Банктік аударым.
Минималды көлем – 50 WMZ
Есеп айырысу көлемі – 100 WMZ
Есеп айырысудан төмен көлем кезіндегі комиссия – 1 WMZ
Есеп айырысудан жоғары төлем кезіндегі комиссия – жоқ.
Есеп айырысу Қазақстанның барлық территориясында жүргізіледі. Қазақстанның кез-келген банкінде клиенттердің шоты болуы тиіс. Мұндай төлеу нысанында WMZ сатып алу технологиясы келесідей:
Клиент бекітілген нысан бойынша сайтта өз өтінішін қалдырады. Теңгеде есептелген сома автоматты түрде жоғарыда көрсетілген нысанда өзіне мүмкін болатын комиссияларды қосады. Клиент көрсетілген E-mail өтінішін толтырған кезде URL – адресі бар хатты алады. Оны енгізгенде клиенттің WMZ сатқысы келетін тілегі расталады. Бұдан кейін клиент офистің адресімен анық құрылымы болатын екінші хатты алады. Клиен кипердің ішкі поштасымен байланысып, өзінің банктік реквизиттерін хабарлауы тиіс. Клиент киперіне шот жазылады және клиент осы шот негізінде шарт протекциясынсыз қажетті WMZ көлемін әмиянға аударады. Жұмыс күнінде клиент көрсеткен шотқа қажетті сома теңгеде аударылады. [15,16]
Жедел аудару “Центркредит Банкі”.
Минималды көлем – 50 WMZ Есеп айырысу көлемі – 200 WMZ
Есеп айырысудан төмен көлем кезіндегі комиссия – 5%+1WMZ
Есеп айырысудан жоғары төлем кезіндегі комиссия – 5%.
Есеп айырысу “Центркредит Банкі” филиалдары бар Қазақстанның барлық территориясында жүргізіледі. Клиенттегі банктегі шоты болмаса да, “Центркредит Банкі” жедел аударымдар қызметін қолдана алады.
Режимдер авторизациясы. On-line режимі.
Шарттың мүмкіндігі туралы шешім қабылдау іс-әрекеті жауапкершіліктің бірнеше деңгейін қарастырады. Егер шарт сомасы сауда лимитінен аспаса, онда қызмет көрсететін орын сату (қызмет ұсыну) туралы шешімді өзі қабылдайды. Егер қызмет орнының сауда лимиті мысалы, 50 АҚШ долларына тең болса, онда сатушы осы сомадан аспайтын тауарда сату туралы шешімді өзі қабылдайды. Сонымен қатар сатушы картаның берілген төлем жүйесінің ерекшеліктеріне сәйкестігін тексеріп, тоқтату парағында жоқ екенін қарастыруы қажет.
Мұндай тексеріс автоматты өңдеу кезінде жадысынан тоқтату парағы енгізілген POS – терминал көмегімен жүзеге асырылады. Мұнда терминал off-line режимінде жұмыс істейді. Чекті рәсімдегеннен кейін, сатушы ондағы қолтаңбамен картадағы қолтаңба сәйкестігін тексеруге міндетті (егер қолтаңба үлгісі болса). Күмән туған жағдайда сатушы сатып алушыдан жеке басының куәлігін талап етуге құқылы. Чекте сатып алушы автоматты өңдеу кезінде де өз қолтаңбасын қояды, себебі мұндай шарттарда ДСН – код енгізілмейді.
Аталған талаптарды орындағаннан кейін сатушы шартты жүзеге асыра алады. Егер осы аталған ережелердің біреуі бұзылғанын банк эквайлері анықтаса, онда банк сатушыға келісім сомасын қайтаруғв бас тартуға құқылы.
Егер шарт сомасы сауда лимитінен асатын болса, онда сатушы авторизацияны жүргізуге міндетті.
Ол үшін сатушы телефон бойынша банк-эквайерімен байланысып мәліметтерді ауызша айтып береді немесе бұл іс-әрекет POS – терминал арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Берілген транзакциясына уәкілетті эквайер нәтижесінде орталыққа келіп түсетін транзакцияның бағытын жүзеге асырады.
Авторизация орталығы шешім қабылдағанда қызмет көрсету органынан келіп түскен мәліметтермен, сонымен қатар мәліметтер базасындағы картаны ұстаушы туралы, оның лимиттері, жасалған келісімдері т.б. ақпараттармен басшылық етеді.
Егер шарт сомасы және оның басқа да параметрлері белгіленген лимиттер мен шектеулерге қайшы келмесе, онда келісімді жүзеге асыру үшін шартты авторизация орталығы қабылдайды. Егер ол мүмкін болмаса, онда транзакция жүзеге асырылмайды. Картаның сәйкесінше ұстаушының лимиті туралы мәліметтер бар ЭВМ-мен авторизация транзакциясына жеткен кезде келесілер болады:
Қызмет ететін карта тоқтату парағына енгізілмегені тексеріледі;
Егер төлем мүмкін болса, онда транзакция бекітіледі, және шарт сомасына лимит қалдығы азаяды;
Транзакцияны бекіту келесі іс-әрекетке әкеледі:
Қолмен жүзеге асырылатын режимде қызмет көрсету орнына авторизация коды хабарландырылады, ол чекке міндетті түрде еңгізілуі тиіс және ол алынған рұқсаттың растаушысы болып табылады;
Автоматты режим кезінде POS – терминалға транзакцияның тізіміне және чекті қағаз бетіне шығаруға бұйрық беріледі.
Айта кететін болсақ, сауда орнында шарт құнын қайтару бойынша жауапкершілікті банк – эквайер алады және шарт құнын төлем бұзылған жағдайда эквайерге қайтармайды. [18,19]
Алдыңғы тарауда төлем жүйесінің негізгі қызметі әрбір шарт кезінде авторизацияны жүргізу болып табылатындығы көрсетілінеді. Бірақ авторизация кезінде on-line режимін қолдану мүмкін емес немесе ол мақсатты емес болуы мүмкін. 1-сі біздің елге қатысты, мұнда ірі қалаларды санамағанда телефон желісі әлі дамымаған және барлық жерде сенімсіз қызмет етеді.
Батыс елдерінде on-line режимін қолдану ұсақ төлем кезінде, олар мысалы таксида, темекі дүкендерінде және тағы басқа жерлерде мақсатты емес болып табылады. Олар әлі пластикалық карталарды қолданбайды, бірақ жақында оны меңгеру жоспарлары туралы екі улкен жүйелер VISA және Master Card мәліметтер береді.
On-line сеансының қажеттілігін жою үшін екі жағдайда да шешім авторизациясының технологиясын өзгертуде жатыр. Off-line режимінде авторизацияны жүзеге асыру келесі талаптарды ұсынады:
Лимиттің ағымдағы мәні туралы карта мәліметтерінде болуы;
Авторизация нәтижесінде бақыланатын лимиттің төмендеуінің мүмкіндігі. (картаның “дебиттелуі”);
Картада лимиттің қайта келу мүмкіндігі (картаның “кредиттелуі”).
Мұндай мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін карта минимум алғанда қайта жазу жадысын иеленуі қажет. Сонымен қатар мұндай операцияларды жүргізу үшін POS – терминалдар бірнеше “интеллектуалдық мүмкіндіктері” болуы тиіс және банк-эквайерге немесе процессингтік орталыққа келесі жөнелту үшін транссакцияны жинайтын жадысы кең көлемінде (ішкі және сыртқы) болуы тиіс. [18,19]
Негізінен магниттік жолағы бар карталар мұндай қолдану мүмкіндігін жібереді, бірақ жадының көлемі аз болғанда (100 байт) және банктік жолаққа жазылған мәліметтердің көптеген өзгерістерден әлсіз қорғалғандығы Off-line режимінде қызмет көрсету үшін қолайсыз болып табылады. Ал Off-line авторизациясымен қызмет көрсету сызбасын орындау үшін ббарлық қажетті алғы шарттарды смарт карталар иеленеді.
Транзакцияның банкоматтары, терминалдары Дауыстық авторизация бекеті
Мәліметтерді
беру
желісі
Телефон
желісі
Процессингтік орталық
Бір күндегі барлық мәліметтер
Лимттерді басқару
1 сурет
Off-line режимі. « Электронды әмиян »
Шынында, соңғы транзакцияның бірнеше саны және төлем жүйесінің ағымдағы жағдайы туралы мәліметтерді сақтау үшін смарт карталар жеткілкті жадылар көлемін иеленді. Сонымен қатар, күрделі процедуралар салыстырмалы авторизазия кезінде көптеген карта түрлерінде микропроцессордың бар болуы орындау мүмкіндігін береді. Картада жадының арнайы қорғалған аймағы және криптографиялық құралдардың бар болуы қауіпсіз смарт карталардың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді (әсіресе микропроцессорлық карталар).
Авторизацияны жүргізу үшін карта POS – терминалдың оқитын құрылғысына енгізіледі. Мұнда карта және терминал сақталған жүйелік мәліметтермен негізделе отырып ақпараттармен алмасады және өзара тануды жүргізеді. Егер бұл процедура сәтті аяқталса онда карта ұстаушы ДСН кодты енгізеді, ал сатиушы – сомманы енгізе алады. Бұдан кейін карта лимиттің аспағанын тексереді. Егер шарт жүзеге асырылатын болса онда карта шарт соммасына лимитті азайтады, ал POS – терминал транзакция туралы мәліметтерді бекітеді. Бұл процессті шартты түрде картаның дебиттелуі және терминалдың кредиттелуі дейді, ал мұндай тәртіптегі картаны – электронды амиан дейді. POS – терминал шекті қағаз бетіне шығарғаннан кейін карта терминалдан аунып ұстаушысына қайтарылады.
Байланыс сеанысы кезінде терминалмен жинақталған транзакциялар процессингтік орталыққа беріледі. Бұл сеанс телефон желісінің жүктелуіне және байланыс каналының шығуына байланысты күніне бірнеше рет болуы мүмкін немесе кешкі немесе түнгі уақытта жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар, мәліметтер ақпараттарды сыртқы тасушылар- флокти дискіге немесе технологиялық смарт-картаға аударылуы мүмкін, олар арнайы ықшам компьютерге енгізіледі, сол арқылы процессингтік орталықтың немесе банк-эквайердің өкілі сауда орындарын аралайды.
Егер дебеттік смарт картаны қолдану процессінде лимиттерді қалпына келтіру жабдық мүмкіндігіне және төлем жүйесіндегі қабылданған технологияларға бірнеше тәсілдерге байланысты.
Көптеген жағдайларда картаны ұстаушы банкке немесе оның бөлімшесіне баруы тиіс, онда уәкілетті қызметкер картаны арнайы терминалға еңгізіп, лимитті қайта қалпына келтіреді. Мұндай картаны ұстаушы шотының жағдайы осы операцияны жүргізуге негіз береді деген жорамал бар.
Қалпына келтірудің екінші нұсқасында on-line режиміндегі арнайы сеанс жүргізілуі үшін барлық сауда терминалында жүзеге асыруға болады. Банк эквайердің процессингтік орталығымен байланыс орнатылады (немесе жүйе орталығымен), ол лимитті қалпына келтіру бойынша іс-әрекеттердің орындалуын қамтамасыз ететін терминалға хабарлама жібереді.
Микропроцессорлық смарт карталардың “интелектуалдық қуаты” алғыр нұсқаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олардың бірі карта “өзін несиелендіретін” тәртібі болып табылады. Оның мәні картаға арнайы лимит немесе жалпы лимит енгізіледі. Ағымдағы шығындар айлық лимитпен шектеледі, ол әрбір кезектегі ай басын алғашқы POS – терминалмен өзара әрекет кезінде картамен қайта құрылады. Мұндайда жалпы лимит өзі несиелендіру мүмкін болатын санын анықтайды. Әдеттегідей, өзі несиелендіретін процедура барлық іс-әрекет мерзімінде карта ұстаушы шығынын қамтамасыз ететін құралдар шотта алдын-ала орналастыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |