7 Токтың әсер етуінің, жанасу кернеуінің шекті-рұқсатты деңгейі. адамға әсер ету сипаттамасына қарай токтың жіктелімі Электр қауіпсіздігінің нормалары МСТ-12.1.038-88 ЕҚҚЖ.
«Электр қауіпсіздігі. Жанасу кернеуінің және токтардың шекті рұқсатты деңгейі», стандарттарымен көрсетілген.
МСТ «Адамның жанасу кернеуінің рұқсатты мәні» сәйкес 3 тен 10 с дейін уақыт кезінде 36 В құрайды. Бірақта 3 тен 10 с дейінгі ұзақтық кезінде токпен зақымдану жағдайы бойынша өте қауіпті бөлмелерде ауыспалы токпен жанасу кернеуі 12 В аспауы керек.
Электр тогымен зақымданудың ең бір өте негізгі факторлары болып ток күші табылады.
Адамдарға әсер ету сипаты бойынша токтардың жіктелімі– және токтардың шекті рұқсатты деңгейі(жиілікгі 50Гц, кернеуі 220В ):
Сезілмейтін ток – бұл адамға ешбір әсер етпейтін шекті рұқсатты мән- 0,3мА;
Сезілетін ток– адам токты сезіне бастайды (жеңіл қышуды сезу, терінің жыбырлауы) – 0,6 – 1,5мА;
Жіберетін ток (қолдың білегінде токты сезу таралып, қолды еріксіз қимылдатады) – 2 мА.
Жібермейтін (Күшті ауырсынулар қол-аяқтың барлық жерлерінде тырысумен қоса күшейе түседі, қолының барлық жерінде иықтарын қоса алғанда қатты ауырсынулар мен тырысулар, қолдарды электродтардан алу қиын) – 10 – 15 мА.
Жүректің талшықтануы – 80 – 100 мА (2-3 с сайын).
Дем алудың салдануы – 100 мА және одан жоғары.
Токтың 200 – 300 мА және одан да жоғары мәндерінде 2 – 3 с жүректің талшықтануы болып, терең ішкі және сыртқы күюлер болады.
8 Электр желістері туралы жалпы мәліметтер Адамның электрлік зақымдану қаупі оған берілген кернеу мен ток мәнімен анықталады, ол өз кезегінде адамның электр тізбегіне қосылу сызбасына, сонымен бірге электр желісіның жұмыс режімімен және шамасына тәуелді.
Тұрақты және ауыспалы электр желісі (бір фазалық және көп фазалық) болады
Өндірістік электр қондырғыларда ауыспалы токтың үш фазалық желі. Үш фазалық трансформатордың (генератордың) орамдарының бірігу нүктесі бейтарап деп аталады.
Қоректендіретін трансформатордың (генератордың) бейтараптарының режімі бойынша оқшауланған немесе тұйық жерленген үш фазалық желі деп айырады. Оқшауланған деп, жерлендіретінқұрылғымен қосылмаған немесе оған үлкен кедергі арқылы (дабыл, өлшегіш, және қорғағыш приборлар, кернеу трансформаторлары және т.б.) қосылған бейтарапты айтады. Тұйық жерленген деп жерлендіретінқұрылғыментікелейнемесе аз кедергілі аппараттар арқылы (мысалы, ток трансформаторлары) жалғанған бейтарапты айтады.1000 В дейінгі кернеу кезінде бейтараптары оқшауланған үш сымды желілер және әсіресе бейтараптары жерленген 380/220 В кернеулі төрт сымды желілер кеңінен тарады.
Желілер 1000 – 35000 В кернеу кезінде оқшауланған бейтарапты, 35000 В жоғары болғанда-жерленген болады.