Қазіргі уақытта халық су үшін төлеуге негіз болатын, су тұтынуды пайдалану нормаларын белгілеудің заңдастырылған тәртібі жоқ. Бекітілетін нормалар, қағида бойынша, нақты меншікті су тұтынуды және оның қысқару мүмкіндігі есепке алынбай белгіленеді. ХСПН тұрғын үй қорында ғимараттың қабаттылығы мен пәтердегі тұрғындар санының коэффициенті бойынша сараланбайды, алайда, су тұтыну шамасы елеулі дәрежеде осы факторларға байланысты болады. ХСПН сумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін техникалық пайдалану сапасын бағалау үшін қолданылмайды. Тіпті тұрғын үйлердің кірмелерінде суды есепке алу аспаптары болған жағдайда, суды артық шығындаған объектілерді әрдайым анықтау мүмкін болмайды, себебі артық шығынданған судың ауқымды бөлігі кондоминиум объектілерінің мұқтаждылығына жатады.
Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттiгiнің деректері бойынша су құбырлары желілерінің көпшілігі қанағаттанарлықсыз жағдайда, сенімді пайдаланудың 25 жылдық нормативті мерзімін ескере отырып, жұмыс жағдайында сумен жабдықтаудың 36 % желісі бар, шамамен 64 % желіге күрделі жөндеу немесе оларды толығымен алмастыру қажет болып отыр, су құбыры желілерінің орташа тозуы 60-70% құрайды.
Халықтың нақты су тұтынуы бойынша жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, көптеген елді мекендерде тұрғын үй ғимараттарында су ысырабынқысқартуды үшін елеулі резервтер бар. Оларды қысқарту маңызды мемлекеттік міндет болып табылады, өйткені, бұл ретте, коммуналдық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға ақша қаражатын жұмсау қажеттілігі азаяды, су ресурстары үнемделеді, ауыз су мен сарқынды суларды өңдеуге және тасымалдауға арналған пайдалану шығындары кемиді, сумен жабдықтау сенімділігі артады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес оның негізгі мақсаты тұтынушыларға коммуналдыққызмет көрсетудің тиісті сапасын қамтамасыз ету, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң сенімділігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Осы Елді мекендердің су тұтынуды және су бұруды пайдалану нормаларын (ХСПН) анықтау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) көрсетілген Бағдарламаның институционалдық негізін жетілдіру туралы міндетін іске асыру шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы құқықтық реттеу негіздері мен қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген.
Әдістеме халықтың мұқтажына су тұтынуды пайдалану нормаларын (ХСПН) белгілеу мен қолдану тәртібін анықтайды. Оған сәйкес тұрғын үйде ХСПН нақты су тұтыну шамасын және сумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін пайдалануды жетілдіру есебінен оны қысқарту мүмкіндігін есепке ала отырып белгіленеді.
ХСПН негізгі міндеті – тұрғын үй ғимараттарында судың ысырап болуы мен орынсыз шығындарын төмендетуді қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік туғызу. Бір мезгілде ХСПН су сатуды жоспарлау кезінде қолдануға, ал ХСПН белгілеу бойынша материалдар халықтың төлеуіне жататын су тұтыну шамасын белгілеу үшін және тұрғын үй қорында қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту мен жетілдіру үшін арналған.
Әдістемеде халықтың мұқтажына су тұтынуды пайдалану нормаларын әзірлеудің негіздемесі, принциптері, үлгілері, оларды белгілеу халықтың мұқтажына су тұтынуды пайдалану нормаларын мен қолданылуын бақылау тәртібі келтірілген.
Әдістеме халыққа су жеткізуді жүзеге асыратын, қалалар мен елді мекендердің тұрғын үй қорын сумен жабдықтау мен су бұрудың ішкі жүйелерін пайдаланатын кәсіпорындарға (ұйымдарға) арналған және суық пен ыстық суды есепке алу аспаптары жоқ тұрғын үй ғимаратында тұратын халықтың су тұтыну нормаларын негіздеу кезінде міндетті сипатта болады.
Осы Әдістемеде 5-қосымшаға сәйкес ҚР нормативтік құжаттарына, сондай-ақ нұсқаулық-әдістемелік және анықтама-ақпараттық материалдарға сілтемелер қолданылған.
3. Терминдер және анықтамалар
Әдістемедемынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
есепке алу торабы – суды есепке алуды, оны бақылау және параметрлерін тіркеуді қамтамасыз ететін құралдар мен құрылғылар кешені.
есептік кезең – Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы арасында шартпен белгіленген уақыт кезеңі, оның ішінде көрсетілген қызметтердің көлемін тұтынғаны үшін толық төленуі тиіс;
кондоминиум объектілерінің мұқтажы - үй иеліктерін күтіп-ұстауға байланысты су шығындары(жөндеу жұмыстары мен сынақтар жүргізген кезде құбырларды босату және шаю, үй иеліктері алаңын, баспалдақ торларын, лифттерді, қоқыс құбырларын жинау және т.б.);
кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
қызмет көрсетуші – тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін қалалық коммуналдық шаруашылығының кәсіпорны (ұйымы);
суды есепке алу аспабы - нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде мөлшері өзгеріссіз (белгіленген қателіктер шегінде) қабылданатын физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және/немесе сақтайтын әрі коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген суық пен ыстық су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
тұрғындар – тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тіркелген және/немесе іс жүзінде тұрып жатқан жеке тұлғалар;
тұтынушы – суды су объектілерінен тұтынатын немесе сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
халықтың су тұтынуды пайдалану нормалары (ХСПН) – тұрғын үйдің абаттандыру дәрежесін, су пайдаланудағы қалыптасқан жағдай мен дәстүрлерді, сондай-ақ ішкі су құбырының техникалық жай-күйін ескере отырып анықталатын, анық қол жетімді деңгейде су шығындарын қысқарту кезіндегі судың ұтымды шығыны;
Әдістемеде пайдаланылған өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |