"электрондық ақшалар"


Internet-тегі Қазақстандық төлем жүйелері. Режимдер авторизациясы (on-line, off-line режимдері)



бет10/18
Дата24.02.2022
өлшемі1.18 Mb.
#455738
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Қазақстан Республикасындағы пластикалық карталардың нарығы

2.2 Internet-тегі Қазақстандық төлем жүйелері. Режимдер авторизациясы (on-line, off-line режимдері)
Қаржылық әлемге интернеттің әсер етуінің өсуі глобализациямен, қаржылық қызметтер арасындағы әртүрлі шектерді жоюмен яғни банктік, брокерлік, сақтандыру қызметтерімен жүргізіледі.1995 жылдан бастап банктік ұйымдар өз клиенттері үшін әлемнің кез-келген нүктесінде интернет арқылы өз шоттарына тікелей қол жеткізуді ұсына бастады. Жалпы интернет банкингті банктердің өз клиенттеріне ұсынатын интернет қызметінің кең жинағы ретінде сипаттауға болады. Банктер клиентке шоттан электронды түрде хабарлама алуға, басқа банктегі кез-келген шотқа аударуға, коммуналдық төлемдерді жүзеге асыруға, байланыс үшін төлемдерді төлеу және басқаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Клиент интернет арқылы валютаны сатады және сатып ала алады, және де қор нарығында сауда жасай алады.
Интернет банкинг – бұл интернет желісі арқылы клиенттерге өз шоттарын басқаруға мүмкіндік беретін банктік қызмет. [11,12]
2000 жылдың 1-ші маусымында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ интернет банкинг жүйесіне қосылды.Елдің барлық облыс орталықтарында «Интернет банкинг» жүйесін ұстау үшін арнайы құрылған интернет-кассалар ашылды. «Интернет банкинг» кәзірге жеке тұлғалар үшін ғана қарастырылған. Бұл жүйенің ең басты ерекшелігі – банктік қызметті алатын Қазақстанның кез – келген облыс орталығында кез-келген 17 интернет-кассалардың біреуінде жеке интернет –шотты аша отырып, банктік қызметті алуға болады. Оның клиенттерінің орталықтандырылған мәліметтер базасында болып табылады. Әлемнің кез-келген географиялық нүктесінен белгілі – бір сайттың көмегімен интернет-шотты басқаруға болады.
Интернет банкинг жүйесінің мүмкіндіктері.
«Интернет банкинг» жүйесінде тіркеу кезінде 5 валюта түрінде операцияларды жүргізу мүмкіндігімен мультивалюталық интернет-шот ашылады:

  • Қазақстандық теңге

  • АҚШ доллары

  • Ресей рублі

  • Еуро

  • Ағылшын фунт стерлинг

Бұл шотта операцияларды үйден де кеңседен де жүргізуге болады. сонымен қатар «Интернет банкинг» жүйесінде операциондық күн тәулігіне 24 сағат болғандықтан, банктің жұмыс уақытының шеңберімен шектелмеуге болады.
Осылайша үйде компьютер алдында отырып, келесілерді орындауға болады:

  • Жеке интернет-шоттағы қаражат қозғалысын тәулік бойы қарастыруға;

  • Интернет депозиттерді ашуға және жабуға (Интернет депозиттер Теңгеде, АҚШ долларында, Еурода, 90,180,270 және 360 күнге дейін мөлшерлеме 4 пайыздан 11 пайызға дейін; «Жинақтаушы» дипозитін Теңгеде, АҚШ долларында, Еуродада толықтыру мүмкіндігімен 6,9,12,18,24 және 36 айға ашуға болады.)

  • Интернет-шоттан картаға Теңгеде, АҚШ долларында, Еурода аударуға;(Бағасы есептелетін интернет-шоттағы сомадан 1 пайыз,мерзімі- 1 банктік күн)

  • Қазақстан бойынша жедел аударымдар (Бағасы – 16 теңге, сомаға байланысты емес)

  • Банктің кез-келген есеп айырысу кассалық бөлімінен жай шотына аударымдарды жүзеге асыруға (сомадан 0,5 пайыз)

  • Банк аралық төлемдерді жүргізуге (сомадан 0,9 пайыз)

  • Зейнетақы шоты бойынша хабарлама алуға (31 теңге)

  • Валютаның конвертациясын және конверсиясын жүргізуге (Банктің қолайлы қолма-қолсыз бағамы бойынша)

  • Ұялы байланыс қызметтерін төлеуге (16 теңге)

  • Коммуналдық және провайдерлік компаниялардың қызметтерін төлеуге (16 теңге)

Қазіргі уақытта жүйенің халықаралық аударымдар, несиелерді бақылау және жабу, ұялы телефонға интернет – шоттағы қалдықтардың өзгерісі туралы хабарлама (мобильді банкинг) сияқты қосымша қызметтері белсенді түрде дамуда.
Әдеттегі қызметтер алдындағы интернет банкинг артықшылықтары:

  • Әлемнің кез-келген географиялық нүктесінен кез-келген уақытта банктегі ақшаларға қол жеткізудің сенімділігі;

  • Клиенттің үйден немесе кеңседен өзіне қызмет көрсету мүмкіндігі. Әртүрлі жағдайлар бойынша әртүрлі қызметтерді төлеуге банкке барудың, кезекті күтудің, жұмыстан сұранудың қажеті жоқ.Қажеттіліктер-ол интернетке қосылған компьютер және кілттік тасушы.Уақыттың қолайлылығы және үнемділігі банк клиенттері үшін интернет банкинг қызықтыратыншешуші фактор болып саналады.

  • «Интернет банкинг» жүйксінің жұмысы кезінде банкте ашылған шоттың барлық түріне қол жеткізу мүмкіндігі:есеп айырысу, депозиттік, карталық.Болашақта несиелік және инвестициялы-брокерлік шоттарға қол жеткізу туралы қарастырылып отыр, ол өз кезегінде барлық қаржылық қордынды басқаруды және талдауды, мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  • Нақты уақыт режимінде шотты басқару мүмкіндігі: хабарламаны алу;төлемдерді жүргізу;коммуналдық қызметтер және ұялы байланыс үшін (банк ішілік,банк аралық);сонымен қатар белгіленген кезеңділігімен;меншікті қаржы ресурстарының нақты басқаруды әртүрлі қаржылық құралдарға уақытша бос ақша қаражаттарын көбейту үшін уақытылы орналастыру. Сонымен қатар интернет банкинг клиенттері валюталық нарықтағы жағымсыз жаңалықтар кезінде жағдайдың өзгерісіне іс әрекет жасай алады. Мысалы: бар шоттарды жауып, шетел валютасын сатып алу.

  • Кеңсе қағазын толығымен қолданбау.

Интернет – банкинг жүйесіне қосылу.
Интернет шотты кез келген жеке тұлға аша алады. Ашу процедурасы өзіне екі этапты қосады:

  1. Банктің белгіленген сайтында тіркеу (уақытша қауіпсіздікке байланысты тіркеу тек интернет кассасында ғана жүзеге асырылады).

  2. Жүйедегі қызмет көрсету келісім шартының бекітілуі және интернет кассадан аутентификация құралдарын сатып алу.

Басқа банкттер жүйелерінің алдындағы «интернет банкинг» жүйесінің артықшылдықтары:
Біріншіден, «интернет банкинг» жүйесі ішінде ұсынылатын сервис. Ол кең таралған және әр уақытта жетіліп отырады. [13,14]
Екіншіден, интернет кассалар желісінің тармақты болуы. «Қазақстан Халық Банкі» Қазақстан территориясындағы өзінің электрондық жобасының дамуы үшін арнайландырылған кассалық бөлімдерді еңгізген жалғыз банк болып табылады. Интернет кассаларының менежері интернет шоттар үшін стандартты банктік қызметті ұсынады. Сонымен қатар интернетке шығу мүмкіндігі жоқ клиенттерге өз интернет шотына шығып, қажетті операцияларды жүргізу үшін интрнет кассаның арнай құралын тегін пайдалануына мүмкіндік ұсынылады.
Үшінші артықшылық – көп жағдайда басқа банктермен қолданылмайтың электрондық сандық қалтаңба (ЭСҚ) механизімінің болуы.
«Мобильді банкинг» – бұл ұялы телефонға SMS хаттары арқылы картшот бойынша қаражаттардың қозғалысына тәулік бойы бақылау жасау жүйесі.
«Мобильді банкинг» жүйесінің жаңа мүмкіндіктері:
Мобильді банкинг жүйесіне қосылған кезде келесілерді жүзеге асыруға болады:

  • Кез–келген уақытта банкке бармай ақ ұялы телефоннан SMS сұранысын жіберіп, картшот жағдайы туралы ақпарат алуға болады. (ақша құралдарының қалдығы және соңғы он транзакция туралы);

  • Банктен әр бір орындалған операция туралы немесе картшот бойынша авторизация туралы ақпарттар автоматты түрде SMS хатымен хабарландырылады;

  • Телефон арқылы ұялы телефон үшін төлеу;

  • Картаны оқшаулау қажет болғанда сәйкесінше SMS хатты жіберу;

  • Мобильді банкинг жүйесіне қосылған картаның статусы туралы ақпаратты тегін алу және осы карта бойынша мобильді банкинг қызметін уақытша оқшаулау / іске қосу.

Қосымша жағдайлар:

  • Сауда орнында балансты тексеруге болады және сатып алу кезінде қалдықтың жоғарлауынан бас тартуға болады;

  • Картшотқа ақш құралдарын есептелгені туралы хабарлама беріледі;

  • Нақты уақыт режимінде қосымша карта бойынша шығындарды бақылауға болады.

Қазақстандық желі сегментінде онлайндық төлем жүйелері көп болғандықтан әлеуетті сатып алушыда таңдау мәселелері туып отыр. Төменде жалпыға рұқсат етілген көздерден алынған ақпарат негізінде онлайндық төлем жүйесінің талдауы ұсынылып отыр. Мұнда кейде маңызды кезеңдер лайықты көрінісін таппағандығы байқалуы мүмкін, бірақ бұл клиенттерді әсіресе, әлуетті клиенттерді ақпараттандыру жүйесінде маңызды кідірістерді көрсетіп тұр.
Web Money (WM) жүйесін сандық даярлықпен жұмыс істейтін жүйелерге жатқызуға болады. Қалай дегенмен, бұл қолданушы үшін осылай көрінеді. Онда сонымен қатар интернет банкинг кезінде дебиттік сызбаның элементтері зерттегенде қарастырады. Web Money-дің қызықты ерекшелігі жүйенің барлық қолданушылардың – магазиндер сияқты сатып алушылардың теңдігі және жеке тұлғалар арасында есеп айырысуды жүзеге асыру мүмкіндігі. Қауіпсіз төлемдерді жүргізу қарастырылған (ал соңғы ақша аударуы сатып алушы тауар алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады) WM-ң бірлігі АҚШ долларымен есептеледі. WM-ді НАУРУ Тынық мұхиты тіркелген International Metal Trading Bank Inc, (IMTB) эмиссиялайды. WM-ді АҚШ долларында 100% резервтеуді IMTB жүзеге асыратындығы бекітілген. ТМД елдерінде сияқты Қазақстанда да жүйені өңдеу және техникалық қолдауын коммерциялық емес ұйымы “WМ – орталық” жүзеге асырады. Көптеген интернет дүкендер жүйенің клиенттері мен Web Money қолданушылларын біріктіреді. Бірақ бұлардың ішінде ірі интернет дүкені жоқ.
Минималды көлем – 50 WMZ
Есеп айырысу көлемі – 50 WMZ
Есеп айырысудан төмен көлемі кезіндегі комиссия – 1 WMZ
Есеп айырысудан жоғарғы көлемі кезіндегі комиссия – жоқ.
Есеп айырысу шектеулері тек Алматы қаласында жүргізіледі. Осындай төлеу нысаны кезінде WMZ сатып алу технологиясы келесілер. Клиент бекітілген нысан бойынша белгілі бір сайтта өтінішін қалдырады. Теңгеде есептелген сома автоматты түрде жоғарыда көрсетілген нысанда өзіне мүмкін болатын комиссияларды қосады. Клиент көрсетілген E-mail өтінішін толтырған кезде URL – адресі бар хатты алады.
Оны енгізгенде клиенттің WMZ сатқысы келетін тілегі расталады. Бұдан кейін клиент офистің адресімен анық құрылымы болатын екінші хатты алады. Клиент кипердің ішкі поштасымен байланысуы қажет болады және ақшаны аударудың нақты уақыты туралы келісуі тиіс.
Клиент киперіне шот жазылады және осы шот негізінде шарт протекциясының қажетті WMZ көлемін әмиянға аударады. Белгіленген уақытта клиент офиске барып, протекцияны беріп қолма-қол ақшаны алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет