Электр энергиясын теңгерімдеуші нарықТЫҢ имитациялық режімдегі жұмысы туралы «Электр энергетикасы туралы»



Дата01.07.2016
өлшемі108.3 Kb.
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТЕҢГЕРІМДЕУШІ НАРЫҚТЫҢ ИМИТАЦИЯЛЫҚ РЕЖІМДЕГІ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) орындау мақсатында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмыс істей бастады.
Заңның 13-бабы 6-тармағына, сондай-ақ «Электр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережесінің» (бұдан әрі – Ереже) 1-тарауы 7-тармағына сәйкес Қазақстан БЭЖ-і электр энергиясы көтерме сауда нарығының әрбір субъектісі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
Бұл ретте, Ережелерге сәйкес, электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектісі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында электр энергиясын өндіру/тұтынумен байланысты өз теңгерімсіздіктерінің теңгерім Провайдері болуға немесе электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу жауапкершілігін электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы басқа субъектіге беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар Министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 қарашадағы №269 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 ж. 14 желтоқсанда №5044 нөмірмен тіркелген) негізінде 2008 жылдың 1 тоқсанынан бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында сатып алынған-сатылған электр энергиясы бойынша ақшалай нақты есеп айырысулар рәсімдері жасалмайтын имитациялық режимде жүзеге асырылады,

Имитациялық жұмыс кезеңі электр энергиясы көтерме сауда нарығындағы барлық субъектілердің электр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс жағдайындағы өзара іс-әрекет тетіктерін ойластыруы, Қазақстан БЭЖ-нде электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімсіздіктерінің нақты көлемін анықтауы, қуат қорының қажеттілік деңгейін нақтылауы, теңгерімдеуші электр энергиясы бағасының ауқымын анықтауы үшін өте қажет.


Теңгерімдеуші нарықтың имитациялық жұмыс режимі теңгерімдеуші нарықтың Ереже талаптарына сәйкес жұмыс істеуін, Жүйелік оператордың электр энергиясын өндіру/тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша, көтерме сауда субъектілерінің Жүйелік оператормен және Қаржылық орталықпен жасасқан шарттары негізінде теңгерімдеуші нарықта сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін нақты ақшалай есеп айырысулар рәсімдерінен өзге электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи және қаржылық реттеу бойынша қызметтер көрсетуін білдіреді.
Мұнымен қатар, теңгерім Провайдерінің имитациялық жұмыс режимі аяқталғаннан кейін теңгерімдеуші нарықта теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу/сату операцияларын одан әрі жүргізуі, электр энергиясын қайтара сату мақсатында сатып алуы үшін лицензиясы болуы керек (немесе имитациялық мерзім ішінде ҚР-дың қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте алуы тиіс). Сонымен қатар, теңгерім Провайдері имитациялық режим кезінде өз бетінше теңгерім Провайдері ретінде қызмет көрсете алмайтын және де осы жауапкершілікті оған тапсырған электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу қызметін көрсетуге шарт жасауы тиіс.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңының жаңа редакциясында (1-тарау. Жалпы ережелер. 4-бап, 1-тармақ (46 тармақша) теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу жеткізушіні таңдау және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа отыру рәсімдерін реттейтін осы Заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылады. Имитациялық режимдегі жұмыс кезінде Жүйелік оператор мен Қаржылық орталық электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілерін – теңгерім Провайдерлерін теңгерімдеуші нарық жүйесіндегі программалық жарақтандырумен жұмыс істеу принциптерін және тәсілдерін оқытуға, оның ішінде жоспарланған өндіру/тұтыну көлемі туралы мәліметтер беру бойынша, тәуліктік кестені қалыптастыру үшін электр энергиясын сатып алу/сату, реттеуге қатысу бойынша тапсырыс беру, Жүйелік оператордың ақпараттық мәліметтер базасына ену тәсілдері бойынша оқыту ұйымдастыруды жоспарлайды (2008 ж. наурыз-сәуір айлары).


Имитациялық режим кезінде теңгерімдеуші нарық жүйесінің программалық жарақтандырылуын апробациялау үшін «Теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу/сату» шартының талаптарын орындау аясында теңгерімдеуші нарықта электр энергиясын сатып алу-сату актілері жасалады, «Имитациялық режим. Ақы төленбейді» белгісі қойылып, есеп айырысу кезеңінің қорытындысы бойынша ақы төлеуге хабарламалар мен шот-фактуралар жіберіледі.
Әрбір теңгерім Провайдерінен алынған сағаттық теңгерімсіздік көлемі туралы ақпараттық деректер, теңгерімдеуші электр энергиясының баға көрсеткіштері көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру/тұтынумен байланысты бизнес-процестерін оңтайландыруға көмектеседі. Имитациялық режим қорытындысы бойынша әрбір теңгерім Провайдері алдағы кезеңдегі бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жоспарлау үшін қажетті талдау ақпараттарын ала алады. Жүйелік оператордың теңгерімдеуші нарық жүйесіндегі ақпараттық дерекқорына ену төмендегідей тәртіпте жүргізіледі:
1. Теңгерімдеуші нарықтың әрбір субъектісі ақпараттар дерекқорында тіркелу үшін Жүйелік операторға (ЖО) қажетті байланыс ақпараттарын береді: Субъектінің заңды мекенжайы, заңды тұлға деректерін қабылдауға-ұсынуға жауапты қызметкердің аты-жөні, лауазымы, e-mail, байланыс телефондары.
2. ЖО өздерінің байланыс ақпараттарын берген барлық субъектілердің электрондық пошталарына тәуліктік кестелерін жіберу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ тәуліктік кестені әзірлеу үшін шаблон ұсынылады.
3. Субъектілерге ЖО-мен «Қазақстан БЭЖ-нде электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметін көрсету туралы» шарт жасалғаннан кейін және субъект аккаунты жүйеде жұмыс істей бастаған соң Жүйенің веб-интерфейсіне ену мүмкіндігі (есептік жазбаның аты, ену паролы) беріледі.
4. Жүйеге ену рұқсатын алған субъектілер өздері ұсынған тәуліктік кестелерді, теңгерімсіздік шамаларын қарау мүмкіндігін иеленеді. Өндіру/тұтынудың нақты көлемі және теңгерімсіздіктер субъекті техникалық талаптар мен шартта және субъектінің ЖО-ға беретін қажетті деректеріне (ЭКЕАЖ деректері, ЭКЕАЖ жиынтығы жоқ субъектілер үшін – ЖО-мен келісілген жүктеме профилі, тәуліктік кестені әзірлеуге қажетті электр энергиясын өндіру/тұтынудың, сатып алу/сатудың жоспарланған көлемі туралы деректер) қатысты Ережелерде көрсетілген талаптарды орындау кезінде қалыптасады.
5. Қаржылық орталықпен «Қазақстан Республикасы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу/сату» шартын жасасқан теңгерім Провайдерлері жоғарыда аталған ақпаратқа қосымша төмендегідей ақпараттарды алу және теңгерімдеуші нарыққа тікелей қатысу мүмкіндігін иеленеді:


  • реттеуге қатысуға өтінім жіберу;

  • әр сағаттағы теңгерімдеуші энергияның бағасын қарау;

  • ЖО-ның әрбір теңгерім Провайдері (және теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу жауапкершілігін тапсырған субъектілер) бойынша әзірлейтін сағаттық теңгерімсіздіктерге қатысты өзара есеп айырысуларының он күндік ведомостарын алып отыру. Ол құжатта әр сағаттағы теңгерімсіздік көлемі мен белгісі, теңгерімдеуші электр энергиясының бағасы, есеп айырысатын онкүндік (ай) үшін дебет пен кредиттің жиынтық көлемі көрсетілетін болады;

  • әзірленген хабарлама мен төлемге жіберілетін шот.

Қазақстан Республикасында 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясы теңгерімдеуші нарығының енгізілуіне байланысты жиі қойылатын сұрақтар


Теңгерімдеуші нарықтың жұмыс қағидаттары қандай?

Теңгерімдеуші нарық моделі қысқаша төмендегідей түсіндіріледі:

  • нарық субъектілері арасында жасалған сатып алу-сату жөніндегі екіжақты шарт бойынша өзара есеп айырысулар электр энергиясының тәуліктік кестеде көрсетілген (түзетулерді есепке ала отырып) көлеміне сай жүзеге асырылады.

  • Жүйелік оператор берілген тәуліктік кестеден ауытқуға жол берген нарық субъектілерін анықтап отырады;

  • Жүйелік оператор электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта белгіленген баға бойынша сатып алуға немесе сатуға өтініш білдірген нарық субъектілерінен сағаттық тапсырыстарды қабылдайды;

  • барлық тәуліктік кестеден ауытқуларды реттеуді (теңгерімсіздіктерді табиғи реттеу) Жүйелік оператор қуаттың жедел резервтерін іске қосу немесе жұмыс істеп тұрған энергоблоктар жүктемесін азайту, сондай-ақ реттеуші-тұтынушылардың электр тұтыну көлемін өзгерте алу мүмкіндігін пайдалану жолымен жүзеге асырады.

  • Теңгерімсіздіктерді реттеуге қатысатын нарық субъектілері туралы Жүйелік оператордан ақпарат алған Қаржылық орталық олармен теңгерімдеуші нарықта пайда түспеген жағдайда қалыптасқан баға бойынша есеп айырысады (теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу).

  • Қазақстанның БЭЖ-нде қажетті қуат қорын қалпында ұстау Жүйелік оператордың энергия өндірушілерден қуат қорын әзір қалпында сақтау қызметін сатып алу есебінен жүзеге асырылатын болады.

Теңгерімдеуші нарықтың енгізілуіне орай қуатты реттеу қызметін көрсету нарығында не болмақ?

Қазіргі уақытта белгіленген тәуліктік кестеден ауытқу "KEGOC" АҚ (ауыспалы құрам) пен Орталық Азия энергия жүйелері (негізгі құрам) көрсететін қуатты реттеу қызметі мен электр қуатына қосымша тапсырыс беру арқылы тәуліктік кестеге түзетулер енгізу есебінен реттелуде.

Теңгерімдеуші нарық енгізілгеннен кейін "KEGOC" АҚ нарық субъектілеріне қуатты реттеу бойынша қызмет көрсетуді тоқтатады. Тәуліктік кестеден болатын ауытқулар теңгерімдеуші нарықта реттелетін болады. Бұл ретте Орталық Азияның энергия жүйесінен қуатты реттеу бойынша қызметті сатып алу және тәуліктік кестені түзету мүмкіндігі сақталады.

"KEGOC" АҚ теңгерімдеуші нарықта қандай қызметтер көрсететін болады?

Теңгерімдеуші нарықтың енгізілуімен байланысты "KEGOC" АҚ нарық қатысушыларына жаңа қызмет түрін ұсынады. "KEGOC" АҚ электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметін көрсетеді, оған теңгерімдеуші нарықтың жұмысын ұйымдастыру және теңгерімсіздіктерді табиғи реттеу енеді. Бұл қызмет түрлеріне ақы төлеу белгіленген тәртіпте бекітілген тариф бойынша жүзеге асырылады.

Теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметінің ақысын тұтынушылар көтерме және бөлшек сауда нарығында пайдаланылған электр энергиясының жиынтық көлемі үшін, ал энергия өндірушілер көтерме және бөлшек сауда нарығында шығарылған электр энергиясының жиынтық көлемі үшін төлейді.

Көтерме сауда нарығында біріктірілген ЭКЕАЖ болмаған жағдайда тәуліктік кестеден нақты сағаттық ауытқулар қалай анықталатын болады?

Тәуліктік кестеден нақты сағаттық ауытқуларды есепке алу нарық субъектілерінің есепке алу құралдарымен жабдықталуына байланысты бірнеше тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:

1) егер барлық коммерциялық есепке алу нүктелері микропроцессорлық аспаптармен жабдықталған болса, ауытқулар солардың көрсеткіштері бойынша анықталады, бұл ретте Жүйелік оператормен деректердің беру нысаны мен регламентін келісу қажет.

2) егер есепке алу нүктелері микропроцессорлық аспаптармен толық жабдықталмаған болса, қолда бар микропроцессорлық аспаптардың көрсеткіштері негізінде есепті кезең үшін жүктеме профилі жасалады, бұл шама есепті мерзім ішіндегі нарық субъектісінің электр энергиясын тұтыну/өндірудің жиынтық көлемін есептеуде қолданылады. Жүйелік оператормен есеп айырысу алгоритмін, нысанын және жеткізу регламентін келісу қажет.

3) телеөлшемдер болған жағдайда, солардың негізінде есепті мерзім ішіндегі нарық субъектісінің электр энергиясын тұтыну/өндірудің жиынтық көлемін есептеуде қолданылатын жүктеме профилі жасалады. Жүйелік оператормен есеп айырысу алгоритмін, нысанын және жеткізу регламентін келісу қажет.

4) телеметрияның деректері болмаған жағдайда, жүктеме профилі маусымдық өткізілетін сағат сайынғы бақылау өлшеулер, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жұмыс режимінің басқа өлшемдерінің статистикалық ақпараттарының негізінде қалыптасады.

5) тұтынушының келісілген жүктеме профилі болмаған жағдайда, тұтынудың сағат сайынғы мәндерін анықтау үшін тұтынудың ұқсас құрылымымен немесе Жүйелік оператордағы аталған тұтынушының тұтынуының сипаты мен шамасы туралы деректер бойынша тұтынушының үлгілі жүктеме бейінін анықтайды және пайдаланады.

жүктеме профилі негізінде жүктеме профилін толтырудың сағат сайынғы коэффициенті – жүктеменің сағат сайынғы мәнінің тәуліктікке қатынасы анықталады. Жүктемені толтырудың сағат сайынғы сомасы бірлікке тең.



Теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу қалай жүзеге асырылатын болады?

Теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу (теңгерімдеуші нарықта электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операциялар) «Энергоинформ» мекемесі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Әрбір нарық субъектісі теңгерімсіздіктерінің мөлшері, теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату көлемі және теңгерімдеуші электр энергиясының әр сағаттағы бағасы туралы ақпаратты Жүйелік оператор Қаржылық орталыққа жіберіп отырады.

Жүйелік оператордан ақпарат алған Қаржылық орталық нарық субъектілерімен пайда түспеген негізде электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасау арқылы өзара есеп айырысулар жүргізеді:



  • теңгерімсіздіктерді реттеуге қатысатын нарық субъектілерінен теңгерімдеуші нарық бағасымен электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру;

Теңгерім Провайдерлерінің теңгерімдеуші нарықтағы рөлі қандай?

Теңгерімдеуші нарықтың осы қабылданған моделінде теңгерім Провайдерлері институты енгізілген. Оларға нарық қатысушылары электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу жауапкершілігін жүктей алады.

Бұл ретте өңірлік электр желілері компаниялары, немесе мәртебесі жағынан олармен теңестірілген энергия жеткізуші ұйымдар бөлшек сауда субъектілері мен өңірлік желілерге қосылған көтерме сауда субъектілері атынан теңгерім Провайдерлері ретінде қызмет атқара алады.

Сөйтіп, Қазақстанның әр түрлі аймағында жұмыс істейтін 20 өңірлік электр желісі компаниясы Жүйелік оператор алдында өз өңіріндегі тұтынушылардың: бөлшек сауда субъектілері мен көтерме сауда субъектілерінің теңгерімсіздіктерін табиғи және қаржылық реттеуге жауапты болып табылады.

Ұлттық электр торабына тікелей қосылған көтерме сауда нарығының қалған субъектілері Қаржылық орталықпен дербес түрде шарт жасай алады, сол секілді теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу жауапкершілігін теңгерім Провайдеріне бере алады.

Теңгерім провайдерлері Жүйелік оператормен теңгерімдеуді ұйымдастыру және теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу қызметтерін көрсету туралы дербес шарттар жасай алады.



Теңгерімдеуші нарық имитациялық режимде қалай жұмыс істейтін болады?

2008 жылғы қаңтардан ЭТН имитациялық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдайда ЭТН жүйесінде сатылған-сатып алынған электр энергиясы үшін ақшалай есеп айырысулар жүргізілмейді. Нақты ақшалай операцияларды 2008 жылдың 2 тоқсанында программалық жарақтандыру қолдану арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұл ретте теңгерімсіздіктерді табиғи реттеу және теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметін көрсету 2008 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге асырылатын болады, және белгіленген тариф бойынша төлемақы жүргізіледі.

Теңгерімдеуші нарықты іске қосуда имитациялық жұмыс режимін пайдалану әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесінде қолданылды. Соның ішінде Ресейде де нақты ақшалай операцияларды бастамас бұрын, көп айлар бойы имитациялық жұмыс режимі орнатылды.



Теңгерімдеуші нарық электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қандай жолмен шығарылады?

Теңгерімдеуші нарықта өңірлік электр желілері компаниялары, немесе мәртебесі жағынан олармен теңестірілген энергия жеткізуші ұйымдар теңгерім Провайдерлері ретінде Жүйелік оператор алдында өз өңірінің тұтынушылары атынан: бөлшек сауда және өңірлік желіге қосылған көтерме сауда нарығы субъектілерінің теңгерімсіздіктері табиғи және қаржылық реттелуі үшін жауапты болып табылады.

Осы мақсатпен өз өңірінің Провайдерлері ретінде ӨЭК-тер "KEGOC" АҚ-пен электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметі бойынша келісімшартқа отырып, пайдаланылған электр энергиясының жиынтық көлемі үшін аталған қызмет ақысын төлейтін болады. Бұдан басқа ӨЭК-тер «Энергоинформмен» теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға келісімшарт жасайды.

ӨЭК-тер өз кезегінде өңірлік желіге қосылған бөлшек сауда және көтерме сауда нарығының субъектілеріне теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу бойынша қызмет көрсетеді.



"KEGOC" АҚ ӨЭК-тер үшін теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу бойынша көрсетілетін қызметке тарифтер белгілеуді ұсынады, сол қаражат есебінен олардың теңгерімдеуші нарыққа қатысу шығындары өтелмек. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен келісуді талап етеді.
Каталог: up files
up files -> Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа дгқ сатып алуға арналған техникалық тапсырма
up files -> АҚ мен ебұ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат
up files -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
up files -> «Ұлттық электр торабын жаңғырту – ІІ кезең» жобасын іске асырған кездегі экологиялық басқару жоспары
up files -> описание проекта часть I – Расширение/модернизация подстанций
up files -> Главный инженер Чернохаев К. П


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет