- Осыған сәйкес машиналарды :
- жарылыстан қорғалған;
- - ылғалдан қорғалған;
- суыққа төзімді;
- химиялық реакцияға төзімді;
- - тропикалық жағдайға арналған
- машиналар етіп жасайды.
- Машиналар салқындату (суыту) тәсіліне байланысты жіктеледі:
- -табиғи салқындату (айналмалы бөлшектердің желдету әсері арқылы);
- - еріксіз салқындату ( арнаулы қондырғы арқылы)
- Машиналарды суыту үшін ауа, сутегі, май, су қолданылады.
- Өндірісте статоры мен роторы диск түрінде жасалған шеттік машиналар да қолданылады. Бұл машиналарда магнит өрісінің энергиясы осы дискілердің арасына шоғырланады.
- Конструкциясы жағынан индукторлық машиналар айтарлықтай әртүрлі болып келеді. Екі роторы және екі статоры бар индукторлық машиналар көп қолданады.
Төменгі кернеу кезінде өте үлкен ток (100 000 А дейін) алу үшін униполярлы машиналар қолданылады. Оларда коллектор болмайды, бірақ міндетті түрде сырғымалы түйіспе (контакт) болады.) - Төменгі кернеу кезінде өте үлкен ток (100 000 А дейін) алу үшін униполярлы машиналар қолданылады. Оларда коллектор болмайды, бірақ міндетті түрде сырғымалы түйіспе (контакт) болады.)
- Қысқаша тұйықталу тогын шектеу үшін реакторлар (болат өзекшесі бар индуктивтілік орама ) қолданылады.
- Біз тек электр машиналарының негізгі түрлерін және негізгі құрылымын қарастырдық. Оларды толық түрде арнаулы курстарда қарастырады.
Электромеханиканың заңдары - Электромеханика физиканың бір тарауы болып табылады. Онда энергияның электромеханикалық түрленуі қарастырылады.
- Электромеханика маңызды үш заңға негізделеді.
- Бірінші заң
- Энергияның электромеханикалық түрлендіргішінің ПӘК – і 100 пайызға тең болуы мүмкін емес.
- Энергияның барлық түрлендіргіштерін қарапайым және күрделі деп екіге бөлеміз.
- Қарапайым түрлендіргіштерде энергия бір түрден энергияның екінші түріне толықтай түрленеді.
- Мұндай түрлендіргіштерге электрлік пештер мысал бола алады, мұнда электр энергиясы тұтасымен жылуға түрленеді.
- .
Достарыңызбен бөлісу: |