Электрондық банк қызметтері және төлем жүйелері нарығының 2012 жылғы Талдамалық шолуы Құрылымы


Уақыт және сомалар аралықтары бойынша БААЖ-да жүргізілген төлемдер



бет2/4
Дата29.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#30048
1   2   3   4
Уақыт және сомалар аралықтары бойынша БААЖ-да жүргізілген төлемдер

Уақыт аралықтары бойынша төлемдер саны



Сомалар аралықтары бойынша төлемдер сомалары


Уақыт аралықтары бойынша төлемдер саны



Уақыт аралықтары бойынша төлемдер сомалары



Елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығына айтарлықтай ықпалын тигізуі мүмкін өтімділік тәуекелін3 және жүйелік тәуекелін4 басқару мақсатында Ұлттық Банк және төлем жүйелерін пайдаланушылар жүйедегі пайдаланушылардың позицияларына тұрақты негізде мониторинг және бақылау жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі өтімділік тәуекелін және жүйелік тәуекелін басқару мақсатында БААЖ-дың ақша айналымдылығы коэффициентін (ААК)5 және өтімділік коэффициентін (АӨК) 6күн сайынғы негізде есептейді және олардың белгіленген мәндерге7 сәйкестігін талдауды жүзеге асырады.



2008ж. бастап 2012 ж. дейінгі БААЖ-дағы пайдаланушылар өтімділігінің көрсеткіштері

Жүйеде өтімділіктің орташа күндік көлемі (пайдаланушылар төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асыру үшін жүйеге аударатын ақша сомасы) 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға ұлғайып, 912,0 млрд. теңге құрады. Бұл ретте өтімділіктің орташа күндік көрсеткіші орташа күндік төлемдер сомасының 135,3% құрайды, бұл жүйені пайдаланушылардың төлемдер жүргізу үшін өтімділікпен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілгенін сипаттайды.


2012 жылы БААЖ-да пайдаланушылар өтімділігінің өзгеру динамикасы

БААЖ-да ақша айналымының орташа күндік коэффициенті (ААК) 0,74, ақша өтімділігі коэффициенті (АӨК) - 1,48 болды, бұл кредиттік, өтімділік және жүйелік тәуекелдер ең төменгі болып саналатын мәндерге сәйкес келеді.

II. БАНКАРАЛЫҚ КЛИРИНГ ЖҮЙЕСІ


Банкаралық клиринг жүйесінде қатысушылар саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 37 болды.

Осы жүйе бойынша статистикалық деректер оның аз сомаларға бөлшек төлемдердің негізгі ағынын өткізудегі өзінің рөлін атқарғанын дәлелдейді. Мәселен, 2012 жылы барлық қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 62,0% осы жүйе арқылы өңделді. Клиринг жүйесінде төлемдердің негізгі көлемі тауарлар мен материалдық емес активтер (жүйеде төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі 32,7% құрады), көрсетілген қызметтер (үлесі – 26,9%) үшін есеп айырысу бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің төлемдеріне келеді

2012 жылы Банкаралық клиринг жүйесі арқылы 4 218,5 млрд. теңге (немесе 28,3 млрд. долл.) сомасына 20,1 млн. төлем құжаты өтті.

2011 жылмен салыстырғанда клиринг жүйесінде құжаттардың саны 2,2%-ға өсті, төлемдер сомасы 13,3%-ға ұлғайды.


2008 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі Банкаралық клиринг жүйесінде төлемдер ағынының динамикасы

Бұл ретте 2012 жылы орташа алғанда күніне клиринг жүйесі арқылы 17,1 млрд. теңге сомасына 81,2 мың құжат өткізіліп отырған.


2011 және 2012 жылдары БКЖ-дағы төлемдердің көлемі

Төлемдердің саны



Төлемдердің сомасы



2012 жылы Банкаралық клиринг жүйесі пайдаланушыларының таза позицияларын есептеудің орташа уақыты 18 секунд болды.

2012 жылы сомалардың аралығы бойынша төлемдердің барынша көп саны 10 мың теңгеге дейінгі арлықта қалыптасты, ал ең азы – 500 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейінгі аралықта болды. 2012 жылы сомалар аралығы бойынша төлемдердің ең көп сомасы 1 млн.теңгеден астам аралықта қалыптасты, ең азы 10 мың теңгеге дейінгі аралықта болды.




БКЖ өтімділік тәуекелі мен жүйелі тәуекелді басқару мақсатында, жүйеде ақшаның кездескен ағыны есебінен төлемдер неше рет жүргізілгенін көрсететін ААК (БКЖ-дағы ақша айналымының коэффициенті) есебі, сондай-ақ пайдаланушылардың таза позициясының сомасын талдау қолданылады. Мәселен, 2012 жылы орташа күндік ААК 4,9 құрады, 2011 жылы бұл көрсеткіш 5,1 болған. Бұл ретте клиринг нәтижесі бойынша пайдаланушылардың таза позициясының орташа күндік сомасы 3,6 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдағымен салыстырғанда ол 18,3%-ға ұлғайды. БААЖ-да пайдаланушылардың орташа күндік айналымдарының сомасына8 клирингте пайдаланушылардың таза позициясы сомасының үлесі аздаған 0,6% болып табылады, бұл БААЖ арқылы таза позицияларды есептеу кезінде өтімділік тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.


Банкаралық клиринг жүйесіндегі өтімділік және

айналыс көрсеткіштері



III. РЕЗИДЕНТ БАНКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕДЕГІ ТІКЕЛЕЙ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ШОТТАР
2012 жылы банктер мен банктік емес ұйымдар арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы 1 370,8 млрд.теңге (БААЖ бен Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жасалған төлемдердің жалпы сомасының 0,8%) сомасына төлемдер жүргізілді. Талданатын кезеңде төлем транзакцияларының саны 4 321,5 мың. транзакцияны құрады. Тікелей корреспонденттік шоттар (ТКШ) арқылы 2012 жылы бір төлемнің орташа сомасы 317,2 мың. теңгені құрады.

Лимитті қолдану тиімділігінің коэффициенті 2012 жылы бар жоғы 40,0%-ды болды (салыстыру үшін 2011 жылы – 81,4%), бұл банктер белгіленген лимиттік мәндерді жартылай қолданғанын және төлемдерді ұлттық төлем жүйелері арқылы жүргізуді артық көретіндіктерін көрсетеді.





Тоқсан

2011 жыл

2012 жыл

ТКШ арқылы төлемдердің сомасы

(млрд.теңгемен)



Корреспонденттік қатынастардың қатысушылары үшін белгіленген лимит

(млрд.теңгемен)



Лимитті қолдану коэффициенті

ТКШ арқылы төлемдердің сомасы

(млрд.теңгемен)



Корреспонденттік қатынастардың қатысушылары үшін белгіленген лимит

(млрд.теңгемен)



Лимитті қолдану коэффициенті

I тоқсан

987,6

1 062,0

93,0%

257,1

857,1

30,0%

II тоқсан

882,0

977,1

90,3%

344,7

794,7

43,4%

III тоқсан

794,8

1 088,0

73,1%

365,0

876,3

41,7%

IV тоқсан

398,4

635,0

62,7%

404,0

899,5

44,9%

Жалпы қорытынды

3 062,8

3 762,1

81,4%

1 370,8

3 427,5

40,0%

IV. ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ
2012 жылы банктер мен «Қазпочта» АҚ кестеде келтірілген төлем құжаттарын пайдалана отырып, 124 948.2 млрд. теңге сомасына 310 307.2 мың құжат көлемінде транзакция жүргізді. Қазақстан аумағында барынша таралған төлем құжаттары бұрынғысынша төлем тапсырмалары мен төлем құжаттары болып табылады. Бұл ретте бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2012 жылы 1.0 млн. теңгені құрады.

Сонымен қоса, саны бойынша төлем карточкаларының жоғары үлес салмағы және төлемдердің мөлшері бойынша төмен үлес салмағы негізінен аздаған қолма-қол ақша сомасын (бір транзакцияның орташа сомасы 2012 жылы 32.7 мың теңгені құрады) алу үшін ғана аталған төлем құралын пайдаланумен сипатталады.

2012 жылы ең аз пайдаланылған төлем құралы төлем талаптары-тапсырмалары мен инкассалық өкімдер болып табылады. Жалпы саны мен көлемінде аталған құралдарды пайдаланудың аздаған үлесі олардың ерекшеліктеріне негізделген.
Төлем құралдары бөлігіндегі төлемдер бойынша 2012 жылғы мәлімет

мың транзакция мен млрд. теңге


Төлем құралы

Саны

Сома

Абс.

жалпы көлемінде %-бен

Абс.

жалпы көлемінде

%-бен

Төлем тапсырмалары

122 011.0

39.3%

118 868.1

95.1%

Төлем талаптары-тапсырмалар

533.7

0.2%

3.1

0.002%

Инкассалық өкімдер

84.0

0.03%

32.8

0.03%

Төлем карточкалары

187 645.9

60.5%

5 562.6

4.5%

Басқа құралдар9

32.6

0.01%

481.6

0.4%

Жалпы жиынтығы

310 307.2

100.0%

124 948.2

100.0%


V. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚША АУДАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Қазіргі кезде ақша аудару жүйелерінің нарығы Western Union, Faster, Алтын тәж, Contact, Жедел Почта, Блиц, Unistream, Анелик, Дүниежүзілік почта одағының жүйесі, Лидер, MoneyGram, Coinstar Money Transfer, CiberPlat, BS-Client, Open Way, IntelExpress, Шығыс Экспресс, InterBanking, Метроэкспресс, Почта аударымдары сияқты халықаралық жүйелермен беріліп отыр.

Халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 2012 жылы 248,2 млрд. теңге сомасына 2 285,3 мың транзакцияны құрады. Бұл ретте Қазақстан аумағында 44,1 млрд. теңге сомасына 692,3 мың транзакция (ХААЖ арқылы жүргізілген төлемдердің жалпы санының 30,3% және жалпы сомасының 17,8%) жүргізілді. Халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы шетелге 204,1 млрд. теңге сомасына 1593,0 мың транзакция аударылды.

Бұл ретте халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы жүргізілген ақша аударымдарының негізгі көлемі Алтын тәж жүйесіне - 24,4% және ақша аударымдарының жалпы саны мен көлемінің 28,6%, Western Union – 14,0% және тиісінше 15,0%, Faster – 14,0% және 10,4%, Contact – 8,2% және 10,4%, Жедел почта жүйесіне – 4,1% және 10,3% тиесілі.

Бұл ретте аталған жүйе арқылы аударымдардың жалпы көлемінен жеке тұлғалардың аударымдары (ел аумағында, сол сияқты шетелге) 2012 жылы 227,9 млрд. теңге сомасына 2 088,3 мың транзакцияны құрады.

Трансшекаралық ақша төлемдері мен аударымдарын жөнелту кезінде халықаралық ақша аудару жүйесінің жеке тұлғалары арасында барынша танымал Алтын тәж жүйесі болып табылады, ол арқылы халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы жүргізілген аударымдардың жалпы сомасының 31,2% аударылды және Western Union – тиісінше 13,7%. Бұл ретте халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы жүргізілген жеке тұлғаның бір аударымының орташа сомасы 109 мың теңгені құрады.

Бұл ретте жеке тұлғалар халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы шетелге 185,9 млрд. теңге сомасына 1 461,9 мың транзакция жүргізілді. Халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдарының негізгі көлемі Ресей Федерациясы резиденттерінің пайдасына берілді – аталған жүйе арқылы жасалған аударымдардың жалпы санының 47,4%, Өзбекстан тиісінше – 16,3%, Қытай – 9,2%, Қырғызстан – 6,2%, Әзірбайжан – 3,0%, Украина – 2,8% және Түркия – 2,2%.



Жеке тұлғалар шетелге жіберген ақша аударымдары

жөніндегі мәлімет

Ақша алушының резиденттік елі

Саны (мың тр.)

Сомасы (млн. теңге)

Ресей Федерациясы

738,9

88 184,1

Қытай

26,6

17 128,8

АҚШ

9,9

1 137,3

Түркия

22,2

4 120,7

Германия

7,9

1 022,7

Өзбекстан

287,9

30 332,8

БАӘ

5,0

1 278,3

Латвия

0,9

132,0

Англия

2,3

376,2

Гонконг

0,1

24,3

Украина

45,3

5 191,2

Швейцария

0,6

243,5

Литва

1,5

397,2

Қырғызстан

128,6

11 571,3

Италия

1,0

96,1

Сингапур

0,1

15,4

Беларусь

12,2

1 680,6

Әзірбайжан

29,8

5 538,5

Армения

11,4

2 277,2

Тәжікстан

24,1

2 251,7

Басқа елдер

105,7

12 891,5

Жалпы жиынтығы

1 461,9

185 891,4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет