Қысқаша мазмұны: «Өндірістік биотехнология негіздері» курсының пәні және міндеттері. Тірі объектілердің тіршілігінің немесе түрі биохимиялық үрдістердің негізінде биоөнімдердің кең спектрін шығарушы биоиндустрия сияқты биотехнологиялық өндірістер. Биотехнологиялық өндірістің перспективасы. Биотехнологиялық өндірістің объектілері ретінде микроағзалардың маңызы. Микробды жасушалардағы зат алмасу жылдамығы, мысалдар (екіеселену уақыты, екіншілік метаболиттерді синтездеу қабілеттелегі, метаболиттік реакциялардың жылдамдығын реттеу мүмкіндігі). Биотехнологияда генді инженерия әдісімен алынған мутантты және гибридті продуценттерді қолдану. Биоөндіріс типіне байланысты түрлі микроағзалар штаммаларын қолдану. Биотехнологиялық өндірістердің сипаттамасы (ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеумен айналысатын тағамдық және ашыту өндірістері, онда микроағзаларды қолдану технологиялық циклдың қандай да бір кезеңімен шектеледі). Биотехнологиялық өндіріске арналған шикізаттардың жалпы сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар мен шектеулер. Микроағзаларың біріншілік жәе екіншілік метаболиттері. дәнді-дақылдардың, картоптың және мелассаның негізінде спирт алу кезінде қолданылатын дрожжи-сахаромицеттердің сипаттамалары. Лактозаны ыдыратуға қабілетті лактозаашытқыш дрожжилардың сипаттамасы, оларды сүтті, сүт сарысуын субстрат ретінде қолдану кезінде спирт өндіру үшін қолдану. Сүтқышқылды бактериялардың спаттамасы, сүт қышқылын және басқа да сүт қышқылды өнімдерді алудың биотехнологиялық үрдістерінде қолдану. Органикалық қышқылдардың, аминқышқылдардың және дәрументердің, ферментердің продуцент – микроағзалары. Лимон қышықлын алуға арналған субстраттар (меласса, мұнайдың н-алкандары және т.б.). Микроағзалар – екіншілік метаболиттердің продуценттері. Арзан субстраттарда (меласса, сүт сарысуы, салома гидролизаты, н-алкан және т.б.) өсірілген дрожжи биомассаларын қолдану негізінде азықтық ақуыз өндірісі. Микроағзалардың өсуінің негізгі кезеңдері және көрсеткіштері. Биореакторлар түрлері. Мерзімді және үздіксіз культивирлеу (хемостат, турбидостат, оксистат). Биотехнологиялық өндірісті құрастыру кезеңдері – зертханалық регламент (штаммаларды, субстраттарды таңдау, культивирлеу жағдайлары, биореакторлардың конструкциялары, саңғы өнімді бөліп алу әдістері және сапасын бағалау, технологиялық сұлбасы), бақылау-өндірістік сынау, өнеркәсіптік өніріс. Кезеңдердің сипаттамасы. Микробиологиялық синтез өнімерінің түрлері. Құрамында негізгі компоненті тіршілігі сақталған микроағзалары бар препараттар (бактериалды тыңайтқыштар, ашытқылар және т.б.).
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Биологиялық объектілердің метаболиттерін, биотехнологиялық өндіріске арналған шикізатты (субстраттарды) қолдануға қойылатын талаптарды біледі.
Іскерлігі: Биотехнологияны қолдануды құрастыру кезінде алған білімін қолдана алады.
Дағдысы: Стерильді жағдайларды сақтау, биомасса және метаболиттерді алу әдістерін қолдану, өндірістік биотехнология туралы білімін қолдану дағдысы қалыптасқан.
Құзіреттілігі: Өндірістік биотехнология саласындағы маманның кәсіби сапасын және базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к., доцентм.а. Молдабаева Ж.К.
Профильді пәндер– 19 кредит
|
Білім беру траекториясы – Тағамдық биотехнология
|
1
|
BPBV 0301
|
Ақуызды заттарды өндіру биотехнологиясы
Кредит көлемі– 3 (1+1+1), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер – 65 кредитов.
Постреквизиттер- «Тағам биотехнологиясы», «Сүт өнімдерінің өндіру биотехнологиясы», «Тағамдық микробиология және санитарлық гигиена», «Биотехнологияда ғылыми зерттеу негіздері», «ББЗ және препараттарды микробиологиялық өндіру», «Сүт өнеркәсібінде ферментті препараттарды қолданудың заманауи технологиясы».
Оқу мақсаты: Ақуызды –көмірсу шикізатын қолдану кезінде әртүрлі микробты синтез өнімдерін өндіру технологиясы жайында қазіргі білім жағдайын оқу.
Қысқаша мазмұны: Микробтық ақуыз, мипкробиологиялық синтездегі тағамдық ақуыздардың медико – биологиялық проблемалары. Ақуызды биотехнологиялық өндіру. Шикізат базасы: сутегі (мұнай), табиғи газ, спирт және синтез газдарды өндіру, сірке қышқылы, гидролиз өндірісіндегі қалдықтар. Ақуызды заттарды өндіру технологиясы, липидтердің микробтық синтезі, технологиялық схема. Көмірсулардан, көмірсу шикізатынан, гидролизаторлардан тағамдық биомасса жасаудың технологиясы. Микробтық липидтерді, ферменттік препараттарды жасаудың технологиясы. Гормондар және дәрумендерді алу технологиясы.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Микробты синтез өнімдерін өндіру технологиясын, аминқышқылдарды, органикалық қышқылдарды, дәрумендерді, ферменттерді, сүт сарысуы мен мелассаны қайта өндеу негізінде алынған майларды алу технологиясын біледі.
Іскерлігі: Алынған білімді ББЗ өндіру кезінде қолдана алады.
Дағдысы: Зертханада жұмыс істеуді, стерильді жағдайды ұстауды, биомасса мен метаболиттерді алуды дағдылану.
Құзіреттілігі: Биологиялық белсенді заттарды өндіру биотехнологиясы аймағында маман базалық білім мен кәсіби сапаларын көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к.; аға оқытушы Мирашева Г.О.
|
2
|
BPMP 0302
|
Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы (курстық жұмыс)
Кредит көлемі-3 (1+1+1), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер-101 кредит.
Постреквизиттер-«Биотехнологиядағы ғылыми зерттеу негіздері». «Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау».
Оқу мақсаты: Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы аймағында өндірістік және зерттеу іс-әрекеті үшін қажетті білімді игеру.
Қысқаша мазмұны: Сүт құрамы мен қасиеті –биотехнологиялық үрдістер үшін объект ретінде. Биологиялық, тағамдық және энергетикалық құндылығы. Ферменттелген сүт өнімдері үшін бактериалдық препарттар. Сүт өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдердің жіктелуі . Бактериалды препарттарды таңдау. Бактериалды ашытқыларды қалыпқа келтіру. Бактериалды препарттарды өндірістік жағдайларда дайындау және қолдану. Ашытқылардың технологиясы. Ашытқылардың түрлері және оларды таңдау ерекшеліктері. Ферментті препараттарды қолдану. Сүт өнеркәсібінде қолданылатын ферментті препараттардың түрлері. Қайта өндеу үрдісі кезінде сүт компоненттерінің биохимиялық өзгерістері. Сүт қантының ашуы. Спирттік, пропионқышқылды және май қышқылды ашу. Сүт қышқылды өнімдер мен сусындарды өндіру биотехнологиясы. Ірімшіктерді өндіру биотехнологиясы.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Өндірістік және зерттеу мәселелерін шешу үшін сүт өнімдерін көлемде өндіру биотехнология негіздерін сонымен қатар сүт өнімдерін және олардың жеке компоненттерін бақылаудың заманауи әдістерін біледі.
Іскерлігі: Сүт өнімдерін өндіруді және сапасына баға беруді ұйымдастыра алады.
Дағдысы: Зертханада жұмыс істеуді дағдыланады, сүттен дайындалатын сүт өнімдерін өндірудің технологиялық режимдерін меңгереді, өнім есептерін жүргізеді .
Құзіреттілігі: Сүт өнімдерінің биотехнологиясы аймағында маман базалық білім мен кәсіби сапаларын көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент Сатиева Б.Г., аға оқытушы Кундызбаев Д.К.
|
3
|
ONI 0303
|
Биотехнологияда ғылыми зерттеу негіздері.
Кредит көлемі-3 (1+0+2), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер-101 кредит.
Постреквизиттер- «Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы», «ББЗ және препараттарды микробиологиялық өндіру», «Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау».
Оқу мақсаты: Инженер –эксперттің іс-әрекеті аймағынан пәндік білім алу.
Қысқаша мазмұны: Халықты сапасы жоғары және әртүрлі тағам өнімдерімен тұтынуның толық қанағаттандырудың негізгі бағыттары. Салауатты өмір салты және рационалды тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тағам өнімдерінің толық құндылығының сипаттамасы; олардың тағамдық, биологиялық, энергетикалық құндылығы. Балансталған тамақтану жүйесінде ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендердің, минералды заттардың маңызы. Тамақтану режимі. Өнімдерді өндірудің технологиялық принциптері. Өнімдерді өндіру әдістерінің жіктелуі.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Ғылыми игерудің методологиялық негіздерін, теоретикалық және эмпирикалық зерттеу әдістерін, метатеоретикалық дәреже әдістерін, ғылыми -техникалық шығармашылығының теориялық және методологиялық элементтерін және ғылыми –зерттеу жұмысының кезеңдерін біледі.
Іскерлігі: Ғылыми зерттеу негіздері бойынша жұмыстарды жобалау және жүргізу үшін компьютерлік технологияларды қолдана алады, өлшеу нәтижелерін өндеу әдістері және олардың дұрыстылығын сараптай алады.
Дағдысы: Зертханада, ақпаратты-ізденуші жүйемен, ғылыми-техникалық патентті ақпаратпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады, ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуді ұйымдастыру дағдысы қалыптасады.
Құзіреттілігі: Ғылыми зерттеулер негізі аймағында маман базалық білім мен кәсіби сапаларын көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Кундызбаев Д.К.
|
4
|
PBPPPP 0304
|
Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау (курстық жобалау)
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте – 3
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер – дипломдық жобалау.
Оқу мақсаты:Тағам өндіріснің маманына сәйкес білім алу, курстық және дипломдық жобаларды орындауда алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу.
Қысқаша мазмұны: Сүт өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау негіздері, жеке өндірістерді жобалау принциптері, олардың арасындағы байланыс, кәсіпорындардың технологиялық құрылымы, жобалардың құрамы мен типтері, жобалардың технико-экономикалық негіздемесі, өндірісті реконструкциялау принциптері.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Жұмыс істеуші кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтау және реконструкциялау бойынша негізгі бағыттарды біледі.
Іскерлігі: Өнім есептерін және аудан есептерін есептей алады, зауыттар жоспарларын, қималарын және бас жоспарларын жобалайды.
Дағдысы: Сызбалармен жұмыс жасауды дағдыланады, ғимараттармен құрылыстарды жобалайды.
Құзіреттілігі: Тағам өнімдерінінің өндірісі бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын айқындайды.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Құндызбаев Д.К., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.
|
5
|
EPP 0305
|
Тағам өнімдерінің экспертизасы
Кредит көлемі –2 (1+0+1), ECTS кредитте - 3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – «Тағамдық биотехнология», «Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы», «Биотехнологияда ғылыми зерттеу негіздері», «Тамақтану физиологиясы», «Тағамдық микробиология және санитарлық гигиена».
Оқу мақсаты: Азық-түлік тауарларының экспертизасы туралы теориялық білімді меңгеру, экспертизаларды өткізу және жазудың тәжірибелік дағдыларын иелену.
Қысқаша мазмұны: Азық-түлік тауарларын сараптаудың теориялық негіздері, азық-түлік тауарларының тауарлық сараптамасы, азық-түлік тауарларының санитарлық- эпидемиологиялық сараптамасы, азық-түлік тауарларының ветеринарлық- санитарлық сараптамасы. Сапасыз және қауіпті тағам өнімдерін сараптау.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Белгілі бір буып-түю материалың қолданғанда тағам өнімдерінің сақтау кезінде пайда болатын химиялық ферментативтік, микробиологиялық және физикалық өзгерістер туралы; буып-түю материалдары, құралдары және машиналары туралы және буып-түю материалына қойылған талаптар туралы біледі.
Іскерлігі: Буып-түю материалдарының беткі бөлігімен жанасатын жеке тағам өнімдерінің сезімталдығын анықтай алады.
Дағдысы: Тағам өнімдері үшін буып-түю материалдарын өндіру кезінде әртүрлі буып-түю материалдарын қолдану бойынша жұмыс істеуді дағдыланады.
Құзіреттілігі: Тағам өнімдерін сараптау аймағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Кәкімова Ж.Х., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.
|
6
|
IUSBP 0306
|
Биотехнологиялық өндірісте көмірсу шикізатын қолдану
Кредит көлемі – 2 (1+0+1), ECTS кредитте - 3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Биоиндустрияда биологиялық белсенді заттарды қолданудың заманауи технологиясы», «Тағам өндірісінде ферменттік препараттарды қолдану», «Ғылыми зерттеу негіздері».
Оқыту мақсаты: Ақуызды-көмірсу шикізатын қолдану кезінде микробты синтездің әртүрлі өнімдерін өндіру техникасы туралы білімнің заманауи жағдайын жарықтандыру.
Қысқаша мазмұны: Биотехнологияның қазіргі жағдайы, сүт сарысуы-өндірістік биотехнология үшін көмірсу шикізаты ретінде сүт сарысуының құрамы мен қасиеттері. Сүт сарысуының микрофлорасы лактозаның ашу негізінде сүт сарысуын өндеу этил спиртін алу технологиясы Рибофлавин алу технологиясы.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Микробты синтез өнімдерін өндіру технологиясын, аминқышқылдар, органикалық қышқылдар, дәрумендер, ферменттер, сүт сарысуын және мелассаны өндеу негізінде майларды өндіру технологиясын біледі.
Іскерлігі: Биотехнологияда жетілдіру және қолдану кезінде алған білімдерін қолдана алады.
Дағдысы: Стерильді жағдайларды ұстау дағдысын меңгереді, биомасса және метаболиттерді алу әдістерін зертханада жұмыс істеуді дағдыланады.
Құзіреттілігі: Биотехнологиялық өндірісте көмірсу шикізатын қолдану аумағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.
|
7
|
IFPPP 0307
|
Тағам өндірісінде ферменттік препараттарды қолдану
Кредит көлемі – 2 (1+0+1), ECTS кредитте - 3
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер – «Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы», «Биотехнологияда ғылыми зерттеу негіздері», «Биотехнологиядағы иммобилденген ферменттер», «Инженерлік энзимология».
Оқу мақсаты: Тағам өндірісінде ферменттік препараттарды алу және қолдану бойынша білім алу, дағдылану.
Қысқаша мазмұны: Ферменттер –биоорганикалық катализаторлардың жаңа типі. Ферменттерді қолдану әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, табиғтта кездесетін жоғары тұрақты биокатализаторлар, мезофильді және термофильді микроорганизмдер ферменттері, тағам өндірісінде жаңа технологиялық процестерді жасау үшін эммобилденген ферментті катализаторларды қолданудың тактикалық және стратигиялық мәселелері.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Заманауи ферменттердің жіктелуін, тағам өндірісінде ферменттік препараттарды қолданудың негізгі әдістерін біледі.
Іскерлігі: Өндірісте ферменттерді квалификациялы қолдана алады, тағам өнімдерін сақтауда және тасымалдауда ферменттерді квалификациялы қолдана алады.
Дағдысы: Ферменттік препараттарды алу бойынша зертханада жұмыс істей алуды, олардың белсенділігін анықтау, сонымен қатар тағам өнімдері өндірісінде қолдануды дағдыланады.
Құзіреттілігі: Тағам өндірісінде ферменттік препаратттарды қолдану аймағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. доцент Сатиева Б.Г., аға оқытушы Құндызбаев Д.К.
|
8
|
STIBAVB 0308
|
Биоиндустрияда биологиялық активті заттарды қолданудың заманауи технологиялары.
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте - 3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – «Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы», «Биотехнологияда ғылыми зерттеу негіздері», «ББЗ және препараттарды микробиологиялық өндіру».
Оқу мақсаты: Студенттердің тағам өндірісінің маманы аймағында білім алу.
Қысқаша мазмұны: Ферменттердің, гармондардың және дәрумендердің жіктелуі. Катализ және активация энергиясы. Метабализді реттеу. Ферменттер мен гармондардың әрекет етуі механизмі. Ферменттерді алу көздері және қолданысы. Дәрумендердің өндірісі. Ферментативті препараттарды бөліп алу және тазалау технологиясы. Иммобилденген ферменттер. Клеткаларды иммобилдеу. Ферменттерді және клеткаларды қолдану арқылы жүретін өндірістік процестер. Ферменттерді иммобилдеу әдісі. ББЗ микробиологиялық, тағамдық және медициналық өндірісте қолдану. ББЗ қолдануда экологиялық және генетикалық қауыпсіздік.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: ББЗ-ның заманауи жіктелуін,өндірістің әртүрлі салаларында ББЗ-ды қолданудың заманауи аспектілерін, негізгі ББЗ-ді өндірудің технологиялық сұлбаларын біледі.
Іскерлігі: ББЗ-ды жіктей алу ББЗ-ның негізгі алу көздерін және қолданысын анықтай алады.
Дағды: ББЗ-ды өндірудің технологиялық сұлбаларды құрау, ферменттерді иммобилдеу аумағында теориялық білімін қолдануды дағдыланады.
Құзіреттілігі: Биоиндустрияда ББЗ-ды қолдану аймағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.
|
9
|
MBMMP 0309
|
Ет және сүт өндірісіндегі микробиология және биотехнология
Кредит көлемі – 3 (2+0+1), ECTS кредитте -4,5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – «Тағамдық биотехнология», «Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы», «Ет өндірісіндегі функционалды стартерлі культуралар», «Тағам өндірісі бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау».
Оқу мақсаты: Студенттердің тағам өндірісінің маманы аймағында білім алу.
Қысқаша мазмұны: Ет және сүт өнімдерін өңдеу және сақтаудың технологиялық процестеріне микроорганизмдердің әсері. Ет және сүт өнімдерін микробиологиялық зерттеу әдістері. Ет және сүт өнімдерінен адам ағзасына жұғатын патогенді микроорганизмдерді индикациялау және идентификациялау. Ауылшаруашылық өнімдерді өндірудің микробиологиялық бақылау әдістері. Ет және сүт өндірісінде тәжірибеде қолдану үшін табиғи штаммаларды оқу.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Технологиялық процестер мен микроорганизмдер арасындағы байланысты біледі, патогенді микроорганизмдерді индикациялау және идентификациялау жолдарын біледі.
Іскерлігі: Ет және сүт өнімдері арқылы адамға жұғатын патогенді микроорганизмдерді анықтау үшін идентификацияны жүргізе алады.
Дағдысы: Зертханада жұмыс істеуді дағдыланады, ет және сүт өнімдерін микробиологиялық зерттеудің заманауи әдістерін қолдануды дағдыланады.
Құзіреттілігі: Ет және сүт өндірісінде алған білімдерін тәжірибеде қолдану аймағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.к.Блейм Т.Н..
|
10
|
BPP 0310
|
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте - 3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – «Тағамдық биотехнология», «Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы», «Тағамдық микробиология және санитарлық гигиена».
Оқыту мақсаты: Сынау және бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу әдістерінің негізгі ережелері туралы, тәжірибелік эксплуатация жағдайында, полигондарда, өндірістік кәсіпорындарда және жобалық ғылыми-зерттеу ұйымдарында әртүрлі өндіріс салаларының бұйымдарын зерттеу, анықтау және бақылау сынауларын өткізудің ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық мәселелерін шешу кезінде білімдерін қолдану үшін сынау нәтижелерін өндеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі ғылыми-тәжірибелік ережелері. Құқықтық және нормативті аспектілер. Азық-түлік қауіпсіздігі аймағында Мемлекеттік реттеу. Шикізат пен тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі. Тағам өнімдерінің, материалдарының және бұйымдарының сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар. Азық-түлік қауіпсіздігінің халықаралық аспектілері. Азық-түлік шикізатының және тағам өнімдерінің химиялық және биологиялық текті ксенобиотиктермен ластануы. Микробты этиологияның тағамдық улануы. Тағамдық токсикоинфекция. Микробты емес этиологияның тағамдық улануы. Түрлері, әрекет ету механизмі, жіктелуі, профилактикасы.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Қауіпсіздік және оның түрлерін, қауіпсіздік көрсеткіштерін, өнім сапасының көрсеткіштерін, өнім сапасының жоғырылануын, өнім сапасы туралы мәліметтерді сараптау әдістерін, азық-түлік өнімдерінің және шикізатының сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық талаптарды біледі.
Іскерлігі: Өнім сапасын жоғарылатуды болжау және жоспарлау кезінде өнім сапасының көрсеткіштерінің құрамын анықтай алады, өнім сапасы туралы мәліметтерді сараптау әдістерін және ақаулардың себептерін анықтау әдістерін қолданады, өнім және процестер сапасын бақылау әдістерін қолдана алады.
Дағдысы: Өнімнің әртүрлі түрлерінің сапа көрсеткіштерін таңдау және есептеуді, өндірісті жетілдіру үшін өнім сапасын бақылау бойынша мәселелерді шешуді, өнімнің сапасын бақылауға арналған бақылау-өлшеуіш және сынау аппараттарында жұмыс істеуді дағдыланады.
Құзіреттілігі: Бұйым сапасының деңгейін бағалау үшін сапа көрсеткіштерін, номенклатураны таңдауды негіздеу мәселелерінде, сапа деңгейін бағалау әдістері және бақылаушы бағалау алгоритмі аймағында білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Кәкімова Ж.Х., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.
|
11
|
BPOPP 0311
|
Тағам өндірістерінің қалдықтарын қайта өндеу биотехнологиясы
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте - 3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – «Тағамдық биотехнология», «Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология».
Оқыту мақсаты: Өндіріс қалдықтарын жою, рекупирлеу және қайта өндеу мәселелері бойынша және осы аймақта тәжірибелік сұрақтарды шешуге бағыттауда студенттерді теориялық және тәжірибелік дайындау.
Қысқаша мазмұны: Экономиканың техногенді дамуының шектелуі. Аз шығынды технологиялар ұғымы. Ресурс жинақтаушы технологияларды құрудың жалпы принциптері. Қалдықтардың жіктелуі және сипаттамасы. Қатты қалдықтарды жоюдың жалпы принциптері мен әдістері. Газ текті қалдықтарды жоюдың жалпы принциптері мен әдістері. Шаңды рекуперлеу. Ауыл шаруашылық қалдықтарды жою. Тағам өндірісінде қолданылатын химиялық заттар, су тұндырғышқа қалдық заттарын төгу, су ресурстарын екінші рет қайта қолдану тағам өндірісінде кең мүмкіндіктерді ашады. Қалдықтарды өндеу ыбиотехнологиясы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |