Елді мекендердің су тұтынуды және су бұруды пайдалану нормаларлын (хспн) анықтау әдістемесі


ХСПН есептеу материалдары мен әдістемелік негіздерін әзірлеу



бет4/17
Дата09.06.2016
өлшемі3.2 Mb.
#125469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

6. ХСПН есептеу материалдары мен әдістемелік негіздерін әзірлеу


6.1. Бірінші кезекте тұрғын үй ғимараттарының аббатандыру дәрежесін қабылдау қажет, олар үшін ХСПН анықталуы тиіс. Одан кейін елді мекеннің барлық тұрғын үй қорынан әр түрлі дәрежедегі санитарлық-техникалық абаттандыру мен, тиісінше, әртүрлі меншікті су тұтыну шамасы бар ғимараттарды пайыздық бөлу белгіленеді. Осы деректер зерттеу кезіндегі жағдайы бойынша және даму перспективасына (5 жыл) қажет. Тұрғын үй қорының сипаты, онда тұратын тұрғындар саны туралы мәліметтерді, Әдістеменің 1-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес есептеуге қажетті басқа деректерді қызмет көрсетуші мен кондоминиум басқару органынан алынуы мүмкін. ХСПН табиғи өлшеу негізінде белгілеу тұрғын үй қорының кеңінен тараған абаттандырудың 1-2 негізгі дәрежесі үшін жүргізіледі. Басқа абаттандыру дәрежесіндегі тұрғын үй ғимараттары үшін жалпы су тұтыну 10%-дан кем емес құрайды, өлшеулер жүргізбей, ұқсас ХСПН нысаны бойынша белгілеуге жол беріледі. Бұл ретте, ХСПН шамасы түзету коэффициенттері арқылы анықталады (Әдістеменің 1-қосымшасының кестесі).

6.2. Табиғи өлшеулер мен келесі ХСПН есептеу жүргізу үшін объектілердің таңдамасы мынадай талаптарды ескерумен қалыптастырылады. Өлшемдерінің қорытындылары осы абаттандыру дәрежесі бойынша ХСПН есептеу үшін қызмет ететін объектілердің саны – 25 кем емес. Таңдамаға қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан, қабаттылығы, тұрғындар саны, кірмеде су қысымы, сумен жабдықтау жүйесін пайдалану деңгейі және т.б. айрықша объектілер кіреді. Егер қалада (елді мекенде) тұрғын үй ғимараттарының кірмесінде суды есепке алу аспаптары болмаса, онда таңдамаға суды есепке алу аспаптары жоқ объектілер енгізілуі тиіс, бірақ табиғи өлшемдер жүргізу уақытына орнатылады. Таңдаманың іріктелуі мен объектілердің кездейсоқ іріктелуіне ерекше назар аударылуы тиіс. Бұл үшін бастапқыда, тексеру нәтижесінде зерттеуге жатпайтын тұрғын үйлерді одан алып тастап, қалғандардан, тағы да кездейсоқ түрде, су шығындарын табиғи және қысымын өлшеу жүргізілетіндерді іріктеп алу үшін кездейсоқ түрде 50-100 объектілердің таңдамасы қалыптастырылады.

6.3. Бастапқы таңдаманың әр тұрғын үй ғимараты үшін негізгі таңдамаға енгізу үшін олардың жарамдылығы тексеру арқылы белгіленеді. Бұл ретте, сумен жабдықтау үзіліспен берілетін, орталықтанжырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесінде айналымы нашар объектілерді таңдамадан алып тасталуы тиіс. Таңдамаға кондоминиум объектісінің құрамындағы тұрғын емес үй-жайлары бар, олардың су шығыны суды есепке алу аспаптармен өлшенуі мүмкін емес тұрғын үй ғимараттарын енгізбеу керек. Тұрғын үй ғимараттары кірмеде суды есепке алу аспаптарын орнатуға мүмкіндік болмауына орай, немесе көрсеткіштерді алу үшін елеулі қолайсыздықтарға байланысты өлшеулер жүргізуге жарамсыз болуы мүмкін. Бірнеше (оның ішінде әртүрлі қабатты) ғимараттарды ортақ су құбыры кірмесіне қосу оларды таңдамаға енгізуге бөгет бола алмайды. Таңдамада қалған тұрғын үй ғимараттарынан, сондай-ақ, кездейсоқ түрде 25 кем емес іріктеліп алынады. Тұрғындарының саны көп тұрғын үй ғимараттары үшін ерекшелік жасалуы мүмкін. Мұндай ғимараттарда деректердің жоғары дұрыстығын ескеріп, оларды таңдамада қалдырған жөн.

6.4. Іріктеліп алынған әр ғимарат үшін арнайы есепке алу карточкасына есептік деректердің жинағы: тұрғындар саны, пәтер саны, қабаттылығы, соңғы 12 ай ішінде нақты су шығыны туралы деректер жазылады.

6.5. Әр ғимарат үшін суды есепке алу аспабының талап етілетін калибрі орнатылады. Тәулік шығындарын, әсіресе түнгі кезеңдегі шығындарын өлшеудің дәлдігін ұлғайту үшін баықлау өлшемдер кезеңінде суды есепке алу аспабының барынша кішкентай калибрін орнату қажеттілігі туындауы мүмкін. Бұл ретте, белгіленген орташа тәулік шығын суды есепке алу аспабында qтәулік..max шекті жүктемеден аспауы, ал qт.есеп есептелетін түнгі меншікті су тұтыну 2 л/с∙адамнан аспауы жөн:

q т.есеп = , (5)

мұнда: qтөмен шек - суды есепке алу аспабының төменгі шегі, м3/сағ;

N– тұрғындар саны.

Суды есепке алу аспабының кейбір типтері үшін qтәулік.max және qтөмен шек мәндері Әдістеменің 2-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген. Суды есепке алу аспабының басқа типтерінің сипаттамасы олаоды өндірушілердің деректері бойынша қабылданады.

6.6. Тұрғын үй қорында су тұтынудың маусымдық теңсіздігі анықталады. Таңдамадағы әр тұрғын үй ғимараты үшін нақты су шығындары туралы деректер бойынша айлық теңсіздік коэффициенттері К1 ай2 ай, … К12 ай (барлық коэффициенттер сомасы 12-ге тең)алынуы мүмкін. Осы коэффициенттердің таңдама бойынша орташаландырылған мәндері су тұтынудың орташа жылдық мәнінен ауытқудың орташа шамасы туралы және Кай = 0,97-1,03 кезінде шығындарды өлшеу циклін жүргізу үшін ең ығайлы кезең туралы баяндауға мүмкіндік береді.

6.7. Осы Әдістеме бойынша өлшеу жүргізген кезде сорғы станцияларында, тұрғын үй ғимаратында су құбыры кірмесінде орнатылған суды есепке алу аспаптарын ақпарат жинақтау құралдарымен біріктірілген импульсті шығару торабымен қосымша жабдықтауға болады. Олар импульсті шығару торабы бар санауыштардан алынған деректерді жинақтау, сақтау және компьютерге беру үшін арналған. Құралдың электрондық құрылымы микропроцессор базасында орнатылған, ол әр алынған импульс ағыны үшін қас қағым сәтте шығынды есептейді және оны хронологиялық ізбасарлықта сақтайды.

6.8. Су шығынын анықтау берілген параметрлерде мынадай формула бойынша автоматты қайта есептеуді жүргізеді:

qтиім = n × P × 3,6/T × N, (6)

мұнда: n – белгіленген уақыт кезеңі ішінде импульстар саны;

P - импульстің мәнділігі (салмағы), құрал қойылған кезде белгіленеді;

T - кіріс оптикалық санаулар саны;

N – оптикалық немесе басқа импульстарды санау мен өңдеу жиілігі (құралдың паспорты бойынша, мысалы, "CURCA", "DEBIDOS" құралдары үшін санау жиілігі 31,25 мс құрайды).

Өлшеу барысында мыналар анықталады:

- барлық өлшеу кезеңі ішінде (7 тәуліктен кем емес) орташа сағаттық су шығыны;

- өлшеу кезеңі ішінде минималды және максималды сағаттық су шығыны;

- шығынды анықтаудың әр уақыт аралығы ішінде тұтынылған су саны;

- белгілі уақыт аралығы ішінде тұтынылған судың қас қағым сәтте минималды және максималды шығыны. Сонымен қатар желілерде (шығында өлшеу нүктелерінде) тегеурінді өлшеу орындалады.

6.9. Түнгі шығындарды өлшеу негізінде түнгі су тұтыну болмағанда тұрғын үй ғимараттында ысырапты анықтауға жол беріледі.

Судың ысырап шамасы qыс.минималды (қас қағым сәтте) түнгі су шығыны бойынша және күндізгі мен түнгі уақытта арындар туралы деректермен анықталады, мынадай формула бойынша:


qыс.= qтүн.( 4 + К × 21 × ), (7)

мұнда: qтүн. - минималды (қас қағым сәтте) түнгі су шығыны, м3/с;

K - эмпириялық коэффициент, тең 0,85;

Hтиім.күн–күндізгі уақытта тиімді арын;

Hтиім.түн–түнгі уақытта тиімді арын (1-ден 4сағатқа дейін).

6.10. Тұрғын үй ғимараттары үшін бір тұрғынға арналған түнгі шығын мен ысыраптың меншікті шамасы qт.түнжәнеqт.ыс есептеледі. Ақпарат жинақталғаны бойынша аббаттандыру дәрежелері, пәтердегі тұрғындар саны коэффициенті, жергілікті жағдайларды ескерумен анықталатын басқа факторлары ерекше тұрғын үй топтары үшін статистикалық дұрыс qт.түнжәнеqт.ыс көрсеткіштері белгіленеді.

6.11. Ақпаратты автоматтандырылған есепке алу мен өңдеу жүйесі болмаған жағдайларда әр объектінің есепке алу карточкасында құралдардың көрсеткіштері мен дәлдігі 1 минутке дейін көрсеткішті жазған уақыты көрсетіледі, ал, сондай-ақ, (6-10) формулаларды басшылық етіп, меншіктісу тұтыну мен әсер ететін факторларды есептеу жүргізіледі.

Тұрғындардың меншікті орташа тәулік су тұтынуы (л/тәул∙адам) мынадай формула бойынша анықталады:


qi = , (6)

мұмұн


мұнда:Δ - тәулікТішінде берілген кірмеде суды есепке алу аспабы көрсеткіштерінің өлшенген айырымы, м3;

Т- суды есепке алу аспабы көрсеткіштерінің санақтары арасындағы тәуліктер саны (2-3 апта);

N –ғимараттағы тұрғындар саны, адам.

Меншікті түнгі су тұтыну (л/тәул∙адам):

q түн.i = , (7)

мұнда:⅀qтүн.i–барлық түнгі сағаттар ішінде жиынтық шығыны, м3;

t –түнгі сағаттарда су шығынын өлшеу арасындағы жалпы уақыт, сағ.

Егер qтүн.i мәні суды есепке алу аспабын өлшеу кезінде қолдану үшін (5) формула бойынша анықталған qт.есеп.кем болса, онда есептеу мәнін тең деп қабылдау керек.

Су бөлу жабдығында орташа қысым (тиімді су қысымы), м:

Hтиім.i = H кірме i – 0,5Нғим , (8)

мұнда: Нкірме.i – өлшем кезеңі ішінде ғимаратқа кірмеде су қысымының орташа арифметикалық мәні, м;

Нғимғимараттың биіктігі, м.

Қазіргі заманғы құрылыс салу үшін қабат биіктігі шамамен 3 метрге тең. Сонымен, ғимараттың биіктігін былай анықтауға болады:

Нғим = 3,0 × Қ, м, мұндаҚ – қабат саны

Объектінің құрамында әртүрлі қабатты ғимараттар болғанда, объекті үшін Hтиім.iорташа өлшенген шама ретінде анықталады:

, (9)
Hтиім.i анықтау мысалдары 8-бөлімде келтірілген. Су тұтыну шамасына арынның әсер етуін минимумге жеткізу үшін су бөлу жабдығының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті және жеткілікті арындары ғимараттың барлық қабаттарында сақталуы керек. Іс жүзінде пайдалану жағдайларында бұл талапты тек арынды әр қабатта реттеу кезінде ғана орындау мүмкін. Бұл Нтиім әр жеке ғимарат үшін су құбыры кірмесінде байқалатын нақты арынның орташа тәулік мәні ретінде қабылдау қажеттілігін тудырады.

Тұрғын үй ғимаратында пәтерлердегі тұрғындар санының орташа коэффициенті, (адам/пәтер):

Пi = , (10)

мұнда: m – пәтер саны;

N – тұрғын үйдегі тұрғындар саны.

6.12. Әр объекті үшін qi , qтүн.i , Hтиім.i және Пi есептік мәндері жинақ кестеге жазылады, онда, одан басқа, таңдамадағы үй нөмірі, мекенжайы, қабаттылығы мен тұрғындар саны көрсетіледі (8-бөлімнің 5-кестесі). Осы кестеде «базалық» ғимаратта су тұтыну жағдайына есептелмеген,әр объекті үшін меншікті орташа тәулік су тұтыну шамалары да көрсетіледі. Қайта есептеу 5.10.-тармаққа сәйкес барлық объектілер үшін b1, b2 және b3 коэффициенттерінің мәндерін ескере отырып, (3) формула бойынша жүргізіледі.

6.13. Базалық ғимараттың Нδ және Пδ параметрлері барлық таңдамалар үшін бірдеу қабылданады.

qн.δбелгілеу үшін қаралып отырған таңдамада қандай орын алған qтүн.i мәнін қарау қажет, бұл болса, qн.δ бөлу қисығын жасау арқылы жүзеге асырылады (3-қосымшаның 1-суретін қара). Уақытша ХСПН белгілеу кезінде qн.δ шамасын ХСПН қолданылу мерзіміне және су ысырабын төмендетудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты 15-35% қамтамасыз етумен бөлу қисығы бойынша қабылдау ұсынылады. Таңдама бойынша qн.δ орташа мәні 3-5 л/с∙адам кезінде qн.δ 30-35% тең, 5-10 л/с∙адам кезінде 20-30% тең және 10 мен астам л/с∙адам кезінде 15-20% тең кезінде қамтамасыз етілуін қабылдау ұсынылады.

Кірмедегі арын ғимаратқа кірмедегі нақты арындарды ескерумен, түнгі шығындар түнгі шығындардың пайда болуы тығыздық қисығы (qтнақты бөлу қисығы) бойынша есептеледі.

Көрсетілген бөлуді жасау үшін әр ғимарат бойынша нақты түнгі су шығындары туралы деректер қолданылады және олар кесте нысанында беріледі (1-қосымшаның 4-кестесі).

4-кестеде түнгі шығындар туралы деректер оларды сол немесе өзге мәндер аралығында пайда болу жиілігі бойынша бөледі және әр мәндегі түнгі шығынның пайда болу мүмкіндігін (жиілік жинағын) есептейді. Алынған бөлуді талдау негізінде қол жеткізілуі мүмкін түнгі шығынды (су ысырабын) қысқарту деңгейін бағалауы мүмкін болады. Түнгі шығындардың мәндерін бөлу процесінің сипатын шынайы баяндау үшін жалпы ұсынылған аралық саны 6-12 кем емес құруы тиіс. 4-кестенің 3-бағанын толтыру үшін әр аралығы үшін тіркелген түнгі шығындар мәндерінің санын есептеу қажет. 3-бағандағы мәндер жиыны объектілерді табиғи өлшеудің жалпы санына сәйкес келуі тиіс. Түнгі шығындар пайда болуының салыстырмалы жиілігі (4-баған) 3-бағанның әр мәнін оның жиынына бөлу арқылы анықталады. 4-бағандағы жиыны бірге тең болуы тиіс. 5-бағанда түнгі шығындар пайда болу жиілігінің жиынтығы 4-бағандағы деректерді ретті жинақтау жолымен алынады. Одан әрі пайдаланудың қолайлылығы үшін 5-бағандағы деректер пайызда көрсетіледі. 4-кестенің деректері бөлу қисығы түрінде абсцисс осьтері бойынша координаттар – түнгі шығындар мәндері (аралық ортасы) бар, л/с∙адам, координат осьтері бойынша – жиілік жинағы, %, бұл үшін 3 және 5-бағандардағы деректерді қолданып, графикалық беріледі.

Шекті ХСПН белгілеу кезінде qн.б.шек. шамасын таңдама бойынша qтүн.нақты орташа мәніне байланысты төменде берілген тәуелділік бойынша ұсынылады:




qтүн.нақты

л/с ∙адам

3,0

5,0

7,5

10 және артық

qтүн.б.шек.

л/с ∙адам

1,5

2,0

2,5

3,0

Көптеген зерттеулер мен олардың талдауы qннорм30 % қамтамасыз етілуі бойынша 2 л/с ∙адам жоғары емес деңгейде регламенттеу қажеттілігін растайды.

6.14. Кестелердің қорытынды жолдарында (8-бөлімнің 6, 13, 21-кестелерін қара) таңдама бойынша qнақты, qтүн, Нтиім , П және qδ. орташа мәндері саналады. Алынған qδi мәндерге талдау жүргізіледі. qδi мәндерінің шашылуы qi шашылуынан елеулі кем болуы тиіс. Жеке ғимараттар үшін таңдама бойынша qδ орташа мәндерінен үлкен ауытқушылықтар болған кезде ауытқулардың ықтимал себептерін (тұрғындардың санын дұрыс анықтамау, суды есепке алу аспабының дұрыс емес көрсеткіштері және өзгелер) нақтылау керек. Одан басқа, qiесептік мәндерін 3-4 тәулік өлшеулер жүргізгенде алынған олардың мәндерімен салыстыру ұсынылады. Жеке үйлерде су тұтыну ауытқыған болуы мүмкін,сондықтан есептеу кезінде бір немесе екі ғимараттар бойыншабар qδi максималды және минималды мәндерді таңдамадан алып тастауға жол беріледі.

Түзетілген таңдама бойынша есептеледі және таңдама бойынша qтиім, qтүн, Нтиім, П және qδ орташа арифметикалық мәндері жинақ кестеге енгізіледі. Жүргізілген өлшемдерге талдау жүргізу үшін таңдаманың барлық тұрғын үй ғимараттарында су тұтыну сипатын көрнекті көруге мүмкіндік беретін диаграммалар құру ұсынылады. Мұндай диаграммалар қаралып отырған ХСПН анықтау мысалдарында келтірілген (Әдістеменің 8-бөлімінің 2, 4, 5-суреттері).

qδ есептеу дұрыстығы 11 және 12 формулалар бойынша тексерілуі мүмкін.

Qδ = b0 + b1qтүнδ + b2 × 26 + b3 × 4 , (11)

мұнда: b0 2-формула бойынша анықталады.

Qδ = qтиім – b1(qтүн – qтүнδ) – b2тиім – 26) – b3(П – 4), (12)

6.15. Түзетілген таңдама бойынша qδ орташа арифметикалық мәні су тұтыну параметрлері «базалыққа» сәйкес келетін ғимараттар үшін qтүнδ су тұтынуды пайдалану нормасы ретінде қабылданады. Басқа объектілер үшін су тұтынуды пайдалану нормасы (4) формула бойынша жеңіл қайта есептелуі мүмкін.

Елеулі қолайлылық үшін су тұтыну нормалары номограммалар, диаграммалар немесе тиісті кестелер түрінде келтірілуі мүмкін.

3-қосымшада 2-суретте Пjпәтер тұрғындары саны коэффициенті мен Нтиімj қысым тиімділігіне жалпы байланыстылығын көрсететін жалпыланған номограмма келтірілген.

6.16. Нақты объекті үшін ХСПН анықтау кезінде оның Нтиім j және Пj сипаттайтын параметрлерін белгілеу қажет, олар (8), (9)және (10) формулалар бойынша анықталады. Мұндай жағдайда, егер ғимаратқа кірмеде қысым реттеуіші немесе қысымның тұрақтылығын қамтамасыз ететін басқа құрылғылар болса, Нтиім кірмеде талап етілетін қысым негізге алынып, Нкірме.талап. = 10 + 4 (Э – 1) анықталады, мұнда Э – қабаттар саны. Қабаттың биіктігі 3 метрге тең болғанда, бес қабатты ғимарат үшін Нтиім.тр= 18,5 м; сегіз қабатты үшін – Нтиім.тр. = 26 м және т.б.

6.17. ХСПН белгілеу бойынша материалдар нақты меншікті су тұтынуды ХСПН жан-жақты сақтау кезінде оның күтілетін мәнімен салыстыруға және осы абаттандыру дәрежесінің тұрғын үй қорында су ысыраптарының шамасын бағалауға мүмкіндік береді. Таңдаманы жеткілікті ұсыну мен оны қалыптастырудың кездейсоқ тәсілі арқасында орташа мәндер qнақты және qтүн.нақты таңдама бойынша осы абаттандыру дәрежесінің барлық тұрғын үй қоры бойынша сол сияқты орташа мәндерден айырмашылығы аз деп санауға болады.

Уақытша ХСПН сақтау кезінде меншікті орташа тәулік су тұтынудың азаюы мынадай бағалануы мүмкін:

q хспн = b1(q түн.нақты – qтүн.δ), л/тәулік∙адам (13)

Су ысыраптарының шамасыΔqыс, былай бағалануы мүмкін

Δqыс = b1(qтүн.нақт – qтүн.δшек), л/ тәулік∙адам. (14)

мұнда: регрессия коэффициенті b1=20,5 – 0,007qнақты ;

qтүн.δ.шек–түнгі меншікті су тұтыну, пайдалы ретінде шартты қабылданатын(6.10-т. қара).

6.18. Ай сайын су тұтынудың анық көрсетілген теңсіздігі кезінде бір мезгілде ХСПН-мен бірге маусымдық теңсіздік коэффициенттерін белгілеу орынды. Әр ай үшін ауыспалы коэффициенттер таңдама бойынша тиісті Кай коэффициенттердің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталуы мүмкін.

6.19. ХСПН тұрғын үй қорын абаттандырудың негізгі емес дәрежесі үшін 2-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген меншікті су тұтыну шамаларының арақатынастарын ескерумен анықталады. Сонымен қатар қайта есептеумен анықталатын шама негізге қабылданады. Егер ХСПН абаттандырудың екі негізгі дәрежелері үшін белгіленген болса, онда qн.δекі рет анықталады және есептік ретінде орташа мән қабылданады.

6.20. ХСПН белгілеу бойынша материалдар дайындау және оларды ресімдеу тәртібі Әдістемеде келтірілген есептеу мысалдарында суреттермен көркемделген (8-бөлім).

6.21. Негізінде тұтынылған су үшін халықпен есептесу жүргізілетін меншікті су тұтыну көрсеткіштері шекті ХСПН шамасы осы абаттандыру дәрежесі үшін орташа өлшенген ретінде анықталады (4.9.-т. қара).

Табиғи өлшемдер өткізілген абаттандыру дәрежелерінің тұрғын үй ғимараттары үшін Нэфжәне Ппараметрлердің орташа мәні Нэф және П (таңдама бойынша орташа мән – 6.11.-т. қара)ретінде анықталуы мүмкін. Бұл ретте, желідегі су қысымының жақын 5 жыл ішінде күтілетін өзгерісін ескерген жөн (мысалы, сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға, көп қабатты ғимараттарды басымды салуға байланысты және т.б.).

Қалған абаттандыру дәрежелерінің тұрғын үй қоры үшін П мәнін 6.1.-тармақта көрсетілген ұқсас белгілеу, ал қысым мәнін мынадай формула бойынша анықтау керек:

Нтиім.орт. = Нкірме орт. – 0,5 Нғимарат ,

мұнда: Нкірме орт–ғимаратқа кірмелерде орташа су қысымы Қызмет көрсетушінің деректері бойынша немесе абаттандырудың негізгі дәрежелі ғимараттарында таңдамалы табиғи өлшемдердің қорытындылару бойынша қабылданады, м.

Нғимарат – ғимарат биіктігі, м.

6.22. Маусымдық теңсіздікті есепке алу тұрғындар су үшін төлеген кезде жүргізілмейді.

6.23. Тұрғын үй ғимараттарында суды есепке алу аспаптары арқылы су тұтынуды есепке алу болғанда және шекті ХСПН сақталған жағдайда жалпы тұрғын үй қоры бойынша барлық нақты сатылатын суды халық төлейтін болады. Тұрғын үй ғимаратына кірмелерде суды есепке алу аспаптары болмағанда және су ысырабын іс жүзінде толық жоюға бағдарланған белгіленген көрсеткіштер бойынша су үшін төлеу кезінде Қызмет көрсетуші нақты берген су сатылған ретінде саналмайтын болады. Бұл оны тұрғын үй ғимараттарына кірмелерде суды есепке алу аспаптарын орнатуға, ал үй иелерін жеке есепке алу аспаптарын орнатуға ынталандыруы тиіс, мұның өзі су ысыраптарына қарсы сәтті күрестің шартының бірі болып табылады.

6.24. Кондоминиум объектілерінің меншікті мұқтажына су тұтынуды пайдалану нормативтерін 2-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес белгілеу ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет