Электродинамика



Дата17.07.2016
өлшемі33.5 Kb.
#205397
ЭЛЕКТРОДИНАМИКА

Тапсырма №1

1. Электромагниттік әсерлесу дегеніміз не?

2. Зарядталған денелердің өзара әсер күштері неге байланысты?

3. Кулон заңының тұжырымдамасы?

4. 0,2*10-7 Кл зардядтың ортасында жатқан нүктедегі өріс кернеулігін есепте. Зарядтар бір бірінен 10 см қашықтықта орналасқан.

5. 6,4*10-2 Кл зардяты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшіргенде 9,6 Дж жұмыс істеледі. Осы нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымын есепте.



Тапсырма №2

1. Жақыннан және алыстан әсер ету теориясын түсіндір.

2. Өріс зарядтардың ара қашықтығына тәуелді ме?

3. Электростатикалық өріс қандай өріс?

4. 6,4*10-6 Кл зарядтың ара қашықтығы 3 см. Осы екі зарядтан ара қашықтығы 2 см болатын нүктедегі өріс кернеулігін анықта.

5. Бастапқы жылдамдығы 0-ге тең электрон кернеулігі 200 Н/Кл біртекті электр өрісінде қозғала бастады. Қозғалыс басталған жерден қандай қашықтықта оның жылдамдығы

1500 км/с-қа жетеді?
Тапсырма №3

1. Кернеулік электр өрісінің қандай сипаттамасы?

2. Біртекті өріс деп қандай өрісті айтамыз?

3. Мелликен-Иоффе тәжірибелері нені анықтады?

4. Біртекті электр өрісіндегі екі зарядтың ара қашықтығы 10 см. Осы нүктелердің сәйкес потенциалдары 150 В және 130 В. Осы өріс кернеуліктерінің бағыты мен шамасын анықта.

5. Массасы 10-8 г тозаң түйіршігі 5000 В кернеу түсірілген жазық конденсатор астарларының арасында тепе теңдікте тұр. Астарлардың ара қашықтығы

5 см. Тозаң түйіршігінің зарядын анықта.
Тапсырма №4

1. Диполь деген не?

2. Диэлектриктердің қандай түрлерін білесің?

3. Біртекті электростатикалық өрісте орын ауыстырған заряд қандай жұмыс істейді?

4. Зарядтары 2*10-8 Кл және 3*10-8 Кл болатын бірдей екі шар бір бірінен 6 см ара қашықтықта тұр. Олардың арасындағы тартылыс күшін анықта.

5. Аккумлятор батареялары плюстерінің арасындағы кернеу 40 В. Осы батарея плюстерімен сыйымдылығы 500 мкФ конденсаторды жалғастырсақ, онда ол қандай заряд алады?


Тапсырма №5

1.Потенциал электр өрісінің қандай сипаттамасы?

2. Электр сыйымдылығы қандай шамаларға тәуелді?

3. Зарядталған конденсатор энергиясының формуласын жаз.

4. ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарнындағы кернеуді табыңдар.

5. Кедергісі 0,5 кОмнан және әрқайсысы 120 В кернеуге есептелген қосылған он шам реостат арқылы кернеуі 220 В желіден қоректенеді. Реостаттағы электр тогының қуаты қандай?




Тапсырма №6

1.Электр тогы өзі бойымен жүріп тұрған өткізгішке қандай әсер береді?

2. Өткізгіштің негізгі электрлік сипаттамасы кедергі қандай шамаларға тәуелді?

3. Өткізгіштерді тізбектей қосу.

4. Батареяның ЭҚК-і 6В. Тізбектің сыртқы кедергісі 11,5 Ом, ал ішкі кедергісі 0,5 Ом. Тізбектегі ток күшін, батарея қысқыштарындағы кернеуді және батарея ішіндегі кернеуді анықта.

5. Өзара параллель қосылған кедергілері 10 Ом, 20 Ом екі өткізгіш кернеуі 100 В электр тогына жалғанған. Электр тогының әр өткізгіште 10 мин жасайтын жұмысы неге тең?



Тапсырма №7

1.Электр тогы бар болуы үшін қажетті шарттар қандай?

2. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының тұжырымдамасы?

3. Өткізгіштерді параллель қосу.

4. ЭҚК-і 2 В, ішкі кедергісі 0,8 Ом ток көзі ұзындығы 2,1 м, ал қима ауданы 0,21мм2 никель сыммен тұйықталған. Тізбектегі ток күшін тап. Батарея қысқыштарындағы кернеу неге тең?

5. Кедергілері 10 Ом және 23 Ом өзара параллель жалғанған екі өткізгіш керннеуі 100 В болатын электр торабына қосылған. Секунд сайын әр өткізгіште қанша жылу мөлшері бөлінеді?


Тапсырма №8

1.Джоуль-Ленц заңының тұжырымдамасы?

2. ЭҚК деген не?

3. Ток күші қандай шама? Оның формуласы?

4. Кедергісі 84 Ом-ға тең реостаттың орамы көлденең қимасының ауданы 1мм2 болатын никель сымнан жасалған. Сымның ұзындығы қандай?

5. Ток күші 1 А болғанда қимасы 1,4 мм2 алюминий өткізгіштегі өрістің кернеулігі қандай?



Тапсырма №9

1.Бөгде күштер дегеніміз қандай күштер?

2. Толық тізбек үшін Ом заңының формуласы?

3. Электр тогы дегеніміз не?

4. Әрқайсысы 6 кОм үш реостат арқылы қандай кедергі алуға болады?

5. Электр плитасын жөндегенде оның орамасы алғашқы ұзындығының 0,1 бөлігіндей қысқарған. Плитаның қуаты неше есе өзгерген?



Тапсырма №10

1.Электр тогы бар болуы үшін қажетті шарттар?

2. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

3. ЭҚК дегеніміз не?



4. ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарнындағы кернеуді табыңдар.

5. Кедергісі 0,5 кОмнан және әрқайсысы 120 В кернеуге есептелген қосылған он шам реостат арқылы кернеуі 220 В желіден қоректенеді. Реостаттағы электр тогының қуаты қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет