2 Адам денесінің кедергісі
Ток күші берілген кернеуге және дене кедергісіне тәуелді. 0,05 … 0,2 мм (эпидерма) қалыңдықтағы тері қабатының беті өлі жасушалардан тұратын ұлпаның сүйелденген қатпарларынан тұрады. Сүйелденген қатпардың белсенді кедергісі тері жағдайына тәуелді және бірнеше килоомнан мегаомға дейін (құрғақ тері кезінде) құрайды. Егерде сүйелденген қатпарды алып тастаса, онда дене кедергісі 1 кОм-ға дейін азаяды. Бұлшық еттердің, май және сүйек ұлпаларының, жүйке талшықтарының, қанның кедергісі анағұрлым аз мәнге ие, түгелдей алғанда адамның ішкі ағзаларының кедергісі Rв=400 … 600 Ом құрайды.
Соныменен, сүйелденген қатпардың зақымдануы, соның ішінде тіліктер, жарықтар және басқада микро жарақаттар дене кедергісін төмендетіп, ішкі ағзалардың кедергісінің мәніне дейін жуықтатады. Осындай әсерді электр тогының жақсы өткізгіштері болып терінің сумен және әсіресе термен сулануы, сонымен бірге оның ток өткізгіш шаңдармен, металл бөлшектермен былғануы және т.б. көрсетеді.
Ток жүретін бөліктермен байланыс тығыздығын және ауданын үлкейту терінің белсенді кедергісін Rт төмендетеді. Бұл жағдайда ауыспалы токтың кедергісі өте шұғыл төмендейді.
Кернеу 200…300 В жеткен кезде терінің жоғарғы қабатының электрлік тесілуі басталып, жалпы кедергі өзінің ең төменгі мәніне (Rв) жақындайды. 50 Гц ауыспалы ток кезінде есептік мән ретінде адам денесінің кедергісі 1000 Ом тең деп қабылдайды.
3 Токтың әсер ету ұзақтығы
Организмге электр тогының әсері ұзақ болған сайын, зақымдану нәтижесі ауыр болуы мүмкін. Бұны организмге ток әсері салдарлары жиынтығының байланыс орындарында терінің қызуы кезінде терінің кедергісінің төмендеуімен (тердің бөлінуінен) және әсіресе жүрек циклының қауіпті кезеңінде токтың өту ықтималдығының жоғарылауымен түсіндіреді.
12.1.038 - 82 МСТ және электр тогының адамға әсерінің ұзақтығынан фибрилляциялық (жіберетін) токтардың рұқсатты деңгейлері анықталған (2 кестені қара). Адам денесі арқылы өтетін ток мәнінің өте қауіпті (резонанстық) шамасы, ол токтың өту ұзақтығы кардиоцикл уақыты (0,75 - 1,0 с) тең немесе асып кетеді. Бұл кезде ток жүрек жұмысының барлық фазаларымен «кездеседі».
3.2 кесте - Адам денесі арқылы өтетін рұқсатты ток, мА
Ток түрі
|
Әсер ету ұзақтығы, с
|
0,01
0,08
|
0,1
|
0,2
|
0,3
|
0,4
|
0,5
|
0,6
|
0,7
|
0,8
|
0,9
|
1
|
Ауыспалы
(50 Гц)
|
650
|
500
|
250
|
165
|
125
|
100
|
85
|
70
|
65
|
55
|
50
|
Тұрақты
|
650
|
500
|
400
|
350
|
300
|
250
|
240
|
230
|
220
|
210
|
200
|
Бұл кестеден байқағандай, егерде организм арқылы өтетін токтың өту ұзақтығы 0,5 с аспайтын болса, онда ауыспалы токтың өте қауіпті мәні 100 мА рұқсатты болуы да мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |