Әл Фараби: тәрбиелеу халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту



бет9/10
Дата13.06.2022
өлшемі468.45 Kb.
#459202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Әл Фараби

ҚОРЫТЫНДЫ


Байланыстыратын толық емес құрамдас сөз – бір бөлігі екіншісін байланыстырып тұрады, ал байланыстырмайтын құрамдас сөз дегеніміз – бір бөлігі мен екіншісі арасында байланыс болмайды, мысалы «отыз және жеті»... Осылай Ибн Синаның пайымы шексіз кете береді. Алайда бір түсінетініміз тіл мен пайым арасында үзілмейтін сабақтастық бар. Себебі логиканың тілді қарастыру себебінің өзі тілдің абстрактілі логикалық пайыммен етене жақындығында. Кез келген пайым тілдік қордың негізінде өмір сүреді. Ибн Синаның айтуынша барлық ұғым түрлері сөз бен сөз тіркестері арқылы адам санасына жетеді [41. 314,31].
«Нақыл сөздер – халықта өткір, ділмәр, мәнді сөзді, ордалы да оралымды ойдың түйіні деп жатады. Нақыл - өнегелі өсиеттің, аталы сөздің тұнығы. Нақыл сөздің құндылығы, оның, біріншіден, өсиетінде, өрнекті өрісінде, өміршеңдігінде; екіншіден, оның дәлдігінде, айқындылығында, деректілігінде. Сонысымен де ол ескіні еске алдырады, көнені көз алдына елестетеді, әсемдікті әсірелейді. Нақыл сөз – «өмір тәжірибесіне, даналық тұжырымға, логикалық қисын мен ғибратты өнегеге негізделген терең ойлы, түйінді сөз. Нақ сөздің, яғни уәждің мінсіздігі де осында» [20. 220]. Жалпы нақыл сөзді тыңдай білу керек. Егер түсінсеңіз нақыл сөздердің мағынасы кең, берер тәрбиесі мол. «Ғұлама әл-Фарабидің тұжырымдауынша, нақыл сөздер «әрекетшіл себепті іздестіреді, қарама-қарсы болмыстың өзіне тиісті үлесін алуға үйретеді». Нақыл сөздерде ақыл-парасат әрекетте, ал оларда «әрекетшіл ақыл-парасаттың иесі – адам тегі ширатылады». Әл-Фараби тоқтамы бойынша, нақыл сөз – ақыл-парасат әрекеті, қарама-қарсы тартылыс күшінің сөлі, мақсат-мұратқа толы рухтың өңірі. Негізгі мәселе – мінездің де, істің де, кісіліктің де құнын көтермелеу. Нақыл сөз адамның өз күшін қуаттайды, адамды шындық жолында шыңдайды, адалдыққа шақырады. Сол үшін оны адамның жанын да, жігерін де жанитын құдірет деп қабылдаған. Иә, нақыл сөз – мақсаткерлігімен, нақтылығымен құпиялы құдірет. Құдіреттің бас құпиясы мынада: ақылдың – адамға, нақылдың – ұрпаққа серік болатындығында» [20. 221]. Жалпы тіл білімі яки сөз өнері қыры мен сыры өте күрделі, терең зерделеуді талап етеді. Әр сөйлеген сөзіңе мән беріп, оның астары мен арқауына көңіл қойған абзал. Тіл – қарым-қатынас құралы. Оны философиялық, рухани және азаматтық деңгейде қарастыру керек. Ол белгілі бір ережелерге сүйенеді. «Сөйлеушілер сөз бен тілдің астары мен арқауына ерекше мән береді. Рухани келісім жөні ізделінеді, табысу бақыты ұсталынады. Сөйлеушілердің ұстанымы - өзін құрметтеп, өзгені сыйлау, өзгені құрметтеп, өз ниетін ақтау. Ақылды бейне азар ма, асылдан кисең тозар ма деген ой келеді. Осыдан «атаң айтқан өсиетті мықтап ұқ» деген нақыл қалған. Нақылдың тәлімі ерге тәуір, тәуірдің тәрбиесі – елге жеңіл. Өйткені әл-Фарабидң сөзімен айтсақ: «Тәлім дегеніміз халықтар мен қалаларға теориялық ізгіліктерді дарыту деген сөз. Тәрбиелеу дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз. Тәлім тек сөзбен іске асырылады, ал тәрбиелеу кезінде халықтар мен қалалықтарға білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекеттер жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады... Ал бірдеңе жасау тілегі кейде сөз арқылы, кейде іс-әрекет арқылы қоздырылады»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет