Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №623 Қаулысы



бет7/8
Дата01.07.2016
өлшемі2.24 Mb.
#170493
1   2   3   4   5   6   7   8

Аукционға қатысуға өтінім

7. Аукционға қатысуға өтінім екі бөліктен тұрады және осы АҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) аукционға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

8. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға беретін өтінімінің бірінші бөлігі мыналарды:

1) тауарды мемлекеттік сатып алу кезінде тауардың (тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне, фирмалық атауларын, тауардың шыққан жерінің атауы мен өндірушінің атауын, сондай-ақ егер аукциондық құжаттамада сатып алынатын тауардың сұлбаларын, суреттерін, сызбаларын, фотосуреттерін және басқа да бейнелеулерін беру туралы талап көзделген болса, онда аукционда қатысуға өтінім мұндай ақпаратты қамтуы тиіс) техникалық, сапалық және пайдалану, тауарды жеткізу мерзімін және (немесе) оның көлемдерін, тауарға қызмет көрсетуге сапа кепілдіктерінің берілуін, тауарды пайдалануға шығатын шығыстарға сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелікті;

2) аукционда қатысуға өтінімді қамтамасыз ету заңнамада белгіленген мөлшерде, мынадай:

- банктік кепілдік түрінде, бұл ретте оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционда қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзіміне дейін осы АҚ-ның 6-қосымшасына сәйкес ұсынады;

- ұйымдастырушының банктік шотында орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде;

3) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қол қоюға сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) берілетін қағаз сенімхаттың электрондық көшірмесін қамтуы тиіс.

9. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға беретін өтінімінің екінші бөлігі мыналарды:

1) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың электрондық сандық қолтаңбамен расталған мынадай қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке басының куәлігі) растайтын мынадай құжаттарды:

заңды тұлғалар үшін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғыны;

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялар және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттар;

заңды тұлғалар үшін аукцион жарияланған күннен кейін берілген, акция ұстаушылар тізілімінен құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын үзінді;

төлем қабілетін растайтын құжаттарды:

осы АҚ-ның 7-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама аукцион жарияланған күннен кейін берілген болуы тиіс;

аукциондық өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасын;

Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету беру арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін банктік кепілдік түрінде АҚ-да белгіленген мерзімге беріледі, оның түпнұсқасы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін беріледі.

Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін құжаттардың электрондық қағаз көшірмелерінің біреуін:

а) әлеуетті өнім берушіге (қосалқы мердігерге, бірлесіп орындаушыға) халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгенін растайтын құжатты;

б) әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігердің, бірлесіп орындаушының) биржаның ресми листингіне енгізілгені туралы қор не тауар биржасынан үзіндіні;

2) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушыларының) арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы АҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу біліктілігі туралы мәліметтерді;

осы АҚ-ның 8-қосымшасына сәйкес аукционда сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызметтер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын беру арқылы растайды.

әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынуы тиіс.

Аукциондық өтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық өтінімдерді ашу күнінен бастап, кемінде күнтізбелік _____ күнді құрауы тиіс.



Аукционға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

10. Аукционға қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.

11. Аукционға қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері дәл және анық болуы тиіс.

12. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ аукционға қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы АҚ жасалған тілде жасалады және беріледі. Әлеуетті өнім беруші беретін сүйемелдеуші құжаттама мен баспа әдебиеті, егер оларға тиісті бөлімдерінің дәл (нотариалдық расталған) аудармасы аукционға қатысуға өтінімнің тілінде қоса берілу шартымен басқа тілде жасалуы мүмкін және бұл жағдайда аукционға қатысуға өтінімді түсіндіру мақсатында мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған құжаттар басымдыққа ие болады.



Аукционға қатысуға өтінімді беру тәртібi

13. Аукционға қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.

14. Әлеуетті өнім берушілер берген аукционға қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.

15. Аукционға қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте аукционға қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.

16. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға берген өтінімі мынадай:

1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы аукционға қатысуға өтінім берген;

2) аукционға қатысуға берілген өтінім аукционға қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;

3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.



Аукционға қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу

17. Әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің аукционға қатысуға өтінімін кез келген уақытта веб-порталды пайдалана отырып, өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін.

18. Аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

19. Ұйымдастырушы қажет болған кезде, КҚ-мен белгіленген аукционға қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге олардың өтінімдерінің қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзарту туралы сұрау салады. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімін ұзартудан аукционға қатысуға оның өтінімді қамтамасыз етуін қайтару құқығын жоғалтпай, аукционға қатысуға берген өзінің өтінімін кері қайтарып, бас тартуға құқылы.

20. Әлеуетті өнім беруші, оның аукционға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) аукционның қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

Аукционға қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігін ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру

21. Аукциондық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімінің күні мен уақыты келген кезде аукциондық комиссияның хатшысына мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукционда қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігін:

1) өтінімді қамтамасыз етуді;

2) қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесін ашуға рұқсатты құпиялылық сақтамастан автоматты түрде береді.

22. Аукциондық комиссияның өтінімді қамтамасыз ету мен қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесін олардың аукциондық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарауы және анықтауы.

23. Аукциондық комиссия мынадай:

1) аукционға қатысуға өтінімді банктік кепілдік түрінде ұсынылған қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;

2) аукциондық комиссияға:

аукционға қатысуға өтінімді берген тұлғаны;

оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тауарлар, жұмыстар, қызметтерді аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы; аукционға қатысу өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;

аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;

3) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген;

4) аукционға қатысу өтінімді қамтамасыз етуді және/немесе қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесін аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған өтінімді қамтамасыз етуді және/немесе қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

24. Аукциондық комиссия өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған өтінімді қамтамасыз ету мен қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесінің аукциондық құжаттамаға сәйкестігі туралы шешім қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылық сақтай отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерін ашуға рұқсатты автоматты түрде береді.

25. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукциондық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) осы Қағидалардың 126-тармағында көрсетілген әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.

26. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгілеген мерзімде, бірақ аукционға қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:

1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;

2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді және оған қол қояды;

3) тиісінше ресімделген сараптама қорытындысын аукциондық комиссия хатшысына береді.

27. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.

28. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін аукциондық комиссия хабарламаларды аукциондық комиссия төрағасына және мүшелеріне автоматты түрде тарата отырып, веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды.

Аукциондық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерін қарастырады.

29. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің бірінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.

30. Аукциондық комиссия мынадай:

1) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген;

2) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;

3) аукциондық комиссияға:

аукционға қатысуға өтінімді берген тұлғаны;

оған қатысу үшін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін аукционның атауы;

аукционға қатысу өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;

аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;

4) егер аукцион мәні тауар болып табылатын болса, техникалық ерекшеліктердің ұсынылмауы;

5) әлеуетті өнім берушінің неғұрлым үздік техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті беру, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) егер аукцион мәні тауар болып табылатын болса жұмыстардың үздік материалдардан орындалуы жағдайларын қоспағанда, аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті беруі жағдайларында өтінімнің бірінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес деп таниды.

31. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігін қарайды және мемлекеттік сатып алу кезінде аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешімді қабылдайды.

Егер аукцион мәні тауар, қызмет болып табылатын болса, онда аукциондық комиссия аукционға қатысу өтінімнің бірінші бөлігін қарайды және аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешімді қабылдайды.

32. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні жариялайды.

Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға олар болған кезде аукциондық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса беріледі.

33. Аукционға қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес, аукционға қатысуға өтінімнің екі бөлігі де ашылады және қаралады.

Аукционды өткізу

34. Аукционға қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілер (электрондық конкурсқа қатысушылар) аукциондық баға ұсыныстарын (АБҰ) веб-порталды пайдалана отырып, береді.

35. Отандық әлеуетті өнім берушілердің АБҰ теңгемен берілуге тиіс.

36. Ұлттық валютада берілмеген АБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына - аукциондық сауда-саттық өткізілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейді.

37. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.

38. Аукцион басталатын уақыт жұмыс уақытында белгіленеді және Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кеш болуы мүмкін емес.

39. Аукцион өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.

Аукцион адымы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.

40. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейтін АБҰ береді.

41. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы, қажет болған кезде, ағымдағы ең төмен ұсыныс болмауы шартымен, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан төмендетілген, АБҰ туралы ұсыныс береді.

42. Егер мұндай АБҰ-ны аукционның осы қатысушысы берген болса, аукцион қатысушысы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен болатын АБҰ беруге құқығы жоқ.

43. Аукционға қатысушылардың АБҰ-ны қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.

44. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен ұсыныс үздік болып танылады.

45. Автоматты сауданы аукционның екі және одан да көп қатысушысы пайдаланған жағдайда кезекті ең төмен баға ұсынысын беруден алдыңғы міндетті уақыт аралығы 1 минутты құрайды.

46. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі АБҰ бермеген болса, осы АҚ-ның 4-тармағына сәйкес, аукцион өтпеді деп танылады.

47. Аукционды өткізудің нәтижелері туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысанда автоматты түрде қалыптастырылады және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.

Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы және аукцион жеңімпазын анықтауы

48. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін қарауға рұқсатты, Қағидалардың 114-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күні автоматты түрде береді.

49. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.

50. Аукциондық комиссия:

1) әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін құрайтын құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды;

2) құжаттардың толық тізбесін бермеген және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттарды берген әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;

3) аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден аукционға қатысу өтінімдерді қарастыруды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратады;

4) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратып алады.

Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді. Аукционға қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысу өтінімде берілген құжаттарды ауыстыруға, ресімделген құжаттарды тиісінше түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған аукциондық комиссияның іс-әрекеттері аукционға қатысуға өтінімді аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деп түсіндіріледі;

5) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.

Әлеуетті өнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына олардың банкроттық рәсіміне қатысы болмауы бөлігінде сәйкес келуін нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарастырады.

51. Заңды тұлға болып табылатын аукционға қатысушы:

1) мынадай:

мемлекеттік және (немесе) орыс тіл(дер)іне аудармасымен заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының не сауда-саттық тіркелімінен жария етілген үзінді көшірменің электрондық көшірмесін бермеу;

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан үзіндінің электрондық көшірмесін (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтымаған жағдайда) не аукцион хабары күніне дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен көшірме бермеу;

аукцион жарияланған күннен кейін берілген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);

банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;

аукцион жарияланған күннен кейін берілген тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болуы туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;

тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;

әлеуетті өнім берушінің АҚ-да көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

аукционда сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);

қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;

біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат беру фактісі айқындалған;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.

52. Жеке тұлға болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім беруші, мынадай:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері немесе бірлесіп орындаушысы мынадай:

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;

аукцион жарияланған күннен кейін берілген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);

банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;

аукцион жарияланған күннен кейін берілген тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болуы туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;

тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;

аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді бермеу;

әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.

53. Аукциондық комиссияның аукционға қатысу өтінімінің екінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді.

54. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің екінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.

55. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.

56. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды және хатшы аукционның қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күні аукционның барлық қатысушыларын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жариялайды.

Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

57. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуға өтінімін аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукцион қатысушысына қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және аукцион жеңімпазы АҚ-да көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

58. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) аукционның жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

2) аукционның жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, аукциондық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған;

3) егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайларда қайтармайды. Бұл жағдайда аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукционның барлық қатысушыларына қайтармайды.

Аукцион қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

59. Аукционның жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімге электрондық көшірме түрінде қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық расталған көшірмелерін және аукционға қатысуға өтінімге қол қою құқығын беретін сенімхаттың түпнұсқасын веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасын жариялаған күннен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.

60. Тапсырыс беруші «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.

61. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі тиіс.

62. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.

63. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген болса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы болуы тиіс.

64. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдайды.

65. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

66. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

67. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.

68. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.

69. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт оның бір қаржы жылынан астам мерзімге жасалуы туралы ережені қамтуы тиіс.

70. Шартта мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы талап қамтылуы тиіс.

71. Отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды, қызметтерді отандық берушілермен жасалған шартта тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

3. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау қажет

___________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

3. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау қажет

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________


Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

Қолы ______________________

Күні _______________________



Аукцион мәнінің түрі: {тауар, жұмыс немесе қызмет}

Аукцион мәнінің атауы: {Лоттың атауы}

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге: {Аукционның жоспарлы сомасы}

Аукционға қатысуға берілген мынадай өтінімдер кері қайтарылды1:

Аукциондық комиссия мүшелерінің кері қайтарылған өтінімдер бойынша дауыс беру нәтижелері2:



1 Мәліметтер әлеуетті өнім бершілердің кейінге қалдырылған өтінімдері болмаған жағдайда шығарылмайды

2 Мәліметтер әлеуетті өнім бершілердің кейінге қалдырылған өтінімдері болмаған жағдайда шығарылмайды

Аукциондық сауда-саттықтың күні мен уақыты мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционның хабарландыруында жарияланған.

Рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілер екеуден аз болған жағдайда аукциондық сауда-саттық өткізілмейді.

{Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.} ________________________________________(қолы)


{хаттаманы КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС форматында қалыптастыру күні мен уақыты}

Аукциондық құжаттаманың

электрондық нысанына

6-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет