Электр қауіпсіздігі Жоспар


Электр тогымен адамды соғудың ерекшеліктері



бет6/27
Дата14.12.2023
өлшемі153.18 Kb.
#486548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
f61dbbe17d5d170

5 Электр тогымен адамды соғудың ерекшеліктері
Электр тогымен зақымданудың мынандай ерекшеліктері бар:
-болатын қауіпті сезім органдарымен (көру, есту, сезу) адамның алдын ала білуге болатындай сыртқы нышанының білінбеуі;
- электр жарақаттарының нәтижесі көп жағдайларда ауыр (еңбекке қабілеттілігін жоғалту ұзақ болады, мүмкін қазаға алып келеді);
- адам ток жүретін бөліктерге жабысып қалғандықтан ток әсерінен өзінен өзі босай алмайды. (өндірістік жиілік мәні бар жоғы 6-10 мА ток бұлшық еттердің қарқынды тартылуын тудырады);
- механикалық жарақаттану мүмкін, мысалы токпен зақымдану нәтижесінде немесе жұлып алудың шұғыл қимылынан есінен танып биіктен құлауы.
6 Электр тогының адамға әсер ету түрлері
Тірі ағза арқылы өтетін электр тогының мынандай әсерлері бар:
- термикалық (күюлер, тамырлардың қызуы және жарақаттануы);
- электролиттік (қанның құрамының бұзылып ыдырауы; адам ағзасы құралатын ұлпалардың жыртылуы немесе ығысуы);
- биологиялық (ішкі биоэлектрлік үрдістердің бұзылуы, ағзадағы биоэлектрлік үрдістердің бұзылуына қарай өкпе мен жүрек бұлшық еттерінің еріксіз тартылуымен бірге жүретін тірі талшықтардың тітіркенуі және қозуы
- механикалық (талшықтар мен сүйектердің, қан тамырларының және жүйкенің үзілуі, қол аяқтарының шығуы).
Электр тогы зақымданудың екі түріне электрлік жарақатқа және электр соққысына алып келеді.
Жарақат көбінесе электр доғасы әсерінен болады.
Электр соққысы кернеуде болатын бөліктерге адамның жанасуынан болады.
Жүрек пен өкпенің токтауына алып келетін электр соққысы өте қауіпті.
Электр тогының әсерінен болған зақымдану ішкі және сыртқы, сонымен бірге жергілікті және жалпы болып бөлінеді.
Жергілікті электр жарақаты – электр өткізгішпен немесе электр доғасымен адамның тогысу жерінде болған жарақат.
Жалпы электр жарақаты – бұл барлық ағзаның зақымдануы, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы.
Ішкіге жататындар: дем алудың салдануы, жүректің талшықтануы, электр соққысы, электрлік естен тану, ішкі органдардың зақымдануы.
Сыртқы электр жарақаттарының түрлері: электрлік күйік; электрлік белгі; терінің электрлік металдануы; электрлік офтальмия; сыртқы органдардың механикалық зақымданулары (құлаған кезде, терінің зақымдануы, соғып алулар).
Дем алудың салдануы электр соққысы кезінде ағзаның тірі тканьдарынан ток өткенде бұлшық еттердің еріксіз қысқарып тырысуымен қоса жүретін қозуы болады. Мұндай соққы өкпенің, жүректің, демнің жұмыстарын бұзып, тіпті толық токтауына алып келеді. Бұл кезде адам жергілікті сыртқы зақым, яғни электр жарақаттарын алмауы да мүмкін.
Жүректің талшықтануы – бұл ретсіз, бей-берекет жүрек бұлшық еттерінің талшықтарының қысқаруы.
Жүректің кардиоциклінің дұрыс ұзақтығы 0,75 – 1 с (минутына 60 – 80 рет соғу). Жүректің талшықтануы кезінде, жүрек қанды айдау үшін насос сияқты жұмыс істеуін токтатады.
Электрлік естен тану – электр тогымен қатты тітіркенуге байланысты жүйке жүйесінің реакциясы, қан айналымының бұзылуы, қан қысымының жоғарылауы. Естен тану жағдайы бірнеше ондаған минуттан тәулікке дейін созылуы мүмкін, одан кейін организм көмек көрсетілмесе өледі.
Органдардың ішкі механикалық зақымдануы токтың әсерінен (қан тамырларының және жүйкенің үзілуі, қол аяқтарының шығуы, сүйектердің сынуы) бұлшық еттердің шұғыл еріксіз қысқаруы кезінде пайда болады
Электрлік күйік – ток жүретін бөліктермен дененің түйісу жерінде (терінің қызаруы) токтың жылулық әсер ету нәтижесі немесе электр доғасының әсері (терінің өлуі немесе күйеленуі және тканьдардың жануы).
Электрлік белгі – бұл анық сызылған сұр немесе боздау-сары түсті. Зақымданған терінің бөліктері сүйел тәрізді қатаяды. Олар ауырмайды және тез қайтады.
Терінің электрлік металдануы – ток әсерінен металл бөлшектерінің шашырау салдарларынан оның теріге енуі
Уақыт өте келе металл тартылып зақымданған тері бөлігі қалпына келеді.
Бұл жарақат түрі көзге металл түскен кезде ғана қауіп тудырады.
Электрлік офтальмия - бұл электр доғасының ультракүлгін сәулелену әсері нәтижесінде(электрлік пісіру, қысқа тұйықталу кезінде) көздің қабынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет