2. Мемлекеттің табиғатты қорғау шараларын әзіәрлеу мен жүзеге асыру әдістері.
Қоршаған ортаны қорғаудың бағдарламаларыдың бірінші түріне әр саладағы қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспарларын жатғызуға болады. Оларда, негізінен, ластауларды азайту, тазарту, және тарату шаралары қарастырылады. Мысалы, биік түтін мұржаларын салу, газдарды, ақаба суларды тазарту қондырғыларын салу, өндіріс қалдықтарын азайту, орналастыру және т.с.с. Мұндай шаралар аймақтың экологиялық мәселелерін толығымен шеше алмайды.
Екінші топтағы экологиялық бағдарламалар да кешенділік жетіспейді. Олар табиғат ресурстарының жеке түрін қорғауды және ұтымда пайдалануды көздейді. Мысалы, тпырақты, орманды, әуе бассейнін және т.с.с. қорғау бағдарламалары.
Кешенділік тұрғысынан аймақтық (аудандық) қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары ұтымдырақ. Оларды аймақтық қоршаған ортаның сапасы, ресурстары және олардың пайдалануы, өндіргіш күштердің орналасуы және дамуы қарастырылады. Өкінішке орай, іс-тәжірибеде аймақтық қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары аймақтың өндіргіш күштерін дамыту сызбаларының көлеңкесінде қалып қояды. Сондықтан,оған жеткілікті мән берілмейді. Соның салдарынан халық тығыз орналасқан, инфрақұрылымдары дамыған қалаларда қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорындар салу жобалары жүзеге асырылады. Өйткені, басты мақсат өндіріс шығындарын үнемдеу болады да қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі экологиялық қауіп төнгенде ғана қарастырыла бастайды.
Үшінші топқа кешенді қоршаған ортаны қорғау территориялық бағдарламалары жатады. Оның құрамында ҒТП дамытудың кешенді бағдарламасы, өндіргіш күштерді дамытудың Бас сызбасы, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық бағдарламалар болуы тиіс. Аталған құжаттардың барлығында қоршаған ортаны қорғау жөнінде арнайы бөлімдері болады. Кешенді бағдарламаның басты міндеті – оларды бір- бірімен үйлестіру. Әйткенмен, қамтылатын мәселелердің күрделілігі және әржақтылығы бағдарламаны әзірлеуді қиындатады. Сондықтан,әсіресе, қоршаған ортаны қорғау мәселесі нормативтік тұрғыдан қарастырылуы керек. Мұндай жағдайда кешенді қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы ұзақ мерзімдік табиғат пайдалану тұжырымдамасына айналады.
Мақсатты, нормативтік болжамдар алға қойған әлеуметтік- экономикалық мақсаттарға қоршаған ортаның сапасын нашарлатпай, ресурстарын сарқылтпай жетуді көздейді. Егер әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер мақсат болса, ол қоршаған ортаның сапасының көрсеткіштері орындалуы тиіс талаптар рөлін атқарады. Сондықтан, нормативтік болжам барлық жоспарлау жүйесін қолда бар ресуртарға ғана емес, барлық әлеуметтік- экономикалық және экологиялық мақсаттарға құруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама мемлекеттік сараптамадан өткен соң нақты жоспар сипатын алады. Оны жүзеге асыру үшін нормативтік- құқықтық негіздері жасалып, экологиялық басқару механизмі, оның ішінде қаржыландыру көздері, экономикалық ынталандыру жолдары қарастырылуы тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының жүзеге асырылуы бірнеше факторларға, оның ішінде: аймақтық экономикасының дамуына, ресурстарға, ғылыми- техникалық жетістіктерге,қаржыландыруға және т.с.с. байланысты болады. Басқару органдары осы факторларды дер кезінде анықтап іске қоса білуі керек. Бағдарламаны жүзеге асыруға әсер ететін факторларды: тікелей және жанама әсер ететіндер деп бөлуге болады. (3 - сызба)
Тікелей әсер етеін факторлар
|
|
Жанама әсер ететін факторлар
|
|
|
Тұрғындар
|
|
Экономикалық жағдайы
|
Бәсекелестер
|
Әлеуметтік- мәдени факторлар
|
Заңдар мен мемлекеттік органдар
|
Саяси факторлар
|
Қоғамдық қозғалыстар мен партиялар
|
Ғылыми- техникалық прогресс
|
Еңбек, материалдық, капитал ресурстары
|
Халықаралық байланыстар ресурстары
|
Достарыңызбен бөлісу: |