2. Мемлекеттік бюджет – экономиканы қаржылық реттеудің негізі: принциптері, атқаратын қызметтері.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңде бюджет қарым-қатынасының даму тәжірибелерін дұрыс пайдалану қажет. Сол реформалардың нәтижесінде 2004 жылы 24 сәуірінде Қ.Р.-ң жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға енгізілді. Бюджеттік кодекстің 4 бабында «Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асырудың қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтанған ақша қоры» делінген. Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині – мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында пайдаланады.
Бюджеттік процестің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша
өкілетті орган – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің келесі қаржы жылына арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен ңығайланған қаржы жоспарының жобасын дацындаудан бастадалы. Жоба жыл сайын Қазақстан халқына арналған Республика Президентінің Жлдауы, ортамерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағымды бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы,ақша-несиелік пен фискалды саясаттың негізгі бағыттарының негізінде жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |