Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №623 Қаулысы


Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру



бет2/8
Дата01.07.2016
өлшемі2.24 Mb.
#170493
1   2   3   4   5   6   7   8

Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру

22. Веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде веб-порталды пайдалана отырып, бірақ электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейінгі күнтізбелік үш күннен кешіктірмей конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы ұйымдастырушыға сұрау салу жібереді.

Ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялайды.

23. Ұйымдастырушы қажет болған кезде электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім берушілердің сауалына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттаманы алған веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялайды.

Мұндай жағдайда, электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі кемінде он күнтізбелік күнге ұзартылады.



Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру

24. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында беріледі және электрондық конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды жеткізуді (жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді) жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.

25. Электрондық конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға беретін электрондық конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың электрондық нысанында санамаланған құжаттарды қамтуы тиіс.

26. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына сәйкес талап етілетін, веб-порталды пайдалана отырып, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорға өтініш беру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды беруіне жол беріледі.

27. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға оларды электрондық құжат нысанында берудің соңғы мерзімі өткенге дейін береді.

28. Электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінім электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушінің тиісті хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жіберу сәтінде қабылданған болып есептеледі.

29. Әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім беруге құқылы.

30. Әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде жойылады:

1) әлеуетті өнім беруші бұдан бұрын осы электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берген болса;

2) электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінім осы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен болса;

3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдың автоматты түрде бас тартуына жатады.

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі электрондық конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап кемінде күнтізбелік отыз бес күн болуы тиіс.

31. Әлеуетті өнім берушілер берген электрондық конкурсқа қатысу өтінімдері веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.

32. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзі енгізген электрондық конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпастан, электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.

33. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдi қамтамасыз ету

34. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші Заңның 23-бабына сәйкес енгізеді.

Электрондық конкурста бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке-жеке ұсынады.

35. Әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банк кепілдігі түрінде енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес беріледі.

36. Егер әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдендірілген ақшалай жарна түрінде электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілдендірілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде беріледі.

37. Әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуды қамтамасыз етуді енгізген жағдайда осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға осындай қамтамасыз етуді алған фактіні банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.

Ұйымдастырушы банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:

1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы мен өткізілетін мерзімі;

2) ұйымдастырушының толық атауы;

3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты-жөні;

4) банктік кепілдікті тіркеу күні мен уақыты.

Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және конкурстық комиссияның хатшысы әрбір бетіне бұрыштама қояды. Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

Бір қаржы жылы ішінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық конкурс тәсілімен барлық мемлекеттік сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын өткізуге рұқсат беріледі.

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу

38. Электрондық конкурсқа қатысу өтінімдерді ашуды хатшы веб-портал арқылы жүргізеді.

Электрондық конкурсқа қатысу өтінімдерін ашуға қолжетімділікті веб-портал конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен өтінімдерді берудің соңғы күні мен уақыты басталғаннан конкурстық комиссия хатшысына автоматты түрде береді.

39. Электрондық конкурсқа қатысу өтінімдерін осы Қағидаларға сәйкес егер электрондық конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім электрондық конкурсқа (лотқа) берілген жағдайда да ашылады және қаралады.

40. Электрондық конкурсқа қатысу өтінімдерді ашу хаттамасын хатшы веб-порталда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашылған күні жариялайды. Бұл ретте веб-порталда автоматты түрде тіркелген конкурстық комиссия мүшелеріне, әлеуетті өнім берушілерге веб-портал хабарламаларды автоматты түрде жібереді.

Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердi қарау, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру

41. Конкурстық комиссия веб-порталды пайдалана отырып, электрондық конкурсқа қатысу өтінімдерді қарайды және электрондық конкурсқа қатысу өтінімдерін ашқан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерді электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).

42. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оны конкурстық комиссияның хатшысы веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта арқылы хабарлама жібере отырып, веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні жариялайды.

Электрондық конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға олар болған кезде конкурстық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптау комиссия мүшесінің) ерекше пікірі қоса беріледі.

43. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.

44. Конкурстық комиссия:

1) әлеуетті өнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін құрайтын құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін қарайды;

2) құжаттардың толық тізбесін бермеген және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттарды берген әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;

3) электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарастыруды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратады;

4) электрондық конкурсқа қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратып алады.

Конкурстық комиссияның сұрауларына және электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді. Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімде берілген құжаттарды ауыстыруға, ресімделген құжаттарды тиісінше түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған конкурстық комиссияның іс-әрекеттері электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді электрондық конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деп түсіндіріледі;

5) біліктілік және өзге конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және электрондық конкурсқа қатысушы деп таниды.

Банкроттық не тарату рәсіміне қатысының болмауы бөлігінде әлеуетті өнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.

45. Конкурстық комиссия мынадай:

1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;

2) конкурстық комиссияға:

электрондық конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін берген тұлғаны;

оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауын;

банктік кепілдік түрінде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтінімді қамтамасыз етудің сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;

электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету оның пайдасына енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;

3) электрондық конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді электрондық конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

46. Заңды тұлға болып табылатын (электрондық конкурсқа қатысушы болып танылған) әлеуетті өнім беруші егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай:

әлеуетті өнім беруші өз қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыруын қоспағанда, қазақ және (немесе) орыс тіл(дер)іне аудармасымен заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының не сауда-саттық тіркелімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесін бермеу;

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) құрылтай құжаттарынан үзіндінің электрондық көшірмесін не электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күнінің алдындағы күнтізбелік жиырма күн ішінде берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің қол қойылған және белгіленген тәртіппен мөрмен расталған электрондық көшірмесін бермеу;

электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күнінің алдындағы күнтізбелік жиырма күн ішінде берілген конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);

банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;

тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болуы туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;

тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;

конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді бермеу;

әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы;

Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты оңалту рәсімі жүргізілу жағдайын қоспағанда, банкроттық не тарату рәсіміне жату негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) оның электрондық конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:

техникалық ерекшелігін бермеу; әлеуетті өнім берушінің неғұрлым үздік техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті беруі;

электрондық конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);

қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;

конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу негіздемелері бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса;

3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.

47. Жеке тұлға болып табылатын (электрондық конкурсқа қатысушы болып танылған), кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім беруші егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай:

әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;

электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күнінің алдындағы күнтізбелік жиырма күн ішінде берілген конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);

банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;

электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болуы туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;

тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;

конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді бермеу;

әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы;

Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты оңалту рәсімі жүргізілу жағдайын қоспағанда, банкроттау не тарату рәсіміне жату негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) оның электрондық конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:

техникалық ерекшелігін бермеу;

әлеуетті өнім берушінің неғұрлым үздік техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті беруі;

электрондық конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);

қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерге (бірлесіп орындауға) беруі;

электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалар талаптарына сәйкес бермеу негіздемелері бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;

3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.

48. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгілеген мерзімде, бірақ электрондық конкурсқа қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:

1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;

2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді және оған қол қояды;

3) тиісінше ресімделген сараптама қорытындысын конкурстық комиссия хатшысына береді.

49. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.

50. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын веб-порталда жариялайды және веб-портал арқылы хабарламаларды конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне таратады. Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып қарайды.

51. Конкурстық комиссия, электрондық конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, Заңның 17-бабының 4-тармағына және осы Қағидаларға сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді анықтайды.

Конкурстық комиссия, электрондық конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді бағалау және салыстыру үшін конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдерді ескереді және оларды электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерге тең мөлшерде қолданады.

Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізіледі.

52. Егер онда электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінімнің мәніне нұқсан келтірмей түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, электрондық конкурсқа қатысу өтінім конкурстық құжаттама талаптарына жауап береді деп танылады.

53. Егер неғұрлым үздік функционалдық және басқа сипаттамалары бар тауарлар ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстар үздік материалдардан жасалса, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.

54. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша электрондық конкурсқа қатысуға жіберілмейді (электрондық конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

55. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі электрондық конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы электрондық конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің әрбір жылына нөл бүтін оннан бес пайызы (0,5%), бірақ бес пайыздан аспайтын мөлшерде шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылға дейін болған немесе ол болмаған жағдайда мұндай пайыз белгіленбейді. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына осы өлшемнің жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауы тиіс.

56. Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтінімнің сатып алынатын тауарларды пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің құны ең төменін анықтайды және мүндай өтінімнің бағасын екі пайызға шартты түрде азайтады. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына осы өлшемнің жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.

57. Ұсынылатын тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде отандық тауар өндіруші үшін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық комиссия екі пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді. 58. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер жөніндегі мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжаты болған кезде конкурстық комиссия үш пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

59. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер жөніндегі мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған орта басқармасының сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжаты болған кезде және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжаты болған кезде конкурстық комиссия мұндай өтінімнің бағасын екі пайызға шартты түрде азайтады.

60. Конкурстық комиссия жеткізілетін тауарлардың ең үздік функционалдық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға өтінім айқындалған кезде электрондық конкурсқа қатысуға мұндай өтінімнің бағасын жарты пайызға (0,5%) шартты түрде азайтады.

61. Конкурстық комиссия жеткізілетін тауарлардың ең үздік техникалық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға өтінім айқындалған кезде электрондық конкурсқа қатысуға мұндай өтінімнің бағасын жарты пайызға (0,5%) шартты түрде азайтады.

62. Конкурстық комиссия жеткізілетін тауарлардың ең үздік сапалық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға өтінім айқындалған кезде электрондық конкурсқа қатысуға мұндай өтінімнің бағасын үш пайызға шартты түрде азайтады.

63. Жергілікті мазмұнның болуын қарау кезінде конкурстық комиссия жергілікті мазмұнның әрбір бір пайызы үшін электрондық конкурсқа қатысу өтінімнің шартты бағасын оннан бір (0,1) пайызға азайтады.

Тауарда жергілікті мазмұнның болуы СТ-КZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.

Егер тауарлардың әлеуетті өнім берушісі сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысу өтінімнің бағасын жергілікті мазмұн болғаны үшін он пайызға шартты түрде азайтады.

Жұмыстардың, қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің жергілікті қамтуы жалпы еңбекақы қорынан және осы электрондық конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шартын жасасу арқылы да мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттері жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауардың (тауарлардың) белгіленген қазақстандық шығу тегі үлесінің (үлестерінің) құнынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

64. Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушіге он пайыз мөлшерінде, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушіге бес пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет