасқаны белгілі. Оның мазмұны ақпаратты қайта өңдеуді білдіреді. Ақпарат саласындағы жұмыспен қамтуды құрылымдау көптеген бағыттар бойынша өріс алуда. Ақпартатық технологияның дамуы өндірістегі, саудадағы, коммуналдық сектордағы құрылымның өзгеруіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Осымен қатар жұмыспен қамтылған жаңа бір категория пайда болды.Олар экономиканың ақпараттық емес саласына жұмысқа орналасуда.Олардың саны уақыт өткен сайын арта түсуде.Осы санаттың өкілдерінің көбі отыз жасқа дейінгі жастар.Коммуникациялық желілермен жұмыс істеу тәжірибиесін-олар көбінесе жаңа тұрапаттағы жұмысты игерудің қажеттілігін сезіне отырып, негізгі білімнен тыс жинақтаған адамдар.Олар әдетте, қымбат техникаларды пайдалану мүмкнідігі бар ауқатты отбасылардан шыққандар. Ал жұмыс рыногының осы сегментінен тұрмысы төмен жіктердің өкілдерінің орын алуы қиындау.

        Жұмыспен қамту органдарында  жұмыс сұрап келгендердің  арасында  біліктілігі жоқ адамдардың саны  басым,олардың ішінде көпшілігі ауылдық жерден келгн 23 жасқа дейінгі,негізінен орта білімді әйелдер.     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет