Электромагниттік толқындар


Электромагниттік толқындар мен механикалық толқындардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері



бет3/8
Дата04.03.2022
өлшемі1.01 Mb.
#455973
1   2   3   4   5   6   7   8
434878.pptx (1)

Электромагниттік толқындар мен механикалық толқындардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері

  • 1. Электромагниттік толқын әртурлі заттарда да, вакуумде де тарай алады. Ал механикалық толқындар тек заттардың белшектері қатысатын орталарда ғана (қатты денеде, сұйықта және газда) тарайды. Механикалық толқында ортаны құрайтын заттардың бөлшектері тербеледі. Ал электромагниттік толқында өрістің Е және В векторлары ғана тербеледі. Міне, сондықтан электромагниттік тербеліс вакуумда да толқын түрінде тарай алады.
  • 2. Электромагниттік толқындар — тек көлденең толқындар болып табылады. Шынында да В индукция және Е кернеулік векторлары бір-біріне перпендикуляр бағытта тербеледі. Ал механикалық толқындар көлденең толқындар да, бойлық толқындар да бола алады.
  • 3. Максвеллдің теориялық есептеулері бойынша вакуумдегі электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы с = 2,99792458 • 108м/с = 3 • 108м/с тұрақты шама.
  • 4. Вакуумге қарағанда заттағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы аз болады
  • 5. Механикалық толқындар сияқты электромагниттік толқындар да энергия тасиды. Жер бетіндегі тіршіліктің, органикалық заттардың (ағаштың, көмірдің, мұнайдың, газдың, шымтезектің, т.б.) пайда болуы күн сәулесімен келетін, яғни электромагниттік толқындармен жететін энергияға тікелей байланысты.

Электромагнитті толқындарының диапазоны

  • Электромагниттік толқындар шкаласы (v < 1021 Гц) төменгі жиілікті толқындар мен радиотолқындардан бастап, гамма сәулелерге дейінгі (v < 1021 Гц) аралықты қамтиды. Жиілік пен ұзындықтарына байланысты әр түрлі электромагниттік толқындарды шартты түрде шығарып алу және тіркеу тәсіліне, затпен өзара әсерлесу сипаты бойынша диапазондарға бөледі. берілген. Төменгі жиілікті толқындар шығару, радиотолқындар, инфрақызыл сәулелер, көрінетін жарық, ультракүлгін сәулелер, рентгендік сәулелер және γ- гамма шығару деп диапазондарға бөлу қабылданған

Радиотолқындар

  • Радиотолқындар — радиобайланыста колданылатын, толқын ұзындықтары X = 0,1 мм-ден бірнеше км-ге дейінгі (жиілігі = 3 • 10'2 Гц-тен бірнеше Гц-ке дейінгі) электр-магниттік толқындар.
  • Радиотолқындар — радиобайланыста колданылатын, электр-магниттік толқындар.Радиотолқындар көзі ретінде электромагнитгік тербелістер генераторлары пайдаланылады. Адам баласы бүкіл жер жүзінде байланысудың түрлі тәсілдерін ойлап тапты, тіпті ғарыш кеңістігіндегі кемелермен де байланыс бар.
  • Радиотолқындардың таралуы Радио және телехабарларда, радиобайланыста, радиолокация мен радионавигацияда қолданылатын электромагниттік толқындарды радиотолқындар деп атайды. Радиотолқындарды төменде көрсетілгендей бірнеше диапазондарға бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет