Элективті пәндердің каталогы



бет8/8
Дата05.07.2016
өлшемі172.74 Kb.
#179412
1   2   3   4   5   6   7   8

Құзіреттілігі: Экологиялық биотехнология аумағында маманның базалық білімін және кәсіби сапасын көрсетеді

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.

35

PBP 0335

Биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау (курстық жобалау)

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте – 3.



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер – дипломдық жобалау.

Оқыту мақсаты: Тағам өнеркәсіптерінің мамандарының қызметінің пәннің аясымен білім алу, курстық және дипломдық жобалау жұмысында алған білімін тәжірибеде қолдана алуы.

Қысқаша мазмұны: Сүтті өнімдерді өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау негіздері, жеке кәсіпорындарды жобалау принциптері және олардың арасындағы байланыс, кәсіпорынның технологиялық құрылымы, жобалардың құрамы және типтері, жобалауды технико-экономикалық негіздеу, өндірістерді реконструкциялау принциптері.

Күтілетін оқу нәтижелері:

Білімі: Әрекеттегі техникалық қайтажабдықталуы және реконструкциялануы бойынша негізгі бағыттарды біледі.

Іскерлігі: Өнім есебін және ауданды есептеуді, зауыттардың, қималарды және бас жоспарларды жобалауды жүргізе алады.

Дағдысы: Сызбалармен жұмыс істеу, ғимараттарды және қондырғыларды жобалау дағдысы қалыптасқан.

Құзіреттілігі: Тағам өнімдерін өндіретін биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау аясында базалық білімін және маманның кәсіби сапасын көрсетеді

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Кундызбаев Д.К., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О.

36

PishB 0336

Тағамдық биотехнология

Кредит көлемі – 3 (2+0+1), ECTS кредитте – 4,5.



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – «Биотехнологияда ғылыми зерттеу негіздері», «Тағам өнімдерін өндіру бойынша биотехнологиялық кәсіпорындарды жобалау», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы I», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы II».

Оқыту мақсаты: Тағам өндірістерінің негізінде жатқан микроағзалардың түрлі топтарының ижасушаларында өтетін биологиялық үрдістердің ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Микроағзалар биотехнологиясының даму тарихы. Өндірістік микробиология негізін қалаған Л.Пастердің классикалық зерттеулері. Тағамдық биотехнология өндірістік микробиологияның бөлшегі ретінде. Тағамдық биотехнология негіздері. Биологиялық белсенді заттар мен препараттардың микробиологиялық өндірісі – тағамдық биотехнологияның маңызды бағыты. Ашу және басқа да метаболитикалық реакциялардың негізінде жүретін тағамдық биотехнология. Тәжірибеде құнды өнімдерді алу үшін ашыту өндірістерінде қолданылатын микроағзалар, олардың биохимиялық қызметтері. Тағам өндірісінде дрожжиларды, зең саңырауқұлақтарды және бактерияларды қолдану. Дрожжилі өндіріс. Дрожжилі жасушалардың биохимиялық мүмкіндіктері. Дрожжилер өндірісінің технологиялық үрдістерінің мәні және негіздері. Спирт өндірісі. Спирт өндірісінде қолданылатын субстраттар (дәнді дақылдар, картоп, қантты қызылша, меласса және т.б.). Технологиялық үрдістің мәні және негізгі кезеңдері. Спирт өндірісінде қолданылатын микроағзалар. Дрожжи – сахаромицеттер, лактоашытқыш дрожжи. Спирт өндірісінде қолданылатын бактериялар. Сырақайнату. Сырақайнатуда қолданылатын дрожжилар. Сыра суслосын ашыту үрдісінің биохимиялық негіздері. Технологиялық үрдістің мәні және негізгі кезеңдері. Шарап өндірісі. Шарап өндірісіндегі дрожжи. Шарап өндірісі үрдістерінің биохимиялық негіздері Технологиялық үрдістің мәні және негізгі кезеңдері. Сіркеқышқылды және сүтқышқылды бактериялар және олардың шарап өндірістеріндегі ролі. Зең саңырауқұлақтары – шарап өндірісінің зиянкестері. Нан-тоқаш өндірісі. Сүтөңдеуші өндіріс. Органикалық қышқылдар. Микроағзалар – сүт, сірке, лимон, алма, итакон және басқа да органикалық қышқылдарының продуценттері. Микробты синтез негізіндегі тағамдық биотехнология. Ақуызды алу. Дәрументерді алу. Ферменттерді алу. Аминқышқылдарын алу. Биологиялық белсенді заттарды алу (ББЗ). Тағам өнімдерінің микроағзалармен ластануы, тағам өнімдерінің токсикалығы және осы құбылыстармен күресу әдістері. Тағам өнімдерінің микробиологиялық және санитерлы-гигиеналық бақылауы.

Күтілетін оқу нәтижелері:

Білімі: Тағамдық биотехнология негіздерін, итағам өнімдерінде жүретін биотехнологиялық үрдістердің заңдылықтарының негіздерін, сонымен қоса тағам өнімдері өндірісінде қолданылатын микроағзаларды біледі.

Іскерлігі: Тағам өнімдерінің өндірісінде алған білімдерін қолдана алады.

Дағдысы: Зертханада жұмыс атқару дағдысы, тағам өндірісінде микроағзаларды қолдана алу дағдысы қалыптасқан.

Құзіреттілігі: Тағам биотехнологиясы аясында базалық білімін және маманның кәсіби сапасын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.

Шәкәрім атындағы СМУ Оқу кеңесінің отырысында бекітілген


Хаттама № __ «__» ________ 20__ жыл

Шәкәрім атындағы СМУ ОӘК отырысында бекітілген


Хаттама № __ «__» ________ 20__ жыл





Келісілді:

Декан ________ А. Қасенов

(қолы)



Академиялық мәселелер

жөніндегі Департаментінің

директоры ________ М. Смирнов

(қолы)




Каф.меңгерушісі________ Ж. Кәкімова (қолы)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет