Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 шілдедегі №932 Қаулысы



Дата17.07.2016
өлшемі262.56 Kb.
Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 932 Қаулысы

 

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 12 шілдедегі

№ 932 қаулысымен

бекітілген

 

 

Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету



қағидалары

 

 



1. Жалпы ережелер

 

Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзiрлендi және электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету тәртібін айқындайды.



1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесi - электр энергиясын есепке алу деректерiн өлшеу, жинау, өңдеу, сақтау және беру үшiн өлшеу құралдарының және аппараттық-бағдарламалық кешенiнiң жиынтығы;

2) электр энергиясын кепілдікпен жеткізуші - энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымдардың барлығы тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінсіз тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;

3) өндіру кестесі - энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруінің тәуліктік теңгерімі;

4) электрмен жабдықтау шарты - электрмен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға жалғастырылған желi арқылы энергия беруге мiндеттенетiн, ал тұтынушы алған электр энергиясына ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзінің қарамағындағы электр желiлерiн пайдалану қауiпсiздiгiн және электр энергиясын тұтынуымен байланысты олар пайдаланатын аспаптар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз етуге мiндеттенетiн келісім;

5) есеп айырысу кезеңi - шартта айқындалатын, көрсетiлген қызметтер және/немесе электр энергиясын жеткiзгенi үшiн есеп айырысу жүргiзiлетiн уақыт бөлiгi;

6) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) шарттардың негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қатынастар жүйесі;

7) тұтынушылар - шарттар негізінде бөлшек сауда нарығында электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлғалар;

8) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар;

9) техникалық шарттар - электр желілеріне қосу үшін қажетті техникалық талаптар;

10) өңiрлiк деңгейдегi электр желiлерi - өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйымның, не басқа желінің меншік иесі - бөлшек сауда нарығы субъектілерінің теңгерімде тұрған электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға арналған қосалқы станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғастыратын электр беру желiлерiнiң жиынтығы;

11) нақты теңгерім - бөлшек сауда нарығындағы субъектiлердiң есеп айырысу кезеңінде жеткiзген және тұтынған электр энергиясы көлемiнiң атаулы бөлiнуiн белгiлейтiн, өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым жасаған құжат.

 

 

2. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және осы нарықта қызмет көрсету тәртібі



 

2. Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында импортталатын энергияны өндіреді және береді, сондай-ақ жасалған шарттарға сәйкес жеткізеді.

3. Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында өз қызметін жүзеге асыру процесінде электр энергиясын өндіру кестесін сақтайды.

4. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында электр энергиясын электр желілер арқылы шарттық талаптарда беру бойынша қызмет көрсетеді.

5. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында өз қызметін жүзеге асыру процесінде:

1) электр энергиясын электр желілеріне қызмет көрсету арқылы айдау және беру көлемінің есебін жүргізеді;

2) коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды жүзеге асырады, қызмет көрсетілетін желілерге қосылған барлық бөлшек тұтынушылардың тұтыну көлемін айқындайды және осы ақпаратты өңірлік электр желілерін пайдаланатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен энергия беруші ұйымдарға береді;

3) өздерінің желілері бойынша берілетін электр энергиясының сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды;

4) жасалған шарттарға және нормативтік техникалық талаптарға сәйкес электр энергиясын беру сенімділігін қамтамасыз етеді;

5) қызмет көрсету желілеріне және шаруашылық мұқтаждықтарына беру кезіндегі электр энергиясының технологиялық шығындарын жабу үшін электр энергиясын сатып алуды жүргізеді;

6) өз желілеріне электр желілерін және тұтынушылар қондырғыларын қосуға арналған техникалық шарттарды беруді жүзеге асырады;

7) электр энергиясын беруді тоқтату (шектеу) жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

6. Өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия берушi ұйымдар осы Қағидалардың 5-тармағында аталғандарға қосымша:

1) электр энергиясын сатып алу-сату үшін жасалған шарттар мен оны беру шарттары туралы дерекқор қалыптастырады;

2) бөлшек сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясын жеткiзу мен тұтынуының нақты теңгерiмiн жасайды;

3) тұтынушылар мәлiмдеген электр энергиясы көлемiн берудiң техникалық мүмкiндiктерiн және олардың коммерциялық есепке алу жүйелерiнiң белгіленген талаптарына сәйкестiгiн қарайды;

4) өңiрдiң электр желiлерiнiң перспективалық даму жоспарын әзiрлейдi және олардың негiзiнде өңiрлiк деңгейдегi электр желiлерiн жоспарлы дамытуды жүзеге асырады;

5) энергиямен жабдықтаушы ұйымның бөлшек сауда нарығынан кету немесе өңiрдегi тұтынушыларды немесе тұтынушылар тобын электрмен жабдықтауды тоқтату фактiлерiн анықтайды және ол туралы электр энергиясын кепiлдiкпен жеткiзушiге хабарлайды.

7. Мыналарды:

1) бірыңғай электр энергетикалық жүйедегі авариялық бұзушылықтардың алдын алуды, оқшаулауды және жоюды;

2) бөлшек нарық субъектiлерiнің жасалған энергиямен жабдықтау шарттарына сәйкес электр энергиясын беру үшiн ақы төлеу талаптарын бұзуын;

3) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өтінімі бойынша тұтынушылармен жасалған энергиямен жабдықтау шарттарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеу шарттарын бұзуын қоспағанда, энергия берушi ұйымның электр энергиясын беруді тоқтатуына (шектеуіне) жол берілмейді.

8. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында энергия беруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алады және оны энергиямен жабдықтау шарттарына сәйкес тұтынушыларға сатады.

9. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында өз қызметін жүзеге асыру процесінде:

1) жеткiзу-тұтыну режимдерiн жүргiзу бойынша энергия берушi ұйымдардың жедел өкiмдерiн орындайды;

2) энергия берушi ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сатуға және электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсетуге жасалған шарттар бойынша электр энергиясын жеткiзу-тұтынудың тәулiктiк кестесiн бередi;

3) тұтынушыларға электр энергиясын беруге энергия беруші ұйымдармен шарттар жасасады;

4) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметтеріне ақы төлейді.

10. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның қызмет көрсету аймағы олар жасасқан энергиямен жабдықтау шарттарына сәйкес желілеріне тұтынушылар қосылған энергия беруші ұйымдар желілерінің шекарасымен айқындалады.

11. Кепілдік беріп жеткізуші энергиямен жабдықтаушы ұйымдар ішінен айқындалады, оның тұтынушылар құрамында қызмет көрсету аймағына сәйкес басқа да энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен салыстырғанда тұрмыстық тұтынушылардың көп бөлігі болады.

12. Энергия беруші ұйымның жедел-диспетчерлiк басқармасының әрекетi таралатын аумақ және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымның электр желiлерi арқылы электр энергиясын алатын барлық тұтынушылар электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушілердің қызмет көрсету аймағы болып табылады.

13. Кепілдік беріп жеткізушілер мен электр энергиясын тұтынушылар арасында энергиямен жабдықтау шарттары азаматтық заңнамаға сәйкес жасалады.

14. Энергиямен жабдықтаушы ұйым өз тұтынушылары мен энергия берушi ұйымдарға және электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушіге электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы жазбаша (егер шарт жазбаша нысанда жасалса) немесе электрмен жабдықтау қызметтік төлеу шоттарында тиісті ақпаратты орналастыра отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ монополияға қарсы органға (егер энергиямен жабдықтаушы ұйым басым немесе монополиялық орын алатын, нарық субъектілерінің мемлекеттік нарығына енгізілсе) күнтiзбелiк екі ай бұрын хабарлайды.

15. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен энергиямен жабдықтау шарттарын жасасуға ниет білдірген тұтынушылар шартты бұзу туралы хабарламаны (егер шарт жазбаша нысанда жасалса) алған немесе хабарландыру жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде энергиямен жабдықтаушы жаңа ұйымға өтінішпен жүгінеді.

16. Энергиямен жабдықтаушы жаңа ұйым бұрынғы электрмен жабдықтаушы ұйымда энергиямен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті, тұтынушы құжаттарының толық пакеті болған жағдайда және оның қолданысы тоқтаған сәтте бұрынғы энергиямен жабдықтаушы ұйыммен энергиямен жабдықтау шартының талаптарын тұтынушылар сақтаған жағдайда энергиямен жабдықтау шартын (немесе бұрынғы энергиямен жабдықтау шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерге көшу туралы келісім) жасайды.

17. Бұрынғы энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы хабарламаны алған немесе хабарландыру жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде энергиямен жабдықтау шартын жасасу туралы тұтынушының өтініші болмаған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы жаңа ұйым тұтынушыға энергиямен жабдықтау бойынша қызметтерді одан әрі алу ниетін білдірген жағдайда энергиямен жабдықтау шартын жасасу қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны жібереді.

18. Хабраламаны алған сәттен бастап бір ай өткен соң тұтынушыдан электрмен жабдықтау шартын жасасу туралы өтініш болмаған кезде энергиямен жабдықтаушы жаңа ұйым бұрынғы энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушысына электр энергиясын беруді тоқтады.

19. Энергиямен жабдықтаушы жаңа ұйым бұрынғы энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкiлдерiмен коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн жазып алуды жүргiзедi және үш жақты қабылдап алу-тапсыру актiсiн жасайды, оған энергия жабдықтаушы ұйымның беретiн және алатын өкiлдерi мен тұтынушылары қол қояды. Бұл тапсыру-қабылдап алу актiсi тараптардың өзара есеп айырысуы үшiн негiз болады. Тапсыру-қабылдап алу актiсiне сәйкес бұрынғы энергиямен жабдықтаушы ұйым түпкiлiктi есептесу үшiн тұтынушыға шот бередi.

20. Тапсыру-қабылдап алу актiсiнiң көшiрмесi электр энергиясының теңгерiмiн жасау үшiн энергия беруші ұйымға берiледi.

21. Тұтынушылар электр энергиясын пайдалану мақсатына сәйкес электр энергиясын тек жарықтандыруға ғана және кәсіпкерлік және өндірістік қызметтермен байланысты емес басқа да мұқтаждыққа пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар және электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды жасау және қызметтерді көрсету үшін пайдаланатын коммерциялық тұтынушылар болып бөлінеді.

22. Электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында:

1) жасасқан шарттардың талаптарына сәйкес электр энергиясын алады және тұтынады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен есепке алу жүйесінің сараланған тарифтері бойынша электр энергиясын тұтыну үшін төлем жүргiзедi;

3) тұтынушының меншiгiндегi электр қондырғылары мен электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарын тиiстi техникалық күйде ұстайды;

4) тұрмыстық тұтынушыларды қоспағанда, электрмен жабдықтау шартында белгiленген электр тұтыну режимiн сақтайды;

5) өңірлік электр желілері компаниясының және энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналын коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жұмыскерлерiн электр қондырғылары мен есепке алу аспаптарын пайдаланудың техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн бақылау үшiн жiбередi.

 

 

3. Бөлшек сауда нарығының жұмыс iстеу тәртібі



 

23. Бөлшек сауда нарығында жасалатын электр энергиясын сату және беру жөнiндегi мәмiлелердi iске асыру заңнамада белгiленген тәртiппен келiсiлген алдағы тәулiктерге өтiнiмдер бойынша электр беруші ұйым қалыптастыратын тәулiктiк кестеге сәйкес жүргiзiледi.

24. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушылар берген тәулiктiк кестелер бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасындағы шарттарға сәйкес электр тұтыну режимін сақтау жөнінде талаптар қойылмайтын тұтынушыларды есепке ала отырып, алдағы тәулiктерге өтiнiмдердi қалыптастырады.

25. Тәулiктiк кестеде бөлшек сауда нарығына электр энергиясын жеткiзетiн әрбiр энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясын жеткiзуiнiң сағаттық шамалары және әр энергиямен жабдықтаушы ұйым мен олар үшiн электр энергиясы сатып алынған тiкелей тұтынушылардың тұтынулары көрсетiледi.

26. Энергия беруші ұйым энергия өндіруші ұйымдармен келісілген және тіркеуден өткен энергия беруші ұйымның барлық шарттары негізінде құрастырылған энергиямен жабдықтаушы ұйым мен тұтынушылардың тәулік сайынғы өтінімі негізінде бөлшек сауда нарығы жұмысының тәуліктік кестесін қалыптастырады.

27. Келiсiлген және бекiтiлген тәулiктiк кестені энергия беруші ұйым энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және энергия өндіруші ұйыммен тікелей шарт жасаған бөлшек тұтынушыларға орындау үшін беріледі.

28. Энергиямен жабдықтаушы ұйым және тұтынушылар мәлімдеген электр энергиясының тәуліктік кестеде бекітілген көлемінен асып кетуі энергия беруші ұйыммен жасалған шарттарға сәйкес реттеледі.

29. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша энергия беруші ұйым электр энергиясының бөлшек сауда нарығында өзара есеп айырысу үшін негіз болып табылатын нақты теңгерімді жасайды. Бөлшек сауда нарығында электр энергиясын жеткізу-тұтынудың нақты теңгерімінде бөлшек сауда нарығының әрбір субъектісі бойынша мыналар көрсетіледі:

1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен шарты бар тұтынушылардан басқа, бөлшек сауда нарығының әрбір субъектісінің электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын жеткізу-тұтыну көлемдерін түзетуді ескере отырып, мәлімделген тәуліктік кесте;

2) коммерциялық есепке алу аспаптарында тіркелген бөлшек сауда нарығына жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының нақты саны.

30. Электр энергиясының импортына арналған мәмiлелер бойынша бөлшек сауда нарығында туындаған қатынастар тиiстi шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекетаралық келісімдерде көзделген тәртiппен реттеледi.

31. Электр энергиясының импорты, егер қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын ратификацияланған халықаралық шартпен өзгеше белгіленбесе, кеден заңнамасының талаптары орындалған жағдайда жүзеге асырылады.

32. Энергия берушi ұйымдардың не өзге де желі иелерінің электр желiлерi бойынша электр энергиясын берудегi оның нақты шығыны бөлшек сауда нарығы субъектiлерiне электр энергиясын жеткiзу нүктелерiнде орнатылған, коммерциялық есепке алу аспаптарының деректерi бойынша өндiрушi көздерден және басқа да электр желiлiк компаниялардан электр желiсiне кiрген электр энергиясының жиынтық мөлшерi арасындағы энергия беруші ұйымдардың шаруашылық қажеттерiне пайдаланылған және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылары мен бөлшек сауда тұтынушылары алған электр энергиясы көлемдерiн алып тастағандағы айырма ретiнде анықталады.

33. Энергия берушi электр желiлерiндегi электр энергиясының нормативтiк шамаларын анықтау «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

34. Энергия беруші ұйымдардың желiлерiндегi осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес есептелген электр энергиясының нақты шығынының шамалары олардың желiлерiнде оны беру жөнiндегi электр энергиясының нормативтiк шығынының шамаларынан асып кеткен жағдайда электр энергиясының осы көлемдерi энергия беруші ұйымдардың шығындарына жатады.

35. Өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйымдардың шығындары оның желiлерi мен басқа да энергия беруші ұйымдардың желiлерiндегi электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және бөлшек сауда тұтынушыларға беру үшiн пайдаланылатын электр энергиясының нормативтiк шығындарын өтеуге байланысты энергия беруші ұйымдардың тарифiнде есепке алынады және оларды энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен бөлшек сауда тұтынушылары заңнамада белгiленген тәртiппен төлейдi.

36. Бөлшек сауда нарығы субъектiлерi арасындағы қаржылық өзара есеп айырысулар электрмен жабдықтау, сатып алу-сату, қызметтер көрсету шарттарында белгіленген тәртiппен, мерзiмдер мен шарттарда жүргiзiледi.

37. Электр энергиясын беру және тарату жөнiндегi нақты көрсетiлген қызметтер үшiн қаржылық өзара есеп айырысулар табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын реттеушi орган бекiткен тарифтер мен есеп айырысудың бір айы ішінде электр энергиясының нақты теңгеріміне енгізілген, тұтынылған электр энергиясының нақты теңгерiмiне енгiзiлген электр энергиясының мөлшерi бойынша жүргiзiледi.

 

 

 



 

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2012 года № 932
Об утверждении Правил организации и функционирования розничного рынка электрической энергии, а также предоставления услуг на данном рынке

 

В соответствии с подпунктом 10) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об электроэнергетике» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:



1. Утвердить прилагаемые Правила организации и функционирования розничного рынка электрической энергии, а также предоставления услуг на данном рынке.

2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после официального опубликования.

 

 


Премьер-Министр

Республики Казахстан

 

К. Масимов

 

Утверждены

постановлением Правительства

Республики Казахстан

от 12 июля 2012 года № 932

 

 



Правила

организации и функционирования розничного рынка электрической

энергии, а также предоставления услуг на данном рынке

 

1. Общие положения



 

Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об электроэнергетике» (далее - Закон) и определяют порядок организации и функционирования розничного рынка электрической энергии, а также предоставления услуг на данном рынке.

1. В настоящих Правилах используются следующие понятия и определения:

1) автоматизированная система коммерческого учета электрической энергии - совокупность средств измерений и аппаратно-программного комплекса для измерений, сбора, обработки, хранения и передачи данных учета электрической энергии;

2) гарантирующий поставщик электрической энергии - энергоснабжающая организация, осуществляющая энергоснабжение потребителей в случаях прекращения энергоснабжения потребителей всеми другими энергоснабжающими организациями не по вине потребителя;

3) график выработки - суточный баланс выработки электрической энергии энергопроизводящей организацией;

4) договор энергоснабжения - соглашение, согласно которому энергоснабжающая организация обязуется подавать потребителю через присоединенную сеть электрическую энергию, а потребитель обязуется оплачивать принятую электрическую энергию, а также соблюдать предусмотренный договором режим ее потребления, обеспечить безопасность эксплуатации находящихся в его ведении электрических сетей и исправность используемых им приборов и оборудования, связанных с потреблением электрической энергии;

5) расчетный период - отрезок времени, определяемый договором электроснабжения, за который производится расчет за оказанные услуги и/или поставку электрической энергии;

6) розничный рынок электрической энергии - система отношений, функционирующая на основе договоров (купли-продажи, передачи и потребления электрической энергии, а также предоставления связанных с этим услуг) между субъектами розничного рынка электрической энергии вне оптового рынка;

7) потребители - физические или юридические лица, потребляющие на основе договоров электрическую энергию на розничном рынке;

8) субъекты розничного рынка электрической энергии - энергопроизводящие, энергоснабжающие, энергопередающие организации, потребители электрической энергии;

9) технические условия - технические требования, необходимые для подключения к электрическим сетям;

10) электрические сети регионального уровня - совокупность подстанций, распределительных устройств и соединяющих их линий электропередачи, предназначенных для передачи и (или) распределения электрической энергии, находящихся на балансе энергопередающей организации, эксплуатирующей электрические сети регионального уровня, либо других собственников сетей - субъектов розничного рынка;

11) фактический баланс - документ, составленный энергопередающей организацией, эксплуатирующей электрические сети регионального уровня, устанавливающий адресное распределение объемов поставленной и потребленной электрической энергии субъектами на розничном рынке за расчетный период.

 

 

2. Порядок организации розничного рынка электрической энергии и



предоставления услуг на данном рынке

 

2. Энергопроизводящие организации на розничном рынке электрической энергии производят и продают, а также поставляют импортируемую энергию согласно заключенным договорам.



3. В процессе осуществления своей деятельности на розничном рынке электрической энергии энергопроизводящие организации соблюдают график выработки электрической энергии.

4. Энергопередающие организации на розничном рынке электрической энергии оказывают услуги по передаче электрической энергии на договорных условиях через электрические сети.

5. В процессе осуществления своей деятельности на розничном рынке электрической энергии энергопередающие организации:

1) ведут учет перетоков и объема передачи электрической энергии через обслуживаемые электрические сети;

2) осуществляют снятие показаний приборов коммерческого учета, определяют объемы потребления у всех розничных потребителей, присоединенных к обслуживаемым сетям, и передают эту информацию энергоснабжающим организациям и энергопередающим организациям, эксплуатирующим электрические сети регионального уровня;

3) обеспечивают и контролируют качество передаваемой по их сетям электрической энергии;

4) обеспечивают надежность передачи электрической энергии в соответствии с заключенными договорами и нормативными техническими требованиями;

5) производят покупку электрической энергии для покрытия технологического расхода электрической энергии при передаче по обслуживаемым сетям и на хозяйственные нужды;

6) осуществляют выдачу технических условий на присоединение электрических сетей и установок потребителей к своим сетям;

7) осуществляют мероприятия по прекращению (ограничению) передачи электрической энергии.

6. Энергопередающие организации, эксплуатирующие электрические сети регионального уровня, дополнительно к перечисленному в пункте 5 Правил:

1) формируют базу данных о заключенных договорах на куплю-продажу электрической энергии и договорах на ее передачу;

2) составляют фактический баланс поставки и потребления электрической энергии субъектами розничного рынка;

3) рассматривают техническую возможность передачи заявленных потребителями объемов электрической энергии и соответствие их систем коммерческого учета установленным требованиям;

4) разрабатывают перспективные планы развития электрических сетей региона и осуществляют на их основе плановое развитие электрических сетей регионального уровня;

5) выявляют факты прекращения деятельности энергоснабжающими организациями на розничном рынке или прекращения ими электроснабжения розничных потребителей и уведомляет об этом гарантирующего поставщика электрической энергии.

7. Прекращение (ограничение) передачи электрической энергии энергопередающей организацией не допускается, за исключением:

1) предотвращения, локализации и ликвидации аварийного нарушения в единой электроэнергетической системе;

2) нарушения субъектом розничного рынка условий оплаты за передачу электрической энергии в соответствии с заключенным договором электроснабжения;

3) заявки энергоснабжающей организации при нарушении потребителями условий оплаты за потребленную электрическую энергию в соответствии с заключенным договором электроснабжения.

8. Энергоснабжающие организации на розничном рынке электрической энергии покупают электрическую энергию у энергопроизводящих организаций и продают ее потребителям в соответствии с договорами энергоснабжения.

9. В процессе осуществления своей деятельности на розничном рынке электрической энергии энергоснабжающие организации:

1) исполняют оперативные распоряжения энергопередающей организации по ведению режимов поставки-потребления;

2) представляют энергопередающей организации суточные графики поставки-потребления электрической энергии по заключенным договорам на куплю-продажу электрической энергии и оказание услуг по передаче электрической энергии;

3) заключают договоры с энергопередающими организациями на передачу электрической энергии потребителям;

4) оплачивают услуги энергопередающих организаций по передаче электрической энергии.

10. Зона обслуживания энергоснабжающей организации определяется границами сетей энергопередающих организаций, к сетям которых присоединены потребители, в соответствии с заключенными ими договорами энергоснабжения.

11. Гарантирующий поставщик определяется из числа энергоснабжающих организаций, в составе потребителей которого находится большинство бытовых потребителей по сравнению с другими энергоснабжающими организациями в соответствии с зоной обслуживания.

12. Зоной обслуживания гарантирующих поставщиков электрической энергии являются территория, на которую распространяется действие оперативно-диспетчерского управления энергопередающей организации, и все потребители, получающие электрическую энергию через электрические сети энергопередающей организации, в соответствии с заключенными энергоснабжающими организациями договорами на передачу электрической энергии.

13. Договор энергоснабжения между гарантирующим поставщиком и потребителями электрической энергии заключается в соответствии с гражданским законодательством.

14. Энергоснабжающая организация предварительно, не менее чем за два календарных месяца уведомляет своих потребителей, энергопередающие организации и гарантирующего поставщика электрической энергии о расторжении договоров энергоснабжения письменно (если договор был заключен в письменной форме) или через средства массовой информации с размещением соответствующей информации на счетах на оплату услуг энергоснабжения, а также антимонопольный орган (если энергоснабжающая организация включена в Государственный реестр субъектов рынка, занимающих доминирующее или монопольное положение).

15. Потребители, желающие заключить договор энергоснабжения с энергоснабжающей организацией, обращаются с заявлениями в новую энергоснабжающую организацию в течение месяца с момента получения извещения о расторжении договора (если договор был заключен в письменной форме) или с момента публикации объявления.

16. Новая энергоснабжающая организация заключает договор энергоснабжения (или соглашения о переходе прав и обязанностей по прежнему договору электроснабжения), в случае наличия у прежней энергоснабжающей организации полного пакета документов потребителя, необходимых для заключения договора энергоснабжения, и при соблюдении потребителем условий договора энергоснабжения с прежней энергоснабжающей организацией на момент прекращения его действия.

17. В случае отсутствия заявления потребителя о заключении договора энергоснабжения по истечении одного месяца с момента получения им извещения о расторжении договора энергоснабжения с прежней энергоснабжающей организацией или публикации объявления в средствах массовой информации, новая энергоснабжающая организация направляет потребителю письменное уведомление о необходимости заключения договора энергоснабжения в случае намерения в дальнейшем получать услугу по энергоснабжению.

18. По истечению месяца с момента получения уведомления, при отсутствии заявления потребителя о заключении договора энергоснабжения новая энергоснабжающая организация прекращает подачу электрической энергии потребителю прежней энергоснабжающей организации.

19. Новая энергоснабжающая организация с представителями прежней энергоснабжающей организации и представителями энергопередающей организации производит перепись показаний приборов коммерческого учета и составляет акт приема-передачи, который подписывают представители передающих и принимающих энергоснабжающих организаций и потребители. Данный акт приема-передачи служит основанием для взаиморасчетов сторон. В соответствии с актом приема-передачи прежняя энергоснабжающая организация выставляет счета потребителю для окончательного расчета.

20. Копия акта приема-передачи представляется в энергопередающую организацию для составления баланса электрической энергии.

21. Потребители в зависимости от цели использования электрической энергии делятся на бытовых потребителей, использующих электрическую энергию исключительно на освещение и другие нужды, не связанные с предпринимательской и производственной деятельностью, и коммерческих потребителей, использующих электрическую энергию для производства товаров, работ и предоставления услуг.

22. Потребители электрической энергии на розничном рынке электрической энергии:

1) получают и потребляют электрическую энергию в соответствии с условиями заключенных договоров;

2) производят оплату за потребленную электрическую энергию по дифференцированным тарифным системам учета в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

3) поддерживают надлежащее техническое состояние электроустановок и приборов коммерческого учета электрической энергии, находящихся в собственности потребителя;

4) соблюдают режим электропотребления, определенный договором электроснабжения, за исключением бытовых потребителей;

5) допускают персонал энергопередающих организаций и энергоснабжающих организаций к приборам коммерческого учета, а также работников Государственного энергетического надзора для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электроустановок и приборов учета.

 

 

3. Порядок функционирования розничного рынка



 

23. Реализация сделок по продаже и передаче электрической энергии, совершаемых на розничном рынке, производится в соответствии с суточным графиком, формируемым энергопередающей организацией по заявкам на предстоящие сутки, согласованным в установленном законодательством порядке.

24. Энергоснабжающая организация формирует заявки на предстоящие сутки по суточным графикам, предоставленным потребителями, а также с учетом потребителей, к которым не предъявляются требования по соблюдению режимов электропотребления согласно условий подпункта 4) пункта 21 настоящих Правил.

25. В суточном графике указываются почасовые величины поставки электрической энергии каждой энергопроизводящей организацией, поставляющей электрическую энергию на розничный рынок, и потребления каждой энергоснабжающей организации и розничными потребителями, заключившими прямой договор с энергопроизводящей организацией.

26. Энергопередающая организация формирует суточный график работы субъектов розничного рынка на основе представленных ежесуточно заявок энергоснабжающих организаций и потребителей, согласованных с энергопроизводящими организациями и составленных на основании всех прошедших регистрацию у энергопередающей организации договоров.

27. Согласованный и утвержденный суточный график передается энергопередающей организации, энергоснабжающим организациям и розничным потребителям, заключившим прямой договор с энергопроизводящей организацией, для исполнения.

28. Превышение заявленных объемов электрической энергии энергоснабжающей организацией и потребителями, утвержденных в суточном графике, регулируется в соответствии с заключенными с энергопередающей организацией договорами.

29. По результатам расчетного периода на основании показаний приборов коммерческого учета энергопередающая организация составляет фактический баланс, который является основанием для взаиморасчетов на розничном рынке электрической энергии. В фактическом балансе поставки-потребления электрической энергии на розничном рынке по каждому субъекту розничного рынка указываются:

1) заявленные в суточный график с учетом корректировок объемы поставки - потребления электрической энергии на розничном рынке по договорам купли-продажи электрической энергии по каждому из субъектов розничного рынка, кроме потребителей, имеющих договора с энергоснабжающими организациями;

2) фактическое количество поставленной и потребленной на розничном рынке электрической энергии, зафиксированное приборами коммерческого учета.

30. Отношения, возникающие на розничном рынке электрической энергии по сделкам на импорт электрической энергии, регулируются в порядке, предусмотренном соответствующими договорами, законодательством Республики Казахстан и межгосударственными соглашениями.

31. Импорт электрической энергии осуществляется при условии выполнения требований таможенного законодательства, если ратифицированным международным договором, участником которого является Республика Казахстан, не установлено иное.

32. Фактический расход электрической энергии на ее передачу по электрическим сетям энергопередающих организаций либо иных владельцев сетей определяется как разница между суммарным объемом электрической энергии, вошедшей в электросети от генерирующих источников и других электросетевых компаний по данным приборов коммерческого учета, установленных в точках поставки электрической энергии за минусом объемов электрической энергии, использованной энергопередающей организацией на хозяйственные нужды и полученной потребителями энергоснабжающих организаций и розничными потребителями.

33. Определение величины нормативного расхода электрической энергии в электрических сетях энергопередающих организаций осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 июля 1998 года «О естественных монополиях и регулируемых рынках».

34. В случае превышения величины фактического расхода электрической энергии в сетях энергопередающей организации на ее передачу, рассчитанной в соответствии с пунктом 32 настоящих Правил, над величиной нормативного расхода электрической энергии по ее передаче в их сетях, данные объемы электрической энергии относятся к издержкам энергопередающей организации.

35. Затраты энергопередающей организации, эксплуатирующей электрические сети регионального уровня, связанные с компенсацией нормативных технических потерь электрической энергии в ее сетях и сетях других энергопередающих организаций, используемых для передачи электрической энергии энергоснабжающим организациям и розничным потребителям, учитываются в тарифе энергопередающих организаций и оплачиваются энергоснабжающими организациями и розничными потребителями в установленном законодательством порядке.



36. Финансовые взаиморасчеты между субъектами розничного рынка производятся в порядке, сроки и на условиях, установленных в договорах электроснабжения, купли-продажи, оказания услуг.

37. Финансовые взаиморасчеты за фактически оказанные услуги по передаче и распределению электрической энергии производятся по тарифам, утвержденным государственным органом, осуществляющим руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, и количеству потребленной электрической энергии, включенному в фактический баланс электрической энергии за расчетный месяц.
Каталог: static -> docs -> uristy docs
uristy docs -> Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 желтоқсандағы
uristy docs -> Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі №588-ii қазақстан Республикасының Заңы
uristy docs -> Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы №740 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»
docs -> Электр энергиясымен жабдықтау шарты Ақтөбе қ. 20 ж
docs -> Приложение №1 к договору № от 2016 г. Техническая характеристика Рисунок №1 Рисунок №2


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет