Базалық пәндер – 29 кредит |
1
|
Ped 0201
|
Педагогика
Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3
Пререквизит- жоқ.
Постреквизит- жоқ.
Оқыту мақсаты: Педагогикалық қызметтің және іскерліктің объектілеріне қатысты білімді, олармен басқару дағдысын қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Педагогиканың пәні және міндеттері. Қалыптасу философиясы. Педагогикалық зерттеудің түсініңтері. Педагогикалық үрдіс бүтін жүйе ретінде. Педагогтың кәсіби қызметі және тұлғасы. Педагогикалық әңгімелесудің технологиясы. Тәрбиелеу факторлары. Дамудың жастық және жеке ерекшеліктері. Білімнің мазмұны тұлғаның даму құралы ретінде. Оқыту түрлері. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Сабақ жүйе ретінде. Оқыту әдістері. Балалар ұжымы. Білімді есепке алу және бақылау әдістері.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Педагогиканың негізгі категорияларын біледі; педагогикалық қызметті меңгерудің әдістеріне ие; педагогика ғылымының категориалды құрылымын біледі.
Іскерлігі: Педагогикалық қызметті талдай алады; педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын түсінеді.
Дағдысы: Кәсіби қызметінде пелагогикалық білімін қалай қолдану керектігі туралы түсінігі бар.
Құзіреттілігі: Бүтін педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда базалық және жалпы меңгерген білімін, оқу-тәрбие жұмысын басқару қабілеттелегін, педагогикалық жұмысында әдістерді, формаларды және технологияларды таңдау дағдысын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының доценті Аубакирова Р.Ж.
|
2
|
InG 0202
|
Инженерлік графика(курстық жұмыс)
Кредит көлемі: 3 (1+2+0), ECTS кредитте – 4,5
Пререквизиттер: 31 кредит.
Постреквизиттер: «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Тағам өнімдері өндірісінің биотехнологиялық кәсіпорындарын жобалау», «Биотехнологиялық жабдықтар».
Оқыту мақсаты: Студенттерге одан әрі мамандану пәндерін және мамандық бойынша іс жүргізуге қажетті білім негізін үйрету; кеңістік елесін дамытып логикалық дұрыс ойлауға;графикалық кескідердің жазықтықта өз ара орналасуы тәсілдерін зерттеу; сызуларды жетілдіру, оларды оқу, мемлекеттік және халықаралық ISO стандарттар бойынша орындау.
Қысқаша мазмұны: Сызулардың негізгі теориясы, сызуларды оқу және құру ережелері, позициондық негіздер, кешенді сызулардың жасалу әдістері, қисық сызықтар, түрлері, қиылысу жолдары, ою және оюлық қосылыстар, сваркілеу, пайка, эскиздер, жұмыстық сызулар, нормативті – техникалық құжаттар.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: «Конструкторлық документацияның бірынғай жүйесі» (ЕСКД – Единая система конструкторской документации) негіздерін біледі; сызуларды жетілдіру, оларды оқу үшін халықаралық ISO стандарттарын біледі; нүкте, түзу, жазықтық, беттер салу үшін кескіндердің негізгі салу тәсілдерін теориясын біледі; негізгі шығару және дәлелдеуді, оларды нақты есептерді шығаруда қолданылуды біледі; берілген кескіндері бойынша олардың геометриялық қасиеттерін анықтайды; графикалық кұжаттарды зерттеулерде қолданылатын негізгі әдістердің мәнін түсінеді; алған білімдерін басқа да пәндері оқуда пайдалана алады.
Іскерлігі: Кескіндер бойынша бөлшектердің геометриялық формаларын анықтай алу және бұл кескіндерді бөлшектерден немесе бұйым және оның элементтерінің чертеждарынан кескіндей алады.
Дағдысы: Графикалық құжаттамаларды жетілдіру, орындау және безендіру бойынша халықаралық ISO стандарттарымен жұмыс істеуді дағдыланады.
Құзіреттілігі: Инженерлік графика аумағында алған білімдерін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: Тохтаров Ж.Х.
|
3
|
MAPP 0203
|
Тағам өнімдерін сараптау әдістері
Кредит көлемі-3 (1+1+1), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер-65 кредит.
Постреквизиттер-«Тағам биотехнологиясы», «Тағам өнімдерін өндіру биотехнологиясы», «Ақуызды заттар биотехнологиясы» «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Ғылыми зерттеу негіздері».
Оқыту мақсаты: Шикізат пен тағам өнімдерін заманауи әдістермен сараптауын оқу, соның негізінде нысандарды аналитикалық әдіспен зерттеуге таңдау жасалынады.
Қысқаша мазмұны: Тағам өнімдерінің жіктелуі, тағам өнімдерінің құрамы мен компоненттері, тағам өнімдері- полидисперсті жүйе ретінде, тағам өнімдерін өндірудегі биохимиялық өзгерістер, тағам өнімдерінің компоненттерін зерттеу әдістері, тағам өнімдерінің компоненттерін өңдеу, тасымалдау және сақтау кезіндегі физико-химиялық өзгерістер.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Өндірістік және зерттеу мәселелерін шешу үшін қажетті зерттеу әдістерінің негіздерін толық көлемде біледі, тағам өнімдерін заманауи әдістермен зерттеу жайлы біледі.
Іскерлігі: Өздігімен тағам шикізатына, жартылай фабрикатқа және дайын өнімге сараптама жүргізе алады және сапасына баға бере алады.
Дағдысы: Тағам шикізатына, жартылай фабрикатқа және дайын өнім сапасына өздігімен баға бере алу дағдысы пайда болады.
Құзіреттілігі: Тағам өнімдерін сараптау аймағында базалық білімді көрсете алады, алған білімді тәжірибеде қолдана алу қабілеті, тағам шикізатының, жартылай фабрикаттың және дайын өнімнің сапасын өздігімен бағалай алу дағдысы қалыптасады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент Сатиева Б.Г., аға оқытушы Кундызбаев Д.К.
|
4
|
GOP 0204
|
Тамақтанудың гигиеналық негіздері
Кредит көлемі-3 (1+2+0), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер-31 кредит.
Постреквизиттер- «Тағам биотехнологиясы», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Ет және сүт өндірісіндегі микробиология және биотехнология», «Ғылыми зерттеу негіздері», «Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау».
Оқыту мақсаты: Тамақтану туралы ғылым аумағында студенттерде білім, іскерлік және дағдыларын қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Санитарлы-эпидемиологиялық қызметі туралы жалпы түсініктер. Тамақтану туралы ғылымында қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар. Тамақтың компоненттерінің гигиеналық сипаттамалары. Рацианалды тамақтану негіздері. Рационалды тамақтану. Тепе-теңдірілген тамақтанудың концепциясы. Тамақтанудың басқа да жүйелері. Адекватты тамақтанудың теориясы және оның қолданылуы. Қазіргі кездегі адамның тамақтануының рационы. Тағамдық өнімдердің классификациясы. Тағамдық заттарды, энергияны және тікелей тағамдық өнімдерді тұтыну нормалары. Тұрғындардың жеке тобының тамақтануы. Балалардың және жасөспірімдердің тамақтануын ұйымдастыру. Жеткіліксіз және артығымен тамақтану мәселелері. Сауда-саттық өнімдерінің сапасын қалыптастыру және басқарудың негізгі принциптері. Бөгде заттармен сауда-саттық шикізаттарының және өнімдерінің ластануы. Тағамдық шикізаттардың және өнімдердің микроағзалармен ластануы. Өнімдердің химиялық элементтермен ластануы және осы факторлардың адам денсаулығына әсері. Антиалиментарлы факторлар. Минералды заттардың сіңімділігін төмендететін факторлар. Стандартизация және сертификация органдарымен өзара байланыс. Тамақ өнімдеріне қойылатын СанПиН талаптары мен ережелері. Зертхана бөлмелеріне, сауда, өндіріс объектілеріне қойылатын талаптар. Өндірістік санитария, жеке басының гигиенасы.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Тамақтану туралы ғылымның негіз болатын теориялары, тамақтану туралы ғылым теориясында әртүрлі бағыттардың сипаттамалары, азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің ластану мәселелері, тамақтанудың гигиеналық негіздері, адам денсаулығына тамақтану рационының әсері, өнімдердің сәйкестілік принциптерін біледі.
Іскерлігі: Әртүрлі халық топтарына тамақтану рационын есептеу үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданып, адамның тағамдық заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілік нормаларының нәтижелерін өндеудің әртүрлі әдістерін қолдана алады.
Дағдысы: Әртүрлі сапалық көрсеткіштер бойынша азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерін зерттеу жұмыстарын дағдыланады.
Құзіреттілігі: Тамақтану гигиенасы аумағында базалық білімін және маманның кәсіби сапасын көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Кәкімова Ж.Х., т.ғ.к. Толеубекова С.С.
|
5
|
BOb 0205
|
Биотехнологиялық жабдықтар
Кредит көлемі-3 (1+2+0), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер: «Тағам өнімдері өндірісінің биотехнологиялық кәсіпорындарын жобалау», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Тағам өнімдерінің реологиясы».
Оқыту мақсаты: Биотехнологиялық машиналар мен аппараттар, олардың эксплуатациясы аумағында студенттерге негізгі білім беру және оны болашақтағы инженерлік қызметінде қолдана алуы.
Қысқаша мазмұны: Тағам өнімдерінің машиналары мен аппараттары туралы жалпы мағлұматтар. Тағам өнеркәсі инженерлерінің мәселелері және оларды шешудің машиналы-аппаратты нұсқалары. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды дайындауға арналған құрал-жабдықтар. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды өңдеу кезінде жылу және массаалмасу үрдістерін жүзеге асыру үшін қолданылатын құрал-жабдықтар. Микроағзалық үрдістерді жүргізуге арналған құрал-жабдықтар. Шикізаттар мен жартылайфабрикаттарды электрофизикалық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар. Мәрелі операциялардың орындалуын механикаландыратын құрал-жабдықтар.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: «Биотехнологиялық жабдық» курсының негізгі заңдарын (базалық) біледі.
Іскерлігі: Биотехнологиялық машиналар мен аппараттар эксплуатациясын орындай алады.
Дағдысы: Бұл білімді теориялық және тәжірибелік мақсаттарда қоладануды дағдыланады.
Құзіреттілігі: Биотехнологиялық жабдықтарды эксплуатациялау бойынша базалық білім алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. доцент м.а. Б.Б. Кабулов
|
6
|
OSMS 0206
|
Стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері.
Кредит көлемі-2 (1+1+0), ЕСТS кредитте-3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер- «Сапа менеджменті жүйесі», «Тара және орауыштардың қазіргі заманғы түрлері», «Ашыту өндіісінің биотехнологиясы», «Сүт өнімдерінің биотехнологиясы», «Тағам өнімдері өндірісінің биотехнологиялық кәсіпорындарын жобалау».
Оқыту мақсаты: еліміздің халықаралық сертификаттау жүйесіне, Халықаралық сауда ұйымына (ХСҰ) енуі үшін жағдайларды қамтамасыз ете отырып кәсіпорындарымыздың сыртқы экономикалық әрекетінің заманауи дамуы үшін қажетті стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеулер аймағында студенттерді біліммен нәрлендіру.
Қысқаша мазмұны: Стандарттардың мемлекеттік жүйесі, өлшеу құралдар мен әдістерін стандарттау, ҚР метрологиялық қызметі, өлшем бірліктердің стандарттары, өлшеу құралдар мен әдістерінің классификациясы, сапаны бақылау және өнім сапасын басқару.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Заң шығарушы және нормативтiк құқықтық акттер, стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша әдістемелік материалдар; стандарттарды бақылау және өлшеулердің бірлігін ведомство аралық және ведомстволық бақылау жүйесі, физикалық шамалар бірліктерін қайта жаңғырту теориясын және олардың өлшемдерінің берілуі, өлшеулер нәтижелерін өндеу әдістері және өлшеу құралдары, олардың метрологиялық сипаттамаларын біледі.
Іскерлігі: Стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша жұмыстарды жоспарлау және өткізу үшін компьютерлік технологияларды қолдана алады; өлшеулер нәтижелерін өндеу әдістері және олардың дұрыстығының сараптамасын; өнімді сертификаттау бойынша жұмыстарды орындау кезінде өнімдер және процестер сапасын бақылау әдістерін, өнім сапасы туралы мәліметтерді сараптау әдістерін және ақаулардың себептерін табу әдістерін үйренеді.
Дағдысы: Бақылау-өлшеуіш және сынау үшін арналған техникамен жұмыс істеуді дағдыланады, өлшеу, сынау және бақылау құралдарын қолдана алады, іс- әрекеттегі стандарттар, техникалық жағдайлар және стандарттау, сертификаттау бойынша басқа да құжаттарды қайта қарай алады, кәсіпорында қолданылатын стандарттар және стандарттау мен сертификаттау аймағында басқа да құжаттарды жүйелік тексеруді жүргізе алады.
Құзіреттілігі: Стандарттау, метрология және сертификаттау аймағында базалық білімді көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент Сатиева Б.Г.; т.ғ.к., аға оқытушы Төлеубекова С.С.
|
7
|
BBP I 0207
|
Ашыту өндірісінің биотехнологиясы І
Кредит көлемі-2 (1+0+1), ЕСТS кредитте-3
Пререквизиттер-65 кредит.
Постреквизиттер- «Тағам биотехнологиясы», «Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау», «Тамақтану гигиенасы», «Биотехнологиядағы ғылыми зерттеулердің негіздері».
Оқыту мақсаты: Ашыту өндірісі биотехнологиясының теоретикалық негіздерін оқу және алған білімді тәжірибеде қолдана алу.
Қысқаша мазмұны: Ашыту өндірісі өнімдерінің жіктелуі. Қолданатын микроорганизмдер мен олардың ферментті жүйелердің түрлері бойынша, сонымен қатар олармен жүргізілетін субстратқа айналу химизмі бойынша өнделетін шикізат түрлері. Әр түрлі ашыту өндірісінің технологиялық сызбалары, уыт технологиясы, ферментті препараттарды өндіру, нан ашытқыларын өндіру, тағамдық органикалық қышқылдарды өндіру.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Ашыту өндірісінің биотехнологиялық негіздерін, ашыту өндірісінің техникасы мен технологиясын, шикізатқа, материалға және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарын біледі.
Іскерлігі: Ашыту өндірісі өнімдерінің сапасын бақылау үшін стандарттар мен техникалық шарттарды қолдана алады, шикізат, жартылай фабрикаттардың шығындалу нормаларын есептеп, технологиялық сызбалардың, машина және қоңдырғылардың тандалуын негіздей алады.
Дағдысы: Әр түрлі тағам өнімдерін өндіру кезінде технологиялық үрдістерді сараптау үшін экспериментальді мәліметтерді статистикалық өндеу дағдылары қалыптасады, зерттеулер жүргізу үшін зерттеу әдістері мен құралдарды қолдана алады, сонымен қатар зертханалық зерттеулерді жасауды дағдыланады.
Құзіреттілігі: Ашыту өндірісінің биотехнологиясы, саланың заманауи мәселелері аймағында базалық білімді көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Кәкімова Ж.Х., т.ғ.к., Мирашева Г.О.
|
8
|
BBP II 0208
|
Ашыту өндірісінің биотехнологиясы ІІ (курстық жұмыс)
Кредит көлемі-2 (1+0+1), ЕСТS кредитте-3
Пререквизиттер-101 кредит.
Постреквизиттер- «Тағам биотехнологиясы», «Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық мекемелерді жобалау», «Тамақтану гигиенасы», «Биотехнологиядағы ғылыми зерттеу негіздері».
Оқу мақсаты: Ашыту өндірісі биотехнологиясының теоретикалық негіздерін оқу және алған білімді тәжірибеде қолдана алу.
Қысқаша мазмұны: Этил спиртін өндіру, сыра өндірісі, арақ- шарап өнімдерін өндіру, әлсіз алкагольді және алкагольсіз сусындарды өндіру, сусындарды құю, жүзім және тұқымды жемісті шырындардың технологиясы.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Ашыту өндірісінің биотехнологиялық негіздерін, ашыту өндірісінің техникасы мен технологиясын, шикізатқа, материалға және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарын біледі.
Іскерлігі: Ашыту өндірісінің шикізаты мен дайын өнімінің сапасын бағалауды жүргізеді, шикізат, жартылай фабрикаттар шығындарының нормаларын есептеуді, ашыту өндірісінің технологиялық сұлбаларын құрай алады.
Дағдысы: Әр түрлі тағам өнімдерін өндіру кезінде технологиялық үрдістерді сараптауды тәжірибелік дағдыланады, зерттеулер жүргізу үшін зерттеу әдістері мен құралдарды қолдана алады, сонымен қатар зертханалық зерттеулерді жүргізуді дағдыланады.
Құзіреттілігі: Ашыту өндірісінің биотехнологиясы, саланың заманауи мәселелері аймағында базалық білімді көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Кәкімова Ж.Х., т.ғ.к. Мирашева Г.О.
|
9
|
OPM 0209
|
Кәсіпорындардағы ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент (курстық жұмыс)
Кредит көлемі –3 (1+2+0), ECTS кредитте-4,5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиты: «Сапа менеджменті жүйесі», «Тағам өнімдерінің өндірісі бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау», Курс мамандықтары бойынша курстық және дипломдық жобалау және т.б.
Оқыту мақсаты: Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін, өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару сұрақтарын зерттеу негізінде студенттерде экономикалық ойлау қасиетін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Экономика бұл адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қызмет ету өрісі және барлық экономикалық пәндердің зерттеу нысанасы болып табылады. Экономикалық өмірдің соңғы табиғи мақсаты тұтыну болса да, экономиканың ең маңызды бөлігі ретінде өндіріс қарастырылады. Оны дамытпай, нарық та болмайды, өйткені ол тауарлық массаның негізі болып табылады. «Кәсіпорындардағы ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» курсының зерттеу заты ретінде, міне, осы айтылған өндіріс және кәсіпорынның бүкіл шаруашылық қызметінің сипаттамасы болады. Өндірістік процестердің заңдылықтарын түсіну негізінде тәжірибедегі өндірістік мақсаттарды іске асырудың шаруашылық әдістерін құрастыруға мүмкіндік туады. Кез келген кәсіпорын өздігінен өмір сүре алмайды, бір жағынан ол жалпы экономикамен байланысса, екінші жағынан, өткізу нарықтарымен қызмет етеді, сондықтан да кәсіпорын экономикасы, ұйыдастыру және жоспарлау пәні жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық бірліктермен, нарықпен қарым-қатынасын зерттейді.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Түсініктер мен терминдерді біледі; өндірістік процестерді ұйымдастыру мен жоспарлаудың қағидаларын және әдістерін; өндірістің негізгі факторларын: еңбекті төлеудің түрлерін және жүйелерін; еңбек процестерін және жұмыс уақытын нормалау негіздері; жұмыс орнын және оған қызмет көрсетуді ұйымжастыру әдістемесін; персоналды басқарудың негізгі әдістерін; жұмыскерлерді еңбекке уәждеу теориясын біледі.
Іскерлігі: Кәсіпорының барлық бар қорларын пайдалану тиімділігін өсіруге бағытталған шараларды құрастыру; фирма қызметін қысқа, орташа және ұзақ мерзімдік уақытқа жоспарлау; шығындарды азайту бойынша мүмкіндіктерді анықтау; өндірістегі ағымдағы экономикалық жағдайды талдау; бизнес жоспар құрастыру; кәсіпорында еңбекке тиімді басқару жүргізу механизмдерін көрсете алады.
Дағдысы: Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есептеуді дағдыланады; өнімді шығаруға және өткізуге кеткен шығындар деңгейін дәл анықтайды; өндірістік процестер мен еңбек операцияларының құрамдас бөліктерін зерттеуді дағдыланады; жұмыскерлер еңбегін төлеудің деңгейін дұрыс анықтау дағдысы қалыптасады.
Құзіреттілігі: Болашақ маман өндірісті және еңбекті жоспарлау, ұйымдастыру, нормалау, сондай-ақ, персоналды басқару облысында құзіреттілігі болады.
Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Ахтаева С.М.
|
10
|
SМК 0210
|
Сапа менеджмент жүйесі
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитте- 4,5
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер- «Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарын жобалау».
Оқыту мақсаты: Сапа менеджменті аумағында студенттердің білім алуы.
Қысқаша мазмұны: Стандарттаудың теориялық негіздері, принциптері және талаптары. Сапа жүйесі мен басқарудың қажеттілігі. Сапа жүйесінің мақсаты. Сапа менеджмент жүйесінің енгізудегі қорытындысы. Сапа менеджмент жүйесінің негізгі сипаттамалары. Сапа менеджмент жүйесінің негізгі терминдері мен анықтамалары. Сапа менеджмент жүйесінің қажеттілігі. Менеджмент жүйесінің ресурстары. Халықаралық стандарттау ұйымы ISO. Стандарттар негізінде стандарттау мен жобалаудың дамуы. ISO қалыптасуы және дамуы. ISO стандарттарының дайындалу принциптері. ISO стандарттарының жүйесі. Сапа менеджмент жүйесінің модельдері. Сапа менеджмент жүйесін дайындау мен енгізудегі жұмыстардың негізгі этаптары. Сапа менеджмент жүйесін жобалау. Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамаларын құрастыру. Сапа менеджмент жүйесін енгізу. Өлшеу әдістерін дайындау және кәсіпорындағы әрбір процестердің нәтижелігі мен тиімділігі. Осы әдістердің тиімділігі мен нәтижелігін әрбір процесс үшін қолдану және сапа менеджмент жүйесінде толығымен пайдалану. Сапа менеджмент жүйесіндегі аудит және мониторинг. ИСО 9001; ИСО 14001; ИСО 22000; OHSAS 18001; SA 8000. Тағам өндірісі кәсіпорындарында НАССР (ИСО 22000) еңгізу.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарт құрылымы мен мазмұнын біледі- өнім және қызметті қамтамасыз ету, басқару және сапасын жақсарту аумағында негізгі терминдердер мен анықтамаларды, «сапа ілгегі» құрамы мен құрылымын, кәсіпорынның ұйымдық құрылысының принциптері, функция мен жауапкершілікті үлестіру матрицасын құру әдісін, «сапа аумағындағы саясат» құжатының құрылымын біледі.
Іскерлігі: Сапа жүйесін стандарттау мен сертификаттау бойынша жұмыстарды жоспарлау мен өткізу үшін компьютерлік технологияларды қолдана алады.
Дағдысы: ИСО 9000 сериялы стандарттармен жұмыс істеуді дағдыланады.
Құзіреттілігі: Сапа менеджменті аумағында базалық білім алады.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к.., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.
|
11
|
PMSG 0211
|
Тағамдық микробиология және санитарлық гигиена
Кредит көлемі – 3 (2+0+1), ECTS кредитте – 4,5
Пререквизиттер – 31 кредит.
Постреквизиттер – «Тағам биотехнологиясы», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Ет және сүт өндірісіндегі микробиология және биотехнология», «Ғылыми зерттеу негіздері».
Оқу мақсаты: Тағам өндірісінің маманына сәйкес білім алу, болашақта алған білімін тәжірибеде қолдана білу.
Қысқаша мазмұны: Жануарлардан адамға тағам өнімдері арқылы жұғатын зоантропонозды, тағам ауруларын туғызатын микроорганизмдермен танысу. Санитарлы- көрсеткішті микроорганизмдер. Тағам өндірісін санитарлық-микробиологиялық бақылау. Микробиологиялық бақылау принциптері. Дезинфекция. Өндірістік санитария. Спирт, шарап, сыра өндірісінде, ашытқы алуда, нан пісіруде, сүтқышқылды өнімдерді өндіруде қолданатын микроорганизмдердің биологиялық қасиеттері мен олардың өмір сүру үрдістері. Өнімдердің бұзылуын туғызатын қоздырғыштар.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Адам үшін қауіпті микроорганизмдердің негізгі түрлері: санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді; дезинфекция негіздерін біледі.
Іскерлігі: Тағам өнімдеріне санитарлы-микробиологиялық бақылау жүргізеді, алынған нәтижелерге сараптама жүргізе алады.
Дағдысы: Адам үшін қауіпті микроорганизмдерді, өнімдердің бұзылуын тудыратын қоздырғыштарды табумен айналысатын зертханада жұмыс істеуді дағдылану. Маман тағам микробиологиясы және санитарлық гигиена аймағында базалық білім мен кәсіби сапаларын көрсете алады.
Құзіреттілігі: Тағамдық микробиология және санитарлық гигиена аумағында базалық білім алады.
Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.к., доцент Блейм Т.Н.
|
12
|
FSKMP 0212
|
Ет өнеркәсібінде функциональді стартерлі культуралар.
Кредит көлемі-2 (1+1+0), ЕСТS кредитте-3
Пререквизиттер-101 кредит.
Постреквизиттер- «Тағам биотехнологиясы», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Ет және сүт өндірісіндегі микробиология және биотехнология», «Ғылыми зерттеу негіздері».
Оқу мақсаты: Маманның тағам өнеркәсібінде пән аймағы көлемінде білім алу, болашақта алған білімін тәжірибеде қолдана білу.
Қысқаша мазмұны: Стартерлі культуралар биотехнологиясы, таксономияның даму тарихы, стартерлі культуралар селекциясы, генотипті әдістер көмегімен микроорганизмдерді идентификациялау, ет өндірісінде ашытқы культураларын және мицелиалды саңырауқұлақтарды қолдану, өндірістік штамдардың антибиотиктерге төзімділігінің кеңею мәселесі, ет өндірісінде нитриттердің және денитриттеуші микроорганизмдерді қолдану, стартерлі культуралар- бактериоциндер продуценттері, стартерлі культуралардың ароматты қосылыстарды түзуі, стартерлі культуралар тіршілігінде оттегінің рөлі, стартерлі культуралар негізінде бактериалды препараттар жасау.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Ет өндірісінде стартерлі культураларды қолданудың заманауи әдістерін, олардың биохимиялық әрекет ету аймағын біледі.
Іскерлігі: Алған білімді тәжірибеде қолдана алады.
Дағдысы: Стартерлі культуралармен зертханада жұмыс істеуді, алынған нәтижелерді сараптауды дағдыланады.
Құзіреттілігі: Ет өндірісінде стартерлі культураларды қолдану аймағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Кәкімова Ж.Х., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.
|
13
|
IFB 0213
|
Биотехнологиядағы иммобилденген ферменттер
Кредит көлемі-3 (2+1+0), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер-65 кредит.
Постреквизиттер- «Сүт өнеркәсібінде ферментті препараттарды қолданудың заманауи технологиясы», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Биоиндустрияда биологиялық белсенді заттарды қолданудың заманауи технологиялар», «Ғылыми зерттеу негіздері».
Оқу мақсаты: Ферменттерді иммобилдеу, иммобилдеу әдістері аймағынан білім алу, алынған білімді тәжірибелік іс-әрекетте қолдану.
Қысқаша мазмұны: Иммобилизацияны тасымалдаушылар, физикалық иммобилдеу әдістері, ферменттерді химиялық иммобилдеу, иммобилденген ферменттермен катализдің кинетико-термодинамикалық заңдылықтары, иммобилденген ферменттердің тұрақтылығы, иммобилденген феременттермен жүйе компоненттерін регенерлеу.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Иммобилизацияны негізгі тасымалдаушылары, катализдің кинетико-термодинамикалық заңдылықтарын біледі.
Іскерлігі: Иммобилдеу аймағында биотехнологияны жетілдіруде және қолдануда алынған білімді қолдана алады.
Дағдысы: Ферменттерді иммобилдеу әдістерін меңгереді, иммобилдеу әдістерін анықтайды, алынған нәтижелерді сараптай алады.
Құзіреттілігі: Ферменттерді иммобилдеу аймағында базалық білім мен кәсіби сапаларын көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к.., доцент м.а. Молдабаева Ж.К., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.
|
14
|
InE 0214
|
Инженерлік энзимология
Кредит көлемі-2 (1+1+0), ЕСТS кредитте-3
Пререквизиттер-65 кредит.
Постреквизиттер- «Сүт өнеркәсібінде ферментті препараттарды қолданудың заманауи технологиясы», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Биоиндустрияда биологиялық белсенді заттарды қолданудың заманауи технологиялар», «Ғылыми зерттеу негіздері».
Оқу мақсаты: Инженерлік энзимология, имобилдеу әдістері аймағынан білім алу, алынған білімді тәжірибелік іс-әрекетте қолдану.
Қысқаша мазмұны: Инженерлік энзимологияға кіріспе, иммобилденген феременттер мен клеткаларды қолданумен болатын өндірістік үрдістер, целлюлозаның қантқа ферментативті айналуы, жіңішке органикалық синтездегі биокатализ, электрохимиялық жүйелерде ферменттерді қолдану және биоэлектросараптама, микросараптамадағы иммобилденген феременттер, иммуно ферментті сараптама және оны медицинада қолдану, иммобилденген феременттер мен ақуыздар дәрілік зат ретінде.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Инженерлік энзимология аймағында білім алып, инженерлік энзимологияның негізгі әдістерін біледі.
Іскерлігі: Инженерлік энзимология аймағында биотехнологияны жетілдіру және қолдануда алынған білімді қолдана алады.
Дағдысы: Ферменттерді иммобилдеу әдістерін меңгереді, иммобилдеу әдістерін анықтайды, алынған нәтижелерді сараптай алады.
Құзіреттілігі: Инженерлік энзимология аймағында базалық білім мен кәсіби сапаларын көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.
|
15
|
MPBAVP 0215
|
Биологиялық белсенді заттар мен препараттарды микробиологиялық өндіру.
Кредит көлемі-3 (1+1+1), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер-65 кредит.
Постреквизиттер-«Ақуыз заттарды өндіру биотехнологиясы», «Сүт өнеркәсібінде ферментті препараттарды қолданудың заманауи технологиясы», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Биоиндустрияда биологиялық белсенді заттарды қолданудың заманауи технологиялар», «Ғылыми зерттеу негіздері».
Оқу мақсаты: ББЗ және препараттарды микробиологиялық өндіру аймағынан білім алу, алынған білімді тәжірибелік іс-әрекетте қолдану.
Қысқаша мазмұны: Микроорганизмдер клеткалары мен аминқышқылдардың биосинтезі, аминқышқылдарды биосинтездеу технологиясы, ауыл шаруашылығы үшін препараттар мен антибиотиктерді биосинтездеу технологиясы, бактериалды энтомопотогенді препараттарды алу технологиясы, органикалық қосылыстарды микробиологиялық трансформация, өндірістік биотехнолоияның экологиялық мәселелері.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Биологиялық белсенді заттар мен препараттарды микробиологиялық өндіру аймағында білім алып, энтомопотогенді препараттарды алу технологиясын біледі.
Іскерлігі: ББЗ және препараттарды микробиологиялық өндіру кезінде алынған білімді қолдана алады.
Дағдысы: Органикалық қосылыстарды микробиологиялық трансформация әдістерін игеру,алынған нәтижелерді сараптай алады.
Құзіреттілігі: БАВ және препараттарды өндіру биотехнологиясы аймағында базалық білім мен кәсіби сапаларын көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.
|
16
|
SMSPShM
0216
|
Микроорганизмдердің өндірістік штаммдарын құрудың заманауи әдістері.
Кредит көлемі-2 (1+1+0), ЕСТS кредитте-3
Пререквизиттер-31 кредит.
Постреквизиттер-«Тағам микробиологиясы және санитарлық гигиена», «ББЗ және препараттарды микробиологиялық өндіру», «Ақуыз заттарын өндіру биотехнологиясы», «Сүт өнеркәсібінде ферментті препараттарды қолданудың заманауи технологиясы», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Биоиндустрияда биологиялық белсенді заттарды қолданудың заманауи технологиялар», «Ғылыми зерттеу негіздері».
Оқу мақсаты: Микроорганизмдердің өндірістік штаммдарын құрудың заманауи әдістері аймағынан білім алу, алынған білімді тәжірибелік іс-әрекетте қолдану.
Қысқаша мазмұны: Микроб клеткасында метоболизмді реттеу , фермент синтезінің индукциясы мен репрессиясы, метаболизмді протеолиздеу және реттеу, мутагенез және мутанттарды бөліп алу әдістері, эукариоттарды микроорганизмдерді гибридизациялау, бактериялардағы плазмидалар мен конъюгация, протопласттардың бірігуі , векторлық молекулалар, микроорганизмдерде бөгде гендердің экспрессиясы, өндірістік маңызды микроорганизмдердің гендік инженериясы, бірінші ретті метоболиттердің продуценттер штаммдарын құрастыру, адам интерферондарының продуценттер штаммдарын құрастыру.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Микроорганизмдердің өндірістік штаммдарын құрастырудың заманауи әдістерін біледі, сонымен қатар метоболиттер мен адам интерферондарының продуценттер штаммдарын құрастырудың заманауи әдістерін біледі.
Іскерлігі: Алынған білімді продуценттер штаммдарын құрастыру кезінде қолдана алады.
Дағдысы: Продуценттер штаммдарын құрастыру әдістерін жетік біледі, алынған нәтижелерге сараптама жүргізе алады.
Құзіреттілігі: Микроорганизмдердің өндірістік штаммдары аймағында базалық білім мен кәсіби сапаларын көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.к., доцент Блейм Т.Н.
|
17
|
RPP 0217
|
Тағам өнімдерінің реологиясы
Кредит көлемі – 3 (1+1+1), ECTS кредитте -4,5
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер –«Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы», «Биотехнологияда ғылыми зерттеу негіздері».
Оқыту мақсаты: Студентердің «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» жөніндегі білімдерін қалыптастыру, осы алған білімдерін болашақ маман алдағы еңбек тәжірибесінде қолдана алады.
Қысқаша мазмұны: Тамақ өнімдерінің реология негіздері Реологияны меңгеру пәні. Реология ғылымының дамуы жайындағы қысқаша тарихи мағлұматтар. Инженерлік физико-химиялық механика ның негізгі мәселелері мен зерттеу тәсілдері. Реологияның аксиомалары және негізгі анықтамалары. Дисперстік жүйелер құрылымының классификациясы. Деформацияның және кернеудің негізгі теңдеулері.
Қарапайым реология лық денелердің механикалық модел дері. Механикалық моделдер негізіндегі нақты денелердің классификациясы. Құрылым дық-механикалық қасиеттердің негізгі топтары. Тамақ өнімдерінің құрылымдық-механикалық қасиеттерін анықтауға арналған аспаптардың классификациясы. Ығысулық қасиеттерді анықтауға арналған аспаптар. Компрессиондық қасиеттерді анықтауға арналған аспаптар. Ротационды вискозиметрлер. Роторлардың геометриялық пішіндері. Ротационды вискозиметрлердің теориялық негіздемесі. Капиллярлы вискозиметрлер. Тұтқыр сұйықтәріздес өнімдерге арналған капиллярлы вискозиметрлердің принциптік сұлбасы. Капиллярлы вискозиметрлер теориясы. Пенетрометрлер, консистометрлер және басқа вискозиметрлер. Вискозиметрлер мен пенетрометрлердің принциптік сұлбалары. Пластикалық-тұтқыр өнімдердің қысымын өлшеуіш аспаптар. Реологиялық зерттеулер үшін эксперименті стенды. Эксперименталды стендтерды реттеу. Вискозиметрлік зерттеулер.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» курсының негізгі заңдарын (базалық) біледі.
Іскерлігі: Тағам өнімдерінің реологиялық қасиеттерін анықтау бойынша білімдерін қолдана алады.
Дағдысы: Бұл білімді теориялық және тәжірибелік мақсаттарда қолдануды дағдыланады.
Құзіреттілігі: Тағам өнімдерінің реологиясы аумағында базалық білім алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Б.Б. Кабулов.
|
18
|
FizP 0218
|
Тамақтану физиологиясы
Кредит көлемі-3 (1+2+0), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер-31 кредит.
Постреквизиттер-«Тағам микробиологиясы және санитарлық гигиена», «ББЗ және препараттарды микробиологиялық өндіру», «Ақуызды заттарды өндіру биотехнологиясы», «Сүт өнеркәсібінде ферментті препараттарды қолданудың заманауи технологиясы», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Биоиндустрияда биологиялық белсенді заттарды қолданудың заманауи технологиялар», «Ғылыми зерттеулердің негіздері».
Оқыту мақсаты: Организмнің негізгі физиологиялық жүйелерінің жұмыс істеуіне тамақтың және оның компоненттерінің әсер етуі туралы студенттерде білім жүйесінің қалыптасуы.
Қысқаша мазмұны: Адам организмінде тамақ нутриенттерінің энергияға және дененің құрылымдық элементеріне айналу заңдылығы, денсаулыққа тамақтану сипатының әсері, өмір сүруде нақты жағдайларда организм күйіне сәйкес тамақтанудың оптималды нормалары, тағам өнімдерін тұтыну кезінде адам организмінде өтетін физиологиялық процестердің мәні.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Адам организмінің негізгі жүйелерінің функциясы үшін тамақтанудың рөлі және организмнің тамақтану статусын бағалауды; ақуыздардың, липидтердің, көмірсулардың, дәрумендердің, минералды заттардың физиолого-гигиеналық мәні және олардың оптималды қажеттілігін; негізгі тағам өнімдерінің және олардың компоненттерінің физиолого-гигиеналық сипаттамасын; тұрғындардың әртүрлі жас ерекшеліктерінің және кәсіби топтардың рационалды тамақтануының физиолого-гигиеналық негіздерін біледі.
Іскерлігі: Организм денсаулығына және функцияларына тағам өнімдерінің және нутриенттерінің физиолого-гигиеналық әсер етуін аша алады.
Дағдысы: Ресторан шаруашылық мекемелерінде тағамдануды ұйымдастырғанда рационалды тамақтану зандарын, тамақ рационына қойылатын талаптар, тамақтану режимі және тамақтану жағдайларын сақтаудың әдістемелік құралдарын игереді; жас, жыныс ерекшеліктерін, еңбек ету сипатын, тамақтың физиологиялық және тағамдық құндылығын ескере отыра әртүрлі тұрғындар топтарына тағам рационын құрай алады.
Құзіреттілігі: Тамақтану физиологиясы аймағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Кәкімова Ж.Х., б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.
|
19
|
SWTU 0219
|
Ыдыстың және буып-түюдің қазіргі кездегі түрлері
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитте – 4,5
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер – «Тағамдық биотехнология», «Биотехнологиялық құрал-жабдықтар», «Сүт өнімдерін өндіру биотехнологиясы», «Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау».
Оқыту мақсаты: Студенттер тағам өндірісінің маманына сәйкес білім алу.
Қысқаша мазмұны: Ыдыстың және буып-түю материалдардың қазіргі кездегі түрлері. Транспорттық, тұтынушылық ыдыстар. Көмекші буып-түю материалдары. Ыдысты алатын материалдар (ағаш, картон, шыны, полимер, металл). Әр түрлі ыдыстардың сыйымдылықтары. Сұйық және қатты заттарға арналған ыдыстар. Әр түрлі ыдыстардың функциялары. Әр түрлі ыдыстардың және буып-түю материалдардың МЕСТ талабына сай болуы. Ыдыстарды рәсімдеу реквизиттері. Транспорттық ыдыс. Ыдысқа, буып-түюге қойылатын талаптар.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Белгілі бір буып-түю материалын қолданғанда тағам өнімдерін сақтау кезінде пайда болатын химиялық, ферментативтік, микробиологиялық және физикалық өзгерістер туралы; буып-түю материалдары, құралдары және машиналары туралы және буып-түю материалдарына қойылатын талаптар туралы біледі.
Іскерлігі: Буып-түю материалдарының беткі бөлігімен жанасатын жеке тағам өнімдерінің сезімталдығын анықтай алады.
Дағдысы: Тағам өнімдері үшін буып-түю материалдарын өндіру кезінде әртүрлі буып-түю материалдарын қолдану бойынша жұмыс істеуді дағдылану.
Құзіреттілігі: Тағам өнімдері үшін буып-түю материалдарын қолдану аймағында маман базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. Кәкімова Ж.Х., аға оқытушы Құндызбаев Д.К.
|
20
|
MiV 0220
|
Микробиология және вирусология
Кредит көлемі – 3 (1+0+2), ECTS кредитте – 4,5.
Пререквизиттер – жоқ.
Постреквизиттер – «Жасушалық биотехнология», «Биотехнологиялық өндірістің негіздері», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы I», «Ашыту өдірісінің биотехнологиясы II », «Тағамдық биотехнология», «Ақуцызды заттардың биотехнологиясы», «Микроағзалар биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Сүтті өнімдерді өндіру биотехнологиясы».
Оқыту мақсаты: Биотехнология үшін маңызды болып табылатын прокариоттар мен эукариоттардың ерекшеліктері туралы студенттерге білім беру. Миробиология және вирусология аясындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңызын көрсету, биотехнологияның, тағам өнеркісібінің дамуында мироағзалардың ролін анықтау.
Қысқаша мазмұны: Микробиология пәні және міндеттері, биотехнология дамуындағы оған берілетін орны мен ролі. Микроағзалар және олардың классификациясы. Прокариорттар, эукариоттар. Морфологиясы, құрамы және көбеюі. Жасушалардың құрылысы және құрамы. Көбею және дифференциация. Бөліп алу және культивирлеу. Микроағзалардың өсуі және культивирлеу. Антимикробты факторлар. Метаболизм. Энергетикалық үрдістер. Биосинтез. Метаболимді реттеу. Генетика. Мутагенез, рекомбинация, селекция. Миероағзаларды тәжірибеде қолдану.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Микроағзалардың негізгі қасиеттерін, олардың классификациясын, табиғатта және адам өміріндегі ролін, биологиялық белсенді заттар өндірісінде микробтарды қолдану мүмкіндіктерін, вирустар әлемі туралы, вирусқа қарсы вакциналар өндірісінде оларды қолдануды біледі.
Іскерлігі: Микробиология және вирусология аясындағы әдебиеттерді қолдана алады; микроағзалардың өндірістік культураларын ұстауды біледі; олардың өміршендігін технологияның үрдістің түрлі кезеңдерінде бақылауды жүргізе алады; зертханаларда және өндірістерде санитарлы-микробиологиялық бақылауды жүргізе алады.
Дағдысы: Микробиология зертханасында жұмыс істеу дағдысына ие.
Құзіреттілігі: Микробиология және вирусология аясында базалық білімін және маманның кәсіби сапасын көрсетеді. Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.к., доцент Блейм Т.Н.
|
21
|
OMG 0221
|
Жалпы және молекулалық генетика
Кредит көлемі – 3 (1+0+2), ECTS кредитте – 4,5.
Пререквизиттер – жоқ.
Постреквизиттер – «Жасушалық биотехнология», «Биотехнологиялық өндірістің негіздері», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы I», «Ашыту өдірісінің биотехнологиясы II », «Тағамдық биотехнология», «Ақуцызды заттардың биотехнологиясы», «Микроағзалар биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Сүтті өнімдерді өндіру биотехнологиясы», «Биотехнология объектілері», «Биотехнология негіздері»
Оқыту мақсаты: Студенттерге генетика туралы, оның мәселелері, қазіргі кездегі жағдайы және жаңа жетістіктері туралы түсініктерді беру, сонымен қоса студенттерде генетикалық ойлауды дамыту.
Қысқаша мазмұны: Генетика пәні. Тұқыммен берілу және өзгергіштік туралы тұсінік. Тірі ағза ұйымдастырудың түрлі кезеңдерінде тұқым қуалау және өзгергіштікті көрсетуі: молеклярлы, жасушалық, ағзалық және популяциялық кезеңдерде. Биологиялық ғылымдар арасындағы генетиканығ орны. Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері. Жасушаның бөлінуі және қайта қалыптасуы. Митоз. Митоздық цикл және митоздың фазалары. Мейоз. Мейоздың фазалары және кезеңдері. Хромосомалардың конъюгациясы. Хромосома сандарының редукциясы. Хромасомалардың гаплоидты және диплоидты сандары. Митоз бен мейоздың генетикалық ролі. Белгілердің тұқым қаулауының негізгі заңдылықтары және тұқым қуалаудың принциптері. Гибридологиялық әдіс. Гибридологиялық әдіс генетикалық талдаудың негізі ретінде. Гибридологиялық әдістің негіздері: объектіні таңдау, будандастыру үшін «таза» материалды таңдау, жеке белгілерді талдау, екі-үш ұрпақтың тұқымдарын зерттеу, статистикалық әдісті қолдану Гибридологиялық әдістің қабілеттілігі.Генетикалық символика. Будандастыру типтері. Будандастырудың жазылу ережелері. Моногибридті және полигибридті будандастыру. Жыныс генетикасы және жыныспен тіркесіп тұқымқуалау белгілері.Тіркесіп тұқымқуалау және кроссинговер. Даму генетикасы. Популяция генетикасы.Адам генетикасы. Генетика және биотехнология.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізін және өзгергіштігін, тұқымқуалау белгілерінің заңдылықтарын, генетикалық анализ негізін, тұқымқуалаушылықтың хромосомалық негізін, ағзаның өзгергіштігінің түрлері және себептерін, геннің құрылысын, негізгі молекулалы клеткалық механизмдерін, генетика проблемаларының заманауи жағдайын, ағзадағы тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті басқару мүмкіндіктерін біледі.
Іскерлігі: Генетикалық есептерді шеше алады, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті үйренуде сауатты түрде тәжірибелер жүргізе алады және алынған нәтижелерді интерпретирлей алады,биотехнологияға керекті генетиканың зерттелген әдістерін қолдануды үйренеді.
Дағдысы:Микробиология зертханасында жұмыс істеу дағдысын біледі, Drosophila melanogaster –ның гибридологиялық анализін жүргізу.
Құзіреттілігі: Жалпы және молекулалық генетика саласындағы маманның кәсіби сапасын және базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к. доцент Нуржанова Г.Х.
|
22
|
КlВ 0222
|
Жасушалық биотехнология
Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS кредитте– 4,5.
Пререквизиттер –31 кредит.
Постреквизиттер –«Өндірістік биотехнология негіздері», «Ашыту биотехнологиясының негіздері I», «Ашыту биотехнологиясының негіздері II », «Тағамдық биотехнология», «Ақуыздық биотехнология негіздері», «Микроорганизмдер биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Сүт өнімдері өндірісінің биотехнологиясы».
Оқыту мақсаты: Оның әлемдегі едәуір перспективті дамыған бағыттары туралы студенттердің білімін дамыту және оның молекулярлық биотехнология, жасушалық және молекулярлық биофизика, биохимия, молекулярлық генетика, микробиология, молекулярлы иммунология және биоинформатика салаларындағы жетістіктерімен байланысы.
Қысқаша мазмұны: Жасушалық биотехнологияның теориялық негіздері. Геномика, протеомика және биоинформатика. Клеткалық деңгейде генноинженерлік конструкциясын құрылыстық, функциональдық және салыстырмалы геномика негізінде қалыптастыру.
Әр түрлі түрге жататын ағзалар протеомы,оның фукциональды ұйымы және регуляциясы.
Жоспар құрудағы биоинформатика, биотехнологиялық тапсырмалардың ұйымдастырылуы және реализациясы. Биоинформатика бұл жаңа жүйелердің құрылысы, биологиялық белсенді заттардың және олардың молекулярлы нысанасындағы жаңа білімдер негізіндегі генерациясы.
Жасушалық биотехнология объектілері.Соматикалық будандастыру. Микробиологиялық жүйелердің жасушалық биотехнологиясы. Коммерциялық өнімдерді алу үшін рекомбинантты микроорганизмдерді қолдану.Дәрілік заттардың микробиологиялық өндірісі.Токсинді қосылыстардың және биомасса утилизациясының биодеградациясы.Өсімдіктер өсуін стимулирлеуші бактериялар. Микробты инсектицидтер. Микробты-өсімдікті өзара қатынастардың биотехнологиясы. Медицинадағы жасушалық биотехнология.Өсімдіктердің гендік инженериясы. Зиянкес жәндіктерге, вирустар мен гербицидтерге төзімді өсімдіктерді шығару.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Заманауи жасушалық және молекулярлық биотехнологияның бағыттарын біледі, пәннің теориялық және практикалық негізін білу, алған білімдерді практикалық жұмыстарда қолдануды үйрену, ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстарға дағдылану.
Іскерлігі: Алған білімдерін биотехнологияның басқа пәндерін меңгеруде қолдана біледі. Курсты сәтті меңгеру үшін студенттерге міндетті түрде мына пәндерді жақсы білу керек: химия, биофизика, физика, биохимия, молекулярлы биология, молекулярлы генетика.
Дағдысы: Жасушалық биотехнология зертханасында жұмыс істеуге дағдыланған.
Құзіреттілігі: Жасушалық биотехнология саласындағы маманның кәсіби сапасын және базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к,, и.о. доцент Молдабаева Ж.К.
|
23
|
Bio 0223
|
Биохимия
Кредит көлемі – 3 (1+0+2), ECTS кредитте – 4,5.
Пререквизиттер –31 кредит.
Постреквизиттер –«Өндірістік биотехнология негіздері», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы I», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы II », «Тағамдық биотехнология», «Ақуызды заттарды өндіру биотехнологиясы», «Микроорганизмдер биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Сүт өнімдері өндірісінің биотехнологиясы».
Оқыту мақсаты: Биохиминың негізгі бөлімдері бойынша биополимерлердің құрамы мен құрылысын және құрылымдық компоненттерін зерттеуде практикалық дағдылануынды студенттерде қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Көмірсулар. Ақуыздар. Ферменттер. Нуклеин қышқылдары. Ақуыз биосинтезі. Липидтер. Липидтер метоболизмі. Витаминдер. Гормондар. Метаболизм.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің биологиялық макромолекуласының негізгі құрылымдық ұйымдастырылуын біледі; аминқышқылдарының физико-химиялық құрамын және олардың ақуыз молекуласын функциялаудағы және құрылысын формалаудағы рөлін біледі; өмір сүрудегі процесстері кезіндегі ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының функционалды рөлі; ферменттік катализдің негізгі жағдайы, ферменттердің спецификалық құрамы мен кинетикалық сипаттамасы; биотехнология үшін ферменттердің рөлі; генетикалық ақпараттың берілуі кезіндегі ДНК мен РНК-ның құрамы мен рөлі; липидтер мен көмірсулардың құрылымдық ерекшеліктері мен құрамы, олардың биологиялық қызметі.
Іскерлігі: «Биохимия» пәні бойынша жалпы курста алған өз білімдерін биологияның басқа да пәндерін меңгеруде (молекулярлық биология, молекулярлық генетика, физиология) биотехнологияның практикалық сұрақтарын шешуде, әсіресе инженерлік энзимологияда қолдана алады.
Дағдысы: Ферменттермен жұмыс істеуге, биохимия зертханасында жұмыс істеуге дағдыланған.
Құзіреттілігі: Биохимия аласындағы маманның кәсіби сапасын және базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к.,. Каирханов К.К., PhD
Омарова А.Ш.
|
24
|
OBP 0224
|
Өндірістік биотехнология негіздері
Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS кредитте – 4,5.
Пререквизиттер –65 кредит.
Постреквизиттер - «Ашыту өнімдерінің биотехнологиясы I», «Ашыту өнімдерінің биотехнологиясы II », «Тағамдық биотехнология «Ақуыз заттарының биотехнологиясы», «Микроорганизмдер биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Сүт өнімдерінің биотехнологиясы».
Оқыту мақсаты: Студенттерге биотехнология өндірісінің басты этаптары жайлы білім беру, шикізат түрлерін қоса, биообъекттер-жасушалар және ферменттер,биоөндірістің негізі болып табылатын биохимиялық активтілік; процесстер, бұл өндiрiстердiң негiздерiнде жататындар; бөлініс, тазарту және түпкi өнiмдердiң тауарлық формалары.
Қысқаша мазмұны: «Өндірістік биотехнология негіздері» курсының пәні және міндеттері. Тірі объектілердің тіршілігінің немесе түрі биохимиялық үрдістердің негізінде биоөнімдердің кең спектрін шығарушы биоиндустрия сияқты биотехнологиялық өндірістер. Биотехнологиялық өндірістің перспективасы. Биотехнологиялық өндірістің объектілері ретінде микроағзалардың маңызы. Микробды жасушалардағы зат алмасу жылдамығы, мысалдар (екіеселену уақыты, екіншілік метаболиттерді синтездеу қабілеттелегі, метаболиттік реакциялардың жылдамдығын реттеу мүмкіндігі). Биотехнологияда генді инженерия әдісімен алынған мутантты және гибридті продуценттерді қолдану. Биоөндіріс типіне байланысты түрлі микроағзалар штаммаларын қолдану. Биотехнологиялық өндірістердің сипаттамасы (ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеумен айналысатын тағамдық және ашыту өндірістері, онда микроағзаларды қолдану технологиялық циклдың қандай да бір кезеңімен шектеледі). Биотехнологиялық өндіріске арналған шикізаттардың жалпы сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар мен шектеулер. Микроағзаларың біріншілік жәе екіншілік метаболиттері. дәнді-дақылдардың, картоптың және мелассаның негізінде спирт алу кезінде қолданылатын дрожжи-сахаромицеттердің сипаттамалары. Лактозаны ыдыратуға қабілетті лактозаашытқыш дрожжилардың сипаттамасы, оларды сүтті, сүт сарысуын субстрат ретінде қолдану кезінде спирт өндіру үшін қолдану. Сүтқышқылды бактериялардың спаттамасы, сүт қышқылын және басқа да сүт қышқылды өнімдерді алудың биотехнологиялық үрдістерінде қолдану. Органикалық қышқылдардың, аминқышқылдардың және дәрументердің, ферментердің продуцент – микроағзалары. Лимон қышықлын алуға арналған субстраттар (меласса, мұнайдың н-алкандары және т.б.). Микроағзалар – екіншілік метаболиттердің продуценттері. Арзан субстраттарда (меласса, сүт сарысуы, салома гидролизаты, н-алкан және т.б.) өсірілген дрожжи биомассаларын қолдану негізінде азықтық ақуыз өндірісі. Микроағзалардың өсуінің негізгі кезеңдері және көрсеткіштері. Биореакторлар түрлері. Мерзімді және үздіксіз культивирлеу (хемостат, турбидостат, оксистат). Биотехнологиялық өндірісті құрастыру кезеңдері – зертханалық регламент (штаммаларды, субстраттарды таңдау, культивирлеу жағдайлары, биореакторлардың конструкциялары, саңғы өнімді бөліп алу әдістері және сапасын бағалау, технологиялық сұлбасы), бақылау-өндірістік сынау, өнеркәсіптік өніріс. Кезеңдердің сипаттамасы. Микробиологиялық синтез өнімерінің түрлері. Құрамында негізгі компоненті тіршілігі сақталған микроағзалары бар препараттар (бактериалды тыңайтқыштар, ашытқылар және т.б.).
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Биологиялық объектілердің метаболиттерін, биотехнологиялық өндіріске арналған шикізатты (субстраттарды) қолдануға қойылатын талаптарды біледі.
Іскерлігі: Биотехнологияны қолдануды құрастыру кезінде алған білімін қолдана алады.
Дағдысы: Стерильді жағдайларды сақтау, биомасса және метаболиттерді алу әдістерін қолдану, өндірістік биотехнология туралы білімін қолдану дағдысы қалыптасқан.
Құзіреттілігі: Өндірістік биотехнология саласындағы маманның кәсіби сапасын және базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к., доцентм.а. Молдабаева Ж.К.
|
Базалық пәндер– 29 кредит
|
Білім беру траекториясы – Ауыл шаруашылық биотехнология
|
25
|
InG 0225
|
Инженерлік графика (курстық жұмыс)
Кредит көлемі: 3 (1+2+0), ECTS кредитте – 4,5
Пререквизиттер: 31 кредит.
Постреквизиттер: «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Тағам өнімдері өндірісінің биотехнологиялық кәсіпорындарын жобалау», «Биотехнологиялық жабдықтар».
Оқыту мақсаты: Студенттерге одан әрі мамандану пәндерін және мамандық бойынша іс жүргізуге қажетті білім негізін үйрету; кеңістік елесін дамытып логикалық дұрыс ойлауға;графикалық кескідердің жазықтықта өз ара орналасуы тәсілдерін зерттеу; сызуларды жетілдіру, оларды оқу, мемлекеттік және халықаралық ISO стандарттар бойынша орындау.
Қысқаша мазмұны: Сызулардың негізгі теориясы, сызуларды оқу және құру ережелері, позициондық негіздер, кешенді сызулардың жасалу әдістері, қисық сызықтар, түрлері, қиылысу жолдары, ою және оюлық қосылыстар, сваркілеу, пайка, эскиздер, жұмыстық сызулар, нормативті – техникалық құжаттар.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: «Конструкторлық документацияның бірынғай жүйесі» (ЕСКД – Единая система конструкторской документации) негіздерін біледі; сызуларды жетілдіру, оларды оқу үшін халықаралық ISO стандарттарын біледі; нүкте, түзу, жазықтық, беттер салу үшін кескіндердің негізгі салу тәсілдерін теориясын біледі; негізгі шығару және дәлелдеуді, оларды нақты есептерді шығаруда қолданылуды біледі; берілген кескіндері бойынша олардың геометриялық қасиеттерін анықтай алады; графикалық кұжаттарды зерттеулерде қолданылатын негізгі әдістердің мәнін түсіне біледі; алған білімдерін басқа да пәндері оқуда пайдалана алады.
Іскерлігі: Кескіндер бойынша бөлшектердің геометриялық формаларын анықтай алады және бұл кескіндерді бөлшектерден немесе бұйым және оның элементтерінің чертеждарынан кескіндей алады.
Дағдысы: Графикалық құжаттамаларды жетілдіру, орындау және безендіру бойынша халықаралық ISO стандарттарымен жұмыс істеуді дағдыланады.
Құзіреттілігі: Инженерлік графика аумағында алған білімдерін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: Тохтаров Ж.Х.
|
26
|
SМК 0226
|
Сапа менеджмент жүйесі
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS кредитте- 4,5
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер- «Тағам өнімдері өндірісінің биотехнологиялық кәсіпорындарын жобалау».
Оқыту мақсаты: Сапа менеджменті аумағында студенттердің білім алуы.
Қысқаша мазмұны: Стандарттаудың теориялық негіздері, принциптері және талаптары. Сапа жүйесі мен басқарудың қажеттілігі. Сапа жүйесінің мақсаты. Сапа менеджмент жүйесінің енгізудегі қорытындысы. Сапа менеджмент жүйесінің негізгі сипаттамалары. Сапа менеджмент жүйесінің негізгі терминдері мен анықтамалары. Сапа менеджмент жүйесінің қажеттілігі. Менеджмент жүйесінің ресурстары. Халықаралық стандарттау ұйымы ISO. Стандарттар негізінде стандарттау мен жобалаудың дамуы. ISO қалыптасуы және дамуы. ISO стандарттарының дайындалу принциптері. ISO стандарттарының жүйесі. Сапа менеджмент жүйесінің модельдері. Сапа менеджмент жүйесін дайындау мен енгізудегі жұмыстардың негізгі этаптары. Сапа менеджмент жүйесін жобалау. Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамаларын құрастыру. Сапа менеджмент жүйесін енгізу. Өлшеу әдістерін дайындау және кәсіпорындағы әрбір процестердің нәтижелігі мен тиімділігі. Осы әдістердің тиімділігі мен нәтижелігін әрбір процесс үшін қолдану және сапа менеджмент жүйесінде толығымен пайдалану. Сапа менеджмент жүйесіндегі аудит және мониторинг. ИСО 9001; ИСО 14001; ИСО 22000; OHSAS 18001; SA 8000. Тағам өндірісі кәсіпорындарында НАССР (ИСО 22000) еңгізу.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарт құрылымы мен мазмұнын біледі- өнім және қызметті қамтамасыз ету, басқару және сапасын жақсарту аумағында негізгі терминдердер мен анықтамаларды, «сапа ілгегі» құрамы мен құрылымын, кәсіпорынның ұйымдық құрылысының принциптері, функция мен жауапкершілікті үлестіру матрицасын құру әдісін, «сапа аумағындағы саясат» құжатының құрылымын біледі.
Іскерлігі: Сапа жүйесін стандарттау мен сертификаттау бойынша жұмыстарды жоспарлау мен өткізу үшін компьютерлік технологияларды қолдана алады.
Дағдысы: ИСО 9000 сериялы стандарттармен жұмыс істеуді дағдыланады.
Құзіреттілігі: Сапа менеджменті аумағында базалық білім алады.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К., т.ғ.к., аға оқытушы Толеубекова С.С.
|
27
|
OSMS 0227
|
Стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері.
Кредит көлемі-3 (2+1+0), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер- «Сапа менеджменті жүйесі», «Тара және орауыштардың қазіргі заманғы түрлері», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Сүт өнімдерінің биотехнологиясы», «Тағам өнімдері өндірісінің биотехнологиялық кәсіпорындарын жобалау».
Оқыту мақсаты: Еліміздің халықаралық сертификаттау жүйесіне, Халықаралық сауда ұйымына (ХСҰ) енуі үшін жағдайларды қамтамасыз ете отырып кәсіпорындарымыздың сыртқы экономикалық әрекетінің заманауи дамуы үшін қажетті стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеулер аймағында студенттерді біліммен нәрлендіру.
Қысқаша мазмұны: Стандарттардың мемлекеттік жүйесі, өлшеу құралдар мен әдістерін стандарттау, ҚР метрологиялық қызметі, өлшем бірліктердің стандарттары, өлшеу құралдар мен әдістерінің классификациясы, сапаны бақылау және өнім сапасын басқару.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Заң шығарушы және нормативтiк құқықтық акттер, стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша әдістемелік материалдарды; стандарттарды бақылау және өлшеулердің бірлігін ведомство аралық және ведомстволық бақылау жүйесін, физикалық шамалар бірліктерін қайта жаңғырту теориясын және олардың өлшемдерінің берілуін, өлшеулер нәтижелерін өндеу әдістерін және өлшеу құралдарын, олардың метрологиялық сипаттамаларын біледі.
Іскерлігі: Стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша жұмыстарды жоспарлау және өткізу үшін компьютерлік технологияларды қолдана алады; өлшеулер нәтижелерін өндеу әдістері және олардың дұрыстығының сараптамасын; өнімді сертификаттау бойынша жұмыстарды орындау кезінде өнімдер және процестер сапасын бақылау әдістерін, өнім сапасы туралы мәліметтерді сараптау әдістерін және ақаулардың себептерін табу әдістерін орындай алады.
Дағдысы: Бақылау-өлшеуіш және сынау үшін арналған техникамен жұмыс істеуді дағдыланады, өлшеу, сынау және бақылау құралдарын қолданады, іс- әрекеттегі стандарттар, техникалық жағдайлар және стандарттау, сертификаттау бойынша басқа да құжаттарды қайта қарай алады, кәсіпорында қолданылатын стандарттар және стандарттау мен сертификаттау аймағында басқа да құжаттарды жүйелік тексеруді жүргізе алады.
Құзіреттілігі: Стандарттау, метрология және сертификаттау аймағында базалық білімді көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент Сатиева Б.Г.; т.ғ.к., аға оқытушы Төлеубекова С.С.
|
28
|
MASS 0228
|
Ауыл шаруашылық шикізатты сараптау әдістері
Кредит көлемі – 2 (1+01+1), ECTS кредитте -3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер-«Өсімдік клеткаларының культуралары», «Өсімдік шаруашылығындағы селекция», «Ген инженериясы», «Ғылыми зерттеу негіздері», «Микробиотехнология».
Оқыту мақсаты: Шикізат пен тағам өнімдерін заманауи әдістермен сараптауын оқу, соның негізінде нысандарды аналитикалық әдіспен зерттеуге таңдау жасалынады.
Қысқаша мазмұны: Тағам өнімдерінің жіктелуі, тағам өнімдерінің құрамы мен компоненттері, тағам өнімдері- полидисперсті жүйе ретінде, тағам өнімдерін өндірудегі биохимиялық өзгерістер, тағам өнімдерінің компоненттерін зерттеу әдістері, тағам өнімдерінің компоненттерін өңдеу, тасымалдау және сақтау кезіндегі физико-химиялық өзгерістер.
Алдын ала күтілетін оқу нәтижелері:
Білу: Өндірістік және зерттеу мәселелерін шешу үшін қажетті зерттеу әдістерінің негіздерін толық көлемде, тағам өнімдерін заманауи әдістермен зерттеу жайлы біледі.
Істей алу: Өздігімен тағам шикізатына, жартылай фабрикатқа және дайын өнімге сараптама жүргізе алады және сапасына баға бере алады.
Дағды: Тағам шикізатына, жартылай фабрикатқа және дайын өнім сапасына өздігімен баға бере алуды дағдылану.
Құзіреттілігі: Тағам өнімдерін сараптау аймағында базалық білімді көрсете алады, алған білімді тәжірибеде қолдана алуға қабілеті, тағам шикізатының, жартылай фабрикаттың және дайын өнімнің сапасын өздігімен бағалай алу дағдысын қалыптастырады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент Сатиева Б.Г., аға оқытушы Құндызбаев Д.К.
|
29
|
OPM 0229
|
Кәсіпорындардағы ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент (курстық жұмыс)
Кредит көлемі –3 (2+1+0), ECTS кредитте-4,5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиты: «Сапа менеджменті жүйесі», «Тағам өнімдерінің өндірісі бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау», Курс мамандықтары бойынша курстық және дипломдық жобалау және т.б.
Оқыту мақсаты: Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін, өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару сұрақтарын зерттеу негізінде студенттерде экономикалық ойлау қасиетін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Экономика бұл адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қызмет ету өрісі және барлық экономикалық пәндердің зерттеу нысанасы болып табылады. Экономикалық өмірдің соңғы табиғи мақсаты тұтыну болса да, экономиканың ең маңызды бөлігі ретінде өндіріс қарастырылады. Оны дамытпай, нарық та болмайды, өйткені ол тауарлық массаның негізі болып табылады. «Кәсіпорындардағы ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» курсының зерттеу заты ретінде, міне, осы айтылған өндіріс және кәсіпорынның бүкіл шаруашылық қызметінің сипаттамасы болады. Өндірістік процестердің заңдылықтарын түсіну негізінде тәжірибедегі өндірістік мақсаттарды іске асырудың шаруашылық әдістерін құрастыруға мүмкіндік туады. Кез келген кәсіпорын өздігінен өмір сүре алмайды, бір жағынан ол жалпы экономикамен байланысса, екінші жағынан, өткізу нарықтарымен қызмет етеді, сондықтан да кәсіпорын экономикасы, ұйыдастыру және жоспарлау пәні жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық бірліктермен, нарықпен қарым-қатынасын зерттейді.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Түсініктер мен терминдерді біледі; өндірістік процестерді ұйымдастыру мен жоспарлаудың қағидаларын және әдістерін; өндірістің негізгі факторларын: еңбекті төлеудің түрлерін және жүйелерін; еңбек процестерін және жұмыс уақытын нормалау негіздерін; жұмыс орнын және оған қызмет көрсетуді ұйымжастыру әдістемесін; персоналды басқарудың негізгі әдістерін; жұмыскерлерді еңбекке уәждеу теориясын біледі.
Іскерлігі: Кәсіпорының барлық бар қорларын пайдалану тиімділігін өсіруге бағытталған шараларды құрастыра алады; фирма қызметін қысқа, орташа және ұзақ мерзімдік уақытқа жоспарлай алады; шығындарды азайту бойынша мүмкіндіктерді анықтап, өндірістегі ағымдағы экономикалық жағдайды талдайды; бизнес жоспар құрастырады; кәсіпорында еңбекке тиімді басқару жүргізу механизмдерін көрсете алады.
Дағдысы: Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есептеу дағдыларын қалыптастырады; өнімді шығаруға және өткізуге кеткен шығындар деңгейін дәл анықтай алады; өндірістік процестер мен еңбек операцияларының құрамдас бөліктерін зерттеу дағдыларын; жұмыскерлер еңбегін төлеудің деңгейін дұрыс анықтауды дағдыланады.
Құзіреттілігі: Болашақ маман өндірісті және еңбекті жоспарлау, ұйымдастыру, нормалау, сондай-ақ, персоналды басқару облысында құзіреттілігін қалыптастырады.
Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Ахтаева С.М.
|
30
|
KKR 0230
|
Өсімдік клеткаларының культурасы
Кредит көлемі –2 (1+0+1), ECTS кредитте – 3
Пререквизиттер – 31 кредит.
Постреквизиттер – «Өсімдік шаруашылығындағы селекция», «Клеткалық және ұлпалық биотехнология», «Өсімдік шаруашылығындағы гендік инженерия», «Биотехнологиядағы фитогормондар».
Оқыту мақсаты: Биотехнологияда өсімдік клеткаларын қолдану негіздерімен студенттерді таныстыру.
Қысқаша мазмұны: Өсімдік клеткаларын өсіру принциптері мен әдістері. Қоректік орталар. Сұйық ортада клеткаларды культивирлеу. Клеткаларды культивирлеу биологиясы. Дедифференциация және каллус түзілуі. Культурада клеткалардың өсуі. Өсімдік биологиясының теориялық мәселелерін шешу үшін клетка культураларын қолдану.
Алдын ала күтілетін оқу нәтижелері:
Білу: Биотехнологияның әртүрлі салаларында өсімдік клеткаларының культураларын қолданудың негізгі принциптерін біледі.
Істей алу: Өндірісте және экспериментте алған білімдерін қолдана алады.
Дағды:Өсімдік клеткаларының культураларымен жұмыс істеу әдістерін игереді.
Құзіреттілігі: Өсімдік клеткаларының культураларын культивирлеу аймағында базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі:б.ғ.д. Арынова Р.А.
|
31
|
BOb 0231
|
Биотехнологиялық жабдықтар
Кредит көлемі-3 (1+2+0), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер: «Биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы», «Тағам өнімдерінің реологиясы».
Оқыту мақсаты: биотехнологиялық машиналар мен аппараттар, олардың эксплуатациясы аумағында студенттерге негізгі білім беру және оны болашақтағы инженерлік қызметінде қолдана алуы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |