Біліктері мен дағдылары :
Электр станцияларының күрделі электр техникалық жабдықтарын: 110 кВ кернеулі тарату қондырғыларын, үлгісі мен қуаты әр түрлі, екі немесе үш оралған мәжбүрлі циркуляциясы мен жүктемеде кернеуін реттейтын құрылғысы бар 110 кВ кернеулі күштік трансформаторларды, кернеуі 110 кВ дейінгі өлшеу трансформаторларын, арнаулы трансформаторларды, кернеуі 110 кВ дейінгі электр жабдықтары мен алғашқы коммутация аппаратураларын, тұрақты және ауыспалы токпен электр машиналарын, синхронды және асинхронды қозғалтқыштар мен генераторларды бөлшектеу, жөндеу, монтаждау, қайта жаңғырту, реттеу және баптау.
Белгіленген технологиялық процестерге сәйкес электр механикалық жүйелер мен электр жабдықтарының жұмыс істеуінің кіріспе бақылауын жүзеге асыру.
Электр жабдықтары мен автоматикаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі операцияларды орындау.
Жағалық құдықтарға су асты кабельдерін жеткізу.
Май толтырылған кабельдерді кептіру, вакуумдау және муфталарын маймен толтыру.
Электр жабдықтарының ақауларын талдау және олардың пайда болу себептерін жою жөніндегі іс- шараларды әзірлеу .
110 кВ кернеулі кірмелердің оқшаулары мен тығыздамаларын ішінара және толық алмастыра отырып жөндеу.
Ток өткізгіштерді жөндеу және қайта жаңғырту.
|
Ыстық күйінде бөлшектерді қондыру, кернеуі 35 Кв жоғары майлы және газ толтырылған кабельді
желілерді, арматуралар мен оларға тиесілі аппаратураны жөндеу және монтаждау.
Электр бөлігінің ақауларын жою және күрделі құрал-саймандарды, құрылғыларды, жүк көтеруші механизмдерді жөндеу, оларды сынау.
Электр техникалық материалдар мен бұйымдарды жіктеу, олардың қасиеттері мен қолдану аясы.
Электр жабдықтары құрылғыларын сынау және баптау.
|
Білімі:
Генераторлардың, түрлендіргіштер мен басқа да күрделі электр техникасы жабдықтары конструкциясының ерекшеліктері мен жұмыс істеу қағидасы.
Күштік майлы трансформаторлардың, арнаулы трансформаторлардың, құрылғысы аппаратураларының негізгі өлшемдері мен техникалық сипаттамасы.
Фазалық қысқа жабылған ротормен асихронды электр қозғалтқыштарының, синхронды электр қозғалтқыштары мен генераторларының құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы.
Трансформаторлардың орамдары мен оқшауларының ақауларының белгілері мен себептері.
Кабельдер мен муфталарды оқшаулау ерекшеліктері.
6 Май толтырылған кабельдердің, арматуралардың, оларға тиесілі аппараттардың міндеті мен конструкциясы.
Май толытырылған кабельдерді, сақтау ерекшеліктері.
Монтерлық электр техникалық жабдықтар нормалары мен көлемдері.
Май шаруашылығы сұлбалары.
Күрделі сызбаларды, сұлбаларды, эскиздерді оқу ережесі.
Тұтынушылардың электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік және салалық нормативтік құжаттар.
Электр жабдықтарын қабылдау-тапсыру сынау нормалары.
Жұмыс сызбалары мен сұлбаларын орындау және рәсімдеу негізгі ережелері.
Ұйым (кәсіпорын) қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу әдістемесі.
Электр жабдықтары мен автоматиканы әзерлеу және пайдалану, электр механикалық жүйелер мен автоматиканы реттеу және баптау.
Экстремалды жағдайларда технологиялық процестерді орындау.
Электр жабдықтарының құрылымы, әрекет ету қағидасы мен негізгі техникалық сипаттамасы.
Электр өлшеу аспаптарының жұмыс істеу қағидасы мен техникалық ерекшеліктері.
Электр жүктемелерін есептеу, қорғаныс аппаратурасын таңдау әдістері.
Электр жүктемелерін есептеу, қорғаныс аппаратурасын таңдау әдістері.
|
|
Электр қондырғыларын орнату ережесі (ЭОЕ).
Электр қондырғыларын монтаждау, пайдалану және жөндеу жөніндегі жұмыстарды технологиясы мен ұйымдастыру.
Электр жабдықтарын баптау әдістері.
|
Еңбек функциясы 4 Жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |