Электромагниттік толқындар



бет4/8
Дата07.02.2024
өлшемі352.81 Kb.
#491218
1   2   3   4   5   6   7   8
Электромагниттік толқындар

Толқындардың аталуы

Толқын ұзындықтарының диапазоны, λ/m

Аса ұзын толқын

 λ> 10000

Ұзын толқын

10000 ÷ 1000

Орташа толқын

1000 ÷ 100

Қысқа толқын

100 ÷ 10

Ультрақысқа толқындар: метрлік

10 ÷ 1

Ультрақысқа толқындар: дециметрлік

1 ÷ 0,1

Ультрақысқа толқындар: сантиметрлік

0,1 ÷ 0,01

Ультрақысқа толқындар: миллиметрлік

0,01 ÷ 0,001

Инфрақызыл сәуле

  • Инфрақызыл сәуле – көрінетін жарықтың қызыл бөлігі (0,74 мкм) мен қысқа толқынды радиосәуленің (1 – 2 мм) арасындағы спектр аймағына орналасқан электрмагниттік сәуле. Инфрақызыл сәуле қыздыру шамын, газразрядты шам шығаратын сәулелердің едәуір бөлігін құрайды
  • Инфрақызыл сәулелер - Толқын ұзындығы 760 нм-ден 2 мм-ге ( λ = 0,74 мкм ) және (λ ~ 1—2 мм) дейінгі аралықта жататын электромагниттік сәуле. Инфрақызыл сәуле қыздыру шамын, газразрядты шам шығаратын сәулелердің едәуір бөлігін құрайды. Инфрақызыл сәулелер электромагниттік толқындар шкаласында радиотолқындар мен көрінетін жарық арасындағы бөлікті алып жатады. Инфрақызыл сәулені 1800 жылы ағылшын ғалымы В.Гершель ашты.

Инфрақызыл сәулелер толқын ұзындығына байланысты үшке бөлінеді:

  • жақын (0,75—1,5 мкм);
  • орташа (1,5 – 5,6 мкм);
  • алыс (5,6—100 мкм).

Жарық

  • Жарық – қуаттың бір түрі. Осының арқасында тірі жаратылыстардың барлығы, оның ішінде адам баласы да айналасындағы әлемді көре алады. Жарықтың өзі көзге көрінбейді,алайда өзі басқа заттардың барлығына көруіне себепші болады. Ол түзу сызық бойымен қозғалады, жолында мөлдір емес зат кездессе, сол заттың көлеңкесі пайда болады. Көлеңке дегеніміз- жарық көзіне қарама-қарсы жақта пайда болатын қараңғы аймақ.
  • Тар мағынада – көрінетін сәуле, яғни жиілігі 7,5 •1014 – 4,0 • 1014Гц аралығындағы адам көзі қабылдайтын электрмагниттік толқын;
  • Кең мағынасында — қабылданатын сәулемен бірге спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл аймағындағы сәулелерді де қамтитын оптикалық сәуленің синонимі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет