Баж салығы дегеніміз экспорт және импорт шарты болып табылатын тауарды экспоттау және импорттау жағдайында кеден органдарымен алынатын міндетті төлем. Баж салығының атқаратын қызметтері: фискады, протекционисттік, балансылық.
Баж салығының жіктелуі:
1. Алыну тәсілдеріне байланысты:
2. Салу объектісіне байланысты:
экспорттық – мемлекеттің кеден территориясынан тыс шығатын экспорттық тауарларға салынады
импорттық – елдің ішкі нарығында еркін айналымда болу мақсатымен импорттық тауарларға салынады
транзиттік – белгілі бір елдің территориясы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларға салынады
3. Сипатына байланысты:
маусымдық – халықаралық саудада маусымдық сипаттағы өнімдердің көлемін реттеу үшін қолданылады
демпингке қарсы – экспрттаушы елдегі тұрақты бағасынан неғұрлым төмен бағамен тауарды белгілі бір ел территориясына әкелу жағдайында қолданылады
компенсациялық – белгілі бір тауарды өндіру жағдайында тікелей немесе жанама субсидиялар қолданылса, сол тауардың импортына салынатын баж салығы
4. Пайда болуына байланысты:
автономды – елдің мемлекеттік билік органдарының біржақты шешімдері негізінде енгізілетін баж салығы
конвенциондық – екіжақты немесе көпжақты келісім негізінде белгіленгін баж салығы
преференциалды - әрекет етуші кеден тарифтерімен салыстырғанда ставкалары төмен, көпжақты келісімдер негізінде салынатын баж салығы
5. Ставкалардың түрлеріне байланысты:
тұрақты – мемлекеттік билік органдарымен бекітілген және әртүрлі жағдайларға байланысты ставкалары өзгермейтін баж салығы
өзгермелі – мемлекеттік билік органдарымен бекітілген және әртүрлі жағдайларға байланысты ставкалары өзгеріп тұратын баж салығы
Достарыңызбен бөлісу: |