Электромеханикалық түрлендіргіштердің жіктелуі


Синхрондық машиналарда ротордың бұрыштық жылдамдығы ωр және магнит өрісінің бұрыштық жылдамдығы ωс бір біріне тең



бет2/6
Дата09.03.2023
өлшемі2.9 Mb.
#470556
1   2   3   4   5   6
3 D 1240 RIS EMETZh posl var

Синхрондық машиналарда ротордың бұрыштық жылдамдығы ωр және магнит өрісінің бұрыштық жылдамдығы ωс бір біріне тең.

  • Синхрондық машиналарда ротордың бұрыштық жылдамдығы ωр және магнит өрісінің бұрыштық жылдамдығы ωс бір біріне тең.
  • Асинхрондық машиналарда ротордың бұрыштық жылдамдығы өрістің бұрыштық жылдамдығына тең емес ωр ≠ ωс.
  • Сондықтан ωр өрістің бұрыштық жылдамдығынан үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Ротордың айналу бағыты және статор өрісі қарама – қарсы болуы да мүмкін.
  • Айнымалы токтың коллекторлы машиналарының асинхрондық және синхрондық машиналардан айырмашылығы ротордың немесе статордың орамдарымен жалғанған, фаза саны мен жиіліктің механикалық түрлендіргіші – коллекторы бар
  • Трансформаторлар – энергияның электромагниттік түрлендіргіші. Оларда электр энергиясын механикалық энергияға немесе керісінше түрлендіру болмайды, тек қана электр энергиясының бір түрден екінші түрге түрленуі ғана болады. Трансформаторлар орамдары бір-біріне қатысты жылжымайтындай етіп жасалынады.
  • Жұмыс режиміне байланысты электр машиналары генераторлар және қозғалтқыштар болып екіге бөлінеді.
  • Генераторларда машинаның білігіне (валына) берілетін механикалық энергия электр энергиясына түрленеді.
  • Қозғалтқыштарда электр энергиясы механикалық энергияға түрленеді. Бір электр машинасы генератор және қозғалтқыш болып та жұмыс істей береді. Бірақ та генератор мен қозғалтқышта құрылымдық айырмашылық болады және машинаның зауыттық қорабында жұмыс режимі көрсетіледі.
  •  Еркіндік деңгейіне байланысты бір,екі және бірнеше еркіндік деңгейі бар машиналар болып бөлінеді.
  • Еркіндік деңгейінің санына байланысты бір өлшемді, екі өлшемді және басқадай өлшемді машиналар дейді. Тек ротор айналса, онда бір өлшемді болады.
  • Электр машиналарында айналмалы қозғалыстан басқа қайтымды—ілгерлемелі қозғалыс болу мүмкін. Оларды сызықты қозғалтқыштар дейді .
  • Төменде статоры мен роторы цилиндр тәрізді машиналар (сурет а), статоры сегмент тәрізді машиналар (сурет б) және сызықты машиналар (сурет в) көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет