«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


-сызба. Қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларын жүзеге



бет41/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
3-сызба. Қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларын жүзеге

                 асыруға әсер ететін факторларды сұрыптау 

     Бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруды қабылданған  заңдар негізінде мемлекеттік органдар реттейді. Қоршаған ортаны қорғау заңдары  қоршаған ортаны қорғау шараларының  нормативтік- құқықтық негіздерін белгілейді.

  Кәсіпорындар  экологиялық бағдарламаларының орындалуына бәсекелестері едәуір ықпал етеді. Нарықтық механизмдер: салық, айып төлемдер, ластау құқығын сату, рұқсат беру, шектеулер қою, жеңілдіктер және т.с.с. қоршаған ортаны қорғау шараларын (бағдарламаларын) орындаған кәсіпорындарға экономикалық тиім береді.

      Экологиялық бағдарламалардың нәтижелігі, әрине, ғылыми- техникалық прогресске тікелей байланысты. Ғылыми- техникалық жаңалықтарды қолданып, іске асырылған қоршаған ортаны қорғау шаралары басқаларынан ұтымдырақ болатына сөзсіз.

      Экологиялық бағдарламаларды, әсіресе ірі масштабты  қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға экономикалық жағдай аймақтың мәдени- әлеуметтік деңгейі. Халықаралық  байланыстар еліміздің экологиялық  саясаиына ықпал етеді.экономикалық даму қоршаған ортаны қорғау шараларына қаржы бөлуге мүмкіндік береді, халықаралық қатынастар арқылы шет елдік тәжірибелерді үйренеміз, технологияларын аламыз. Солармен қоса қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру үшін белгілі экологиялық саясат пен орындаушылардың экологиялық мәдениеті және біліктілігі қажет.

      Экологиялық бағдарламаларды жүзеге асырудың ең басты мәселесі оларды қаржылындыру. Қаржы көздері республикалық  және жергілікті бюджет, қоршаған ортаны қорғау қорлары, экологиялық сақтандыру қорлары, банк несиесі, қоғамдық ұйымдардың ерікті жарналары, шет елдік гранттар, несиелер, кәсіпорындардың пайдасы, амортизациялық аудаомалары болып табылады.

      Қоғамның  экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың  негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн:



  • бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру;

  • мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

  • экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет;

Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету

      Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету  тұрақты дамуға көшудiң теориялық және технологиялық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi және iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң мынадай кешенiн қамтиды:



  • табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;

  • экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;

  • биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;

  • климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;

  • экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;

  • ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;

  • адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;

  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.

 

 Халықаралық конвенциялар бойынша мiндеттемелерге  сәйкес үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың әлеуетiн қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу арқылы экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелерi бойынша қоғамдық көзқарасты қалыптастыруға қатысуға бағыттау қажет.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

      БҰҰ-ның  толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан  жаhандық серiктестiктiң негiзiнде  мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде халықаралық  ынтымақтастықты пайдалануы тиiс.  


Қазақстанның әлемдiк қоғамдастыққа барған сайын таныла түскенiн ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негiзi салынған және 2002 жылы Йоханнесбургте өткен Дүниежүзiлiк саммитте расталған тұрақты даму қағидаттары халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық пен серiктестiк саясатының негiзi болуы тиiс.

      Мұндай  саясатты практикалық iске асыру  Қазақстанның дамуы мен қоғамдық құрылымының дамыған демократиялық  мемлекеттермен үйлесiмдiлiгi үшiн оған прогрессивтiк қолдау табуға ықпал  етуi тиiс.  


 Маңызды халықаралық экологиялық конвенцияларға және халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметiне республиканың неғұрлым кеңiрек қатысуын қамтамасыз ету үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық әзiрленетiн бағдарламаларда халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары және оларды iске асыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралар белгiленуi тиiс.

      Техникалық  және өзге де көмектi алу оны тиiмдi пайдалануды талдаумен жүргiзiлуi тиiс. Тек қана ақпараттың жеткiлiктi көлемiн қамтамасыз ету және жергiлiктi жағдайларды неғұрлым тереңiрек  түсiну үшiн ғана емес, сонымен бiрге, олар табиғат қорғау қызметiн басқару жөнiндегi дағдыларды игеруi үшiн бiрлескен жобаларға қатысуға жергiлiктi сарапшылар мен мекемелердi тарту қажет.

      Қоршаған  ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын белгілеу жөніндегі мемлекет қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет